“М.Дауленов
мектеп-интернаты”КММ
«Достық»
(Достық қарым-қатынасқа
арналған тренинг)
Орындаған мектеп
психологы:
Толегенова Аяулым
Толегенкызы
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды
қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға,адал дос болуға және
қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті
дамыту.
Міндеті: Адам қарым-қатынасындағы
достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық
сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке,
шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
I
Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де
«Сіз»,
Кішіге де
«Сіз».
Бар адамға
құрметпен,
Бас иеміз
біз.
II Шаттық
шеңбері.
Тренинг ережелерімен
таныстыру.
-
Кешікпеу.
-
Өз уақытында
бастау.
-
Бір-бірін
сыйлау.
-
Ұзақ уақыт
сөйлемеу.
-
Көңілді
болу.
Танысу
тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып
танысайық.
Әдепті-Әлия
Жағымды-Жұлдызай
Үлпілдеген-Үміт
Мейірімді-Мәди
III Кел, ойнайық,
пікірлесейік.
Дос көп еді жүретін сыр
ақтарып,
Жандарынан тұратын шұақ
тамып.
Домбырамның үні де
естіледі,
Достарымның сырлары
сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда
аңсағаным,
Соларменен қосылып
әнсалармын.
Ақ пейілді аңсаған
достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы
аламын.
Көңіл - дария, толқыған
асылдарым,
Сендер менің жылдарым,
ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы-достық
екен,
Достарымнан ештеңе
жасырмадым.
Шын достықтың оттары
жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан
алынбайды.
Дос көңілдер есепке
бағынбайды.
Күн шығады дүниені
нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір
мәңгілік.
Дос көңілі сияқты
шашырайды,
Күннің өзі көктегі тұрған
күліп.
-
Достық дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Шын досты қалай білуге
болады?
-
«Досы көпті жау алмайды» деген
сөзді түсіндіріңдер?
-
Достары көп болу үшін адам
қандай болуы керек?
IV «Достық. Бірлік» үйін
салу.
Сол үлкен үйді бәріміз бірге
салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
-
Шын дос үшін
қалайды,
Тік қатерге
басыңды.
Айыра біл
алайда,
Досың менен
қасыңды.
-
Досы жоқпен
сырлас,
Досы көппен
сыйлас.
-
Досың мың болса
да-аз,
Дұшпанның біреу болса
да-көп.
-
Досыңменен дос болғанға
шаттан,
Дұшпаныңменен дос болғаннан
сақтан.
-
Ақылсыз достан, ақылды дос
артық.
-
Дос басқа
қарайды,
Дұшпан аяққа
қарайды.
-
Өрге жүзген өнегелі
ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның
ішінен.
-
Балалар орындарына емін-еркін
жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның
жақсы қасиеттері туралы ойлаймыз.(2-3
секунд)
-
Балалар, достарымызды ойлап
болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізід жазып, ойлаған
досымыздың есімін жазайық.
VII Дәйек
сөз
VIII Социометрия
әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара
қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу-тәрбие
жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай
орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір
сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз сыныптастарыңнан үш адам
есімдерін жазасыздар.
-
Кіммен дос болғың
келеді?
-
Партада кіммен бірге отырғың
келеді?
-
Мерекелерде кімге сыйлық
бергің келеді?
IX Жүректен-жүрекке жылы
лебіз білдіру.
Балалар шаттық шеңберіне келе
қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы
лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып
беру.
X
Қорытынды.
Үйге
тапсырма.
«Жүректен шыққан» деген
күнделік арнау. Күнделікті кімнен жақсы сөз естідің, кімге жақсы
сөз айттың, сол жақсы жылы сөздерді жазып
жүру.
Сабаққа қатысты оқушылар,
мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге
жабыстырады.