400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы шеңбер

Материал туралы қысқаша түсінік
Айналаны қоршаған ортамыз туралы сұрақтарға толық жауап береді. «Сан және санау» бөлімі бойынша 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санайды.Сандар туралы тақпақтар,санамақтар айта біледі.Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге арналған тапсырмаларды орындайды. «Көлем» бөлімінде балалар қарама-қарсы сөздерді жылдам табады. «Уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар адамдардың іс-әрекеті бойынша тәулік бөліктерін анықтайды. «Кеңістікті бағдарлау» бөлімінде балалар осы уақытқа дейінгі алған білімдерін ұштайды,бекітеді.Сурет бойынша жұмыс жасайды. «Пішін» бөлімінде пішіндерді атайды,фигуралардан матрешканы әсемдей біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім саласы: «Таным»

Білім бөлімдері: Математика.Қоршаған ортамен таныстыру.Құрастыру.

Тақырыбы: «Сиқырлы шеңбердің қызықты тапсырмалары»

Мақсаты:Айналаны қоршаған ортамыз туралы сұрақтарға толық жауап береді.

«Сан және санау» бөлімі бойынша 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санайды.Сандар туралы тақпақтар,санамақтар айта біледі.Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге арналған тапсырмаларды орындайды.

«Көлем» бөлімінде балалар қарама-қарсы сөздерді жылдам табады.

«Уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар адамдардың іс-әрекеті бойынша тәулік бөліктерін анықтайды.

«Кеңістікті бағдарлау» бөлімінде балалар осы уақытқа дейінгі алған білімдерін ұштайды,бекітеді.Сурет бойынша жұмыс жасайды.

«Пішін» бөлімінде пішіндерді атайды,фигуралардан матрешканы әсемдей біледі.

Көрнекілігі: Суреттер,таратпа құралдар,матрешкалар,луллия шеңбері,түрлі-түсті шарлар.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, луллия шеңбері, музыка терапиясы, матрешка иллюстрациясы, т.б.

Билингвалдық компонент: сандар – цивры, шеңбер –круг,пішін- фигура,сиқырлы- волшебный

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бәріне де ізетпен,

Бас иеміз біз.

-Қайырлы таң , балалар.

-Қайырлы таң апайлар.

-Балалар көңіл – күйлерің қалай.

-керемет.

-Денсаулықтарың ше?

-Тамаша.

Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі болмақ, өздерің байқағандай тобымызда көп қонақтар отыр, олар сендердің қандай тәртіпті , ақылды да тапқыр балапандар екендеріңді байқауа келіп отыр.

-Қане, өзімізді қоршаған ортамызды танып – біліп алайықшы.

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Қ Р алғашқы президенті кім?

-Н.Ә Назарбаев.

-ҚР қазіргі таңдағы президент міндетін атқарушы кім?

-Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.

-ҚР елордасы қай қала?

-Астана қаласы.

-Ия, қазір қалай өзгертілді?

-Нұрсұлтан қаласы болып аталды.

-ҚР рәміздерін атайықшы.

-Ту, елтаңба, әнұран.

-Жақсы , біз сіздермен қай қалада тұрамыз?

-Шымкент қаласында тұрамыз.

-Қай бақшаға келеміз?

-«Балауса» бақшасына келеміз.

-Бір жылда қанша мезгіл бар?

-Бір жылда төрт мезгіл бар.Қыс, көктем, жаз, күз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктем айларын атайық, қазір қандай ай?

-Наурыз, сәуір, мамыр.Қазір сәуір айы.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бір аптада жеті күн бар.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін жұма.

-Тәулік бөліктерін ата.

-Таңертең, түс, кеш, түн.

-Қазір қандай тәулік бөлігі?

-Таңертең.

Тосын сәт: «Сиқырлы шеңбер»

-Балалар мұнда қарайықшы, менің жанымда «сиқырлы шеңбер» бар.Ол шеңбер үш деңгейде орналасқан.Әрбір деңгей алты бөліктен тұрады.Бірінші деңгей үлкен көлемде,екінші деңгей орта көлемде,үшінші деңгей кіші көлемде.

-Және ең кіші деңгейде 1-5 дейінгі сандар жазылған.Ал орта деңгейде сол сандарға сәйкес заттар орналасқан,осы екеуін сәйкестендірсек 3-ші үлкен деңгейде тапсырмалар табыла қояды.Бірақ сендер өздерің ойлап табуларың керек суретке қарап қандай ойын немесе қандай тапсырма екенін.

-Қане,дайынбыз ба сиқырлы шеңбердің сәйкес бөліктерін табуға және тапсырмалар орындауға.

-Ия дайынбыз.

«Сиқырлы шеңбер» жанынан табыла қойыңдаршы.

(балалар жарты шеңбер бола қалады)

Бір бала келіп шеңбер бағыттамасын бұрап 1 санын табады.Екінші деңгейден 1 санына сәйкес сурет тауып қояды.Енді осы екеуіне сәйкес түс арқылы тапсырманы анықтайды.



1-тапсырма

«1 ден 10-ға дейін тура және кері санау.»

-Тамаша.отыра қойыңдар,ауызша тура және кері санап көрелік.

Балалар санайды.

-Жарайсыңдар.Ендеше осы сандарға байланысты санамақтар айтып отырайықшы.

1-бала.

Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Сандарға жол бастап,

Ең бірінші тұрамын.



2-бала.

Міне екі саны тұр,

Қараңдаршы неткен түр.

Мойнын алға иеді,

Құйрығы еріп жүреді.

3-бала

Екіден соң әрқашан,

Үшінші мен тұрамын.

Қағазға сызып түсіресің

Екі ирек саласың.



4-бала

Үш қашанда тақ саны ,

Жұп болғанға не жетсің,

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің аяғы.



5-бала

Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті

Төртеуін бүгін санасаң

Табасың оңай бесті.

6-бала

Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын

Басым бірден басталып,

Нолмен бітер аяғым

7-бала

Қара мына қызықты,

Көсеуге мені ұқсатып,

Жеті болам бір тартсаң

Бел ортамнан сызықты

8-бала

Жетіден кейін тұрамын

Жұп сан болып құрамым

Бірге жазсаң қос дөңгелек

Сегіз болып шығамын

9-бала

Төбесіне тұрғанда алты

Тоғыз болып шағады,

Онды қуып жетем бе деп,

Қасынан бір қалмайды

10-бала

Тоқызға бірді қосамыз,

Он санын енді тосамыз

Қос таңбалы кім білмек

Олар бір мен дөңгелек

-Жақсы 10-ға дейін кідірмей,

Кім санайды мүдірмей

1-бала

Бір дегенім-бесік

Шықтық одан өсіп

Екі дегенім-елім

Далам,тауым,көлім

Үш дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім,

Төзе білем өзім

Бес дегенім-бақыт

Бағалайтын уақыт.

2-бала

Алты дегенім-ақыл

Тыңдағаның мақұл

Жеті дегенім-жалау

Жүректегі алау

Сегіз дегенім-сезім

Серт беретін кезім

Тоғыз дегенім-тоқтау

Елдің жоғын жоқтау

Он дегенім-Отан

Қорғай біл оны ботам

3-бала

Бір білім ал

Екі ерлік көрсет

Үш үлгі тұт

Торт тәртіп керек

Бес бестік керек ал

Алты алғыс ал

Жеті жеңіс біздікі

Сегіз сенім керек

Тоғыз тоқу керек

Он оқу керек.

-Жарайсыңдар.Сандарды ауызша санап қана қоймай,таңбаларын танып, көршілерін таба білуге арналған:

«Көршісін тап»дидактикалық ойынын ойналық

(Балалар ойын ойнайды)

-«Сықырлы шеңбердің»келесі бөлігін табатын уақыт жеткен сияқты.

(Шеңберге жақындап 2санын табады, бағыттаманы бұрады, тапсырманы анықтайды)

2-тапсырма

«Кеңістікті бағдарла»

-Бұл тапсырмада сендер суретбойынша кеңістікті бағдарлап ,әңгімелеп бересіңдер

1-бала

-Мына суретте ормандағы серуен бейнеленген.шатыр үстінде сауысқан отыр.шатырдың ішінде ұл бала көрінуде.Сыртында қыз бала отыр жүр.шатырдың артында велосепед тұр.шатырдыңоң жақ алдында күшік жүр,күшіктің алдында доп жатыр.Қыз баланың сол жағында үлкен себет,оң жағында кіші себет бар.

2-бала

-мына суретте цирк өнерпаздары сайқымазақ пен тотықұс бейнеленген.сайқымазақтың оң жағында қолшатыр жатыр.қолшытырдың үстінде тотықұс қонақтапты.Ал астында доп жатыр.Жоғарыда жалаулар ілінген.

3-бала

-мына суретте ойншықтар жиналған сөре бейнеленген.сөренің астында көлік,отар ба қойылған,сөренің үстінде тікұшақ,текше текшенің үстінде ұшақ бар.

4-бала

-мына суретте көл жағасындағы көрініс бейнеленген.екі лақтың ортасында көлбе бақа бар,бақа су өсімдігінің үстінде отыр.Лақтардың артында гүлдер көрінеді.Жоғарыда екі бұлтың ортасында күн жарқырайды.

5-бала

-мына суретте ыдыс-аяқтар бар.Үстелдің үстінде ыдыс-аяқтар бар.Үстелдің үстінде оң жақта шәйнек,сол жақта қант салғыш,ортасында үлкен самаурын бар.қантсалғыштың алдында тәрелкеде тәтті күлшелер бар.ортасында тәрелкеде кәмпит,шәйнектің алдында күрішкеде шәй құйылған.

-«Сиқырлы шеңбердің келесі тапсырмасын анықтайық»

3-тапсырма

«Логикалық есептер»

-Аспанда неше күн бар?

-Торғайдың қанша көзі бар?

-Бір қоянның екі құлағы бар,екі қоянның неше құлағы бар?

-Табақта үш алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын болады неше алма?



«Қарама-қарсы сөзді тап»дидактикалық ойыны

Жоғарры-төмен

Алыс-жақын

Үлкен-кіші

Жуан-жіңішке

Ұзын-қысқа

Кең-тар

Баяу-жылдам

Биік-аласа

Көп-аз

Ыстық-суық

-Сиқырлы шеңберге келіңдер.

(Анықтайды)

4-тапсырма

«Матрешканы әшекейлеу»

-Алдарыңда матрешкалар бар.Оның алдында себетте геометриялық пішіндер толтырылған.матрешкаларды осы пішіндермен әшекейлеп шығайық.

(Балалар шығып орындайды, түсін және пішінін атайды)

Сергіту сәті.

Орыс тілі маманы мен психолог маманы арқылы жүзеге асады.

«Балық аулау»дидактикалық ойыны.

Сандар жазылған шелектерге балықтардағы заттарды санап,сәйкес сан жазылған шелекке салу қажет.

(Балалар орындауға кіріседі)

Сұрақ-жауап арқылы жұмысты пысықтайды.

Кілемге қайта шақыру.Бекіту мақсатында сұрақтар беріледі.

-Қандай оқу қызмет болды?

-Сендерге ұнады ма?

-Тапсырмаларды қалай тапты?

-Кім қонаққа келді?

Балалар бағалау,мақтау,марапаттау.

«Музыкалық терапия»

«Балабақша» әнімен аяқтайық.

Қонақтарға көп рахмет айта

















1

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім саласы : Қатынас

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Түрлі – түсті иірімдер»

Мақсаты:

Тілдегі дыбыстарды ,дауысты , дауыссыз дыбыстарды айта алады.

Заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай алады,

Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағын мәнерлей алады.

Пішіндерді , заттардың көлемін ,түсін тани , атай алады.

Тұтас қағаз парағына бейнелерді орналастыра,ұжымда жұмыс істей алады.



Көрнекілігі: Слайд, текше, фетрдан жасалған бұйымдар, қораптар, ширма, ертегі кейіпкерлері,қолшатыр иллюстрациясы.



Әдіс – тәсілдер: «Кубизм» әдісі, слайдпен жұмыс, сахналандыру, бейнетаспа қолдану, т.б.



Билингвализм: балапан –ципленок, тауық- курица, сиыр –корова, үйрек –утка, ешкі- коза, т.б



Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізде өздерің байкап отырғандай ерекше оқу қызметі болмақ. сендердің білімдерің мен тапқырлықтарыңды көру үшін көп қонақтар жиналыпты. Ал бізді ғажайып сәттер мен қызықты оқиғалар күтуде. Қане бәріңді Шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері

«Сәлем, сәлем» ( Білім кидс платформасынан алынды)

Проектормен «Ақылды балапан»ертегісінен үзінді көрсетіледі.

(балалар бейнежазбаны мұқият тамашалайды)

Музыка әуенімен балапан топқа келеді:

Балапан : -Сәлеметсіңдер ме , балалар.

Балалар :-Сәлеметсің бе балапан.

Тәрбиеші: -Балапан біз сенің басыңнан өткен оқиғаға қанықпыз.Саған көмектесуге әрқашан дайынбыз.Қане , қараңдаршы мына жерде түрлі –түсті иірімдер кездесуде.Осы иірімдермен жүріп өтсек мүмкін балапанның анасына жолығармыз.Бірақ жолымызда кездескен тапсырмаларды орындап, ойындарды дұрыс ойнап жүрелік, жол қысқарсын.

1-иірім. «Адасқан мезгілдер»

Балалар 4 қорапқа тиісті суреттерін ұяшықтарға салады.

-Мынау қыс мезгілі . Қыс мезілінде аппақ қар жауады, күн суытады, мұз қатады, терезеге аяз өрнек салады, боран соғады

-Мынау көктем мезгілі. Көктем мезгілінде ағаштар бүршік жарады, бәйшешек өсіп шығады, көктем жаршысы болып тырна келеді, жасыл шөптер пайда болады , найзағай ойнап, кемпірқосақ көрінеді.

-Мынау жаз мезгілі. Жаз мезгілінде күн ысиды ,жазғы жемістер піседі, гүлдер өседі,күн ұзарып, түн қысқарады.

-Мынау күз мезгілі. Күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетеді,астықтар жиналады,көкөністер мен жемістер піседі,салқын жаңбыр жауады, жел тұрады, жапырақтар сарғаяды, қурайды.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар, адасқан айларды өз орнына қойдық, енді балапанның анасын іздеуге жолға шығайық.

2-иірім. «Текше кереметі»

Тәрбиеші: -Балалар мұнда өте әдемі текше бар екен, ол жәй текше емес ,тапсырмалары бар текше екен.Оны орнына қоймас бұрын білімімізді ұштап кө



1-Қабырғасында «Кім қайда тұрады» Жабайы аңдар мен жануарларды өз жайларына орналастырады.

-Мынау сиыр.ол үй жануары.Ол қорада өмір сүреді. .Сиыр бізге сүт береді,сүттен айран, сары май, құрт , ірімшік, қаймақ жасалады.

-Мынау қой.Ол қорада өмір сүреді.Қой бізге жүн, ет береді.Оларға біз жем, су, шөп береміз.

-Мынау аю.Аю жабайы аңға жатады.Ол орманда өмір сүреді.Аюдың баласы қонжық.Аю қыс бойы ұйықтайды.Балды жақсы көреді.

-Мынау Барыс .Барыс Қазақстанда кездеседі.Қызыл кітапқа енген өте сирек кездесетін аңдардың бірі.



2-қабырғасында: «Кім қалай дыбыстайды» Үй құстары мен дала құстары жапсырылған .Қолына біреуін алып құстың атын және қалай дыбыстайтынын айтады.

-Мынау тауық.Ол үй құсы.тауық бізге жұмыртқа , жүн, ет береді.Ол ку ка ре ку деп дыбыстайды.

-мынау қарлығаш.Ол дала құсы.Адамдардың досы.Ол шиқ –шиқ деп дыбыстайды.

Осы орайда балалар балапанымызға өз анасын еске түсіруіне көмектесе отырайықшы.Сөздік ойын «Өз анаңды тап»

Түйе- бота, жылқы- құлыншақ, сиыр-бұзау,ешкі- лақ, қой- қошақан, ит –күшік, мысық- марғау, қоян- көжек, аю – қонжық, қасқыр – бөлтірік, тауық – балапан.



3-қабырғасында: «Түрлі - түстер» (Білім кидстан алынды)

4- қабырғасында: «Тапқыр бола біл»

Үй жануарлары мен жабайы аңдар , құстар кездесетін ертегілерді еске түсіріп , баяндайды.

-Мынау түлкі.Ол « Бауырсақ», «Қоянның үйшігі», «Арыстан мен түлкі» ертегілерінде кездеседі. Ол өте айлакер аң.

-Мынау аю.Аю «Үш аю», «Маша мен аю», «Бауырсақ», «Маса мен аю» ертегілерінде кездеседі.

-Мынау қасқыр. «Қасқыр мен жеті лақ » , «Қызыл телпек» , «Аңқау қасқыр» ертегілерінде кездеседі.



4-иірім. «Ақылды балапан» ертегісі.

Балапан жылай бастайды.

-ой ой ой енді не істеймін жол шетіне де келіп қалдық, бірақ менің анам көрінер емес. Мен анамды қалай табамын.

Тәрбиеші: -балалар оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін көрелік.Отырып қарай қойыңдар.

Ширма бетінен балапанның бейнесі көрінеді.

Автор: Аяқтарын енді ғана басып үйренген балапан жасыл шөп жеп тұрған сиырды көреді.Сиырға көз алмай ұзақ қарайды.

Сиыр:- Сен неге маған таңдана қарайсың?

Балапан :- Сен менің анамсың ба ?- деп сұрайды.Балапанның жазықсыз бейнесін көрген сиыр былай дейді:

-Му ,му менің қандай үлкен, әрі биік екеніме қара, сенің анаң менен әлдеқайда кіші.Мен сенің анаң емеспін.

Балапан : Ой,менің анам сізден кіші ме, : дейді де әрі қарай жол тартады.

Балапан жолда келе жатып , жапырақ жеп тұрған ешкіге кездеседі.Кішкентай балапан ешкінің жанына келіп :- Сіз сиырдан кіші сияқтысыз, сіз менің анамсыз ба?

Ешкі: -Ия мен сиырдан кішімін, бірақ менің төрт аяғым бар, алайда сенің анаңның екі аяғы бар, екі қанаты бар.

Автор : Ешкінің айтқанына одан әрі көңілі түскен балапан , саяхатын жалғастырады.сәл жүрген соң балапан қарқ –қарқ еткен дауысты естиді.Ешкінің айтқанын есіне түсіріп, мүмкін менің анам осы шығар деп ойлады.

-Сіздің екі аяғыңыз бен екі қанатыңыз бар екен .сіз менің анам болдыңыз ғой?

Қарға: - Ия менің екі аяғым және екі қанатым бар.бірақ мен сенің анаңна биік ұша аламын,оған қоса сенің анаңның аяғы менікінен ұзын, ол мен сияқты қарқылдамайды, бірақ сен қайғырма сен анаңды міндетті түрде табасың.

Автор : Мұны естіген балапан әрі қарай жол тартады.Қарғаның айтқанынан күдігін сейілткен балапан кішкентай аяқтарымен тоғанға да жетіп, балапандарымен жүрген үйректі көреді.Қарғаның айтқан ұқсастықтарын көріп, қуанып кетеді де,

Балапан : -Анашым, анашым ,-деп үйрекке қарай жүгіреді.

Кішкентай балапанды көрген үйрек таңданып қалады.

Балапан :- Неге сонша таңданып қалдыңыз анашым, мен сіздің балаңызбын ,-дейді.

Үйрек: -Жоқ , қымбаттым ,мен сенің анаң емеспін.

Мұны естіген балапан жылап жібереді.

Балапан: -Енді анамды ешқашан таба алмайтын шығармын.,- деп ойлай бастайды.

Үйрек :- сен неге жылайсың қымбаттым.Сенің анаң мен сияқты кря кря демейді. Сенің анаң ку ка ре ку дейді дейді.Тоғанның соңына барсаң анаңды табасың .

Автор: Балапан әрі қарай жүріп кетті.Анадайдан екі аяғы бар, қарғанынкінен үлкен қанаты бар құс көрінді.Ку ка ре ку деп дауыстады.

Балапан :-Анамды ақыры таптым ау деп , анашым анашым деп айқайлай жөнелді.

Балапаның даусын естіген тауық балапанын құшақтап , махаббатқа бөледі.

Тауық: -Сен неге үйде қалмадың?, мен саған азық әкелу үшін сыртқа шығып едім, саған қайта оралатын едім.- деді.

Тауық ана өзін қалай тапқанын сұрайды. Балапан анасына басынан өткен қиындықтарының бәрін айтып береді.Тауық ана болса балапанның қандай батыл екендігін естіп , өзін бақытты сезінді.

Міне осылай балапан басынан өткен қиындықтарының бәрін жеңіп, анасын тапқан екен.

Міне , өздері де осында. Қош келдіңіздер.

Тауық ана : Сәлеметсіңдер ме балалар.сендерге көп рақмет.мені іздеймін деп жолға шыққан балапаныма түрлі – түсті иірімнен шығуға көмектестіңдер.

Тәрбиеші:- Балалар ,тауық ана келіңізер мына тамаша өнер орталығында еңбектеніп көрелік.Жігітке жеті өнер де аз деген, балапан да үйреніп алсын.

Жеке жұмыс:

  1. Қағаздан орама жасап, ішіне саусақпен гүл сабақтары мен күлтелерін салу.

  2. Ауадағы қолшатырларды алып, пішін ор

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі