Технологиялық карта
Күні:01.06.2016ж
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Сурет салу
Тақырыбы:Сиқырлы таяқшалар.
Мақсаты:Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі-түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру.Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру,қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру.Шығармашылық қабілеттерін дамыту,таяқшаларды салуға үйрету.Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық материалдар,қуыршақ Айсана,шар,доптар.
Құрал-жабдықтар:қағаздың түрлері,түсті қарандаштар.
Алдын ала орндалатын жұмыстар:шармен,доппен ойындар,бояуа арналған кітапшаларды көру.
Сөздік жұмыс:дөңгелектер,таяқшаларды көру.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
-Балалар бізге қуыршақ Айсана қонққа келген екен.Айсан балалармен амандасады. -Жолда келе жатып,сиқырлы қорап тауып алдым,ол қорап мені сурет салуға үйретті. Балалардың суре салуға ынталарын біліп,қызықтыратын сұрақтар қояды.Қорапты алып сылдырлатады.,түстерін сұрайды,қалай аталатынын,неге сиқырлы болғандығына тоқталады.Ұштағышпен ұштап,оның ұшын шығарпды.Бар сиқыр осы қарыдаштың ұшында екендігіне тоқталады. Қарындаштың ұшымен,қатты баспай,әдемілеп сызықтар сызуды көрсетеді.Қызыл қарындаштан қызыл,көк қарындаштан көк түс ,тағы басқа қарындаштан басқа түс шыға тындығын айтады. |
Балалар қуыршақ Айсанамен сәлемдесіп,қорапты қарайды.Олар сурет салуды жақсы көретіндіктерін айтады.Қорапты құлақтарының тұсына апарып қозғап көреді,ішін ашып,таяқшалардың түстерін атап,қатты екендігін ұстап көреді. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Айсана қарындашпен сурет салу үшін қатты қағаздың түрлкрі керектігін түсіндіреді.Қарындашты оң қолдың үш саусағы-бармақ,сұқ саусақ,ортаңғы саусақпен ұстап,ұшын қатты баспай әртүрлі сызықтар,нүктелер,дөңгелектер сызып,жұмыс жасау жолдарын көрсетеді.Сонымен бірге үлестірмелі материалдағы суретке назарларын аударады. -Айсананың жақсы көретін досы Күлдіргіштің қолындағы шардың жіптері үзіліп қалыпты.Шарлар жеңіл болғандықтан,ұшып кетуі мүмкін,сонықтан жіп тағып қоюымыз керек.Өздерің қалаған түспен шарды бояп шығыңдар. Айсана сауақ жаттығуларын жасауды ұсынады. Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп,билеп алады. |
Қағазды қолме ұстап,танысады.Қарындашты оң қолдарына дұрыс ұстап,ауада сурет салу жолдарын қайталайды.Ұшына қарап,қатты баспау ережесін сақтап,қағаз бетіне сызықтар,дөңгелек допты,шарды, кішкене гүлдерді дөңгелек ретінде салып көреді.Сол қолмен қағазды басып ұстап отыруға жаттығады.Кеңістікте шарды ұстайтын жіптердісзып салады.Күлдіргіштің шарын бояйды.Таза кірлетпей,әдемі салу жолдарын сақтайды. Балалар саусақтарымен өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Педагог балаларға көмек көрсетіп,балалармен жеке жұмыс жүргізеді.Сөздік жұмыс жүргізеді. Айсана: -осы сиқрлы таяқшамен әдемі суреттер салдық.Мен сендерге сыйлыққа осы қарындаштарды беремін.Қоштасып,өзінің ойыншықтар әлеміне кетеді. |
Бүгінгі танысқан «таяқшалар», «қарындаш», «дөңгелектер», сөздерін қайталап,сөздік жұмысын жаайды.Өз салған суреттеріне қарап,әдемі сурет салғандарына көздерін жеткізеді. Айснаға рақмет айтып,шығарып салады. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:сурет салу үшін қағаз,қарндаштың қажеттілігін.
Игереді:әртүрлі суреттер салуға болатындығын.
Меңгереді:сызықтар,дөңгелектер салуды.
Технологиялық картаны толтырған:Сахова К.С.
Технологиялық карта
Күні:08.09.2015
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Сурет салу.
Тақырыбы:Түзу жолда,мен жүремін тура.
Мақсаты:Балалардың бояумен сурет салу қызығушылықтарын арттыру.Қылқалпмды оң қолдарына ұстап сурет салуға жаттықтыру,саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру,қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету.Іздің әртүрлі пішіндерін байқату.Ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар:қылқалам,сурет дәптері,мысық,қоңыр түсті бояу,сүрткіштер.
Алдын-ала атқарылатын жұмыстар:жерге,құмға суреттер,салу,жүруге байланысты әртүрлі ойындар.
Сөздік жұмыс:бояу,іздер.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
-Бүгін бізге қонаққа мысық өте әдемі болып келіпті.Көңіл бөліп қараңдаршы. Қолындағы бояуды көрсетеді. Мысық. -Мен сендерге арнапүнтаспаға қоятын әуен ала келдім.Оған қоса әдемі бояу алып келдім.Бүгін бояумен сурет слуды үйренейік. Үнтаспадан әдемі әуен ойналады.Балалар топта жүріс түрлерін салып жүреді,аяқтаған соң,мысық өзі жүгіргісі келетіндігін айтады. Алдымен боялған сулы қағаздың үстіне жүреді де,содан соң таза қағазды басып жүріп,ізін көрсетеді.балаларға кім болса да жүрген кезде із қалдыратынын көрсетіп,түсіндіреді. Қолына дөңгелек,үлкенн сопақша мөртаңбаны алып,оны сулы жолға басып,әр іздер бұйымның өзінің сұлбасын тура қайталап отыратынын байқатады,іздердің арақашықтығын сақтау керектігіне балалардың назарын аударады. Сөздік жұмысын жүргізеді. |
Балалар мысықпен қуана сәлемдееді.Қолындағы бояудың түстерін қарап,байқайды.Бояуға қарап түстерін қайталап,танып,ажырату ойынын ойнайды. Үнтаспадан естілген әуенге сәйкес жүріс түрін салады.Біресе марш әуенімен ұландавар сияқты жүреді,бірде топта «топ-топ» деген сөзді айтып жүреді.Кіші із болса,кіші із,үлкен із болса,үлкен із,домалақ із болса домалақ із,сопақ болса сопақ із болатындығын түсінеді. Қағаз бетінен ізді бақылап көреді. «Бояу,із» деген сөздерді қайталап,жаңғырық әдісімен айтады. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденңістік |
Педагг сергіту сәтін жасауды ұсынады.
|
Балалар күзгі алма бағының ішінде жүріп,терең тыныс алып,дәмдерін шығарады. Түзу жолдар салынған қағаздарға арақашықтығын сақтай отырып,қылқаламды гуашьқа батырып алып,бірдей мөлшерде іздер салып шығады.Іздерді бір-біріне ұқсатуға көңіл бөледі. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Мысық барлық балалардың суретін көріп,әдемі салғандарын ,біркелкі ізге ұқсатқандарын айтып,мадақтайды.Оларға бүгін бояуды да сыйға беріп,көп сурет салып жаттығуға шақырады.Қоштасып, өз достарына баратындығын айтады. |
Балалар өз суреттеріне қарап,мысықтың айтқанына келісетін-келіспейтіндері туралы ойларын айтады.Мысыққа рақмет айтып,сурет салуға жалықпайтындарын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:бояудың түрлері,іздердің әртүрлілігі жайында.
Игереді:арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.
Меңгереді:қылқаламның ұшын баса отырыпбояуды дұрыс пайдалануды.
Технологиялық картаны толтырған:Есимова Д.Қ.
Технологиялық карта
Күні:09.10.2014.
Білім беруа саласы:Таным
Бөлімі:Құрастыру
Тақырыбы:.Құрақ көрпе
Мақсаты:Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарпайым түсінік беру,қиылған қағаздарды түсіне,көлеміне қарай үйлестіре орналастыра алуға дағдыландыру,ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұраө-жауаптар.
Сөздік-жұмыс:құрақ көрпе,ұлттық бұйымдар.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог бірнеше құрақ көрпешелердің үлгісін көрсетіп балаларға оның пайдасы жайында әңгімелеп береді.Үлгіні талдау жасайды.Осындай құрақ көрпе жасау үшін біз бүгін қағазбен жұмыс жасаймыз деп оны қалай жасауға болатынын түсіндіреді. |
Балалар үлгіге қарап,олардың түр-түсіне,пішініне назар аударады. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Педагог құрақ көрпе жасау үшін қызыл және сары түсті қиылған ұшбұрышты қағаздарды әр балаға таратады.Оны пішініне және түстеріне сәйкестендіре бір-біріне үйлестіріп орналастырып,құрақ көрпе жасау жолдарын көрсетіп,түсіндіреді.Балалардың жазықтықты дұрыс пайдалана білуіне назар аударады,балаларға дұрыс нұсқау беріп,көмек көрсетеді,іс-әрекет барысында бақылау жасайды. |
Балалар қиылған ұщбұрыштарды бір-біріне жақындатып,үйлестіріп,сәнді өрнекқұрап,көрпешенің құрағын жасайды.Үшбұрыштарды қалай дұрыс орналастыру қажет екеніне мән береді.
|
|
|
Педагог қағаз қиындыларын балалардың қалай жазықтықта дұрыс орналастырғанына баса назар аударады,түс,көлем,пішін үйлесімділігіне мән бере отырып балалар жұмыстарын қорытындылап,мадақтайды |
Өздерінің өандай көрпеше жасағанын айтып береді,өз жұмыстарының нәтижесін бағалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:қиылған ұшбұрыш қағаздарды түс үйлесіміне қарай дұрыс орналастыруды.
Түсінеді:құрақ,көрпе ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
Қолданады:қағазбен жұмыс жасауда оны көлеміне,пішініне сәйкес жазықтықта дұрыс орналастыра білуге дағдылануды.
Технологиялық карт
Күні:10.10.2014.
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Көкөністерден көже жасау.
Мақсаты:а)Балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын молайтып,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру,ш дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.
ә)Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру(сөздерді қолдану:тазалау,жуу,турау,қайнату),жеке сөздерді айтуға ынталандыру.
б)Ыдыс-аяқты ұқыпты ұстауға,аспазшылардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:№6 демонстрациялық материал
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:асханаға бару
Сөздік жұмыс:көкөністер,аспазшы,көже.
Билингвальды компонент:көкөністер-овощи,аспазшы-повар,көже-суп.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері: |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
-Армысың құдіретті Аспан ата! Армысың мейірімді Жер-ана! Армысың шұғылалы алтын Күн! Қуан,шаттан,алақай! Қайырлы таң,қайырлы күн! Бәріміз күндей жарқырайық! |
Педагогпен бірге қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Демонстрациялық көрнекілікті қолдану: -Балалар,көкөністер туралы мына өлеңді тыңдайықшы. Шолып едім бақшаны, Көкөніс біткен көңілді. Жасыл,сары,қызыл,көк. Сан алуан көкөніс. -Өлеңде не туралы айтылған? Педагог балалардан көрнекілікті пайдаланып,сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін,түсін сұрайды. Д/о «тамақты әзірлеу»(ойыншыұ ыдыстармен көрсетіп әңгімелеу). Билингвальды компонент:көкөністер-овощи,аспаз-повар,көже-суп. Сергіту сәті: Өн бойымды тік ұстап, Таянамын бүйірді. Бастап кетем дұрыстап Сәйгүлікше жүруді, Бір!Екі!Бір!Екі! (С.Қалиұлы). Жеке жұмысты қажет ететін балалардан көкеніс түрлерін,түстерін сұрау. |
Өлеңді мұқият тыңдайды. Суреттегі көкөністердің атын,пішінін,түсін айтады. Сөздерді қайталайды. Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды. Балалардың жауабы тыңдалады. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Балалар көкөністерден пісірген көжемізді неге құямыз? -Ыдыстарға нелер жатады? --Бұл заттар аналарыңа не үшін қажет? Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. |
Сұрақ-жауап арқылы жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:сурет бойынша әңгіме құрастыруды және көкөністерді түсіне сәйкес бояуды;
Түсінеді:көкөністердің пішінін,түрін, түсін ажыратуды,ыдыстарды қалай атау керектігін.
Қолданады:баяндау(әңгімелеу)мәтінін құрай білу іскерліктерін
Технологиялық карта
Күні:06.10.2014.
Бөлімі:Дене шынықтыру.
Тақырыбы:Көжектер.
Мақсаты:Допты қақпа арқылы домалатуға үйрету.Берілген белгіге көңіл аударуға ;қос аяқтап алға секіруге жаттықтыру.Көзмөлшерін дамытужәне табан бұлшықеттерін нығайту.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: Көжектер. Педаготыңсоңынан қосарланып шағын топпен жүру;жүгір;деген белгі бойышша жүру. Көжектер қалай жүгіреді? Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру.Шеңбер құрып тұру. |
Педагогті мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Жалпы дамыту жаттығулары Шеңбер бойына тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.Жаттығулар жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындалуларын қадағалайды. Тышқандар демалып жатыр тыныс алу жаттығуы(жатып дем алу-дем шығару). |
Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
|
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Қорытынды бөлім. Қимыл-қозғалысы аз ойыны. «Шар». |
Ойынға жаппай қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:допты қақпа арқылы домалатуды,қосаяқпен алға жеңіл секіруді
Түсінеді:жаттығулар көзмолшерін дамытатындығын және табан бұлшықеттерін нығайтатындығын.
Қолданады:жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.
Технологиялық карта
Күні:06.10.2014.
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Қайырымдылық».
Мақсаты:адам жүріс-тұрысының ерекшеліктерін бағалауға үйретуді жалғастыру,өзге адамға деген мейірімділікті,қамқорлық өатынасты білдіруге ниеттерін ояту.
Қолданылатын көрнекі-құралдар:әртүрлі суреттер,маөал-мәтелдер кітабы.
Сөздік жұмыс:қарлығаш, балапан.
|
Оқу іс-әрекетіәнің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті. |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері: Дала гүлге оранады, Түрлі-түске боянады, Нұрлы көктем келген кезде, Табиғат та оянады. |
Шеңбер бойына тұрып,орындайды. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Кіріспе әңгіме. -Балалар,бүгінгі іс-әрекетінде Д.Данабековтың «Қайырымдылық»әңгімесін оқып,мазмұнын толық ашып әңгімелейміз. Әңгімені оқып беру. Сергіту сәті Ұзын мұртты құмырсқа Келе жатты жұмысқа. Алды допты қолына, Қойды допты жолына, Оңға қарады, солға қарады, Үлкен тау деп ойлады. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. -Әңгіме не жайлы? Сәулет жерден нені көрді? -Ол балалардың орнында сендер болсаңдар,не істер едіңдер? |
Мұқият тыңдайды. Қимылдар жасайды. Қарлығаш Қарлығаштың балапанын Балалардың жауабы |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Қорытындылау. Сурет бойынша оқу іс-әрекетін аятау. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Шығарманың мазмұнын.
Игереді:Шығарманың мазмұнына байланысты қамқорлық,мейірімділік қасиеттерді.
Меңгереді:жақы қасиеттерді.
Технологиялық карта
Күні:06.10.2014.
Білім беру саласы:Шығармашылық.
Бөлімі:Сурет салу.
Тақырыбы:Кілемше.
Мақсаты:Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету.Кілеммен таныстыруды жалғастыру,кіледі түзу және ирек сызықтармен әшекейлей білуге үйрету,сурет салуға дағдыландыру.Әсемдікті сезінуге,көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері,фломастерлер.
Сөздік жұмыс:жолақша кілем.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті. |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог балаларға бүгін қонаққа әжей келгенін айтады. -Әжей бізге өзінің кілемін ала келгенін айтады.Оны неге әкеді екен?Әжей келіп,балалардыңкілем туралы не білетіндігін сұрайды. |
Балалар әжеймен сәлемдеседі. Кілемді әжей не үшін әкелгені жайлы өз ойларын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Педаго балаларға әжейге сый ретінде жолақша кілем салып беруді ұсынады.Біркелкі бір түске боялған қағазға түзу жолақтарды сызу тәсілдерін көрсетеді.Бірінші тік төртбғрышты сызады.Оған өздері қалаған түстерін пайдаланып,фломастермен түзу жолақтарды солдан рңға қарай сызып жүргізеді,өзі тақтада көрсетіп түсіндіреді.Балалардың жолақтардың арақашықтықтардың бірдей және әдемі етіп салуын қадағалайды,қолдарын жаттықтыруға үйретеді. |
Балалар алдарындағы дәптердегі дайын салынған суреттібастырып,солдан оңға қарай фломастерді пайдаланып тік төртбұрыш сызады.Өздері қалаған түстерін таңдап алып,түзу сызықтарды бірдей қашықтықта жүргізіп,жолақтар жасайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Әжей балаларға жолақша кілемді салғандары үшін рақмет айтып,суретті салған балаларға тоқталады. |
Әжеймен қоштасып,кілемдерін сыйға беретіндіктерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Қонақты қалай құрметтеп қарсы алуды.
Игереді:Кілемдер әртүрлі екнін,соның ішінде жолақша кілем болатынын.
Меңгереді:арақашықтықтарын бірдей сақтап,түзу сызықтарды сыза білуді.
Технологиялық карта.
Күні:07.10.2014.
Білім беруа саласы:Таным
Бөлімі:Қ.М.Ұ.Қ.
Тақырыбы:Кеш.Үлкен –кіші.Біреу-көп.
Мақсаты:Таңертең таң-тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды
көлеміне қарай үлкен-кіші және санына қарай бір-көп салыстыруды үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:кеш мезгілі,үлкен және кішкентай заттар бейнелеген суреттер,жұмыс дәптері, әр балаға жай қарындаштар.
Сөздік жұмыс:кеш,үлкен,кішкентай.
Билингвальды компонент:кеш-вечер,үлен-большой,кішкентай-маленький.
|
Оқу іс-әрекетінің түрлері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті Балалар ойыншықтарды атайды. |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. -Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Мен сендерді көрмегеніме өте қуаныштымын.Қане бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.Бір-біріміздің өолымыздан ұстап,бәріміз бірге «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты, Қайырлы таң, балалар! Аман Отан панамыз, Аман ата –анамыз, Қайырлы таң балалар -Өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді естеріңе түсіріңдер -Сендер бұдан басқа қандай тәулік мезгілін білесіңдер? |
Шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қайырлы таң дейді Тақпақты мұқият тыңдайды. -Күндіз туралы әңгімеледік -Таңертең туралы білеміз |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Сұрақтармен жұмыс: -Біз қай мезгіл туралы әңгімеледік? -Біз кешке не істейміз? -Суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Бала не істеп жатыр? -Бұл уақыттың қай мезгілінде болады? Сөздік жұмыс:кеш,.үлкен, кішкентай. |
-Кешкі мезгіл туралы. -Ұйықтауға дайындаламыз. Суреттен көргендерін айтады. -Ұйықтауға дайындалып жатыр. -Кешке. Қайталайды.
|
|
4. Рефлекциялық түзетушілік |
-Балалар сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? |
Балалар жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:тәулік мезгілдерін(таң,күн, кеш) заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керектігін
Түсінеді: Қай жерде бір зат,қай жерде көп зат екендігін
Технологиялық карта.
Күні:08.10.2014
Білім беру саласы:шығармашылық
Бөлімі:мүсіндеу
Тақырыбы:Қояндарға арналған сәбіз.
Мақсаты:қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру,қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру.
Сопақша пішінді және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеуді үйрету,сондай-ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту.Жануарларға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,ермексаздан жасалған сәбіздің үлгісі,қояндардың суреті,тақтайша,ермексаз,сулық.
Сөздік жұмыс:көкөніс.
Билингвальды компонент:сәбіз-морковь,қоян-заяц.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Қояндардың суретін көрнекілік етіп алу. Қоян қандай аң? -Қояндар не жейді? -Балалар,қояндар бізге қонаққа келіпті.Олар үшеуі дауласып отыр –Не үшін дауласып отыр екен?Кәне,кім біледі?Педагог олардың сәбізге дауласып отырғанын айтады. |
Суретке қарап,педагогтың сұрақтарына жауап береді. -Жүйрік,құлағы ұзын,қорқақ аң. -Сәбіз жейді. Балалар әртүрлі жауап береді. |
|
Ұмдастырушылық ізденістікйы |
Педагог қоян туралы өзі білетін шағын ертегіні немесе әңгімені қысқаша баяндап береді. -Балалар қояндарға қыстық азықтарын жинауға,сәбіз жасауға көмектесеміз бе? -Сәбіздің пішіні қандай? -Сәбіздің түсі қандай? Сәбіз көкөніске жатады. Сөздік жұмыс:көкөніс. Сергіту сәті. Секірейік,секірейік, Ұзын құлақ қоянша. Шаршағанды кетірейік, Болар сонда тамаша. Билингвальды компонент:сәбіз-морковь,қоян-заяц. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру: -қызғылт сары түсті ермексазды жұмырлап,сопақша пішінге келтіріп,бір жағын үшкірлеп,сәбіз пішінін жасау; -осы әдісті пайдаланып отырып,қояндарға бірнеше сәбіз мүсіндеп беруді тапсыру. |
Педаготың әңгімесін мұқият тыңдайды. -Иә. -Сопақша -Қызғылт сары. «Көкөніс» сөзін қайталайды. Өлең жолдарын айтып қимылдар жасайды. «сәбіз-морковь,қоян-заяц» Сәбіз жасаудың әдіс-тәсілдерімен танысады. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Балалар ,бүгін не мүсіндедік? -Сәбізді нелерге береміз? Балаларға суреттегі үш қоянның көңіл күйлерін байқатып,ұнатқан қоянына сәбізді сыйлауын ұсыну,мадақтау. |
-Сәбіз. -Қояндарға. Бала жасаған сәбізін қалаған қоянға бнріп,ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:Сопақша пішінді ермексазды сәбіз бейнесіне келтіреді.
Түсінеді:Қоянның азығы-көкөністер екендігін;
Қолданады:ермексаздан сопақша пішін жасай алу дағдысын.
Технологиялық карта
Күні:10.10.2014.
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Бөлімі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы:Қызыл телпекті қыз.
Мақсаты:ертегінің мазмұнын түсінуге,кейіпкерлердің ірекеттеріне баға беруге көмектесу.
Сөдік жұмыс:қызыл телпекті қыз.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңбер бойына тұрып,педагогтың көмегімен өлең жолдарын қайталайды. Біз көңілді баламыз, Шаттық әнге саламыз. Айгөлек-ау,айгөлек, Би билейміз дөңгелеп. -Міне қандай тамаша!Өнерлі,биші,ақылды балалар екенсіңдер! |
Шеңбер бойына тұрып,қимыл жасайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Кіріспе әңгіме -Бүгінгі оқу іс-әрекетінде Қызыл телпекті қыз ертегісін оқып,оның мазмұнын ашып әңгімелейміз.Ертегіні оқып беру. Сергіту сәті. Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен.алайық Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. -Сендерге ертегі ұнады ма? -Анасы қызыл телпекті қызын қайда жұмсады? -Қызыл телпекті қызға кім кездесті? -Қай жерде? -Қызыл телпекті қыз не деп жауап берді? -Қасқырдың қарнын жарған кім? |
Ертегіні тыңдайды. Қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. Әжесіне. Қасқыр. Орманда. Отыншылар. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
2-3 баладан ертегінің мазмұнын сұрау. Іс-әрекетті қорытындылау. |
Мазмұнын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегінің мазмұнын.
Игереді:Кейпкерлердің әрекетіне баға беруді.
Меңгереді:Сұрақ-жауап арқылы оқуды.
Технологиялық карта
Күні:13.10.2014.
Білім беру саласы:денсаулық.
Бөлімі:Дене шынықтыру.
Тақырыбы:Қонжықтар.
Мақсаты:еңбектеу кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуге;көтеріңкі (зат үстінде) тіреуде статикалық тепе-теңдікті сақтауды,заттарды сол және оң жағынан айналып өтуін бекіту.Берілген белгіге көңіл аудару,қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау қабілеттерін жетілдіру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:ойынншық,қонжық,кішкене бөшке балымен,әр балаға екі жалауша,заттар(ойыншықтар),орындықтар.
|
Оқу іс-әрекетінің түрлері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог төменднгі тапсырмаларды орындатады: «Қонжықтар».Бір-бірден саптізбекке,зал бойымен бытырап жүру.Аюдың,қонжықтың жүрісін бейнелей жүру.Жеңіл тізбекке тұру. |
Педагогты мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Шеңбер бойы тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындалу ретін қадағалайды. «Қорбаңбай қонжықпен жасырынбақ» ойны. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: -Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру(орындық үстінде тепе-теңдік сақтап тұру); -Қойылған заттардың арасымен «ирелеңдеп» еңбектеу(қойылған заттардың ені 50 см),1,5м қашықтық. «Үш аю» қимыл-қозғңалыс ойыны. |
Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Педагогты мұқият тыңдайды,тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады. Ойынға жаппай қатысады. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Қорытынды бөлім. «тиінге бүршік,жаңғақ,саңырауқұлақ бер» ойыны. |
Ойынға жаппай қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:алақан мен тізеге тіреле,тура бағытта еңбектеуді.
Түсінеді:берілген белгіге қөңіл аударып,қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін.

Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Айлакер түлкі
Мақсаты:балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас ілемімен таныстыру.Шығарма мағынасын түсінуге,кейіпкерлер әс-әректін бағалауға, олар жайлы айтуға,кейбір адамгершілік .
Қолданылатын көрнекі-құралдар:хрестоматия,түлкінің суреті,үнтаспа.
Сөздік жұмыс:түлкі,айлакер,қу.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педаготың іс-әрекеті |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қимылдар арқылы орындайды. |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Психологиялық сәт. Балалар шеңбер бойына тұрып,Өтебай Тұманжановтың «Кел,балалар,күлейік»өлеңін үнтаспаға қосылып,тәрбиешімен бірге орындайды. Кел,балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік, Күлкі-көңіл айнасы, Күліп өмір сүрейік. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Жабайы,қу т.б. Қимылдар жасайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Сұрақ-жауап. -Балалар, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? -Түлкі қандай аң? -Олай болса,біз бүгін түлкі туралы ертегімен танысамыз. «Айлакер түлкі»орыс халық ертегісін оқу,әңгімелеу,мазмұнын ашу. Сергіту сәті. Ал,балалар, тұрайық, Мойнымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық, Жел сияқты қалықтап Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. |
Түлкі |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Жұмбақ жасыру арқылы іс-әрекетті аяқтау. Өзі қу, Жүрген жері шу. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:түлкінің жабайы,қу,айлакер аң екенін.
Игереді:көркем сөйлеу қабілеттерін.
Меңгереді:ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалай білуді.
Технологиялық карта
Күні:13.10.2014.
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Сурет салу
Тақырыбы:Алтын күз
Мақсаты:Балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру.табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тірбие беру.
Қолданылатын көрнекі-құралдар:демонстрациялық материалдар,жапырақтар,бейнетаспа.
Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптеріндегі суреттер,(ағаштар),түсі сары,қызыл,тоқ сары,қоңыр гуашьтар,қылқалам.
Алдын-ала орындалатын жұмыстар:балабақша алаңдарындағы ағаштарға бақылау жасау.
Сөздік жұмыс:қоңыр күз,алтындай сары,үйілген.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеттері |
Балалардың әрекеттері |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог балаларға орманнан тиін келгенін хабарлайды.Тиін педагогтың құлағына сыбырлап бір құпияны айтады.Педагог балаларға тиіннің бейнетаспаны көру туралы ұсынысын жариялайды.бейнетаспаны көріп болғаннан екейін педагог балаларға пысықтау сұрақтарын қояды: -Балалар бейнетаспада тиін ненің көрінісін көрсетті?Ормандағы ағаштар қандай,жерде не жатыр,жапырақтардың түсі қандай?Осы көріністі «Алтын күз» деп атауға болатындығын түсіндіреді. -Енді ормандағы ағаштардың күзгі көрінісін әдемі сурет етіп саламыз. |
Балалар тиінмен сәлемдеседі. -Сәлеметсің бе, тиін! Балалар осы құпияны білуге ынтығады.Оны білу үшін тиін әкелген бейнетаспаны тамашалайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Осы жартылай дайын бетке қылқаламның ұшын ақырын ғана басып жағу тәсілімен жапырақтар салу тәсін көрсетеді. Сергіту сәті-«Жапырақтар ұшады». |
Сергіту сәтін жасайды. |
|
Рефлексиялық түзеиушілік |
Тиін балалар салған суреттерді қарап кқріп,күз бейнесін әдемі салғандарын айтады.Өзінің досы қоянға апарып беріп,қуантатындығын айтып,балалармен қоштасады. |
Балалар тиінге қоңыр күзді салғандарын айтып,тиінге тағы да қонаққа келіп тұруын сұрайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:күзгі табиғи ерекшеліктерді.
Игереді:орманда әртүрлі ағаштар болатындығын.
Меңгереді:басып,жағу тәсілімен жапырақтарды салуды.
Технологиялық карта
Күні:14.10.2014
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Жеміс бағына саяхат.
Мақсаты:Жемістер туралы білімдерін естеріне түсіріп,жемістер бақта өсетіндіктерін ұғындыру.
Күз сыйы және баұ деген сөздерге сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Табиғатқа деген мейірімділікті тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:көкөністердің үлгілері,себет,жеміс бағының суреті,үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс:бақ.
Билингвальды компонент:бақ-сад,урожай-өнім,жемістер-фрукты,алхоры-слива.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іәрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. -Қайырлы таң,қайырлы күн! Саулық тілеп бәріне, Сәт келді амандасатын! 1.Таңғажайып сәт. -Балалар,біз бүгін саяхатқа шығамыз,ал қайда баратынымызды мына себет арқылы анықтаймыз.Педагог жемістер салған себетті көрсетеді(алма,алмұрт,алхоры,апельсин,алхоры,лимион). |
Шаттық шеңберге тұрады,амандасады: -Қайырлы таң! -Қайырлы күн! Қуанады |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Білімді өзектендіру. Себеттегі жемістерді бір-бірден алып шығады. -Мынау не?(алма,алмұрт,алхоры,лимон,апельсин,лимон) -Ал бұлардың бәрін бір сөзбен не деп атаймыз? Жемістер туралы тақпақтар жасыру. Допқа ұқсайды өзі, Қызғылт сары түсі. Терісі қалың,дәмі қышқыл, Түсі- сары, Еті-дәрі. (Лимон) Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп болып оралады. (Алма) Ілініп тұрған шарлар, Күн көзімен көгерер (Алхоры) Сергіту сәті: Аяқтың ұшымен тұрамыз, Алманы жұлып аламыз. Үйге қарай жүгіріп, Аналарға сыйлаймыз. Алмаға тән белгілерді анықтау. -Міне мен сендерге алма жұлып әкелдім.Пішіні қандай? -Сипағанда қолға қалай сезіледі? Тапсырманы қалай орындау кенектігін түсіндіреді.Жеке жұмыс жүргізеді. |
Жемістерді атайды. Жұмбақтардың жауаптарын айтады. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Қорытындылау. Жемістерге байланысты сұрақтар қояды,балалврдың жауаптарын толықтырады,қорытындылайды. |
Педагогпен бірігіп сабақты қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауға арналған тапсырмаларды.
Түсінеді:күз мезгілі және оның ерекшщелігі туралы ұғымды.
Қолданады:әр жыл мезгілінің ерекшелігін біліп,оларды анықтай алу дағдыларын.
Технологиялық картаны толтырған:Есимова Дана Қазбекқызы.
Технологиялық карта
Күні:16.10.2014
Білімберу саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Құрастыру
Тақырыбы:Орындық және кресло
Мақсаты:құрылыс материалдарынан орындық пен креслоны құрастыра білуге үйрету,оларды құрастыруда ойланып,айырмашылығына мән бере білу,үй жиһаздарына ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауаптар.
Сөздік жұмыс:үлкен-кіші орындық, кресло,көлденең,тік.
|
Іс-ірекет кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог үй жиһаздарының суретін көрсетіп әңгімелейді.Үлгі сурет бойынша тплдпу жасайды,орындық пен креслоның айырмашылығына назар аударады.Оларды жасау үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын айтып,таңдауды ұсынады. |
Балалар оюлы кілемге назар аударады,құрылыс материалдарын түсіне,пішініне қарай таңдап алады. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Ең алдымен үлкен орындықты жасап көрейік.Креслоны.Ол үшін қандай құрылыс материалдарын материалдарын пайдаланымыз.Алдымен орындақтарды қоятын кілемді,төсенішті қойып алуды ұсынады,құрылыстарды оның үстіне орналастыруға бағыт беріледі.Оны кеңістікке қалай орналастыру кереы..Педагог б,р кірпішті көлденең жатқызып қойып,оның артқы жағына бір кірпішті тігінен тұрғызхып оған жақындатып қояды. Үлкен орындық дайын болды.Енді кіші орындықты жасау бұрынғы алған тіжірибелерін бекіту мақсатында өздері құрастыруына болады.Ол үшін бір кірпішті тігінен орналастырсақ орындық болады деп көрсетеді.Дайын болған кіші және үлкен орындықтарға біреуіне қуыршақты,екіншісіне иысықты орналастырады.(оған ұсақ суреттер беріледі).Балалар дайын болған құрылыстарын ойын іс-әрекетімен жалғастырады. |
Балалар үлкен кірпіштерді таңдап алады жасыл немесе бірыңғай көк түсті.Балалар іс-әрекетті өздігінен дербес орындайды.Балаларды кіші орындықты құрастыруға арналған бір текше,бір кірпішті түсінепішініне қарай таңдап иалады, іс-әрекетті орындайды және ойнайды. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Педагог барлық балалардың жұмыстарын қаре ап шығады.Үлкен және кіші орындықтарды құрастыруда құрылыс материалдарын кеңістікте қалай пайдаланғанын қарап,кейбіреулерін дұрыс қоймаса қалай қою керек екенін ескертіп,өзіне түзеткізеді.Жақсы құрылыстар мадақталып,қорытынды жасайды. |
«үлкен,кіші»ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап,өздерінің қандай орындықтар жасағандарын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:құрылыс материалдарының түсін,көлемін,пішінін,оларда қалай сәйкес орналастыруға болатынын орындықтарды қалай құрастыру керек екенін;
Игереді:үлкен,кіші,көлденең,тік ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
Меңгереді:құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне,пішініне сәйкес кеңістікте тігінен,көлденеңінен дұрыс орналастыра білуді.
Технологиялық картаны толтырған: Есимова Дана Қазбекқызы.
Технологиялық
карта
Күні:17.10.2014
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Тіл дамыту.
Тақырыбы:Ерке төлдер
Мақсаты:педагогтың көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды,жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше,көпше түрде атауды үйрету(бота,ботақандар,құлын,құлыншаұтар).
ә)Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
б)Үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:демонстарциялық материалдар(үй жануарларының төлдерімен суреттері)
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:Үй жануарлары ойынын ойнату.
Сөздік жұмыс:үй жануарлары,түйе,бота,жылқы,құлыншақ,сиыр,бұзау.
Билингвальды компонент:үй жануарлары-домашние животные,түйе-верблюд,бота-вердлюжонок,жылқы-лощадь,құлыншақ-жеребенок.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог балаларға І.Жансүгіровтың өлеңін оқып,сұрақ қояды. -Шөре,шөре лағым Тентек болма шырағым, Секеңдемей, деміңді ал, Селтеңдемей құлағыңдеп нені айтамыз? |
Педагогты мұқият тыңдайды. -Лақты. |
|
|
Демонстрациялық кқрнекілікті қолдану. -Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Неге үй жануарлары деп атаймыз? -Қолда ұстайтын,адам күтіп-бағатын жануарларды үй жануарлары деп атайды.Олардың еті,сүті бізге тамақ,ал жүні,терісі-киім,Естеріңе түсіріңдерші,малдардың төлдерін не деп атаймыз? -Иә,дұрыс.Лақ,қозыны еркелетіп,қозыны қошақан,ботаны ботақан,құлынды құлыншақ деп атаймвз. Билингвальды компонент:үй жануарлары-домашние животные,түйе-верблюд,ботверблюжонок,жылқы-лошадь,құлыншақ-жеребенок. Сергіту сәті: Құлыншағым,құндызым, Құлдырайды,шабады. Жылтыңдаған жұлдызым Құстай қанат қағады. «Төлдерін тап?»ойынын ойнату.Ойынның шарты:суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып,сәйкестендіреді.Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үй жануарларын төлдерімен қайталату. |
Үй жануарларын атайды. Педаготың көмегімен сұрақтарға жауап береді Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Қандай үй жануарларын білесіңдер?-Малдардың төлдерін қалай атаймыз? Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:суреттен үй жануарларын көрсете отырып,олардың төлдерін сызықпен қосуды;
Түсінеді:үй жануарларын және олардың төлдері туралы мәліметті;
Қолданады:дыбыстарды дұрыс айта білуді.

Күні:15.10.2014
Білім беру саласы:шығармашылық
Бөлімі:жапсыру
Тақырыбы:Жапырақтар жауғанда.
Мақсаты:күз туралы түсініктерін нақтылау;күз құбылыстарын атай білуді үйрету,қағаз бетіне заттарды жапсыра білуді үйрету;кеңістікте бағдарлай білу дағдыларына тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:серуекнге шығып күз мезгілінің құбылыстары жайлы,басқа жыл мезгілінен ұандай айырмашылықтары барын әңгімелеп беру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар,дайын аппликация үлгілері,сүрткіш,қызыл,сары және жасыл көбелектер мен жапырақтар.
Сөздік жұмыс:жапырақтар
Билингвальды компонент: күз-осень,жапырақтар-листья.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады. -Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды? -Ол неге ұқсайды? -Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп,үлкен шеңбер жасайық.Кәне ,бәріміз бірдей үрлейік. |
Балалар шаттық шеңберін құрады. -Үлкен -Шеңберге Балалар үрлейді. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
-Балалар,терезеге қараңдаршы,ауа райы қандай? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Иә дұрыс айтасыңдар,қазір күз мезгілі? Сөздік жұмыс:жапырақтар. -Ағаштағы жапырақтың түсі қандай болды? -Балалар суретке назар аударыңдаршы,жапырақтардың түстері қандай екен? -Балалар жапырақтар күздігүні қалай түседі? -Иә, дұрыс айтасыңдар,күздігүні жапырақтар сарғайып жер бетіне жоғарыдан төмен қарай ,яғни жерге түседі Билингвальды компонент;күз-осень,жапырақтар-листья. Сергіту сәті: Желменен бірге шайқалып, Тербеліп тұр ағаштар. Кілем болып жайқалып, Жерге түсті жапырақтар. А.Дамас |
Жауап береді. -Күз мезгілі. Қайталайды:жапырақтар -Сары,қызыл,қоңыр. -Сары,қызыл. -Жапырақтар сарғайып,қурап жерге түседі. Қайталайды. Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталайды және қимылмен көрсетеді. |
|
Рефлекциялыық түзетушілік |
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде жылдың қай мезгілінде болатын құбылыспен таныстық? -Жапырақтар күздігүні қалай жауады екен? -Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Әдемі гүлдер» ойыны . |
-Жылдың күз мезгілінде болатын құбылыспен таныстық. -Жапырақтар сарғайып,жоғарыдан төменге қаоай түседі екен. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:кеңістікті бағдарлай отырып,жапырақтарды көлемі бойынша орналастыруды;
Түсінеді: күз мезгілінің ерекшеліктерін,табиғи құбылыстарды.
Қолданады:желімді дұрыс қолдана отырып,орындалу ретін сақтап,бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

Бөлімі:Экология негіздері:
Тақырыбы:Түлкі бізде қонақта.
Мақсаты:Түлкінің тіршілік ортасы туралы түсінік беру.Түлкінің жабайы жануар екенін мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп,балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.Жанды табиғатты сүюге баулу.
Қолданылатын көрнекі-құралдар:түлкі мен оның балаларының суреті,сары,қызыл түсті қағаздар,қызыл және сары себеттер.
Сөздік жұмыс:мыршай,ін.
Билингвальды компонент:қызғылт сары-оранжевый,ұзын-длинный.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Кіріспе бөлім. -Бүгін сендерге қонаққа бір орман тұрғыны келді Өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. Ол не? (Түлкінің суретін көрсетеді). |
Түлкімен амандасады. Жұмбақтың жауабын шешеді. -Жұмбақтың жауабы:түлкі |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Білімді өзектендіру. Әңгіме түлкінің суретін көрсетумен басталады. -Түлкінің түсі қандай?(Қызғылт сары) Құйрығы қандай?(Ұзын,үлпілдек) Түлкілер орман мен далалы жерлерде тіршілік етеді.Ол өте сақ жануар.Түлкінің іні (нора) болады.Түлкінің баласы мыршай деп аталады.Түлкі ұсақ кеміргңштер,яғни тышқан сияқты ұсақ кеміргіштермен қоректенеді.Түлкіні ертегілерде қу деп сипаттайды. Күзгі орманда. Күзгі орманда жел соғады:гу-гу-гу. Ағаштар тербеледі ш-ш-ш. Жапырақтар түседі п-п-п Билингвальды компонент:қызғылт сары-оранжевый,ұзын-длинный. Үлестірмелі материалдармен жұмыс: «Күзгі жапырақтар» ойыны.Шарты:еденеде шашылып жатқан қызыл,сары жапырақтарды жинау керек. Жеке жұмыс:екі баланы алдыға шығарып,Сөйлемді аяқта ойыны арқылы түлкі туралы білімдерін пысықтайды. -Түлкінің түсі... -Түлкі орманда... |
-Қызғылт сары -Құйрығы ұзын,үлпілдек жүнді. -Түлкінің баласы-мыршай. Гу-гу-гу. Ш-ш-ш. П-п-п. Қайталайды. Қызыл жапырақтарды қызыл себетке,сары жапырақтарды сары себетке жапсырады. Балалар жауап береді. -Қызғылт сары Тіршілік етеді. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылайды. 1.Түлкі жайында не білдік? 2.Түлкінің баласы қалай аталады? 3.Түлкі немен қоректенеді? |
Сұрақтарға жауап береді.Педагогпен сабақты қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:оқу іс-әрекеті барысында түлкінің тіршілік ортасы турала тапсырманы.
Түсінеді:түлкінің тіршілігі туралы және күзгі табиғат туралы берілген білімді.
Қолданады:сұрақтарға наөқты жауап беру жіне тапсырманы орындай білу сияқты коммуникативтік дағдыларды.

Күні:20.10.2014
Білім беру саласы:шығармашылық
Бөлімі:Сурет салу
Тақырыбы:Қуыршаққа арналған сақина
Мақсаты:Балалардың сақинаның дөңгелекке ұқсастығын тауып,соны сала білуге жаттықтыру.Сақинаны салуда бояуды сызықтың шеттерін шығармай бояуды үйрету.Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:демонстрациялық материалдар,сақиналар түрлері.Ертегі кейіпкерлері,әртүрлі ойыншықтар,қарындаштар,қуыршақ Айсананың суреті салынған сурет дәптері.
Сөздік жұмыс:сақиналар,дөңгелектер.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
-Балалр,мен балабақшаға келе жатып жолдан сыртқа сәуле шашып жатқан дорба тауып алдым.Бұл бір сиқырлы дүние екен деп алып келдім.Кәне,ішінде қандай сиқырлы зат бар екенін сендермен бірге ашып корейік. -Бұл қандай зат? Қай ертегінің кейпкері?Пішіні қандай?Түсі қандай?Қалай аталады?Сақинаны кімдер тағады?Не үшін?Сақиналар қандай болады? |
Балалдвр шеңбер болып отырады.Сиқырлы дорбаға бір-бірлеп жақындап келіп,қолдарын дорбаның ішіне салып,заттарды алып,алған затына сипаттама береді. -Бұл –«Бауырсақ»ертегісіндегі бауырсақ.Ол домалақ, сондықтан домалай береді. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Сергіту сәті: Сыңғыр-сыңғыр сырғалар, Құлағымда ырғалар, Оң қолымда білезік, Сол қолымда білезік, Саусақтарда сақина, Сана,салып ақылға. 1,2,3;..1,2,3;.. Демалайық жинап күш. Балалар оң қолдарына қылқалам алып,ауада дөңгелектер мен сақиналарды салып жаттығады.Қуыршақ Айсана балалардан алдарында тұрғансурет дәптерге ең әдемі сақина мен домалақ заттарды салып беруді сұрайды.Балаларға үлестірмелі материал таратылып беріледі.Саұинаның штрихпен берілген үлгісін қарындашпен бастырып шығады.Сызықтан шығармай,балалар өздері қалаған бояуларын таңдап алып бояйды,ал көзін басқа түспен бояйды.Суреттерін салып болған соң,көзге жаттығу жасауды ұсынады. «Қорқақ қоян»,Қу түлкі,Аю сөздерімен сөздік жұмысын жүргізеді. |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Оң қолдарына қарындашты алып,солдан оңға қарай үзіліссіз сызық жасап Айсанаға арнап дөңгелек сақина салады. Оның көзі(тасы) болатындығын айтып,оны бейнелеп көрсетеді.Салған суреттерін бояйды. «Қорқақ қоян көздерін жиі-жиі жыпылықтатады» |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Педагог балалардың салған суреттерін көріп шығуды ұсынады.Әр баларың қасына барып баға береді.Өте жақсы салғардарын Айсанаға сақиналар және оның әдемі жарқыраған «тастарының» ұнап тұрғандығын айтады.Сиқырлы дорбаның сиқыры бітпеуі үшін әр бала жылы тілектерін айтып, дорбаның аузын мықтап жауып тастау туралы ұсыныс жасайды. |
Өздері салған сақиналардың қайсысы ұнағанын айтып береді. Балалар ортаға шеңбер болып тұрып,дорбаға өз жүректерінен шыққан жылы сөздерді айтып,дорбаның аузын жауып қойып қояды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:өз айналасында көптеген дөңгелек заттардың барлығын.
Игереді:Сақинаны әдемілік үшін тағатындығын.
Меңгереді:дөңгелек пішінді сақинаны салуды.

Тақырыбы:Маша мен аю ертегісі
Мақсаты:ертегінің мазмұның түсінуге,кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.
Қолданылатын көрнекі-құралдар:суреттер,хрестоматия.
Сөздік жұмыс:аю,орман.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеттері |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері. -Балалар бәріміз төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайық: Арым таза ,ақ көңіл, Адамдыққа сенемін. |
Шеңбер бойына тұрып орындайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық қозғаушылық |
Кіріспе әңгіме -Бүгінгі іс-әрекетімізде «Маша мен аю»ертегісін оқимызЕртегіні оқып беру. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен, Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. -Атасы мен апасы Машаға не деді? -Олар қайда барды? -Маша кімнің үйіне кіріп кетті? -Маша аюға не деді? -Маша атасы мен апасына не пісірді? -Бәлішті ата-әжесіне қалай жеткізді? |
Қимылдар жасйды. Балалардың жауабы. Аюдың Бәліш Жәшікке кіріп,өзі жеткізді. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Қорытындылау: -Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай ертегі оқыдық? -Ертегі сендерге ұнады ма? |
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегінің мазмұнын.
Игереді:жақсы,жаман қасиеттерді.
Меңгереді:кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалауды.

Күні:21.10.2014
Білім бер саласы:Таным
Бөлімі:Қ.М.Ұ.Қ.
Тақырыбы:Түн. Бір-көп. Шеңбер.
Мақсаты:Таңертең (таң) бөліктерімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.таныс заттарды көлеміне қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету,қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:ұлттық киімдегі қуыршақ,түн бейнеленген сурет.Жұмыс дәптері,әр балаға жай және сары қарындаштар.
Сөздік жұмыс:түн,шеңбер.
Билингвальды компонент:түн-ночь,шеңбер-круг.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
|
Есікті тоқылдатқан дыбыс естіледі.Бізге біреу қонаққа келген сияқты.Есікті ашып,ұлттық киімдегі қуыршақты алып кіреді. Қуыршақ амандасып,балалармен танысады. Қуыршақ Ақмарал өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды. -Сендер тағы қандай тәулік мезгілін білесіңдер? «Бұл қай кезде болады?»ойыны. Ақмарал балаларға сұрақ қояды: -Қай кезде адамдар ұйықтайды? -Суретте не бейнеленген? -Бала не істеп жатыр? -Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады? |
Қызығушылық танытады. Қуыршақ Ақмаралмен амандасып,танысады. Балалар жауап береді. -Таңертең,күндіз. -Түнде. -Жұлдыздар,Ай.гүл,төсекте ұйықұтап жатқаен бала. -Ұйықтап жатыр. -Түнде. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
«Бір және көп»ойыны. Ақмарал балаларға жұмбақтар жасырады. Бұрылып қос құлағы, Күмбір қағып тұрады. Сызылған үні, Сүйкімді тілі. Үрлесең ойнайтын Аспаптың бір түрі. «Ойыншықтар».Сергіту минуты. Добым,добым домалақ, Қайда кеттің домалап? Сүт құйып ем күшікке, Төгіп кеттің,обал-ақ. «Қандай домалақ заттарды білесің?»ойыны. Балалардан шеңберге ұқсас заттарды естеріне түсіріп,атап берулерін өтінеді. Сөздік жұмыс:түн, шеңбер. Билингвальды компонент:түн-ночь,шеңбер-круг. |
Балалар жұмбақтарды мұқият тыңдайды. Жауабын айтады. -Домбыра Сыбызғы Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. -Күн,дөңгелек,доп,қарбыз. Қайталайды Қайталайды |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Қорытындылау -Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? -Қандай дөңгелек заттарды білесіңдер? |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетңн нәтиже:
Жасайды:түн-тәулік мезгілінің атауын;
Түсінеді:таертең,күндіз,кеш-тәулік мезгілдері екенін,түннің айырмашылығын.
Қолданады:тәулік мезгілдерін,сондай-ақ қай жерде бір зат,қай жерде көп зат екендігінажырата және айта білуді.

Күні:22.10.2014
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы:Алаңқайдағы саңырауқұлақтар.
Мақсаты:саңырауқұлақтармен танымтыру,олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп,сөздік қорларын молайту,
Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер:балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,саңырауқұлақтың суреті.үлгі сурет,тақтайша,ермексаз,сулық.
Сөздік жұмыс:саңырауқұлақ алаңқайы.
Билингвальды компонент:саңырауқұлақтар-грибы.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балаларджың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Балаларды орманға серуенге шығару. Саңырауқұлақтар алаңқайын көрсету. Балаларға саңырауқұлақтарды себетке жинату. Сөздік жұмыс:саңырауқұлақ алаңқайы. Саңырауқұлақ туралы әңгімелеп,сұрақтар қояды. -Балалар,біз не жинадық? -Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады? Балалардың назарын суреттегі саңырауқұлақтарға аудару,түстерін сұрау. Билингвальды компонент:саңырауқұлақтар-грибы. |
Орманға баруға қызығушылықтарын танытады. Саңырауқұлақ алаңқайы қайталайды. Әңгімені тыңдап,сұрақтарға жауап береді. Қайталайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Балаларға В.Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында» ертегісін айтып беру. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру: -қызыл түсті ермексазды алақанымыздың ортасына салып жұмсартып,қалпақ жасаймыз.; -ортасын ойық жасау үшін сұқ саусағымызбен басамыз, -ақ түсті ермексаздан сабағын жасаймыз.Ол үшін ермексазды «шұжықша» пішінге келтіреміз. -қалпағы мен сабағын біріктіреміз.Біріктірген жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз. Балалардың өз бетінше жұмысы: Балаларға саңырауқұлақтардың сабағы мен қалпағын біріктіруді ,тегістеуді жеке-жеке көрслаңқайында аңырауқұлақ аетеді.Қиналған балаларға көмектеседі. Сергіту сәті: «Күн және жаңбыр» ойыны. Балалар шеңбер жасап тұрады.Әуен қосылып,саңырауқұлақ алаңқайында ойын ойналады.Жаңбыр жауды дегенде қолшатырдың астында жиналады. Жұмбақ: Орманнан алып келген қазанбасты, «Жейміз»,-деп күліп, анам қазанға асты. (Саңырауқұлақ) Саңырауқұлақтардың бәрін жеуге болмайтынын,олардың ішінде жеуге жарамайтын улы түрі болатынын айтып ескертеді.Ол-мухомор деп аталады. |
Ертегіні тыңдайды. Саңырауқұлақты жасау әдіс-тәсілдерімен танысады. Саңырауқұлақты мүсіндейді. Ойын ойнайды. Жұмбақты шешуге тырысады. -Саңырауқұлақ. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Балалар бүгін не мүсіндедік? -Саңырауқұлақ қайда өседі? Балалардың жұмыстарын талдату,мадақтау.Үлестірмелі материалдағы суретке жасаған саңырауқұлақтарын қойып,суреттегімен салыстырып ойнауға мүмкіндік береді.Балаларды мадақтайды. |
-Саңырауқұлақты мүсіндедік. -Орманда өседі.Жасаған жұмыстарын алаңқайға қояды,суреттегі саңырауқұлақтармен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:дөңгелек пішінді ермексазды саусақпен жалпақтау арқылы саңырауқұлақтың қалпағын жасап,сопақша пішінді сабағымен біріктіреді.
Түсінеді:улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтар болатындығын.
Қолданады:ермексазды сопақша,дөңгелек пішінге келтіру дағдысын.

Күні:23.10.2014
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Құрастыру
Тақырыбы:Шырша
Мақсаты:балалардың құрастыру іскерлік дағдыларын жетілдіру,табиғатты сүйе білуге,аялауға,қорғай білуге,ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:мақта оралған таяқша,сіреңке шиі.
Сөздік жұмыс:шырша.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог қыс мезгілінің ерекшеліктеріне көңіл аударып,балаларды терезеден қар жамылған ағаштарды бақылауға шақырады.Қысқы орман кқрінісіән сурет арқылы көрсетіп,қыста қалың қар жауатындығын,күн суық аяз болатындығын айтып түсіндіреді.Қар қандай түрде болатындығын,қай мезгілде жауатындығын,қардың пайдасын сұрайды. Сөздік жұмысын жүргізеді:шыршалар. |
Балалар терезенің алдына келіп,даладағы қар жамылған ағаштарды бақылайды. Қайталайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Педагог балаларға мақта оралған таяқша мен сіреңкенің шилерін таратып береді.Олар сол таяқшаларды қойып,кезек-кезек орналастыру арқылы шыршаларды құрастырады. Сергіту сәті: Дала аппақ, жапалақтап, Қар жауып тұр тынбастан, Қалың орман қар жамылған, Маужырайды тынбастан. |
Шыршаларды құрастырады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Педагог балаларға қысқы орман көрінісінен алған әсерлерін,қыс туралы өлең-тақпақтарын айтқызады. Балалардың құрастырған шыршаларын үстел үстіне қойып,талдау жасайды.Ағаштардың пайдасы жайында қысқаша әңгімелеп,қорытындылайды. |
Шыршалар жайында әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:қыста ағаштардың қар жамылатынын,қардың ағаштарға пайдасын.
Игереді:Таяқшалардан шырша құрастыруды;
Меңгереді:Төрт мезгілде де шыршаның түсі біркелкі жасыл болып тұратынын.

Технологиялық картаны толтыру.
Күні:24.10.2014.
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы:Досымды өкпелеттім.
Мақсаты:шығарма мағынасын түсінуге,кейіпкерлердің қарапайым іс-әрекетін бағалауға,олар жайлы айтуға,кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету.Балаларды шығарма мазмұнын салыстыра отырып,өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортаменбайланыстыра білуіне үйрету.
Көрнекіліктер:хрестоматия.
Сөздік жұмыс:өкпелеме.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Ұйымдастыру сәті: Шаттық шеңбері: Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын айтқызып,қимылдар жасату. Ал балалар тұрайық, Алақанды ұрайық, Оңға-солға түзу тұр, Солға-оңға түзу тұр, Жоғары-төмен қарайық. Бойымызға күш жинап Бір тынығып алайық. |
Шеңбер бойына тұрып бір қайталайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Кіріспе әңгіме. -Ал енді,балалар,бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын Мұзафар Әлімбаев атамыздың «Өкпелеме» өлең шумағын тыңдап көрейік. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу. -Осы оқылған өлең шумағында не жайлы айтылған? -Өлеңнің авторы кім? -«Өкпелеме»сөзін қалай түсіндіңдер? Сергіту сәті: Біздер тату боламыз, Гүл-гүл жайнаймыз, Жаттығуда сергіп қаламыз, Бір,екі,үш, Жоғары қолды созамыз. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Мұқият тыңдайды. Балалардың жауабы. М.Әлімбаев Қимылдар жасайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Қорытындылау. Педагог оқу іс-әрекетін өлең жаттатумен аяқтайды. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:шығарманың мазмұнын түсінеді.
Игереді:жақсы қасиеттерді сипттай білуді.
Меңгереді:Өкпелеме деген сөздің мағынасын түсінуді.

Күні:20.10.2014.
Білім беру саласы:Денсаулық
Бөлімі:Дене тәбиесі
Тақырыбы:Тиінге қонаққа барамыз.
Мақсаты:жай жүру,аяқтың ұшымен жүру,жүгіру,бытырап,бір-біріне соқтығыспай,заттарды айнала жүру.Басты дұрыс ұстап,табанға толық басып жүру.Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру,текшенің үстінде тепе-теңдік сақтап тұру.Заттардың арасымен ирелеңдеп жүру. Қимылды белгілі тәсілмен,белгіленген бағытта нұсқау бойынша бастап,орындап,аяқтауға тәрбиелеу.Музыкаға деген әсерленушік сезімін бекіту.Дене бітімінің дұрыс дамуын қадағалау.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:ойыншық тиін,бүршіктер,салынған себет,әр балаға
2 түсті саңырауқұлақ,текше,жіп немесе гимнастикалық таяқ.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: Тиінде қонақта.Жай жүру,аяқтың ұшымен жүру,жүгіру,бытырап,заттардың арасымен,заттарды айнала жүру.Түзу жолмен жүгіру.Шеңбер құрып тұру. |

Ұйымдастыру кезеңі |
Саңырауқұлақтармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары Шеңбер бойы тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындалуларын қадағалайды. |
Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. |
|
Рефлекциялық түзетушілік |
|
|
Технологиялық карта
Күні:15.03.2016ж
Білім беру саласы:Шығармашылық.
Бөлімі:Сурет салу.
Тақырыбы: «Күн жарқырап,шөп өсті».
Мақсаты:Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу біліктіліктерін бекіту.
Ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар:Қылқалам,бояулар,сүрткіштер,қағаздар.
Сөздік жұмыс:Жарқырап,шөп.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог балаларды ауа райын бақылау үшін терезенің алдына шақырады.Сұрақ-жауап арқылы көктем келіп,күн жарқырап тұрғанын,шөптердің өскенін анықтайды. Педагог балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсетіп,көктемде табиғатта болатын ерекшеліктерді айтқызады. Көктемде күн жарқырап шығатынын, айналаның бәрі біртіндеп жап-жасыл түске енетінін,құстар келіп,жан-жануарлар ұйқысынан оянатынын айтып түсіндіреді. Балаларға көктемгі таза ауамен дем алып,тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынады. Сөздік жұмысын жүргізеді. |
Балалартерезенің алдына келіп,далада күннің жарқырап тұрғандығын,шөп өсе бастағанын көреді. Көктемде күннің жылитынын,құстардың келетінін,гүлдердің,шөптердің өсетінін айтады. Тыныс алу жаттығуларын орындайды. «Жарқырап», «шөптер», «гүлдер»сөздерін сыбырлап айтып,қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог балаларға демонстрациялық материалдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп,әңгіме жүргізіп, толық талдау жасайды.Содан соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалдарды таратып береді.Ол суретте күннің,ұшып жүрген жәндіктердің бейнеленгенін айтады. Педагог бұл суретте ненің жетпей тұрғанын сұрайды. Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп,толамыз. Күнге өарай талпынып, Көкке қолды созамыз. |
Балалар суреттегі табиғат көрінісі туралы әңгімелейді. Сұраққа жауап береді. Қолдарына таратылып берілген суретте күн,жәндіктер бейнеленгенін айтады.Суретті толықтыру үшін шөпті салу керектігін айтады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балалардың күнді,шөпті қалай салғандарына тоқталып, суреттері әдемі болып шыққанын айтады. Кешке ата-аналарына көрсету үшін көрме жасап қоюды ұсынады. |
Барлығы шеңбер құрып тұрып,бір-бірінің салған суреттеріне қарайды.Кімнің суреті әдемі екенін өздері айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Көктем мезгілі басталғанын,күннің жылылығын.
Игереді:Көктемде күн көзі жарқырап,шөп өсетінін.
Меңгереді:Бояуға батырылған қылқаламмен сүйкей жағу арқылы шөптерді салуды.

Күні:16.03.2016ж
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі:Қарапайым математика.
Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу».
Мақсаты:Таңертең(таң)-тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері:Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай(үлкен-кіші)және санына қарай(бір-көп)салыстыруды үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:Әр балаға жұмыс дәптері,бір жұмсақ ойыншық-аю,қара қарындаш,3 аю бейнеленген сурет-карточка,аюлардың әрқайсысына 3-тен бал салынған бөшкелер.
Сөздік жұмыс:Бірдей.
Билингвальді компонет:Бірдей-поровну.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт. «Аю» -Мен балабақшаға келе жатып,жолда мына аюды кездестірдім(ойыншық аюды көрсетеді). Ол қонжықтарына бал салынған бөшкелердің жететін-жетпейтінін біліп беруді сұрайды. -Қалай,оған көмектесеміз бе? |
Балалар педагогтің әңгімесін тыңдайды. -Иә. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Жете ме?» ойыны. Балалардың назарын әрқайсысының үстелінде бейберекет жатқан үш аю бейнеленген сурет-карточакаға және екі бөшкесі бар тәрелкеге аударады. -Суреттегі қонжықтар көңілсіздеу ме,қалай.Қонжықтарды немен қуантуға болады?Таптым,оларға бал салынған бөшкелерді сыйлайық,қонжықтардың бәріне бөшкелердің жеткенін тексеріп көрейік. -Қонжықтардың әрқайсысына бал салынған бөшкенің жеткен-жетпегенін қайдан білеміз? Сергіту сәті. «Қоян». Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары,бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз,отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Қояндарда қонақта» ойыны. Педагог балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аударады. |
Балалар қонжықтар бейнеленген карточкаларға назар аударады. -Балы бар бөшкені қонжықтардың үстіне қою керек. Өлең мәтініне сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. Суретті қарастырады. |
|
Рефлексиялық-түзетуші лік |
-Аю сендерге оның қонжықтары үшін балы бар бөшкелерді санап бергендерің үшін алғыс айтады.Аю балалармен қоштасады. |
Балалар тапсырмаларды дұрыс орындағандарына қуанышты.Аюмен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:Заттарды бірінің үстіне бірін салу және жанастыру тәсілдері;
Түсінеді:Заттардың санын қалай дұрыс теңестіруге болатынын;
Қолданады:Дайын пішіндерді(жапсырмаларды)жапсырады.

Күні:24.03.2016ж
Білім беру саласы:Шығармашылық.
Бөлімі:Жапсыру.
Тақырыбы: «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз».
Мақсаты:Жыл басы-Наурыз туралы мағлұмат беру;Наурыз мерекесінің ерекшелігі,ұйымдастырылуы туралы түсініктерін қалыптастыру;сәндік апликация дағдыларын қалыптастыру;Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:Наурыз мерекесі жайлы әңгімелесу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:Үлестірмелі материалдар,дайын апликация үлгілері,сүрткіш.
Сөздік жұмыс:Қонақжай халық.
Билингвальді компонент:Жыл басы-начало года.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, «Сәлеметсіздер ме!»-деп,сәлемдесіп аламыз. -Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. |
Балалар шеңберге тұрып,педагогтің іс-әрекетін орындайды. Баллар педагогпен сәлемдеседі. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
-Балалар,наурыз айындағы мерекелерді есімізге түсірейікші. 22 Наурыз қазақ халқының Жаңа Жыл мерекесі-Жыл басы. Бұл күнде әжелеріміз наурызкөже жасап,үй аралап қонаққа барады.Қонақ келгенде жерге кілем төсеп,дастарқан жаяды.Қазақ халқы қонақжай халық. Сөздік жұмыс:қонақжай халық. -Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз. -Балалар,кілемді немен әшекейлесек болады? -Балалар,гүліміз қандай фигураға ұқсайды? -Сабағының түсі қандай екен? Билингвалді компонент:Жыл басы-начало года. Негізгі бетке(фон)қызыл түсті кілем беріледі.Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз.Ал сабағын,одан сәл төменірек,гүлдің астына жапсырамыз.Осылайша, кілемнің 4 бұрышына 4 гүлді жапсырамыз. Сергіту сәті. Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Көкке қарап,талпынып, Күнге қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай қалықтап. Бір отырып,бір тұрып, Бір тынығып алайық. -Балалар,Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп,әшекейлеп көрейік. Балалармен жеке жқмыс жүргізіледі. |
-22 Наурыз-Жыл басы, Наурыз мерекесі. Балалар педагогтің әңгімесін мұқият тыңдайды. Қайталайды:қонақжай халық. -Гүлдермен әшекейлейміз. -Төртбұрышқа ұқсайды. -Жасыл. Қайталайды:Жыл басы-начало года. Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды,қол қимылдарына қарайды. Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады,қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар кілемді безендіруге жұмыла кіріседі. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Рефлексия: Педагог балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді. -Балалар,мерекеге орай,бүгін топты сендердің кілемдеріңмен безендіреміз. Балаларды мадақтайды. |
Балалар өз ойларымен бөлісіп,тақтадағы әдемі жасалған жұмыстарды көрсетеді. Қуанышты көңіл күйде топты безендіруге кіріседі. |
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды:Кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуді;
Түсінеді:Геометриялық фигураларды,ұлттық мейрамды,салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін;
Қолданады:Кілемді гүлмен безендіруді.

Күні:31.03.2016ж
Білім беру саласы:Шығармашылық.
Бөлімі:Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Пирамида».
Мақсаты:Пирамида ойыншығы туралы түсініктерін кеңейту;бөліктерді біріктіре отырып,бейне құрастыру дағдыларын дамыту;ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,пирамида ойыншығы,ермексаздан жасалған үлгі,тақтайша,ермексаз,сулық.
Сөздік жұмыс:Ширатпалар,түтікше.
Билингвальды компонент:Пирамида-пирамида.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ойыншықтардан көрме қйымдастыру. «Ойыншықтады ата» ойынын қйымдастыру. Ойын барысы:Доп,машина,аю, пирамида т.б.ойыншықтар.Балалар әрбір ойыншыққа сипаттама берулері тиіс. |
Ойынды қызыға ойнайды. Балалар ойыншықтарды сипаттап айтады:доп-резеңкеден,машина темірден,аю-матадан, пирамида-пластмассадан жасалған. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Пирамиданы қалай жасаған? -Ол неше бөліктен тұрады? Түстері қандай? -Қалай орналастырылған? -Ол неге ұқсайды? -Сендер ермексаздан пирамида жасай аласыңдар ма? Қараңдар,мен мынадай пирамида жасап алдым. Педагог өзі жасаған үлгіні көрсетеді. Билингвальды компонент:пирамида-пирамида. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру: -ермексаздан қзын түтікше жасаймыз; -түрлі түсті ермексаздан бірнеше ширатпалардың екі ұшын қосып,біріктіреміз; -үлкен бөліктен кішісіне қарай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін түтікшеге кигізеді. Сөздік жұмыс:ширатпалар,түтінше. Сергіту сәті. Алақай-ау,алақай, Ән шырқайық,балақай. Қызарғанша алақан, Қол соғайық,балақан. «Түстерді ата!»ойынын ұйымдастыру. Пирамиданы пайдаланып,түстерін атау. Балалар 6 түрлі негізгі түстерді суреттен немесе пирамидадан атайды. |
-Түрлі түсті дөңгелектерден. 6 бөліктен. -Пирамиданың түстерін атайды. -Үлкенінен кішісіне қарай орналастырылған. -Пирамидаға. -Иә. -Үлгіні тамашалайды. «Пирамида»сөзін қайталайды. Пирамида жасаудың әдіс-тәсілдерімен танысады. Пирамиданы мүсіндейді. Ширатпалар,түтінше сөздерін қайталайды. Балалар сергіту сәтін орындайды. Түстерді атайды. Ақ,қара,сары.қызыл,жасыл, көк. |
|
Рефлексиялық-түзетуші лік |
Балалардың жұмысын талдау,мадақтау. Жасаған пирамидаларын суреттегі пирамидамен салыстыру. |
Балалар бір-бірінің жұмысыны баға береді. Пирамидаларын слыстырып,ойнайды. |
|
|
|
|
Күтіліетін нәтиже:
Жасайды:Ұзындығы әртүрлі ширатпалардың ұшын біріктіріп сақиналар жасайды,үлкенінен кішісіне қарай ретімен пирамида құрастырады;
Түсінеді:Пирамиданың дөңгелектері әртүрлі көлемде,әртүрлі түсте болатынын;
Қолданады:Әр түсті ермексазды есу арқылы ұзындығы әртүрлі ширатпалар жасау дағдысын.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сиқырлы таяқшалар.Ашық оқу іс әрекеті

шағым қалдыра аласыз