400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі, математика негіздері Тақырыбы: "Сиқырлы сандар" Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Куанышбекова Нурбану Бактыгалиевна

№13 «Балапан» бөбекжай-бақшасы, Атырау қаласы

№10 ортаңғы «Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы: Таным

Ашық оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Сиқырлы сандар

Мақсаты:

1.Білімділігі: Балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қайталату. Сандар туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылығы: Тура және кері санауды , биік-аласа, жоғары-төмен, оң жақ-сол жақ ұғымдарын дамыту. Сандардың жазылуын ойындар арқылы есте сақтауды арттыру. ТРИЗ элементін пайдалана отырып, балалардың зейіні мен ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа, дұрыс ойлана білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.

Көрнекі құралдар: сандар, слайд, пішіндер, карточкалар, суреттер.

Полилингвальды компонент: бір-один-, екі-два-, үш-три-, төрт-четыре-, бес-пять-.

Жүру барысы:

Мотивациялық қозғаушылық.

Әуенмен топқа кіру.

-Балалар, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі, бүгін бізде ерекше күн. Көп апайлар қонаққа келіпті. Қане, амандасып алайық.

-Сәлематсыздар ма?!

-Здравствуйте?!

-Good morning?!

Ұйымдастырушылық ізденістік.

-Балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? (бір бала сөйлем құрап сөйлеуі керек).

«Жақсы-жаман» ойыны:

-Балалар бір заттың екі жағы болады , жақсы жағы ж/е жаман жағы.

-Қыс мезгілінің жақсы жақтарын айтайықшы.

-Ал енді жаман жақтарын айтайық.

-Қыс айында неше айы бар?

-Бір аптада неше күн бар?

-Біз балабақшаға неше күн келеміз?

-Неше күн демаламыз?

-Балабақшамыз қалай аталады?

-Тобымыз қалай аталады?

-Дұрыс екен балалар, біздің «Балапан» б/бақшасының «Жауқазын» тобына бір сыйлық келіпті. Ашып көрелік.

-Балалар, бұл соншалықты сиқырлы екен, ашылмай жатыр. Сиқырлы санамақ айтып көрейік, мүмкін ашылып қалар.

«Санамақ» саусақ жаттығуы:

1 дегенім-бесік,

Шықтық содан өсіп.

2 дегенім-елім,

Далам, тауым, көлім.

3 дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім-төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Әуенмен сиқырлы қорап ашылады, ішінен ойындары бар сиқырлы сандар шығады.

-Балалар, сиқырлы қорабымыздан сиқырлы сандар шықты және әр санның өз ойындары бар екен сендерге алып келген.

1 санының ойыны: «Сандарды өсу ретімен орналастыр»

Шарты: Әр баланың алдында жолақты касса болады, соған 1-ден 5-ке дейінгі сандарды өсу ретімен орналастыру к/к. Тура және кері санайды. Үш тілде санайды.

2 санының ойыны: «Қай санды жасырдым?»

Шарты: Тақтаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ілемін. Балалар көздерін жұмғанда бір санды алып жасырамыз, көздерін ашқанда қай санды жасырғанымды табуы керек.

3 санының ойыны: «Кеңістікті бағдарлау»

Шарты: слайдтан кеңістікті бағдарлауға байланысты суреттер беріледі. Сол суреттерден «жоғары-төмен, биік-аласа, алдында-артында» ұғымдарын айтып табу керек.

Әр баланың алдына «оң жақ-сол жақ» ұғымы б/ша карточкалар беріледі, соны тауып орындаулары керек.

Санамақ:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты көп саусақ.

Сергіту сәті:

Әуенмен қимылды жаттығулар орындалады.

4 санының ойыны: «Не неге ұқсайды?»

Шарты: Пішіндердің түсін табу бойынша сол түске байланысты тағы қандай заттар болатынын ойланып табулары керек.

5 санының ойыны: «Заттарды сандармен сәйкестендір»

Шарты: алдарына үлестірмелі материалдар беріледі және сандар жазылған карточкалар беріледі. Балалар суреттерді сандармен сәйкестендірулері керек.

Рефлексиялық түзетушілік.

Қорытындылау.

Балаларға сұрақ-жауап арқылы ашық оқу қызметімді қорытындылаймын.

Өте жақсы қатынасқан балаларға смайликтер таратамын.

Келген қонақтармен қоштасып, әуен арқылы шығамыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі