|
Бекітемін
__________Г.Абдрасул
|
|
Бөлім
|
Python
(пайтон) тілінде алгоритмдерді программалау
|
|
Педагогтың аты-жөні
|
Омартаева А.Н.
|
|
Күні
|
03.03.2026
|
|
Сынып 10
«А»
|
Қатысушылар саны
|
|
Қатыспағандар саны
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Скрипттер пайдалану.
Практикалық жұмыс
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
10.3.1.1 – скрипттерді пайдаланып, бағдарламалау
тілінің негізгі құрылымдарын қолдану; 10.3.2.1 – бағдарламалау тілінде айнымалыларды,
мәліметтер типтерін және операторларды қолдану; 10.3.3.1 – бағдарламалау тілінде шартты
операторларды және циклдерді қолдану.
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
бағдарламалау тілін қолданып, қарапайым скрипт
жазады; жазылған скриптті
орындайды және нәтижелерін талдайды;
скриптті
жетілдіреді және қателерін түзетеді.
|
|
Құндылыққа баулу
|
Оқушыларға ақпараттық технологиялар саласында білімдерін
жетілдіру, жауапкершілікті сезіндіру.
Осы сабақта қолданылатын
2025-2026 оқу жылындағы құндылықтар: - жасампаздық және жаңашылдық
|
|
Сабақтың кезеңі
|
Мұғалімнің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы (10 минут), Ұйымдастыру
кезеңі
Қызығушылықты ояту – (3
минут)
Ширату тапсырмалары – (4
минут)
Жаңа сабаққа кіріспе (3
минут)
|
Қызығушылықты ояту: - Сәлемдесу; - сыныпты түгелдеу; - оқушылардың назарын аударту;
Ширату
тапсырмалары: - Бағдарламалау тілдері туралы қысқаша
шолу.
- Сабақтың мақсаты мен
міндеттерін түсіндіру.
|
Оқушылар
сұрақтарға жауап береді, сабақтың мақсатына назар
аударады.
|
Мұғалім
оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, қалыптастырушы
бағалау жүргізеді.
|
Дербес
компьютер,
проектор,
презентация.
|
|
Сабақтың
ортасы (25 минут), Жаңа
сабақ
|
Мәтінмен жұмыс: Скрипттерді
пайдалану (5 минут) - Мәтінді
оқу; - Мәтіннің негізгі
идеясын түсіну; - Скрипттерді
қолдану салаларын анықтау.
|
Оқушылар мәтінді оқиды,
талқылайды, өз ойларын жазады.
|
Топ
динамикасы, қорытындының сапасы.
|
Оқулық, интернет ресурс, оқу
құралдары. 
|
|
1-тапсырма: Алгоритм жазу (5
минут)
Оқушыларға қарапайым есеп
шығару алгоритмін құру ұсынылады. Мысалы, екі санның қосындысын
табу алгоритмі. Дескриптор: - алгоритмнің негізгі қадамдарын
анықтау;
- алгоритмді
жазу;
- алгоритмнің дұрыстығын
тексеру.
|
Оқушылар алгоритм жазады, оны
сыныпта талқылайды.
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
әдісімен бағалау.
|
Дербес
компьютер,
жұмыс
дәптері.

|
|
|
2-тапсырма: Код қатесін табу (7
минут)
Оқушыларға қате код
беріледі, олар оны түзетіп, дұрыс кодты жазады. Дескриптор: - кодтың қатесін анықтау; - қатені түзету; - түзетілген кодты орындау.
|
Оқушылар
кодты тексеріп, қателерін түзетеді.
|
ҚБ
«Алақан-жұлдыз» әдісімен бағалау.
|
Дербес
компьютер,
жұмыс
дәптері.

|
|
3-тапсырма: Скриптке түсініктеме беру (8
минут)
Оқушыларға дайын скрипт
беріледі, олар оны түсініктемелермен толықтырады. Дескриптор: - скрипттің әрбір бөлігін
түсіну;
- түсініктемелер
жазу;
- скрипттің нәтижесін
талдау.
|
Оқушылар
скриптті оқып, түсініктемелер жазады.
|
ҚБ
«Өзін-өзі бағалау» әдісімен бағалау.
|
Дербес
компьютер,
жұмыс
дәптері.

|
|
Сабақтың соңы (10
минут), Қорытынды, Ой толғаныс, Кері байланыс
|
Кері
байланыс
Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды
|
Оқушылар
білімдерін сараптайды, рефлексия жүргізеді. Тақырып бойынша не
білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін
жазады.
|
Кері
байланыстың бар екендігі.
|
|
|
|
Оқушылар алған білімін ары қарай шыңдау
мақсатында мұғалім үй тапсырмасын береді.
|
Оқушылар
үй жұмысын орындайды.
|
Кері
байланыстың бар екендігі.
|
|