400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сиқырлы сандар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиқырлы сандар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным», («Коммуникация», «Шығармашылық»).

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: « Сиқырлы сандар».

Мақсаты:

Білімділігі: Өткен оқу қызметін қайталау, балалардың ойындар арқылы заттардың түстері, пішіндері мен көлемдері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Геометриялық пішіндер арқылы балалардың білімдерін, тілін дамыту, ой - өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, ізденпаздылыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Керекті құрал - жабдықтар: сандар, геометриялық пішіндер, суреттер.

Билингвалды сыңары: сандар - цифры, апта күндері - дни недели, пішіндер -фигуры.

Оқу қызмет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі


Мотивациялық қозғаушылық




































Ұйымдастырушы ізденуші










































































































Сергіту жаттығуы:

























































Шығармашылық жұмыс:


Shape1

Рефлексиялық түзетушілік


Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы түн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!


Балалар, айналамызға қарайық, табиғатта қандай өзгерістер болды?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Бүгін аптаның қандай күні?






















Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Бір таудың екі жағында,

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбысты.




Екі сақшы қырағы,

Бәрін көріп тұрады.

Қуанғанда нұр шашып,

Қайғырса мұң тұнады.


Жарайсыңдар балалар көзбен көріп, құлақпен естеитін зерек бала болыңдар.

Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: « Сиқырлы сандар» деп аталады.

Ән ырғағымен қоян кіреді.

Балалар, мен орманнан келдім. Мен сендерге тапсырмта ала келдім.

1-тапсырма.

Сандарды тура және кері санау. Орыс, ағылшын тілдерінде санау.

2-тапсырма.

Сандар туралы кім тақпақ айтып береді.

Достық мені бір дейді,

Қарайды да бүйдейді.

Мұқтажсың қол, аяққа,

Ұқсап тұрсың таяққа.


Мен екімін балалар,

Екі деген баға бар.

Алаңғасар жалқаудың,

Алатыны екілік

Басын шайқап өкініп.


Мен ғой үштің таңбасы,

Зейін қойып тыңдашы.

Шідерлі аттай туласып,

Жүр біреулер үш алып.


Достар мені төрт дейді,

Беске бірім жетпейді.

Қуанады анасы,

Төрт алғанда баласы.


Әр қолымда бес саусақ,

Жетпейді оған еш саусақ.

Бір мен екі алмаңдар,

Үшке алданып қалмаңдар.


3-тапсырма.

Уақытты бағдарлау.





4-тапсырма. «Балабақшада не істейсіңдер?»

Ұйқымыздан оянамыз,

Бетімізді жуамыз.

Анамызға ереміз,

Балабақшаға келеміз.


Серуеннен қайтамыз,

Тамақ ішіп аламыз.

Біз тәртіпті баламыз,

Тәтті ұйқыға батамыз.


Серуенде жүреміз,

Анамызды күтеміз.

Апай «Сау болыңыз» деп

Үйімізге кетеміз.


Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы.

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз.


Ал, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Бойды сергек тік ұста

Емін еркін тыныста

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үш бұрыш сыз ауада

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тұрайық.



5 –тапсырма «Санамақ»

Бір дегенім білім

Білім шашар нұрын

Қадірін біл мұның


Екі дегенің Елің

Елің ұлтың, тегің

Ата жұртың сенің


Үш дегенің Үміт

Үміттене жүріп

Дос жүрегін жылыт


Төрт дегенің Тілің

Тілсіз ұлт жоқ күнім


Бес дегенің Бақыт

Үстемдігің артып

Бақытты бол шалқып.


Қоян: Балалар, сендер өте ақылды, тапқыр , ізденапз балалар екенсіңдер. Маған сендердің бүгінгі жауаптарың мен белсенділіктерін ұнады.

Мен апайларыңа мына сиқырлы «Білім» сандықшасын сыйлаймын. Қош, сау болыңдар!


«Кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты: Кеңістікте ұғымдарды салыстырып, ажыратып көре білуге үйрету. Жоғарыда төменде, алдында артында, биік аласа, жуан жіңішке түсініктерін бекіту.


Дидактикалық ойын: «Кеңістікті бағдарлау»


Логикалық есептер:

Әжемде бар бес моншақ

Айнұрға берді екі моншақ

Әжеде қалды неше моншақ?


Бөлменің төрт бұрышы бар

Әр бұрышта бір мысықтан отыр

Барлығы неше мысық?


Бес алманың біреуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?


Геометриялық пішіндерден балапанды құрастырып, жапсыру.


Жарайсыңдар, балалар, бүгін барлықтарың да жақсы қатыстыңдар. Сендерге қоянның сиқырлы сандықшасының ішінен сыйлықтар


сыйлаймын. Балаларды мақтап, оқу қызметін аяқтау.



Балалар шеңберге тұрып өлеңді айтады.






Далада, айнала жап жасыл, көктем мезгілі.


Үш ай: Наурыз, сәуір, мамыр.

Аптаның бесінші күні Жұма.

Дүйсенбіде доп ойнадым далада.

Сейсенбіде серуен құрдым қалада.

Сәрсенбіде сурет салдым сәнді етіп.

Бейсенбіде би биледім әндетіп.

Жұма күні жидек тердім ағаштан.

Сенбі күні кино көрдім клубтан.

Жексенбіде үйде болдым демалдым.

Осылайша өте шықты бір апта.


Shape2







Құлақ







Көз



















Балалар тапсырманы орындайды.

































Таңертеңгілік мезгіл.

Түскі мезгіл.

Кешкі мезгіл.

Түнгі мезгіл.















Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым атам,

Балаң үйрек апам,

Ортаң терек ағам,

Шылдыр шүмек мен,

Титтей бөбек сен

Бір үйде біз бесеуміз.





























Балалар тапсырманы орындайды.












Балалар қоштасады.




















Үш моншақ







Төрт мысық





Төрт алма






Балалар бүгінгі оқу қызметінде алған ісерлерін әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: бірден беске дейін тура және кері санай білу.

Игереді: логикалық есептер шығаруды, кеңістікті бағдарлауды

Меңгереді: санамақтарды жатқа айтуды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі