жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сиқырлы сандықша
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:04.02.2019
Тәрбиеші:Ахметова Г.Қ
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы
Тақырыбы: Сол жақта- оң жақта. Заттарды сәйкестендіру.Дөңгелек.
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Шыдмадылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру, осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
3.Оқыту: Таныс заттарды көлеміне қарай,( үлкен, кіші) санына қарай ( бір және көп) салыстыруды үйрету,
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: дөңгелек пішімдер, қоян, аңдар.
билингвалдық компонент: қоян- заяц, қасық- лошка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Ғажайып сәт:
Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Сендер мұның не екенін білесіңдер ме? Перденің артынан қоян шығады. Балалармен амандасады.
Қоян балалардан өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөлігі туралы әңгімелегендерін еске түсіруді сұрайды.
2. Негізі бөлімі
« Не қайда тұр?» ойыны.
Жұмбақ жасырады.
«Қалқиған екі құлағы,
Тырс етсе зытып тұрады.
Өзі ноян...
Бұл қорқақ....» (Қоян)
Қоян өзін суреттен табуын сұрайды.
Қоян балаларға мынадай сұрақтар қойып, олармен әңгімелеседі.
-
Менің сол жағымда не отыр?
-
Менің оң жағымда қандай аң отыр?
Сергіту сәті: «Қоян»
Ыршып- ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған.
Жылытпақ боп тырысты,
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары , бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.
Секіреміз, тұрамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
3. Қорытынды (2 мин)
Қоян балалардың берген жауаптарына өте қатты риза болып, қуанып балаларға алғысын айтып , қоштасалы.
Біз қасықты қай қолымызбен ұстаймыз?
Енді сол қолдарыңды көтеріңдер.
Біздің топтағы дөңгелек пішінді заттарды атап беріңдерші?
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы
Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту: Балалардың қыс мезгілі туралы
білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап
беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы
ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды
ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
билингвалдық компонент: қыс- зима, аққала- снеговик.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Жұмбақ
шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
-Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран
болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз.
Хоккей ойнаймыз.
2. Негізі
бөлімі
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та
келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы
киінеміз. Сырғанап ойнап, аққала жасаймыз.
(Есік тықылдатып Аққала келеді)
- Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонаққа аққала келіпті. Аққала
бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті.
- Қане, балалар олай болса аққаланың әкелген тапсырмаларын
орындайық.
Аққаланың тапсырмалары:
1
тапсырма: Сурет бойынша әңгіме
құрастыру.
2
тапсырма: Қыс туралы тақпақ айту.
- Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта
қояйық.
Келді - далаға қыс,
Дала аппақ түс.
Қос аяқта шаңғымыз,
Далаға шықтық бәріміз.
3
тапсырмасы:
Сергіту
сәті
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)
4 - тапсырмасы:"Қайсысы
артық" дидактикалық ойыны.
Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен қысқы
киімдерді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде
киетінін сұрау.
Балалар енді аққаламен қоштасайық.
3. Қорытынды (2 мин)
- Қыс мезгілі сендерге ұнай
ма?
- Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?
- Қардан не жасаймыз?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну
керек?
ІІ кіші топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:
Тәрбиеші:
Білім саласы: «Таным» «Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы
Тақырыбы: Қыс келбеті
Мақсаты:
Білімділік:Балалар жыл мезгілінің
ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру. Қыс көрнісі туралы
әңгімелеп беруге және білімдерін
тиянақтау.
Дамытушылық: Қыс мезгілі білімдерін
дамыту.
Оқыту: Қыс мезгіліндегі үлкендердің
еңбегіне деген құрметке тәрбиелеу.Қыстап қалған қалған құстарға
қамқорлық жасау.
Педагогикалық технология:
Блингвалдық компонент:Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик,
желтоқсан- декабрь.
Ресустармен қамту:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Ғажайып қыс» туралы бейне көрніске балалардың назарын аударту.
Балалар бейне көрністі мұқият
қарайды.
Сұрақ-
жауап:
-Бұл көрністе қандай мезгілді көріп
отырсыздар? Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінің неше айы бар? 3 айы бар
желтоқсан, қаңтар,ақпан.
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін есімізге түсірейік ,ол үшін мен
сендермен бірге ойын ойнағым келеді.
Д/ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»
Ойын шарты:Тақтаға қыс мезгілінің суретінің қалташасы бар сурет
ілінеді.
Үстел-үстіне төрт жыл мезгілінің ерекшеліктерінің суреттері.
Балалар төрт жыл мезілдерінің суреттерінің ішінен тек,қыс
мезгілінің суреттерінің ерекшеліктерін тауып тақтаға ілуі қажет.
Балалар ойын шарты бойынша орындайды. Жарайсыңдар
балалар.
Балалар мен сендерге тәжірибе жасау үшін,мұз әкелдім осы мұзды оқу
іс әреккет соңына қарай мұз неге айналады екенін байқаймыз жарайма.
Балалар тәрбиешінің қолындағы мұзға таңырқай
қарайды
ІІ. Негізгі
бөлім Кіріспе әңгіме:
Міне балалар оқу іс әрекетіміздің тақырыбын ашып алдық.
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
ақын Абдрахман Асылбековтың
«Қыс» өлеңі
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды,тауды да
Бояған ақ түспенен
Балалар тәрбиешінің айтқандарын зер сала тыңдайды. Өлеңнің мазмұнын
түсінуге тырысады.
-Балалар мен сендерге қыс ерекшеліктері туралы жұмбақ жасырғым
келеді жауабын табасыңдарма? Балалар жұмбақтардың жауабын ойлана
жауап берді.
Жұмбақ
жасыру:
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. Қар.
2.Қыста-айна,
Көктемде- су Мұз.
3.Ышқынады өзі жоқ,
Ысқырады сөзі жоқ. Боран.
4.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы,
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен осы Аққала.
Д/ойын: «Тез
құрастыр»
Ойын
шарты: Тәрбиеші балаларды екі топқа
бөледі.Балаларға екі жаққа аққаланың бөлшектері таратылады. Балалар
берілген бөлшектерден аққаланы тез құрастырып, болған балалар
қатарға тұра қалуы керек. Балалар екі топқа бөлініп аққаланы тез
құрастыруға тырысады.
Мұзды бақылау:
-Балалар мұз неге айналды? Суға айналды.
-Балалар не себепті еріді? Себебі күнің көзінде тұрғасын,күн
жылуына еріді.
-Міне балалар қыста аяз болғанда өзен,су,көл сулары неге айналады?
Мұзға айналады
-Міне қыс мезгілінің ғажайып ерекшеліктерін осыдан
көреміз
-Әр жылдың өзіне тән ғажайып ерекшеліктері болады
екен.
ІІІ.
Қорытынды -Балалар бүгінгі оқу
қызметінде қандай мезгіл туралы әңгімелестік? Қыс мезгілі
туралы.
-Қандай зерттеу жұмысын бақыладық? Мұздың суға айналуын.
Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Балалар
қуанады.
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Әлеумет
Пән: Қоршаған ортамен танысу
Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы
Тақырыбы: Шырайлы қыс
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балалардың қоршаған орта туралы түсінігін толықтыра отырып оны аялауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Қыс айларының кереметтерімен таныстыру, қыс туралы ойларын дамыту.
3.Оқыту: қыс қызығы туралы әңгімелеп айтуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: «Шырайлы қыс» суреттер.
Билингвалдық компонент:қыс- зима, қар- снег
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Сырғанақ
Қар жамылды күллі
алап,
Жүрмедік біз құр
қарап.
Бір топ бала
бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ (Е.
Елубай)
2. Негізі бөлімі
1. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен
айырмашылығы неде?
2. Қыста адамдар қалай
киінеді?
3. Қыс мезгілі қызықты деп неге
айтамыз?
“Шырайлы
қыс”
Сурет бойынша
әңгімеқұрастырып
үйренейік.
Сергітусәті
Шырайлы қысты
тойлаймыз,
Суықтан еш
тоңбаймыз
Шаңғыменен
сырғанап,
Қар атысып
ойнаймыз
Аққалада
жасаймыз,
Қарды ойып
қашаймыз
Беті, қолды
уқалап
Қуанышқа
батамыз
Ойын: Кім
жылдам?
Әркім өздері таңдаған суреттегі қысқы ойынға
қажетті затты тауып, бояу керек.
3. Қорытынды (2 мин)
Қыс мезгілін ұнатасыңдар
ма?
Қыс кезінде қандай ойын түрлерін ойнауға
болады екен?
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:08.02.2019
Тәрбиеші:Ахметова Г.Қ
Білім беру саласы:Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: Қыстың кремете шағы
Тақырыбы: Жапалақтап қар жауып тұр
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: саусақтарының бұлшық еттерін дамыту
3.Оқыту: саусақ арқылы қардың бейнесін салуды үйрету;
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:қылқалам, бояу.
Билингвалдық компонент: қар-снег-snow.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
-Балалар, қараңдаршы, бір ғажайыптың күшімен біз қысқы орманда саяхатта жүргендейміз. Орман қандай әдемі күйге енген, ағаштардың бәрін қар басып, жердегі ақ ұлпа қар күн сәулесіне шағылысады.
-Мұнда қар жауып тұрған сияқты ғой. Қыста көптеген аңдар қысқы ұйқыға кетеді. Олар қардың жауғанын көрмейді. Біз оларға қыстан естелік ретінде қардың қалай жауатынын көрсетіп, сурет салып берейік.
Тақтадағы қыс табиғатын бейнелейтін суреттерге, алдарындағы қолдан жасалған қарларға көңіл аударады.
2. Негізі бөлімі
Бүгін ақ гуашьты пайдаланып, саусақ арқылы жауып тұрған қардың суретін саламыз.
Балаларға сурет салу жолын көрсету.
Балаларға алдарыңдағы көк парақтың бетін толығымен пайдалану керек екенін айтып түсіндіру.
Сурет салуды бастамас бұрын бір ойын ойнап алайық. «Кім алысқа лақтырады?»
Саусақ жаттығуы.
Қуыр- қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Ай ай балапан,
Жамандықтан қаш.
Ал, енді сурет салуды бастаймыз. Балалар сұқ саусақтарын ақ гуашьқа салып, көк парақтың бетіне жауып тұрған қарды бейнелейді. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. Бояуға батырып, онымен қағаздың бетіне дақ түсіреді.
3. Қорытынды (2 мин)
Жарайсыңдар балалар. Жасаған суреттерімізді кімдерге сыйлаймыз?
Ендеше салған суреттерімізден көрме ұйымдастырайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген