Тақырыбы: «Сиқыршылар ертегі әлемін жасайды»
Мақсаты:
-
тактильдік, көру арқылы қабылдауды, вебалдық-логикалық, креативтік ойлауды, есту, көру-бейнелік есті, назарды, сөйлеуді дамыту;
-
психобұлшықеттік қауырттылықты алу тәсілдеріне, релаксация әдіс-тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;
-
балалар ұжымында ынтымақтастық сезімін нығайту, келісілген түрде әрекет ете білу.
Материал: Құмсалғыш – көк түске боялған ағаш қорап («құм тақтайшасы»); ылғал құм, түрлі-түсті құм, құмға арналған формалар, түрлі-түсті тастар, қуыршақ – марионетка Құм ханзадасы.
Сабақ барысы:
Психолог балаларды өз кабинетіне шақырады. Олар матамен жабылған «құм жапырағының» айналасынағы орындықтарда отырады.
Психолог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Бүгін өткен сабақта қалай амандасқанымызды еске түсіріп көрейікші.
Қол – қолмен, бет-бетпен, аяқ-аяқпен, маңдай-маңдаймен
(Балалар бір-бірімен шеңбер бойынша осылай амандасады).
Балалар, біз бүгін Құм еліне саяхатымызды жалғастырамыз. Құм елінде біз құм сақтаушысымен кездесеміз. Естеріңде ме, оның есімі кім?
Бірақ ол пайда болу үшін біз салт-жоралғымызды жасауымыз керек.
Құм еліне «кіру» салт – жоралғысы:
Құм еліне бару үшін құмсалғышты айнала тұрып, қол ұстасу керек. Енді өз аттарыңды атаңдар.
Қолдарыңды құмсалғыштың үстіне алақандарыңды төмен қарата созыңдар.
Көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді қайталаңдар.
Алақанымызды бағдарлап,
Тауып ал мейірім мен махаббат.
Құм ханзадасы кел енді,
Тұрмыз күтіп, біз қарап.
Музыка ойнайды, психолог қуыршақ – марионетка құм ханзадасын қолға алады.
Көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы, бізге кім келді?
(балалардың жауаптары).
Ал енді біздің қонағымыз үшін Құм елінің ережесін қайталап айтып көрейік.
Музыка баяулайды. Балалар психологпен бірге өткен сабақтардағы тақпақты «Мұнда болмайды....» сөздерімен бастайды.
Мұнда кірісуге болмайды!
Құм шашуға болмайды!
Пікір айтып, жасауға бірақ болады;
Тау, өзендер, теңіздер –
Өмір болсын айнала!
Ешкімді де ренжітпе,
Ештеңе де сен шашпа!
Бейбіт өмір бұл елде.
Балалар, мені түсіндіңдер ме!?
Психолог: Сәлеметсің бе, Құм ханзадасы! Не болды, неге көңілсізсің?
Құ ханзадасының әңгімесі:
Сәлеметсіңдер ме! Сендер менің еліме не болғанын білесіңдер ғой! Ол сондай әдемі, гүлденген, әсем болған еді, ал енді қазір одан бір уыс құм да қалған жоқ.
Дауыл соғып, залым сиқыршы әйелдің досы келіп, менің елімнің астан-кестеңін шығарды. Сендер естісеңдер ғой, дауыл бәрін құлатып жүріп, қарқылдап күлді.
Ол: «Сенің елің ешқашан да сиқырлардың ғажайып елінде өмір сүрмейді»,-деді.
Не істерімді білмеймін.! Залым дауылмен айқасуға кім көмектеседі?
Сендер үшін бұл ауыр тапсырма болар? (юалалардың жауаптары)
Психолог: Құм ханзадасы, біздің балалар саған көмектеседі. Олар құм елін қайта салады да, ол бұрынғысынан да әдемі болады.
Құм ханзадасы: Ой, сендер сиқырды қалай алып тастайсыңдар, оны дуалап тастады ғой?
Залым сыйқыршы былай дейді: «Сендер құмды қаншама жинасаңдар да, ол қалпына келмейді».
Психолог: Қорықпа, құм ханзадасы. Сен біздің балалардың қолынан бәрі келетінін ұмытып қалғансың ба? Олар өздерінің алақандарын құмға тигізіп, , іздерін қалдырады, сонда сиқыр жойылады.
Музыка баяулайды. Психолог «құм жапырағынан» матаны алып тастайды.
Құм ханзадасы: Қараңдар, айнала құм таулары!
Музыка ойнайды.
Психолог балалармен бірге құмда іздерін қалдырады ( сиқыр алынды). Одан кейінқұмдардың арасынан үйлер, ағаштар, адамдар мен жануарлардың фигураларын тауып алады, жолдар салады. Құм елін тәртіпке келтіреді.
Құм ханзадасы: Балалар, рахмет сендерге! Сендер нағыз сиқыршысыңдар! Менің елім одан сайын әдемілене түсті.
Жұмыс аяқталғаннан кейін психолог балаларға қолдарын жуып, орындықтарға отыруды ұсынады.
Психогимнастика:
-
Орындықта арқалыққа сүйеніп, тік отырыңдар, аяқтарың еденге тимеуі керек. Көздеріңді жұмыңдар.
-
Бұлттар жылжыған көк аспанды елестетіңдер. Сендер оларды бақылайсыңдар. Егер де бірдеңе ойлаған болсаңдар, нашар көңіл-күйлерің бұлттармен бірге ұшып кетсін. Сендер көк аспанды ғана көріп тұрсыңдар.
-
Сендер тыныштықты, қуанышты сезесіңдер.
-
Көздеріңді ашыңдар, біраз уақыт тыныш отыра тұрыңдар, одан кейін асықпай, ақырын тұрыңдар. Балалармен олардың түйсіктері, сезімдері туралы талқылау.
Сабақ рефлексиясы:
Психолог: Балалар, біз бүгін үлкен іс тындырдық. Сендер нағыз сиқыршысыңдар.
Қазір менің көңіл-күйім жақсы, мен көп нәрсе білдім. Ал сендер не білдіңдер? Сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Құм елінен «шығу» салт-жоралғысы.
Енді менің сүйкімділерім, қолдарыңды құмсалғыштың үстіне созып, шар домалақтағандай қимыл жасаңдар. Енді оны жүрек тұстарыңа қойып, менің айтқанымды қайталаңдар:
« Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істің, үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз!»
Сау болыңдар! Келесі кездескенше!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сиқыршылар ертегі әлемін жасайды" құм терапиясы

шағым қалдыра аласыз