Білім
беру саласы: Таным,
Коммуникация
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Математика,
Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Сиқырлы сандықша»
Мақсаты:
сандарды санау, салыстыру,геометриялық
пішіндер туралы білімдерін бекіту,
ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап,
түсіну сұрақтарға толық жауап беру
дағдысын қалыптастыру. Балалардың
білімге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер;
күз
туралы суреттер, сандар геометриялық
пішіндер.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
Балалар:
Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші:
Балалар менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар:
Жүрек!
Тәрбиеші:
Қане балалар жүрегімізден шығарып жылы
сөздер айтайықшы.
Балалар:
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз
жарық болсн!
Еліміз
тыныш болсын!
Деніміз
сау болсын!
Нанымыз
көп болсын!
Ата-анамыз
аман болсын!
Бейбітшілік
болсын!
Апайлар
аман болсын!
Тәрбиеші:
Қане балалар,осы айтқан жылы лебездеріңізді
апайларға сыйлайықшы.
Балалар
сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап
тұрғанда не сезінесіңдер.
Балалар:
Жылулықты,мейірімділікті,достықты.
Тәрбиеші:
Жақсы балалар бүгінгі күнімізді
мейіріммен,қуанышпен бастайық!
Тәрбиеші:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Күз мезгілі.
Тәрбиеші:
Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай
өзгерістер болад?
Балалар:
Күз
мезгілінде күн салқындайды,жаңбыр
жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Тәрбиеші:
Балалар біздер күзді неге алтын күз,жомарт
күз деп атаймыз.
Балалар:
Күзде астықтар піседі,көкөністер мен
жемістер көп болады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар;олай болса күз
туралы кім таппақ айтып береді?
Айару:
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің
қызық -ау.
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау.
Әлішер:
Алақай,алақай,
Шаттанды
балақай.
Мереке
алтын күз,
Береке
салтын күз.
Осы
кезде есік қағылады.
Тәрбиеші:
Балалар есік қағылған сияқты бұл кім
екен?
Есіктен
Әли бала кіреді.
Әли:
-Мен мына сиқырлы сандықшаны тауып аып
едім,ішінде балаларға арналған тапсырмалар
бар екен. Маған көмектесесіңдерме?
Тәрбиеші:
-Жарайды,бүгінгі
сабағымызда Әли көмектесейік. Сандықшаны
ашу үшін мен жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Төрт бұрышты,бір ауызды Ол не?
(Сандық)
Осы
кезде сандықшаның аузы ашылады.Сандықшаның
ішінен балаларға арналған тапсырмалары
бар жапырақтар шығады.
1-ші
тапсырма. 1-ден
3-ке дейін тура және кері санау. Геометриялық
фигуралардың пішіндерін ажыратып
түстерін атау.
2-ші
тапсырма.
1-
ші жұмбақ:
Бой жазалмай,ойнай алмай.
Денең
мұздап тоңады,
Бөбектерім
айтыңдаршы,
Бұл
қай мезгіл болады?
(Күз)
2-ші
жұмбақ:
Тырс-тырс тамады,
Шәйға
қарай ағады. (Жаңбыр)
Сергіту
сәті:
Күн ұйықтайды,
Күн
оянады,
Жел
соқты,
Жаңбыр
жауды.
Бұлттар
шатырлады,
Күн
ашылды,
Жел
басылды.
3-ші
тапсырма. Логикалық сұрақтар:
Қоянның
неше құлағы бар?( 2)
Сиырдың
неше аяғы бар?(4)
Себетте
1 алма,табақта 2-кі алма екеуін қосқанда
неше алма?(3)
4-ші
тапсырма.
Д/о:
«Не қайда орналасқан?»
Шарты:
Өзіне қатысты (оң, сол, алдында, артында)
орналасқан заттарды таба білуге
жаттықтыру.
Тәрбиеші:
Біз бәріміз-бірігіп қызықты тапсырма
орындадық.
Әли:
Балалар сендерге рахмет.Сендермен
бірігіп менде көп заттар үйрендім. Сау
болыңдар! Шығып кетеді.
Қорытынды:
Балалар
бізге қонаққа кім келді?
Біздер
кімге көмектестік?
Қандай
тапсырмалар орындадық?
Бізге
берілген тапсырмаларды орындай алдықпа?
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі
сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!Мен
сендерді жақсы деп бағалаймын.
Енді
орнымыздан тұрып, жүрек жылуымызды
сезініп бүгінгі сабағымызды аяқтай
отырып қонақтармен қоштасайық!
Сауболыңыздар!