Материалдар / Сиқырлы қыс келді

Сиқырлы қыс келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс туралы балаларға түсінік беру.Қыстың табиғаты туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспект жоспары


Тобы: Ересек топ


Саз жетекшісі:Мендоллина Жайнагуль Орынхановна

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: «Сиқырлы қыс келді»

Мақсаты:

Білімділік: Музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдауға, оларды тануға үйрету. Бір қарқында дыбыстаудың бірдей күшімен ән айтуды жетілдіру. Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау дағдыларын қалыптастыру .

Дамытушылық: Жаттығуларды, өлеңдерді, билерді, ойындарды ойнауға қызығушылықтарын дамыту. Музыкалық бейненің, ерекшеліктері, көңіл-күйін қабылдауға жағдай құру, ладотональдық бейімді таныту.

Тәрбиелік: Әр түрлі музыкалық жанрлар туралы түсініктерін дамыту, музыкалық аспаптарды ойнау тәсілдерін көрсету.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент: Қазақ тілінде – сиқырлы қыс, орыс тілінде –волшебная зима, ағылшын тілінде – magic winter.

Музыкалық репертуар: ән тыңдау: «Аяз ата» сөзі:Ө. Байділдаев, сөзі:

Н. Айтов, ән үйрету: «Ақша қар» әні:К. Қуатбаев, сөзі: А.Тоқмағамбетов.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Қыс мезгілінің көрнекіліктері, шыршаның суреті, ән авторларының портреттері, нота кітаптары, үнтаспа, музыкалық орталық және ойынға қажетті құралдар.

ҰОҚ бөлімдері

ҰОҚ-нің барысы

Кіріспе

I. Кіріспе.

Балаларды көңілді әнмен саз залында қарсы аламын.
Балаларды әуен ырғағын сезіне, ара қашықтық сақтай, ширақ адымдауларына көңіл бөлемін. Әуен аяқталуымен дәл тоқтауларын бақылап, әндете амандасады.

Саз жетекшісі: Сә-ле-мет пе, ба-ла-лар? деп сәлемдесемін.
-
Балалар, біз бір - бірімізбен амандастық, енді қараңдаршы бізге қонақтар да келіпті. Қанекей, қонақтармен де амандасайық. Ал енді балалар шаттық шеңберін айтайық.

Шаттық шеңбері:

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне,мен!

Доспын енді сенімен.

Жарайсыңдар, балалар! Ал енді барлығымыз шеңбер бойымен ырғақты қимылдар жасайық.

II.Музыкалық-ырғақты қимылдар.

Музыка әуеніне қарай әртүрлі қимылдарды, түрлі ырғақпен орындау: ырғақты жүру, жеңіл жүгіру, тез және ырғақпен секіру, шыр айналу.
Жәй, ырғақты отырып-тұру жаттығуларын жасау.
Ұлттық би элементтерін орындау, аяқтың ұшымен тұру. Бір аяқпен жеңіл, әдемі қозғалыс жасап секіру. Жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға жайғасамыз.

Негізгі бөлім

- Балалар біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырырыбы «Сиқылды қыс келді» деп аталады. Балалар, қараңдаргы мынау ненің суреті? Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.

Ән тыңдау:

- Балалар, қазір сендер үнтаспадан «Аяз ата» әнін тыңдайсыңдар. Балалар, қазір біз сендермен ән тыңдаймыз. Әнді ести отырып, көз алдарыңа нені елестеттіңдер?

IV.Ән үйрету.

Артикуляциялық жаттығулар:

Балалар, қазір біз сендер мен жаңа ән үйренеміз, ең алдымен дауыс жаттығуларын жасап алайық.

1. Ауыз ішінде тілімізді оңға, солға, жоғары, төмен түйрейміз.

2. Саусақтың үштарымен шаштың түбінен бастап, бетімізге жеңіл массаж жасаймыз. 4 рет.

3. Арыстанның аузын ашып, Крокодилдің жағын қолмен көрсетеміз.

4. 10-ға дейін санау.

- Балалар, біз бүгін «Ақша қар» әнін үйренетін боламыз. Ән айтар аладында кеудені тік ұстап, дауысымызға жаттығу жасайық. Ән көңілді жылдам орындалды. Қанекей, ең алдымен әннің мәтінін жаттайық.

V.Ойын.

«Өнерлі бала» ойыны. Балаларға ойын шартын түсіндіреміз.

VI.Би.«Қоян» биі

Оң және сол аяқпен кезек-кезек 2 рет секіру, 2 қадам жүгіру.

Қолды 2 жаққа көтеріп, 1 рет айналу.


Қорытындылау

Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бір-бірімізге тілек сөздер айтып, бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз! Сау - болыңдар балалар! Музыка сүйемелдеуімен қоштасамыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ