Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы табиғат құбылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанды жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік берутабиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Тақырыбы: «Сиқырлы табиғат құбылыстары»

ҰІӘ мақсаты: Жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік алады; -Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйренеді; -Табиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылықтары артады; -Танымдық- ізденушілік іс-әрекетіне қабілеті қалыптасады; - Табиғатқа деген сүйіспеншілігі оянып, қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, эксперименттік зерттеу, ойын, ой толғаныс.

Сөздік жұмыс: табиғат құбылыстары, кемпірқосақ, магнит, жанартау.

Көрнекіліктер: Мнемокесте таблицалары, геометриялық жол, теледидар.

Керекті заттар: Су, магнит, губка дастарханға арналалған қағаз майлықтары, ас содасы, лимон қышқылы, кілттер, таза шүберектер.



Күтілетін нәтиже -Жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын, жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін. - Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын. -Табиғат құбылыстарын (бұлт, қар, жаңбыр) біледі; тәжірибе жасап, оның айырмашылығын түсінеді; - Магнит деген не және оның қасиеті туралы магнитпен әр түрлі танымдық зерттеу қабілеттері қалыптасады.

ҰОҚ барысы:

Әсерлі көңіл-күй орнату.

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз,

Баршаңызға бейбіт өмір тілейміз.

-Балалар бүгін бізде қоршаған әлеммен танысудан ашық ұйымдастырылған оқу қызметі болады.

Тақырыбы: «Сиқырлы табиғат құбылыстары» деп аталады.

Біз сендермен бүгін табиғатта кездесетін құбылыстар жайлы әңгімелесемііз.Айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Атап беріңдерші?

-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Біз сендермен табиғат әртүрлі құбылыстарымен танысатын боламыз. Табиғат құбылыстарына жаңбыр,жел,қар,бұршақ,тұман,шық тағы бірнеше құбылыстар жатады екен.біз бүгін сендермен осы құбылыстармен жақынырақ танысатын боламыз.

Бүгін біз Қызыл телпекпен бірге ормандағы әже үйіне барамыз.

Тосын сый: - Балалар, сендердің сүйікті ертегілеріңдегі Қызыл телпек бізге қонаққа келді. Қызыл телпекке анасы ормандағы әжесіне тамақ апарып беруін сұрапты. Бірақ сұм қасқыр ол жүретін жолдың бәріне кедергілер қойып қойыпты. Қызыл телпекке көмектесеміз бе? Балалар әже үйіне бару үшін ең әуелі қасқыр қойған геометриялық көпірден өтуіміз керек. Қызыл телпек әлі кішкентай болғандықтан ол онша геомет. пішіндерді білмейді екен,біз атайық ал Қызыл телпек жаттап алсын.

Балалар әрбір геометриялық пішінді атап көпірден өтеді.

-Керемет балалар,енді ары қарай қасқырдың кедергілерінен өту үшін біз екі топқа бөлінейік.

1.Күн тобы.

2.Ай тобы.

Күн тобы: Дидактикалық ойын:«Сиқырлы кемпірқосақ».

Мақсаты: балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу, кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретімен таныстыру.

Қажетті құрал жабдықтар: картон қағаз,түрлі – түсті түймелер,кемпірқосақ суреті (үлгі)

-Қараңдаршы балалар! Қандай керемет! Қандай табиғат құбылысына ұқсайды?

- Дұрыс айтасыңдар кемпірқосаққа ұқсайды. Кемпірқосақтың түстерін атап шығайық. Жарайсыңдар! (командамен жұмыс)

Ай тобы: Дидактикалық ойын: «Қандай сурет жасырылған?». Қасқыр дастарханға арналған қағаз майлықтарына жасырын суреттер салып қойыпты. Ал Қызыл телпек те, бізде қалай аталатын және қалай орындалатынын білмейміз.Бірақ бұл жерде тәрелкеде су және губка тұр.Кәне балалар ойланайық бұл заттар не үшін қажет екен? Былай жасап көрейік. Балалар тәрбиешінің іс-әркетін бақылайды, сыни ойлайды, креативтілік танытады. Суға губканы салып,сулап қағаз үстіне бастырамыз.Ненің суреті шықты?Балалар қандай сурет шыққанын айтады.

-Бір сөзбен оларды қалай айтатынын табуларың керек?

Сұрақ жауаптар.

- Тәжірибеден не байқадыңдар?

- Қандай табиғат құбылыстары шықты?

- Оларды бір сөзбен не деп айтамыз?

- Өте жақсы балалар! Жалпы табиғат екіге бөлінеді жанды және жансыз. Жанды табиғатқа жан – жануарлар,өсімдіктер,ағаштар,гүлдер жататынын білесіңдер. Жанды табиғатқа өсіп-өнетін тіршілік жатады, ал жансыз табиғатқа өсіп-өнбейтін бірақ адамзат үшін өте қажетті табиғат байлықтары жатады. Жансыз табиғат мыналар: Күн, тас, су, тау, топырақ, құм, аспан және табиғат құбылыстары. (мнемокесте суреттерден көрсету)

-Ал балалар орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: Күннің төккен нұрынан,

Биік болып өсеміз.

Денемізді тік ұстап,

Дөңгелене билейміз.

«Кім жылдам» дидактикалық ойыны.

1 – тәжірибе: (магнитпен)

- Балалар әрі қарай жалғастырамыз, Қызыл телпекке көмектесейік. Қасқыр енді әженің үйінің есігін құлыптап,кілтті суға тастап кетіпті.

-Біз кілтті табу үшін мына қолымдағы кілтті су ішіне салып іздейміз. Себебі біз кілтті табуымыз керек. Ал темірден жасалған кілт магнитке жабысады. Ал магнит біздің қазба байлығымыз. Мұны жер астынан қазып алады.Ал қазір біз осы магнитті тәжірибеден өткіземіз. Кәне кілтті іздейік.

Әртүрлі заттан жасалған кілттерді магнитке жабыстырып алу.Қайсы кілт магнитке жабысады?



2 - тәжірибе:

-Ал енді балалар біз өз қолымызбен жанартау жасап көрейік.

«Жанартау»

Шарты: табиғат құбылысының ерекшелігін ажырата білу.

Қажет құралдар: шыны ыдыс,лимон,ас содасы.

-Қызыл телпек: -Балалар сендермен уақыттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Мен енді әжеме барайын. Маған көп нәрсе үйреттіңдер, рақмет сендерге. Көп нәрсе білдім, үйрендім.

Сіздермен қоштасатын уақытым келді. Сау болыңыздар! Сендерге арнаған сыйлығым бар.

Тәрбиеші: -Балалар Қызыл телпектің сыйлығына рахмет айтамыз. -Әрине ұнады. Көп рахмет! Қызыл телпекпен қоштасады.

ҰОҚ

қорытындылау.

Кері байланыс:

-Жанды табиғатқа нелер жатады?

-Жансыз табиғат дегенге нелер жатады?

-Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

Қандай тәжірибелер жасадық. (мнемокесте суреттерден айтып береді) -Балалар сұрақтарға жеке-жеке сөздерін қайталамай жауап береді. - су, жаңбыр, мұз, тау, темір, күн, ай, топырақ т.б - өспейтін, өнбейтін табиғаттың бір бөлшегі. Мнемокесте арқылы қорытынды жасай алады.

Қоштасу шеңбері: Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет! Таза ауа саған рахмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Ағаш көлеңкең үшін рахмет! Жер жомарттығың үшін рахмет! Табиғат сұлулығың үшін рахмет!

- Жарайсыңдар білімпаз балақайлар! Сау болыңыздар!

Смайликтер тарату.





Бекітемін:

13 «Шұғыла» б/б

менгерушісі:--------

Н.С.Калдыбекова









Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.



Тақырыбы «Сиқырлы табиғат құбылыстары»





«Ботақан» ересек тобы.

Тәрбиешілер: П.Рустемова.

Г. Жансугурова.











2025-2026 оқу жылы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12