Сиқыры бар, Жаңа жыл! ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сиқыры бар, Жаңа жыл! ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның ересектер тобы балаларына арналған "Сиқыры бар, Жаңа жыл" атты жаңа жыл мерекесі ертеңгілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сиқыры бар, Жаңа жыл!»

Балалар залға көңілді әуенмен кіреді

Жүргізуші: Қымбатты ата- аналар мен қонақтар сүйкімді де біздің бүлдіршіндеріміз!

Шыршамызды ойыншықтар мен түрлі – түсті от шашуларға көмкеріп, өзіміз де әдемі киініп, Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін келді жаңарып, Би билейді, ән салады,

Жасыл шырша жанында.

Сәлем бізден баршаға

Құттықтаймыз жар сала,

Бүгін бізде Жаңа жыл,

Қош келіпсіз шыршаға.

Жаңа жылда көңілді,

Шырқалады әніміз,

Ата- аналар сіздерді,

Құттықтаймыз бәріміз!

Жүргізуші: Балалар , сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал бүгін балалар, қандай мереке ? 

Балалар: Жаңа жыл.

Жүргізуші :Балалар, Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп «Қыс күні» - әнін шырқайық 

Аруна:Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Жаңа жылмен құттықтап

Ән маржанын шашайық

Әдемі:Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді

Аружан: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші: Тыныш балалар,тоқтаңдар
Құлақ салып тыңдаңдар
Сықырлатып ақ қарды
Тез ақ біреу кеп қалды?!
Кім болды екен ,қарайықшы

Музыка әуенімен сиқыршы,таңғалып кіреді.
Сиқыршы: 
Бұл жерде не болып жатыр? Мен қайда келдім? Мен өзім демалуға Турцияға жиналғам ,тууу сиқырлы таяғым істемей қалды тағы да.
Балалар бұл жерде не болып жатыр?
Жүргізуші: Бұл жерде жаңа жыл мерекесі болып жатыр,
Сиқыршы: Балалар мынау не өзі? Мынау не ағаш? Пальма ма? 

Балалар: Бұл шырша.
Сиқыршы: Енді қалай демалдым? Жазғы демалысым қалай өтетін болды? Енді не істесем бе екен? Сендерде сап-салқын? Көңілсіз.
Жүргізуші: Неге көңілсіз? Бұл жаңа жыл деген ең жақсы мереке қой. Жаңа жыл туралы сізге балалар  айтамыз дейді.

Сәния: Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Арлан: Той мереке салтанат

Думандатып шартарап

Келедімінежаңажыл

Тартуларынарқалап

Нұрмұамед: Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Келді міне тағы да.

Жанайым:Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып

Жүргізуші: Енді біздің балалардың «Ару жаңа, жыл жаңа»

өлеңін тамашалаңыз.

Сиқыршы: Мынау мереке шынымен де керемет екен, маған ұнап жатыр.

Жүргізуші: Сиқыршы сіздді біздің балалармен билеуге шақырамыз.

Хоровод «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Сиқыршы біздің жаңа жыл туралы жаттаған тақпақтарымыз бар, тыңдап көріңіз.

Әдия: Жаңа жылда жаңаша

Болсын қызық тамаша

Билеп, ән сап атаны

Қуантайық балаша

Н.Аяла: Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза тамаша

Аппақ біздің атамыз

Жасмин:Алақай, жаңа жыл

Бәрі аппақ ой мен қыр

Шыршада біз ойнайымыз

Жаңа жылды тойлаймыз

Нұрайым: Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Би билейік бәріміз

Ш.Жансая:Әкелсін жыл ырыс құт

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша

Сиқыршы: Қандай керемет тақпақтарың, өлеңдерің. Мен сиқыршы болғандықтан сендерге бір сиқырымды көрсетейін. (конфети шашады)

Жүргізуші: Сиқыршы біздің балалар сізді ойын ойнауға шақырады.

Ойын: «Сиқырлы шырша»

Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыздың шамдары әлі жанбаған, қалай ойлайсыңдар, Сиқыршыға айтсақ шамдарын жағып береді ме екен?

Сиқыршы: Әрине мен Сиқыршы емеспін бе? Қазір жағып берейін. Ахалай – махалай, сим – салабим. Сендердің елдеріңде менің сиқырым істемей жатыр.Енді не істедім? Мен қалай өз еліме кетемін? Енді не олды?

Жүргізуші: Сиқырша сіз мұңаймаңыз

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші :Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

(2 рет айту керек.)

Сиқыршы: Мен сиқырлап, Аяз атамен Ақышықарды шақырыйын. Таяқшам қайда менің? (Таяқшамен сиқырлап шақырады) Аяз ата, Аяз ата деп айтқанда, есік ашылады да.

Жүргізуші: Ал балалар келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Рауан: Басталды қызық тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Аяз ата келеді

Бізге сыйлық береді

Т.Жансая: Жаңа жыл келді алақай

Тұрма қарап балақай

Жаңа жыл тойын тойлайық

Қане достар тұрмайық

Айдын: Аязата өзіңді

Күттік бәріміз

Сыйлық әкеліп

Қане беріңіз

Батырхан:Жаңа жылда

Тақпақ айтамыз

Сыйлық берсін

Біздің аяз атамыз






С.Аяла: Жаңа жылда-береке

Жаңа жылда-мереке

Жаңа жылда бәріміз

Ай, қызық думан құрамыз.

Сиқыршы: Туууу, мен тағы да бүлдірдім. Бүгіндікке менің таяқшама не болды өзі.

Сиқыршы: Ал, сен неге амандаспайсың? Алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Әтеш: Білсем бұйырмасын! Сиқыршы : Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз де біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па? 

Әтеш: Жоқ. 

Жүргізуші: Сен қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой? 

Әтеш: Биыл менім жылым ,не істесемде өзім білем.Шақырған жерлерім көп еді ,бірақ өзімде түсінбей қалдым қалай келгенімді. Сиқыршы: Мен байкақмай сені шақырған.Негізі мен аяз ата мен ақшақарды шақырған едім.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? 

Әтеш: Ә ,бәлем, солай ма екен (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы) естіледі. Әтеш тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата- аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды .

Жүргізуші: Аяз атаны ата- аналардан сұрап көрейік? Ата- аналар Аяз атаны бүгін көрдіңіздер ме? Ал Аяз ата мен телефон мен сөйлестіңіздер ме? Ой, Аяз атамыз келе жатқан сияқты. (Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.)

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,

Есеңсің бе қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асулар мен алысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Жүргізуші: Қане балалар Аяз ата мен амандасайық.

Сәлеметсіз бе Аяз ата.

Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қәне, сиқырлы сөздеріммен оның шамдарын жарқыратайықшы?

Қуант, бізді, таңырқат шамдарыңды жарқарат ! (3 рет айту керек.)

Балалар: Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат қолдарын шапалақтатады (Шырша жарқырайды).

Жүргізуші: Аяз ата сіз біздің балалардың тақпағын тамашалаңыз.

Тақпақтар:Жансая,Айша,Адия,Султан,Дария.

Аяз ата: Жарайсыңдар,тақпақтарыңда тамаша. Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен кім тауып береді екен маған? 

Сиқыршы: Мен тауып берейін,сиқырлап шақырайын.(таяқшамен сиқырлайды) Сиқырлап,сиқырлап тауықты шығарады.Мен тағы не бұлдірдім.

Тауық: Ан-таң болып,жылайды,менің балапандарым қайда?

Әтеш:Жыламашы мен саған көмектесемін.тауық жан. Сиқыршы:Жылама,жылама маған уақыт бер,мен сенин балапандарынды тауып беремін!

Жүргізуші:Жылама,көңілінді көтер,балапандарың табылады. 

Сиқыршы:Сиқырлап,сиқырлап музыку әуенмен балапан келеді. 

Балапан- Тауық:Менім көңілім көтерілді.Балапандарды көріп бір куанып қалдым.Ендеше балапандарым қайда ,би билеп берейік. 

Би:«Балапан»

Әтеш:Сиқыршы қатырды бүгін,бізді бүгін отбасымыз бен сиқырлап жинап алыпты . 

Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар. 

Жүргізуші: Аяз ата мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?

Ертегідей орманнан,

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табыңдаршы, аты кім? Балалар : Ақшақар! (Музыкамен Ақшақар кіреді) Ақшақар : Сүйсіндірер маңайды, Ақшақармын арайлы Жалт- жұлт еткен жүзімнен Күміс- сәуле тарайды. Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге . Қандай әдемі неткен сұлу шырша ! Ақшақар: Өздерің де аман – есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірленген өнерлерің болса көтеріп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар. Ой, шыршаларың қандай әдемі, керемет! Шыршаны айналып бір ән айтсақ қайтеді. Ән: « Шырша» Аяз ата:Керемет өлеңдерңін тамаша.Ал ендеше менімен бір қызқық ойын ойнап жіберейік. 

Ойын:«Қолғап» Әтеш: Балалар мен сендермен қызықты ойын ойнадым,енді мен ата-аналармен ойын ойнағым келіп тұр. 

Ойын: « Күзетші» 

Аяз ата: балаларға әкелген силықтарым қайда кеткен. Сиқыршы силықтарымды сиқырлап тауып берші балаларға силықтарды беруім керек. 

Сиқыршы:Ахалай,махалай деп сиқырлайды. 

«Телефонның шырылдаған дауыс естіледі

Пимагүл Андреевна сізбе ?қайда жүрсіз,билетиниз күйіп кететін болды ғой. Аэрапорта күтіп отырмыз Сиқыршы:ой+ой жаксы болды кететін болдым.сумкам қайда.Музыкамен кетеді. 

Аяз ата:Балалар менің сендерге арнап әкелген сыйлығымды табыс етейін. Енді өздерің мен қоштасып, келесі балабақшаға баруым керек. Онда өздерің секілді кіп- кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болыңдар! 

Барлығы: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!Аяз ата мен Ақшақар залдан шығып кетеді. 

Жүргізуші: Не ойласаң Жаңа жылда,Орындалар бар арман. Жаңа жылда сондықтан да, Күтеді екен бар адам- дей отырып, Жаңа жылда бар армандарыңыз орындала берсін, отбастарыңызға амандық, денсаулық, берсін – дей отыра осымен мерекеміз аяқталды, сау сәлемет болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2021
468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі