400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы сандық

Материал туралы қысқаша түсінік
: Пішіні, көлемі және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру, геометриялық пішіндерді ажырата білу, көктем мезгілін айыра білуге және қандай айлардан тұратынын еске түсіру, беске дейін санау және кері санауды қайталау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші кіші топ қорытынды оқу қызметі

Тақырыбы: Сиқырлы сандық.

Мақсаты: Пішіні, көлемі және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру, геометриялық пішіндерді ажырата білу, көктем мезгілін айыра білуге және қандай айлардан тұратынын еске түсіру, беске дейін санау және кері санауды қайталау.

Көрнекілік құралдар: сиқырлы сандық, үлкен және кіші пішіндер, ілінген әртүрлі сандар, көктем мезгілінің және үй жануарларының суреттері.

Оқу қызметінің жүрісі:

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын, келген қонақтармен амандасайық! Балалар бәрімз бірге айтайық:

Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!

Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Аспан таза ауа үшін рахмет!

Ағаш көлеңкең үшін рахмет!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар орнымызға отырайық! (Балалар орындыққа отырады)

Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Балалар: Көктем!

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай бар.

1.Наурыз 2.Сәуір 3.Мамыр

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ағаштар қандай болады?

Балалар: Ағаштар бүршік жарады.

Тәрбиеші: Құстар не істейді?

Балалар: Құстар жылы жаққа оралады

Тәрбиеші: Балалар біз қандай киім киеміз?

Балалар: Адамдар жеңіл киінеді.

Тәрбиеші: Көктемде қандай мерекелер болады?

Балалар: Аналар мерекесі, Наурыз мейрамы, Бірлік күні, Отан қорғаушылар күні, ұлы Жеңіс күні.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер көктем мезгілінде қандай өзгерістер болатынын біледі екенсіңдер.

Балалар, естідіңдер ме? Біреу есік қағатын сияқты. Бұл – Сайқымазақ.

Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Тәрбиеші: Не болды, Сайқымазақ? Жүзің жабырқаулы көрінеді?

Сайқымазақ: Иа балалар, мен ойнап жүріп өзімнің ең керекті затымды жоғалтып алдым, ал оны табу үшін мен жұмбақ шешуім керек. Балалар сендер жұмбақ шешуге көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иа.

Сайқымазақ: «Төрт бұрышты, бір ауызды»(жұмбақ). Ол не балалар?

Балалар: Сандық.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, ол сандық екен. Балалар, мен түрлі сиқырлар жасағанды жақсы көремін, менің қолымда сиқырлы сандық тұр. Егер осы сиқырлы сандықты үрлесек, ғажайып сиқырлар болады.

(Қолдарын жанына ұстап, алақанды ашып жұмып, , мұрынмен дем алып, ауызбен сандыққа үрлейді. Үрлеген кезде сандық ішінен пішіндер шығады.)

Тәрбиеші: Балалар, мыналар біз білетін пішіндер ғой.

Сайқымазақ: Пішіндер,ол не !? Мен білмеймін, маған үйретесіңдер ме ?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: (Балалардан пішіндерді, не затқа ұқсайтынын сұрайды)

Сайқымазақ: Жарайсыңдар, балалар, сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті:

Бала- бала балақан,

Қане қайсы алақан(Алақанын көрсетеді).

Саусақтары әйбат,

Былай-былай ойнат(Қолдарын ойнатады).

Тәрбиеші: Балалар, Сайқымазаққа осы пішіндерді пайдалана отырып көлік құрастыруды үйретейік.

Сайқымазақ:Көлік!? Қандай көлік? Бұдан көлік шықпайды ғой.

Тәрбиеші: Балалар көлік жасап көрсетеміз бе?

Балалар: Иа. (Үстел үстіндегі қиылған пішіндерден көлік қүрастырады.)

Сайқымазақ: Маған ұнады. Көліктерің қандай әдемі! Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма? Ойынның аты «Төлін тап»

Жылқы – құлын

Түйе – Бота

Сиыр – бұзау

Ешкі – лақ

Қой – қозы

Сайқымазақ: Балалар, біз жаңа бес түрлі үй жануарының төлін таптық. Енді, бірден үшке дейін және үштен бірге дейін санап көрейікші.

Оқу қызметін қорытындылау:

Тәрбиеші: Балалар сендерге тапсырма ұнады ма? Біз не жасадық? Біз бүгін жақсы іс жүргіздік, кәне өзімізге қол шапалақтайық және басымызды сипайық. (Балалардың еңбек нәтижесін мадақтау)

Күтілетін нәтиже: Пішін, көлем және түстерді біледі, бірден беске дейін санау, сабақта белсенді болады, сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді және сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
834
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі