Материалдар / "Сиқырлы сандар" сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сиқырлы сандар" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
3267
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім бөлімі: Математика.


Білім беру саласы :Таным.


Тақырыбы :Сандарды салыстырып анықтауға жаттықтыру.


Мақсаты :балаларды 10-ға дейінгі реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстыра білуге үйрету.Геометриялық пішіндер арқылы есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын байыту.Логикалық ойларын дамыту.Балаларды ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сөздік жұмыс: үшбұрыш, төртбұрыш,дөңгелек,сопақша.


Құрал-жабдықтар: суреттер,көрнекіліктер,сандар,геометриялық пішіндер.


Іс-әрекет кезеңдері: ынталандыру,сезімді ояту.


Тәрбиешінің іс-әрекеті :

1.Ұйымдастыру сәті.

2.Шаттық шеңбер.

3.Жылы лебіздер.

4.Сабақты жүргізу.


Балалардың іс-әрекеті:

Бір-біріне жылы лебіздерін айтады,сабаққа көңілдерін аударады.



І. Мотивациялық кезең.


Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң, апайлар,

Біз ерекше баламыз,

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

ІІ. Ізденушілік кезең.


-Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекше.Бізге қонаққа апайлар келіп отыр.Біз оларды қуана қарсы аламыз және бізбен бірге «Ғажайып математикалық елге» саяхат жасауға шақырамыз.Сендер ,балалар,санау білесіңдер,геометриялық пішіндерді айта аласыңдар,жұмбақ шешесіңдер.Солай ғой ? Мен сендерге сәттілік тілеймін.Олай болса жүрейік.

Балалар,мен ұмытып барады екенмін.»Ғажайып елге» кіру үшін билет керек.Қолдарыңа үстаған санды көріп,сол санды орындықтан тауып алып отырасыңдар,мына қақпадан отеміз ,өйткенні біз ғажайып елге бара жатырмыз.(Балалар қолдарына ұстаған санды айтып орындарын тауып отырады).

-«Ғажайып математикалық елге» тез жету үшін көзімізді жұмамыз,1,2,3-деп санаймын 3-дегенде көздеріңді ашасыңдар.

-Мынау қай ел екен?Мына ғажапты көріңдер!)Алдымыздан ата шығады(

-Мені танисыңдар ма балалар? Мен Жұмбақбай атамын.

-Сендер «Жұмбақ ауылына» келдіңдер.

-»Жұмбақ ауылы» –деп неге атаған бұл елді.Қалай ойлайсыңдар? (балалардың жауабы:Жұмбақ шешеміз.)

-Дұрыс айтасыңдар.Қандай тапқырсыңдар!

-Ендеше, жұмбағымды шешіп көріңдер:

Мінсең желдей шабады,

Бәйгеден орын алады. )Ат.


Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. Түйе.


Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шиірген.

Сауғанда жаның сүйсінген,

Ірімшік пен құрт, май,

Жегенде тілді иірген. Сиыр.


Секең,секең секірген,

Сақалы желмен желбіреген.

Ақ мамықтай жүні бар,

Ішсең емдік сүті бар. Ешкі.

-Балалар, білдіңдер ма мен қандай мал бағамын?

-Ия,сіз сиыр, қой, ешкі,ат және түйе бағасыз.

-Неше жануар туралы жұмбақ шештіңдер?

-5 жануар туралы.

-Жарайсыңдар,балалар, келесі елге жолдарың ашық.

-Көзімізді жұмып әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

-1,2,3. Уау! Мына ғажапты қараңдар,балалар.Біз қайда тап болдық екен?

-Сәлеметсіңдер ма,балалар.Қош келіпсіңдер «Ғажайып математикалық елге».

-Менің атым «Математика патшайымы».Бұл елде сендерді тапсырмалар күтіп тұр. Мен сендерге сиқырлы сандығымды көрсетейін-деп едім.Бірақ мына кілт ашылмай тұр.Неге-деп сұрайсыңдар ғой.Кілттің коды бар,ол сандар.Егерде тапсырмаларды орындап берсеңдер кілттің кодын тауып аламыз да сандықты ашамыз.Келістік пе?

-Апайға тапсырмаларды берейін де,сендерді сынап көрейін.

Тапсырмалар:

І.Кім жылдам?

1.Геометриялық пішіндерді кім жылдам айтып береді?

2.Мына қалташаға түрімен пішіндерді орналастыр.


ІІ.Көршісін тап.

1.Сандарды санау ретімен орналастыр.

2.Тура,кері санап шық.

-Сандар туралы қандай тақпақ білесіңдер?


Бір дегенім-білеу,

Екі дегенім-егеу,

Үш дегенім-үскі,

Төрт дегенім-төсек,

Бес дегенім-бесік,

Алты дегенім-асық,

Жеті дегенім-желке,

Сегіз дегенім-серке,

Тоғыз дегенім-торқа,

Он дегенім-орақ.


Керісінше санау:


Бөрік тіктім,

Он ойланып,

Төғыз толғанып,

Сегіз рет сызып,

Жеті рет бұзып,

Алты рет қарап,

Бес рет санап,

Төрт түйме қадап,

Үш тал үкі тағып,

Екі қолым талып,

Бір бөрікті тіктім,

Әзер біттім.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!