400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сиқырлы сандықша"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика, Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет

Тақырыбы: «Сиқырлы сандықша»

Мақсаты: сандарды санау, салыстыру,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап, түсіну сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер; күз туралы суреттер, сандар геометриялық пішіндер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

  • Балалар, қараңдаршы бізге қонақтар келіпті,қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: Балалар менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Жүрек!

Тәрбиеші: Қане балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарық болсн!

Еліміз тыныш болсын!

Деніміз сау болсын!

Нанымыз көп болсын!

Ата-анамыз аман болсын!

Бейбітшілік болсын!

Апайлар аман болсын!

Тәрбиеші: Қане балалар,осы айтқан жылы лебездеріңізді апайларға сыйлайықшы.

Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда не сезінесіңдер.

Балалар: Жылулықты,мейірімділікті,достықты.



Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен,қуанышпен бастайық!

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болад?

Балалар: Күз мезгілінде күн салқындайды,жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Тәрбиеші: Балалар біздер күзді неге алтын күз,жомарт күз деп атаймыз.

Балалар: Күзде астықтар піседі,көкөністер мен жемістер көп болады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар;олай болса күз туралы кім таппақ айтып береді?

Айару: Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің қызық -ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Әлішер: Алақай,алақай,

Шаттанды балақай.

Мереке алтын күз,

Береке салтын күз.

Осы кезде есік қағылады.

Тәрбиеші: Балалар есік қағылған сияқты бұл кім екен?

Есіктен Әли бала кіреді.

Әли: -Мен мына сиқырлы сандықшаны тауып аып едім,ішінде балаларға арналған тапсырмалар бар екен. Маған көмектесесіңдерме?

Тәрбиеші:

-Жарайды,бүгінгі сабағымызда Әли көмектесейік. Сандықшаны ашу үшін мен жұмбақ жасырайын.



Жұмбақ: Төрт бұрышты,бір ауызды Ол не?

(Сандық)

Осы кезде сандықшаның аузы ашылады.Сандықшаның ішінен балаларға арналған тапсырмалары бар жапырақтар шығады.

1-ші тапсырма. 1-ден 3-ке дейін тура және кері санау. Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып түстерін атау.

2-ші тапсырма.

1- ші жұмбақ: Бой жазалмай,ойнай алмай.

Денең мұздап тоңады,

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай мезгіл болады?

(Күз)

2-ші жұмбақ: Тырс-тырс тамады,

Шәйға қарай ағады. (Жаңбыр)

Сергіту сәті: Күн ұйықтайды,

Күн оянады,

Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Бұлттар шатырлады,

Күн ашылды,

Жел басылды.

3-ші тапсырма. Логикалық сұрақтар:

Қоянның неше құлағы бар?( 2)

Сиырдың неше аяғы бар?(4)



Себетте 1 алма,табақта 2-кі алма екеуін қосқанда неше алма?(3)

4-ші тапсырма. Д/о: «Не қайда орналасқан?»

Шарты: Өзіне қатысты (оң, сол, алдында, артында) орналасқан заттарды таба білуге жаттықтыру.

Тәрбиеші: Біз бәріміз-бірігіп қызықты тапсырма орындадық.

Әли: Балалар сендерге рахмет.Сендермен бірігіп менде көп заттар үйрендім. Сау болыңдар! Шығып кетеді.

Қорытынды:

  • Балалар бізге қонаққа кім келді?

  • Біздер кімге көмектестік?

  • Қандай тапсырмалар орындадық?

  • Бізге берілген тапсырмаларды орындай алдықпа?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!Мен сендерді жақсы деп бағалаймын.

Енді орнымыздан тұрып, жүрек жылуымызды сезініп бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық! Сауболыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі