Білім
беру саласы: «Денсаулық», «Коммуникация»,
«Таным», «Әлеумет»,» Шығармашылық».
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:
Тіл
дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қошаған
ортамен таныстыру, экология негіздері, музыка, дене
шынықтыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы
сандықша»
Мақсаты: Балалардан жыл бойы игерген
білімдерін анықтай отырып бекіту; жыл бойы үйренген сандарды
ретімен санауға, геометриялық пішіндерді ажырата білуге ойлау
қабілеттерін арттыру; ертегілерде кездесетін кейіпкерлерді атау
арқылы ойлау қабілеттерін арттыру; жанды және жансыз табиғатқа не
жататынын игере отырып, баланың сана сезімін арттыру; Жабайы
жануарлар мен үй жануарларын ажырата білуге ойлау қабілетін
арттыру; балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,
көрсету
Билингвальды компонент: көктем- весна, жабайы
аңдар-дикие животные.
Қолданылатын инновациялық технология:
«Денсаулық технологиясы», «Ойын технологиясы»,
«Информациялық технология»
Заттық
дамыту ортасы: тақырыпқа байланысты
суреттер
|
Оқу
іс-әрекетінің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың іс-
әрекеті
|
|
Мотивациялық
–қозғаушылық
|
Педагог
балаларды «Шаттық
шеңберіне» шақырады.
Жарқырап
күнде ашылды,
Айналаға
гүл, шашылды
Қайырлы
күн!
Біз нәзік
қыздармыз!
Қайырлы
күн!
Біз
ержүрек ұлдармыз!
Балалар
бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіне көптеген қонақтар
келіпті, қанекей келген қонақтармен амандасайық!
-
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Көктем мезгілінде табиғатта
қандай өзгерістер болады?
-
Көктем мезгілдерінің айларын
атап беріңдерші?
-
Бір апта да қанша күн
бар?
-
-Бір тәулік неше кезеңнен
тұрады?
|
Қызуғышылығы
артып
«Шаттық шеңберіне» тұрып, өлең
жолдарын қайталайды
-Сәлеметсіздер ме, құрметті
қонақтар!
- Здравствуйте, дорогие
гости!
- Гудь монин, дия
гэстэс!
Балалар сұрақтарды мұқият
тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
|
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
-
Балалар, қараңдаршы мұнда
сиқырлы сандықша бар екен?
-
Жанында хат бар
екен?
-
Бұл хат кімнен екен, оқып
көрейікші, балалар?
-
Сәлеметсіздер ме,
балалар!
-
Мен
Ханшайыммын
-
Мен сендерге сыйлығыммен келе
жатқанымда, алдымнан бір Мыстан кемпір шығып, қолымдағы сиқырлы
сандықшамның кілті мен бірге өзімді алып кетті. Балалар мені Мыстан
кемпірден құтқарыңдаршы. Мыстан кемпірден Ханшайымды құтқару үшін
алдыммен оның бес тапсырмасын орындау керек? Егер тапсырманы
орындай алсақ, сендердің
-
Ханшайымдарыңды жіберемін
деді!
1-тапсырма: «Сандарды
санау»
2-тапсырма: «Өз орнынды
тап?»
3-тапсырма: : «Кай ертегі
екенін тап»
4-тапсырма: «Не
артық?»
5-тапсырма: «Жанды және жансыз
табиғатқа не жатады?»
Сергіту жаттығуы
Кәне, балалар
тұрамыз,
Үлкен шеңбер
құрамыз
Қолды алға
созамыз,
Отырып, бір
тұрамыз.
Құс болып қанат
қағамыз.
Орнымызды
табамыз
Саусақ
жаттығуы:
Кел санайық
санамақ,
Саусақтарды
даралап.
Бас бармағым
алғашқы,
Балаң үйрек
жалғасы
Ортан терек –
кезекші,
Шылдыр шүмек –
көмекші.
Шынашағым –
балапан.
Бәріне ортақ
алақан.
6-тапсырма: «Жыл мезгілдерін
құрастыру»
Тапсырма орындалып болғаннан
кейін, музыка залына, музыка әуенімен Ханшайым кіреді. Тосын сыйын
беріп, балаларды мадақтап, мақтайды.
|
Балалар аң-таң болып
Ханшайымның келбетіне қарайды. Қуанышты көңіл -күйде
болады.
|
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Қорытынды:
Дидактикалы ойын : «Көңілді
доп» ойыны арқылы ұйымдастырылған ашық оқу қызметін
қорытындылау.
|
Балалар сұрақтарға толық жауап
береді.Өздеріне ұнаған тапсырмалары туралы айтып, ойларымен
бөліседі.Бір-бірімен сыйластықта болады. Балалар қонақтармен
қоштасып, музыка әуенімен музыка залынан шығып
кетеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мыстан кемпірдің тапсырмасын
орындай алуды;
Игереді: Тапсырманы орындай алуды
игерді;
Меңгереді: Емін еркін сұрақтарға толық
жауап беруді.