Материалдар / Сиқырлы сандар Мад тобы

Сиқырлы сандар Мад тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 ден 10 ға дейінгі сандарды қайталау.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сиқырлы сандар»

Мақсаты: 1 - 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып білуге баулу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал - мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту. Қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

(Қазір көктем мезгілі.)

- Көктем айларын кім атап береді?

(Наурыз, сәуір, мамыр. )

- Көктем мезгілінің қай айы?

(Мамыр айы. )

- Бүгін аптаның қай күні?

(Жұма күні. )

- Бір аптада неше күн бар және аттарын кім атап береді?

(Жеті күн бар. Апта аттарын атап береді.)

Іздену - ұйымдастырушы

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ашық іс - әрекеті қызықты болып өтпек, себебі екі топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді. Қазір мен сендерге екі түрлі пішін таратамын, сол пішіндерге байланысты топқа бөлініп отырасыңдар.

(Балалар қолдарындағы пішіндерге байланысты үшбұрыш, төртбұрыш, болып екі топқа бөлініп отырады. )


- Балалар, бүгінгі ашық іс - әрекетіміздің тақырыбы «Сиқырлы сандар».

Қызықтыру сәті: Ертөстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.


Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме, балалар?(Балалар амандасады.)

Тәрбиеші: Балалар, бұл «Ертөстік» ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен, сұрайық?

Ертөстік: Балалар, мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің сегіз ағам бар, ал мен тоғызыншы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын, балалар? Осы кезде слайдтан Тасболдың суреті көрінеді де, дыбыс шығады. Тасбол: Мен сиқыршы Тасболмын, Ертөстік мен сенің ағаларыңды сиқырлы сандарға айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Мен сендердің тапсырмаларыңды айтуды «Нұр-Балауса» балабақшасының тәрбиеленушілеріне тапсырамын.

Тәрбиеші: Балалар енді не істедік, Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?

(Иә.)

Ертөстік: Балалар, сендер тапсырманы орындап болғанша, мен анамнан хабар алып келейін.

Ендеше слайдқа қарап тапсырманы тыңдайық. Кім сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы дұрыс орындаса, сол бала тобына жұлдызша алып береді, жұлдызшаны көп жинаған топ жеңіске жетеді.1 - тапсырма:1 - 10 - ға дейін тура және кері санап және сол сандардың ішінен бір санды көрсете отырып, сол санға байланысты санамақ айту.(Балалар 1 - 10 - ға дейін тура және кері санап шығады.Балалар өздерінің білетін санамақтарын айтады.)Ертөстіктің екі ағасын құтқарады.


Тәрбиеші: Балалар, слайдтан 2 - ші тапсырманы тыңдайық.

2 - тапсырма:

- Балалар, ауызша есептер шығара аласыңдар ма? Ендеше менімен «Ойлан тап»ойынын ойнаңдар.

1. Апам менің базардан

Төрт алма сатып әкелді

Үшеуін ағам жеп қойды

Сонда қалды нешеуі?

(1)

2. Сымда тұрған екі құсқа

Ұшып келді біреуі

Сонда болды нешеуі?

(3)

3. Оң жақ талда екі алма

Сол жақ талда бес алма

Қосып көрші барлығын

Болып шықты неше алма?

(7)

4. Алты қонжық көңілді

Шықты орманға асығып

Біреуі шаршап - шалдығып

Қалды достарынан ажырап

Келді орманға алдымен

Нешеуі екенін кім табады?

(5)

5. Үстел үстінде үш бәліш

Оған апам қосты тағы төрт бәліш.

Болып шықты сонда

Барлығы неше бәліш?

(7)

6. Оң жағымда үш ұлу

Сол жағымда алты ұлу

Қосып едік екеуін

Болып шықты неше ұлу?

(9)


3 - тапсырма. Сандарға байланысты гүлдердегі сан мен нүктелерді және басқа берілген суреттермен сәйкестендіру.




Тәрбиеші: Қане, балалар, енді бір серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Барлығымыз слайдқа қарап балалардың қимылын қайталап билейік.

(Балалар «Қызыл өрік» әніне билейді.)


4 - тапсырма. «Пішіндерден үй құрастырамыз»

Пішіндерді пайдалана отырып, жапсыру арқылы Ертөстіктің ағаларына үй құрастырып беріңіздер.


Тәрбиеші: Балалар, Ертөстіктің ағаларына

пішіндерді пайдалана отырып, үй құрастырып береміз бе?

Ендеше, балалар, үстел үстіндегі заттармен жұмыс жасаймыз. Алдымен мен түсіндіріп көрсетейін.

Тәрбиеші балаларға пішіндерді пайдалана отырып, қалай жапсыру арқылы құрастыруға болатынын көрсетіп береді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар Тасбол - дың төртінші тапсырмасын да орындап, Ертөстіктің сегіз ағасын да құтқардыңдар.

Сол кезде Ертөстік те келеді.

Ертөстік:

- Балалар сендерге көп - көп рахмет! Менің ағаларым үйге оралды, анам сендерге алғыс айтып, тәтті кәмпиттер беріп жіберді,- деп Ертөстік балалармен қоштасып, шығып кетеді.

(Балалар Ертөстікпен қоштасады.)

Қорытынды.

Рефлексивті – коррекциялаушы

Тәрбиеші:

- Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?

- Ертөстік бізден қандай көмек сұрады?

- Біз Тасболдың қандай тапсырмаларын орындадық?

(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.)

- Жарайсыңдар, балалар, сендер сиқыршы Тасболдың тапсырмаларын дұрыс орындап, Ертөстіктің ағаларын сиқырдан құтқарып, өз білімдеріңді көрсеттіңдер.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: 1 - 10 - ға дейін тура және кері санап, ауызша есептер шығара білді.

Нені игереді:  Оң, сол жақ, жоғары, төмен, көмектесу деген түсініктерді игереді.

Нені білу керек: Сұрақтарға толық жауап беріп, санамақ, мақал - мәтелдер білу керек


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!