"Сиқырлы шыршамыз" Жаңа жылға арналған ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сиқырлы шыршамыз" Жаңа жылға арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жарқырай бер,сиқырлы шыршамыз!»

Әдемі безендірілген залға әуенмен балалар кіреді.

Жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын

Ай жүзіндей айшықтанып арайың,

Жанға шуақ,бойға қуат әкелген

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Армысыздар,құрметті ата-аналар,ұлағатты ұстаздар! Келе жатқан ит жылы құтты болсын! Ит жылы тек қана бақыт пен шаттыққа,табыс пен сәттілікке толы жыл болсын! Бүгінгі біздің «Құлыншақ» тобының «Жарқырай бер,сиқырлы шыршамыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

-Қане ,балалар,келіңдер,шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар:

1.Ақерке:

Алақай ,Жаңа жыл!

Бәрі аппақ ой мен қыр.

Шыршада біз ойнаймыз

Жаңа жылды тойлаймыз.

2.Тамирлан:

Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

3.Нуриман:

Тамаша ,тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға?

4.Жаннұр:

Той,мереке,салтанат

Думандатты шартарап,

Келді,міне,Жаңа жыл

Тартуларын арқалап.

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

5.Амирлан:

Ақшақарың сүйкімді,

Сағындық қой күлкіңді

Өзіңменен би билеп,

Ұмытпаймын бұл күнді.

6.Беназир:

Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық,

Жомарт Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.

Музыкамен сиқыршы кіреді

Сиқыршы:

Жаңа жыл келді,

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа жыл!

-Қараңдаршы,балалар,неткен керемет,шыршамызда безендіріліп ортаға келіп қалыпты. Сендерде өте әдемі болып кетіпсіңдер. Ал,бірақ,шыршамыз көңілсіз тұр ғой.Қане,менің сиқырлы таяғыммен,сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамын жағайық.

Бәрі: Қуант,бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат (3рет)

Жүргізуші:

-Міне керемет,шамымызда жанды,енді шыршаға арналған әнімізді айтып берейік.

Ән: «Кішкентай шыршамыз».

Жүргізуші: Балалар,бізге Жаңа жылда қонаққа кім келеді? Балалар: Аяз ата мен Ақшақар Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Бізге сонау алыстан борандатып,ақ қарлатып Аяз ата мен Ақшақар келеді екен. Ендеше,оларды ортаға шақырайық. Бәрі: Аяз ата ,Ақшақар (3 рет)

Осы кезде ортаға Аю жүгіріп шығады.

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар,Жаңа жылдарың құтты болсын: Мен қысқы ұйқыда жатқан едім,тасыр-тұсырдан,айқай-шудан оянып кеттім.Не боп қалды деп сұрап едім,бәрі Жаңа жыл келді,Жаңа жыл келді деп жар салып жүр. Жүргізуші: Мәссаған,балалар,бұл кім? Балалар: Аю Жүргізуші: Балалар,біз аюды емес Аяз ата мен Ақшақарды шақырып едік қой. Аю,сен мұнда неғып жүрсің? Аю: Мен мерекеге келіп едім.Машада келу керек болған. Бірақ ол мұнда көрінбейді ғой.Неге кешікті екен,әлде қасқыр жеп қоймады ма екен? Жүргізуші: Аю,сен мұңайма,Маша жолда келе жатқан болар. Ол келгенше сен біздің балалардың өнерін тамашалай тұр. Би : «Ұлдар биі» Жүргізуші: Аю,сен Машаны ойлап әлі жабырқап тұрсың ғой. Мүмкін оған қоңырау шалып көрерміз. (Машаға қоңырау шалады,Маша қоңырауға жауап бермейді) Уайымдама. Қазір келіп қалар. Оданға балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Тақпақтар:

1.Сүлеймен:

Өлең де әзір,ән де әзір,

Ойын да әзір,бәрі әзір.

Кел Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл,Жаңа жыл.

2.Фатима Б:

Сақалы аппақ күмістей.

Тістері аппақ күріштей.

Нұр жайнаған ажары

Сағындым Аяз атаны.

Жаңа жыл,Жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

3.Сезім:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ біздің атамыз.

4.Айгерім:

Аяз атам,ақ атам

Саған арнап ән айтам.

Құт -қуаныш әкелсін

Құтты болсын ақ батаң.

5.Гүлжазира:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

6.Ислана:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

(Тақпақ айтылып біткен соң ортаға Маша жүгіріп ,ентігіп кіреді)

Маша: Ой,қасқырдан әрез қашып құтылдым ғой. Кешіккеніме кешірім сұраймын балалар. Жан жағына қарап таңданып: -Шырша қандай әдемі,ойыншықтары да көп екен.Мұндай мерекені бірінші рет көріп тұрмын. Аю (Машаны құшақтап): Маша ,сенің кешіккеніңе қарап қасқыр жеп қойған шығар деп ойладым. Қоңырауда шалдым. Маша: Мен аман –есенмін,уайымдамасаң да болады. Саған арнап бәліш пісіріп әкелдім.Міне,ала ғой.(Бәлішті Аюға береді) Аю: Рахмет,Маша ( басынан сипайды). Бұл бәлішті мен тауысып жей алмайтын сияқтымын. Ата-аналарменде бөліссем деп едім және олармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты: ортаға екі ата-ана шықсын,ыдыстағы бәлішті әуен біткенше тауысып жеу керек,кім тауысса сол жеңімпаз болады .

Аю: Өте қызықты ойын болды. Рахмет сіздерге. Енді біз жолымыздан қалмайық. Жүргізуші: Рахмет,сендерге. балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін көріп,мәз болып,көңілдері көтеріліп қалды. Аю мен Маша: Келесі кездескенше сау болыңдар,балалар. Жүргізуші:

Қуаныңдар,балалар,тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып,қошеметпен қарсы алыңдар.

Әуенмен ортаға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата:

Құтты болсын балалар,

Келген Жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз,ұлдарым .

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Сәлеметсіңдер ме балалар. Жаңа жыл құтты болсын! (тілек айтады)

Ақшақар:

Сүйсіндіріп маңдайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт өткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақашақармын,аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін,жырмын,тақпақпын. (тілек айтады)

Ән: «Ақшақар»

Жүргізуші:

Әуеледі әніміз,

Жаңа кірді сәніміз.

Ақшақарды ортаға алып,

Би билейік бәріміз.

Би: «Ақшақарлар»

Ақшақар: Билерің маған қатты ұнады. Рахмет ,балалар.

Аяз ата: Шеттерінен өнерлі екенсіңдер. Тағы да қандай сыйларың бар,осындай думанды мерекеде әуезді әнмен күмбірлетіп,жырдан шашу шашып, неге би билемеске.

Жүргізуші: Біздің балалар өнерден кенде емес. Сізге арналған әнін қабыл алыңыз .

Ән: «Жаңа жыл»

Тақпақтар:

1.Айым:

Жаңа жылды тойлайық,

Күліп,билеп,ойнайық

Аз ата қуансын деп

Дөңгеленіп зырлайық.

2.Гауһар:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да,мұрты да.

Аяз ата сағынған.

Сәлем берді жұртына.

Жаңа жылым мол болсын!

Басқан қадам оң болсын!

Төрле,төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

3.Алуа:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

4.Алиасқар:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне,сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

5.Сұңғат:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Жүргізуші: Балалардың әдемі әндерімен ,керемет тақпақтарына куә болдыңыздар. Ендігі кезекті биге берейік.

Би: «Jingle bells»

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым! Бізді бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімізді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші:

Мерекеміз Жаңа жыл,
Тойында қызық думан бар.
Жаңа жыл бұл жаңа өмір:
Сайранда туыс туғандар!
Бақытты болып жыл сайын,
Осылай басты қосайық.
Ашық болсын әрдайым,
Тыныштық тойын жасайық!





















Әуезов ауданы, МКҚК «№129 бөбекжай балабақшасы»













Ертеңгілік

Тақырыбы: «Жарқырай бер,сиқырлы шыршамыз!» II кіші топ «Құлыншақ»









Ән жетекшісі: Нұрым Ә

Тәрбиеші: Аблканова А

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі