|
Мотивациялық
қозғаушы
|
Шаттық шеңбері.
Менің барлық
достарым,
Тұрды үлкен шеңберге.
Оңға қарай жүреміз, 1,2,3.
Солға қарай жүреміз, 1,2,3.
Шеңбер ортасына келеміз,1,2,3.
Орнымызға барамыз,1,2,3.
Күлімдейміз, ойнаймыз,
Іс-әрекетімізді бастаймыз.
Күтпеген сәт. Есік қағылып, ішке
Буратино келеді. «Сәлеметсіздер ме! Бұл ғажайып білім әлемі
ме?»
-Жоқ, бұл балабақша.
Буратино: Қап, мен алтын кілтімді жоғалтып
алдым, оны іздеп жүргенде жолда сиқыршыны көрдім, ол маған алтын
кілтті «Ғажайып білім әлемінен» табасың деп еді. Сөйтіп адасып,
сендерге кіріп кетіппін. Маған алтын кілтті табуға көмектесесіңдер
ме?
-Балалар, «Ғажайып білім
әлеміне» бару жолында біз көп кедергілерге кездесуіміз мүмкін. Ол
кедергілерден өтуге бізге алдарындағы сиқырлы таяқшалар
көмектеседі. Ғажайып білім әлеміне біз пойызбен баруымыз
керек.
-Ал, пойыз немен жүреді?
-Олай болса,
алдарындағы таяқшалардан теміржол құрастырайық.
|
Балалар шеңбер құрып тұрады.
Оңға қарай жүреді.
Солға қарай жүреді.
Ортаға жиналады.
Орындарына барады,
Бір –біріне қарап күлімдейді.
Орындарына отырады.
Буратиноға таңданып, онымен амандасып,
Буратиноның балабақшаға келуінің себебін анықтайды, оған көмек
беруге даярлықтарын білдіреді.
Теміржолмен.
Балалар
алдарында тұрған таяқшаларын дайындайды.
|
|
Іздену ұйымдастырушы
|
«Теміржол құрастыру»
Сурет бойынша алдымен
таяқшалардан шпал салу, содан соң рельстер
құрастыру.
-Теміржолымыз дайын, ал пойызымыз көрінбейді
ғой.
Буратино: Пойыз мұнда, бірақ ол шашылып
қалыпты. Енді қалай барамыз?
-Буратино, сен уайымдама, біздің балалар
пойызды да құрастыра алады.
Д/о: «Пойызды құрастыр»
Шарты: Реттік саны бойынша
1-ден 5 –ке дейінгі паровоз бен вагондарын дұрыс қойып шығу
керек.
-Бәрі дайын,ендеше пойызға мініп, жолға
шығайық.
1-аялдама. «Геометриялық пішіндер
қалашығы»
-Пішіндер қалашығының адамдары бізге тапсырма
дайындап қойыпты. Сол тапсырманы орындасақ қана біз әрі қарай жүре
аламыз.
Д/о: «Пішіндерді
құрастыр»
Шарты: санау таяқшаларын
қолдана отырып, көрсетілген геометриялық пішінді құрау
керек.
Жолымызды жалғастырамыз.
2 –аялдама. «Көңілді
адамдар елі»
Бұл елдің адамдары әрдайым
көңілді жүріп, жаттығулар арқылы денсаулықтарын сақтайды
екен.
Сергіту сәті.
Бейнебаян арқылы бой сергіту жаттығуын
жасау.
-Көңіліміз көтерілді, енді
қалашыққа біз өз қолтаңбамызды қалдыруымыз керек. Ол үшін қалашық
адамдары таза ауамен демалуы үшін біз ағаштарды салайық. Ағаштарды
құммен бейнелейік. Бірақ, алдымен, саусақтарымызды дайындап
алайық.
Саусақ жаттығуы.
1,2,3,4,5
Орманға біз барамыз,
Топырақты аламыз,
Алақанға саламыз.
Уқалаймыз, басамыз,
Саусақтарды жазамыз.
3-аялдама. «Сандар
қалашығы»
Қалашықта қандай сандар тұрады.
Көрсетілген санды
таяқшалардан тез сандар құрастыру керек.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
|
Барлығы бірге таяқшалардан пойыз жолын
құрастырады.
Жан-жақтарына қарап, пойызды
іздейді.
Буратиноға зейін қояды.
Балалар вагондарды санына
байланысты ретімен орналастырады да, санайды.
Пішіндер қалашығының атауын
түсіндіреді.
Балалар алдарына берілген
таяқшалардан суреттегідей пішін құрастырып, ол пішіндерді
атайды.
Бейнебаянға қарай отырып, «Қызыл өрік» әуені
арқылы қимылдарды қайталап жасайды.
Алдарына берілген
трафаретпен қажетті түсті құмды сеуіп, ағаштардың суретін
салады.
Саусақтарын кезекпен бүгеді.
Қос саусақпен жүру қимылын салады
Топырақты саусақпен алады,
Алақанға салады.
Саусақтарымен уқалайды, басады
Алақанды жазып ұстайды.
Қалашықта көріп тұрған сандарын
атайды.
Әр топ өздеріне берілген санды тез
құрастырады.
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
-Міне, алдымызда «Ғажайып білім әлемі»
көрінді.
Онда алтын сандық бар
екен.Сол сандықта Буратиноның алтын кілті бар. Ол кілтті біз бүгін
немен айналысқанымызды айтсақ қана ала аламыз.
ТРИЗ технологиясы арқылы
қорытындылау.
Буратино
кілтін алып, балаларға алғысын білдіреді.
|
Балалар білім әлемі көрінгенге
қуанады.
Алтын сандықты тез ашуға тырысады.
Суреттерге қарап, үйренгендерін айтып
береді.
Буратиномен
қоштасады.
|