|
Тәрбиеші: Балалар бізге
электрондық хат кепті. Сендерді Білім Ханшайымы ертегілер еліне
шақырыпты. Олай болса, біз бүгін саяхатқа шығайық. Жай саяхат емес
сиқырлы саяхат.
Сиқырлы саяхат- кездесе
бермейтін қызықты, ерекше, ғажайып
саяхат.
Сиқырлы саяхат- волшебное
путешествие – фантастик
тревелсин
Ал енді балалар отарбаға
отырып жолға шығайық.
1 аялдамаға келдік.
Ертегілер аялдамасы екен.
Тәрбиеші: Білім ханшайымы бізге мынандай
тапсырма беріпті. «Шалқан ертегісін» үш тілде мнемотехника әдісімен
айтып беру.
Сендер тапсырманы дұрыс
орындадыңдар. Олай болса отарбаға отырып келесі тапсырманы
орындауға барайық.
2 Өнер
аялдамасы :
Тәрбиеші: Балалар жылаған
дауыс естіледі .Ой қараңдаршы тышқан мен тауық жылап
тұр.Тышқан,тауық сендер неге жылап отырсыңдар, не
болды?
Тышқан: жыламай қайтейін біздің
үйшігімізге аю симай құлатып
қойды,
Оны қалай
құрастырамын .(жылайды
)
Тауық: Ал, менің балапандарым
аш менің балапандарыма тары керек. Балалар сендер маған тары жасап
көмектесесіндерме?
Тәрбиеші: Тышқан ,тауық
сіздер
жыламаңыздар,менің қыздарыммен
ұлдарым сіздерге көмектеседі.
Олай болса ұлдар мына тышқанға
геометриялық пішімдерден үй құрастырып беріңдер,ал қыздар
болса,тауыққа тары жасап берсін.
( Ұлдар фетра материалын
қолдану әдісімен үй
құрастырады,қыздар
тәрелкенің бетіне клестер
жағып, қағазды дөңгелектеп тары пішінін жасап
жапсырады.)
Тышқан: Рахмет сендерге балалар, менің
енді бұрыңғыданда әдемі үйім болатын
болды.
Тауық: Балалар көп рахмет.Сендердің
арқаларыңда балапандарым аш қалмайтын
болды.
Тәрбиеші: Тауық,тышқан менің
балаларымның сіздерге көмегі тигеніне қуаныштымын сау
болыңыздар!
Көңілді әуенмен сергіту
жаттығуын жасады.
Көңілімізді көтеріп
сергітіп алдық. Олай болса отарбаға отырып саяхатымызды
жалғастырайық. Келесі аялдамамыз «ғажайып математика» аялдамасы
екен
3 Ғажайып математика
аялдамасы.
Тәрбиеші: Балалар бұл
аялдамада тапсырмалар берілген
.
1
тапсырма: логикалық
ойын
« ерекше гүл
»
Бұл ерекше гүлдің ішінде неше
үш бұрыш тығылып тұр.Қане
санайық.
2тапсырма:
« Көзіңді жұм да,
сана»
Ойынның шарты: көздерін
жұмып,қолдарына түймелер тігілген картондарды таратамын.сипап сезу
арқылы қолдарындағы түймелерді ретімен санайды. Тура және кері үш
тілде санау
Жарайсындар. Бұл ойынды жақсы
ойнадыңдар. Олай болса отарбамызға отырып тобымызға
қайтайық.
|