Материалдар / "Сіріңке-ойыншық емес"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сіріңке-ойыншық емес"

Материал туралы қысқаша түсінік
Лызмжд защдада
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

«Болашақ бөбекжайы» Ән - саз жетекшісі:

Эльмира Джумагулова Сансызбаевна


Тақырыбы: Жайдарлы жаз (музыкалық ойын - сауық кеш)


Жүргізуші: Сапырған сары қымызын

Барамын жасыл жайлауға.

Қызықтап көркін күн ұзын,

Асыр сап көкте ойнауға.

Сәлеметсіңдер ме менің сүйкімді бүлдіршіндерім және кеш қонақтары. Бүгінгі «Жайдарлы жаз»музыкалық ойын - сауық кешке қош келдіңіздер! Балалар біз ең алдымен бізге шуағын сеуіп тұрған нұрлы күнмен содан соң аяғымызды басып жүретін қара жермен амандасып алайық

Сабақтың барысы:

Амансың ба нұрлы күн!

Амансың ба қара жер!

Аман – есен болайық!

Бейбітшілік қалайық!

Балалар, адам мен табиғат әрқашанда егіз. Тіршілікте одан ғажап ешнәрсе жоқ. Табиғат, жер - ана, туған жер осы сөздер құлаққа жағымды естіліп шаттық сезімін ұялатады десеңші. Табиғатты неліктен анамызға теңейміз, өйткені анамыз бізге ақ сүтін беріп өсіреді, ал табиғат - біздің қамқоршымыз, асыраушымыз десек қателеспеген болар едік. Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта. Ол мезгілге байланысты өзгеріп тұрады. Қазір жылдың қай мезгілі? Мына суреттен табайық.

Балалар: Жаз мезгілі.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Күз мезгіліндегі ауладағы ағаштарды еске түсірейік, жапырақтардың түстері қандай болады? Қыс мезгілінде балалар қалай киінеді, көктемде құстар қай жақтан келеді? Қазір жылдың қай мезгілі? Жаз мезгілінде жапырақтардың түстері қандай болады?

Балалар: Жасыл

Жүргізуші: Қазір неліктен жапырақтардың түстері жасыл болып тұр? Адамдар неге жеңіл кейініп жүр? Жылдың қай мезгілінде балалар суға шомылады?

Балалар: Балалардың жауабы

Жүргізуші: Мына табиғат неге көңілсіз екен, осы табиғаттың көңілсіз бейнесін маған кім жадыратып береді екен. Балалар ән айтып, би билеп, тақпақ айтып білесіңдер ме? Олай болса мен ортаға Дидарды шақырғым келіп тұр.


Көңілді жаз, тамаша,

Ән саламыз жараса

Тақпақ айтып би - билеп,

Ойнаймыз - ау таласа.

Көңілді жаз, тамаша,

Күледі күн қараса.

Жағасында ойнаймыз,

Жалаң аяқ балаша. ( 3 топ) Дидар


- Қараңдаршы балалар, табиғатымыз жанданып, жадырап, көңілденіп қалды. Күніміз де күлімдеп, рақмет айтқандай болып тұр. Кәне біздер табиғатқа өзіміздің ризашылығымызды білдірейік.

- Жер, дем беріп, күш қосқаның үшін рақмет!

- Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!

- Ағаш көлеңкең үшін рақмет!

- Табиғат сұлулығың үшін рақмет!(балалар хормен бірге айтады)

Жүргізуші: балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар, жұмбағымның жауабын кім табатын болса, сол бала маған керемет ән айтып береді,

Қойны толы жеміске,

Көк майсалы еңіске.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар осы жаз мезгіліне арнап, жайқалып өсіп тұрған гүлдерге арнап Райымбек тақпақ айтып береді.

Гүлім, гүлім, өсе бер,

Әдемі боп, асыл боп.

Күндей жайнап кете бер,

Қызыл, сары, жасыл боп. Райымбек (3 топ)

Енді осы 3 - ші топтың қыздарын «Гүл көбелек»әнімен ортаға шақырамын

Ән «Гүл көбелек» орындайтын 3 - ші «Гүлдер»тобының сұлу қыздарын ортаға шақырамын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Жарайсыңдар қыздар, талаптарыңа нұр жаусын!

(күннің күркіреген музыкасы ойналады, найзағайдың дауысы шығады)

Балалар қараңдаршы ауа - райы бұзылып, күннің көзі көрінбей, бұлттанып, жаңбыр жауғалы тұрған сияқты, енді осы гүл мен көбелектерді жаңбырдан қорғайықшы бәріміз. Күншуақтай жайнаймыз, күлімдейміз ойнаймыз демекші сайқымазақ сендермен бірге «Күн мен жаңбыр»деген ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойынның шарты:

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, сендер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер, сендер тағы қандай ойынның түрлерін білесіңдер аттарын атап бере аласыңдар ма?

Балалар: балалардың жауабы.

Жүргізуші: Ал, балалар сендердің сүйікті, сүйкімді, өздерің жақсы көретін ойыншықтарың бар ма? ендеше сол ойыншықтарға арнап кім тақпақ, көңілді ән айтып береді. Мен ортаға Әсемжанды шақырғым келіп тұр.

Ойыншықтар көп екен,

Бірге ойнайық, балақай.

Көкорай шалғын көк екен,

Жарысайық, алақай! Әсемжан (1 топ)


Босқа қарап тұрмаймыз,

Ән айтамыз, жырлаймыз.

Ойыншықтарды көптеген

Оңды - солды шашпаймыз

Кезекті тамаша әнге беремін «Ойыншықтар»әнін қабыл алыңыздар

Ән «Ойыншықтар»

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

Сөзін жазған: Н. Әлімқұлов орындайтындар «Балапан»тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші: Балалар сендер әнді керемет, өте тамаша орындайды екенсіңдер жарайсыңдар!

Би «Спорттық би» 4 топ бүлдіршіндерінің орындауында тамашалаңыздар!

Жарайсыңдар, балалар сендерден болашақта еліміздің мақтанышы болатындай нағыз спортшылар шығады деп мен толық айта аламын, талаптарыңа нұр жаусын балалар!

Енді осы «Көгершін»тобының орындауында «Көбелек» әнін қабыл алыңыздар!

Ән «Көбелек»

Жүргізуші: Балалар, сендер машинаға отырғанды ұнатасыңдар ма? машинаның жіппен жүргенін көрдіңдер ме? машинаның жәй жүргені жақсы ма, әлде шапшаң жүргені жақсы ма? олай болса мен сендерге сиқырлы әуенді жіптің қалай машинамен жүретінін көрсету үшін ортаға 1 топ бүлдіршіндерін шақырамын олар сендерге қалай машинаның жіппен жүретінін көрсететін болады. «Сиқырлы әуенді жіптер»ойыны. Бұл ойынды сендерге мешін ойнататын болады.

Ойынның шарты: Екі баланы ортаға шығарып, олардың қолдарына шиыршық жіптің басына тағылған ойыншық машинаны беріп, әуен ойналған кезде алға, өзіне қарай шапшаңдықпен орап, тарту керек. Қай бала жылдам, шапшаң орындаса, сол бала жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Балалар, сендер өте тамаша ойын ойнайды екенсіңдер, сендерге ойын ұнап жатыр ма? Сендер, балалар ойын ойнап шаршап қалмадыңдар ма? Кезекті тамаша әнге берсек қалай болады. Мен ортаға «Құлыншақ»тобының бүлдіршіндерін шақырып, олардан керемет ән сұрағым келіп тұр.

Ән «Топ, топ, балақан»

Әнін жазған: М. Арынбаев

Сөзін жазған: А. Асылбеков орындайтын хор

Балалар, мен осы топтың балаларымен ойын ойнағым келеді. Ойынның аты «Ия, ия, ия, жоқ, жоқ, жоқ» деп аталады.( 2 топ «Құлыншақ»тобы)

Ойынның шарты: Қазір мен сендерге көптеген сұрақтар қоямын, сендер сол сұрақтарға ия, ия, ия немесе жоқ, жоқ, жоқ деп жауап берулерің керек. Ия дегенде орнымыздан тұрып шапалақтаймыз, жоқ дегенде орындарыңда отырып шапалақтап, нақты әрі жылдам жауап берулерің керек.

Жаз айы ыстық па? Ия, ия, ия.

Конфетті көп жеуге болады ма? жоқ, жоқ, жоқ

Анамызды жақсы көреміз бе? Ия, ия, ия

Домбыра аспабы жүре ме?

Жаңбыр жауғанды ұнатасыңдар ма?

Досымызды ренжітуге бола ма?

Жаз мезгілінде далаға қар жауа ма?

Құс қанатсыз ұша ала ма?

Қыс мезгілінде көбелектер ұшады ма?

Жазда жапырақтар жасыл бола ма?

Балабақшаға сендер көлікпен келесіңдер ме?

Қыста ағашта жапырақ бола ма?

Суға шомылғанды ұнатасыңдар ма?

Жарайсыңдар, балалар, сендер осы сұрақтардың барлығына дұрыс жауап бердіңдер. Бірақ сонда да мен сұрақтарға көбірек жақсы және толық жауап берген Айару мен Аян деп ойлаймын. Сендер қалай ойлайсыңдар? Олар сұрақтарға өте жақсы жауап берді, мен енді Айарумен Аяннан әдемі тақпақ айтып берулерін сұраймын!

Тақпақ: Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақты. Айару ( 2 топ)

Жаз жайдары, алақай,

Жатыр жайнап даламыз.

Жүр, кәнеки, балақай,

Ойын - сауық құрамыз. Аян (2 топ)

«Көңілді кубиктер»ойыны. Жоғарғы топ бүлдіршіндеріне арналған ойын.

Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөліп, жерге бір кубикті қоямыз, бір бала барып кубиктің үстінен аяқтарын ашып секіріп өту керек, содан соң артында тұрған балалар да алдыңғы қимылды жасап, кубиктен аяқтарын ашып секіріп өтулері керек, ойын осылай 4, 5 кубик болғанша қайталанады.


Қорытынды: Балалар сендердің барлығың да өте жақсы ән салып, би билеп, ойын ойнайды екенсіңдер. Енді біздің түскі ас ішетін уақытымыз жақындап қалған сиқты. Балалар түскі ас ішіп болған соң не істейді, дұрыс айтасыңдар тәтті ұйқыға батады екен! Ендеше біздің ару қыздарымыз сендерге ұйықтар алдында әдемі би билеп береді!

Би «Ұйқыдағы арулар» орындайтындар 3 топ бүлдіршіндері.

Біз не үйрендік?

Сендерге ұнады ма?

Кімге не ұнады?

Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар.

Көңіл - күйіміз қандай? Тамаша!

Жаз мезгілі қандай? Тамаша!.

Ауа райы қандай? Тамаша!

Жазғы демалыс қандай? Тамаша.!

Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)

Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!

«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» дегендей балғын балаларымыздың жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне ерекше ықпал жасауымыз керек құрметті тәрбиеші, ұстаздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!