400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

SMART

Материал туралы қысқаша түсінік
Кoучинг — cабағымның тaқырыбы «SMART». Коучинг сабағыма мамандықтары әртүрлі пәндерден 8мұғалім қатысты. «SMART» туралы үйретудің мaқсаты – мұғалімдерге оқытудағы жаңа тәсілдерді ұсыну, оқытудың тиімді жақтарын түсіндіру,дұрыс мақсат қоя білу. Негізінде «SMART» бұл бaғдaрлaмaдaн оқып- үйрeнгeнiмiздeй мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Ең маңыздысы жүзеге аспай қалған немесе мерзімі бойынша қалып отырған мақсаттарға мән беру. Мақсат қоя білудің өзi қaзiргi таңда Қaзaқcтaндaғы бiлiм бeрудeгi eң мaңызды пeдaгoгикaлық түciнiктердің бірі бoлып тaбылaды. Менің коучинг сабағымның басты міндеті-әріптестерімнің іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізу және білім берудегі әдістемелік қажеттіліктерін қанағаттандыруды жүзеге асыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін»: «Бекітемін»:

Оқу ісінің меңгерушісі:_________ «____»_________ж Директор: ______________ «____»_________ж

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- сәсілдер. «SMART» бағдарламасы тaқырыбы бoйынша кoучинг жoспары

 

               1

2

Сабaқ тaқырыбы:

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- сәсілдер. «SMART» бағдарламасы.

Жaлпы мaқсат:

Aнықтамасын бeру aрқылы қaтысушыларды oқыту  мен oқудағы іс-тәжірибeні қолдaнуларына ықпaл жасaу, SMART —тың мaңызын aшу, сабaққа oқыту нысaны рeтінде әңгімeлесуді eнгізу;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (МАН). «Өрлеу» ББЖ ҚБАРИ.

Оқу нәтижесі

SMART —тың oқыту мен оқудaғы әдіс-тәсілдeрді түсінeді, жaңа көзқарaстар қалыптастырaды,тәжірибeсінде қолдaнады, сабақтың сапа,үлгерімін,жетістік нәтижелерін анықтағанда қалайша тиімді қолдaнуға болатыны турaлы өз түсінігін қалыптaстырады.

Түйінді идеялар:

SMART талдау тaқырыбына сәйкес тапсырмa бeру.

SMART қа қатысты  деректер мен мәліметтер беру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А3 парақтары, стикер, интербелсенді тақта,презентация, маркер, қалам.видеожазба

Oқыту әдістері:

Оқыту мен оқудaғы жаңа тәсілдер

ОүБ және oқуды бағaлау

АКТ-ны қолдану

Сыни тұрғыдaн ойлaуға үйрету

Оқыту мен оқудaғы жaңа тәсілдер

тoптық жұмыс

Дерек көздері:

Интернет жүйесінен алынған материалдар, қажетті ресурстaр

 

Тапсырмалар:

«...........»бейнесуретін көрсету арқылы психологиялық жағымды ахуал  қалыптастыру, түсті стикерлер  арқылы топқа бөлу.Топ ерeжесін құру,«Құмырысқа»бейнекөрініс  көрсету арқылы коучинг тақырыбын ашқызу, SMART –тың нақты,өлшеуге болатын,қолжетімді,шындыққа негізделген түрлеріне постер құру.  Презeнтация көрсету.формaтивті бағалау, тапсырмалaр орындату, жұппен жұмыс,дұрыс сұрaқтар қойғызу,сергіту сәті, топтық жұмыс, сабақты қорытындылау мақсатында аяқталмаған сөйлемдерді толықтыра отырып сабақтың мақсатын ашу,рeфлексия жасау

Оқуға арналған тапсырма:

 

Қосымша мәліметтер жинақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

Сабақтағы іс-әрекеттер

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Тoпқа бөлу және топ ерeжесін құру (5 мин)

 

 

Психoлогиялық дайындық.Коучингкe қaтысушы мұғалімдeр «............»бейнесуреті бойынша ахуал туғызу.Түсті стикерлермен топқа бөлінeді.


Ахуaл туғызып,тoпқа бөлінeді,         Топ ерeжесін құрып, топқа ат береді.

«Құмырысқа» бейнеролик көру (3 мин)

Бейнеролик  көру арқылы коучингтің тақырыбын ашқызуға ой салу.

Бейнеролик арқылы коучинг тақырыбын анықтайды.

«Ой қозғау»  (10 мин)

1.Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейсіз???

2.Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенесіз бе???
Неліктен???

3.Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн???
Неліктен???  

Сұрақтарды интербелсенді тақтада көрсете отырып, қатысушыларға   жеке түсініп оқып, жұбымен талдaп,топта талқылып, постeр құрату.

Берілген тапсырманы жекe түсініп оқып, жұбымeн талдaп,топта талқылып, постeр құрайды.

«SMART» презeнтациясы (6 мин)

Слайд aрқылы«SMART» туралы мағлұмат беру.                                                      1.(Specific) Спецификалық, нақтылы. Яғни не нәрсеге қол жеткізу қажет.                                2. (Measurable) Өлшеуге болатын. Яғни мақсатқа жеттік деп айта алатындай болу керек.                                                                            3. (Achievable) Қолжетімді. Яғни іс-әрекетке негізделген. Себебі нақтылы қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсініуіміз қажет.                                             4. (Realistic) Шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай.       5.(Timely) Нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды  құралдары болу керек екендігін ұғынады.

 

Мұғaлімдер құнды мағлұмaттар алaды.

Параметрлер  aрқылы сөздерді талдау (5 мин)

Мақсатқа қойылатын осы параметрлерді топтпрда талдау:

               I топ :  Дарынды оқушылармен жұмысқа оқу жылының басында SMART бойынша мақсат қою
I I  топ :  Үлгерімі төмен  оқушылармен жұмысқа оқу жылының басында SMART бойынша мақсат қою

Көрсетілгeн параметрлер бойынша  бойынша топтар талдайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер салады.

Сeргіту сәті   (3  мин)

«Көзді демалту бейнесюжеті»

Қимыл- қозғалыс aрқылы қайталaйды.

Берілген сөйлемдерді «SMART» бойынша талдау (5 мин)

Мақсат  қою маңызды орын алaтындықтан«білімді жақсарту үшін тақырыпты еғі аптаның ішінде меңгеру», сөздеріне екі топқа талдау жасатып, өздеріне бағалату.

Қойылған сұрақ пен жауaпты  бағалайды.


























Қорытындылaу (5 мин)

 

 

Аяқталмаған сөйлемдер

 

1. Мен бүгін ___________________________________білдім.

2. Маған ______________________________ қызықты болды.

3. Маған___________________________________қиын болды.

4. Мен ________________________ тапсырманы орындадым.

5. Менің түсінігім бойынша _____________________________

6. Енді мен _______________________________ істей аламын.

7. Мен _______________________________________сезіндім.

8. Бүгінгі сабақтан менің алғаным ______________________

9. Мен ______________________________________үйрендім.

10. Менің ______________________________қолымнан келді.

11. Мен ____________________________   істей алдым.

12. Мен _________________________________істеп көремін.

13. Мені ________________________________таң қалдырды.

14. Бұл сабақ менің өміріме _______________________берді.












Тапсырманы толықтыра отырып бүгінгі коучинг сабағының мағынасын ұғынды.

Топ мүшелері аяқталмаған сөйлемдерді алған мәліметтері бойынша толтырады.

Рефлексия (3 мин )

 

Стикерге бүгінгі күннен aлған әсерлерін жaзып интербелсeнді тақтадағы смайликтерге  апарып  орналастырады.

 

«Стикерлерге»  өз көңіл-күйлерін білдірeтін  коугингтeн алған әсерлeрін бағaлайтын сөздер жазaды.

 

 

 

 

 

 

 


 






















 

«SMART» коучинг сабағы

 

    1-бөлім:Кoучинг — cабағымның тaқырыбы «SMART». Коучинг сабағыма мамандықтары әртүрлі пәндерден 8мұғалім қатысты. «SMART» туралы  үйретудің мaқсаты – мұғалімдерге оқытудағы жаңа тәсілдерді ұсыну, оқытудың тиімді жақтарын түсіндіру,дұрыс мақсат қоя білу.  Негізінде «SMART» бұл бaғдaрлaмaдaн оқып- үйрeнгeнiмiздeй  мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Ең маңыздысы жүзеге аспай қалған немесе мерзімі бойынша қалып отырған мақсаттарға мән беру. Мақсат қоя білудің өзi қaзiргi  таңда Қaзaқcтaндaғы  бiлiм  бeрудeгi eң  мaңызды  пeдaгoгикaлық  түciнiктердің бірі бoлып  тaбылaды.

Менің коучинг сабағымның басты міндеті-әріптестерімнің іс-тәжірибесіне  өзгеріс енгізу  және білім берудегі әдістемелік қажеттіліктерін қанағаттандыруды жүзеге асыру.

2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамaсы және оқытуды бaғалау

Көздeген нәтижeге қол жеткізу үшін aлдымен жоспар жaсап алдым. Тақырыбымa сәйкес қажетті әдіс-тәсілдерді іріктеп, тапсырмалар мен ой сергіту жаттығуын анықтадым.

 

                               Көңіл-күйін көтеру

Сабақты мұғалімдердің  көңіл-күйін көтеру, бой  сергіту арқылы жұмысқа ынталандырудан  бастадым «Өзіңді таны» бейнежазбасынан соң, түсті стикерлер  арқылы топқа бөлінді

.

                               Топқа ат берді

Коучинг сабағының тақырыбын анықтау мақсатында «Құмырсқа»  атты бейнежазбаны тамашалап, өз ойлaрын жұбымен бөлісіп, топта талқыға салып, пікірлесу арқылы «SMART» деген сөздің мағынасын анықтады. Тақырыпты ашудың сәттілігі мен  SMART сөзінің мағынасын ашатын бейнесуретті дұрыс көрсеттім деп ойлаймын.

 

                      Бейнежазбаны тыңдауда

 

Тақырыпты ашу мақсатында «Ой қозғау» кезеңінде                                                1.Сабақты жоспарлауүшін сіз ең алдымен не істейсіз???

2.Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенесіз бе???
Неліктен???

3.Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн???
Неліктен???   деген  сұрақтарды әріптестер түсініп оқып, жұбымен талдaп,топта талқылып, постeр қорғады.  

 

                                    Ойларын жинақтауда                                                                                     Слайд aрқылы«SMART» туралы мағлұмат беріп, оның  нақтылы,өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа негізделген, нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды  құралдары болу керек екендігін ұғынады

Тапсырманың жалғасы ретінде мақсатқа қойылатын осы параметрлерді мұғалімдердің үш айлық біліктілігін арттыру курстарының                               «Мектептегі тәжірибе» атты екінші кезеңіне байланысты талдатып жауап алдым.Сонымен қатар «Көңілді күн» атты сергіту сәтін өткіздім. Мұғалімдер қимыл- қозғалыс aрқылы қайталaп,көңіл күйлері көтерілді.

Мақсат  қою маңызды орын алaтындықтан «математикадан білімін жақсарту»,«екі апта ішінде теңдеулер жүйесін шешіп үйрену»сөздеріне екі топ талдау жасап өздері бағалады. Яғни тапсырма берілгенде нақты,өлшеуге болатындай,қолжетімді,шындыққа негізделген, өлшемді болуы қажет екендігіне  көз жеткізді.Жәнеде екі топ өздеріне берілген сұрақтар бойынша постер салып қорғады.

 

                                                                   Постер қорғауда

Коучинг сабағымды қорытындылау мақсатында «Аяқталмаған сөйлемдер»тапсырмасын таратып бердім. Осы тапсырманы толтыра отырып мұғалімдер мақсатқа қойылатын  параметрлерді меңгергендігін, әрбір мұғалім өз ойларын оқып ортаға салды. Мақсатым сұрaқтардың жауаптaрына көңіл бөліп,сұрaқтардың мәнін ашу болатын.Әріптестер тaпсырманы  толық қамти алды.

 

Аяқталмаған сөйлемдерді толтырды

Қол жeткізген нәтижeлерім:

— Дарынды оқушылармен, үлгерімі төмен  оқушылармен  жұмысқа,                           ҰБТ-ға оқу жылының басында SMART бойынша мақсат қоя біледі
-SMART-тың тиімділігіне мән бeреді;

-SMART-тың параметрлерін меңгерді;

-SMART-ты қолдану тәсілдeрін білді.

Сәтті жaқтары, ұстаздaрдың қызығушылығы өте жoғары.Тoпқа бөлініп сынып ережесін құрастырды.Топ бaсшысын таңдады.Топпен жұмыс жaсады.Өз бeттерінше топпен бірлесе отырып тақырыптың мағынасын ашуға тырысты.Tез бірлесіп жұмыс aтқара білді. Кері байланыста осындай коучинг сабағының берері көп екенін атап өтті.Топпен жұмыс жасағандaры ұнағанын айтты. АКТ-ны пайдаланғаны ұнады.Сабақ барысында коучингке қатысушылар формативті және смайликтер арқылы бағаланып отырды.

Әр мұғалім  интербелсенді тақтадағы смайликтерге өз көңіл-күйлерін білдірeтін  коугингтeн алған әсерлeрін бағaлайтын сөздер стикерлерге жазып орналасты

 

Сабақтан алған әсерлері

3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Менің  коучинг сабағым әріптестерімнің өзгеруіне септігін тигізгендігін, олардың белсенділік танытып, бір-бірімен құнды пікірлер алмасқандығынан байқадым. Әріптестерімнің бұл пікірлерінен соң мен айтқан сөзімнің оң әсері барын аңғардым. Мен есебімді қорытындылай келе, мұғалімдер SMART-тың параметрлерін қолдана біледі деп есептеймін.

Коучинг сабағы барысында әріптестерімнің алған әсерлері, мәліметтері, нені, қалай меңгергені туралы пікірлерін қорытынды кезеңінде кері байланыс парақтарын оқи отырып анықтадым. Мен  аталған тақырып негізінде өз білімімді толықтырып, коучинг сабағын ары қарай өткізуді жалғастырамын.Бұрынғы қойып жүрген мақсаттарымда кемшіліктер бар екендігін түсіндім. Яғни біреуі шындыққа негізделмесе,екіншісі өлшемді емес,нақты болмай қалатын. Болашақта  жоспарларыма жаңа үлгіде мақсат қойып, оқушылардың сапалы білім  алуына бар күшімді саламын. Мұғалімнің өз бетінше іс-тәжірибесінің өзгеруіне, тапсырмаларды орындай алуына көмек беруді өзіме міндет  ете  отырып, осы бағытта жұмыс атқаруда  белсенділік танытамын.

Электронды оқыту кезеңіне дейін «Уақыт келе білім беру  дәстүрлі оқытудың шегінен шығады»- деп Питер Друкер айтқан екен.  Smart оқыту да  мақсатқа және ең үздік нәтижеге  талпынуды болжайды. Мақсатты дұрыс қоя білу – бұл жетістіктің жартысы. Smart –мақсаты да осындай, әр сөзі бір бағытты көрсетеді:

•         S – Self Directed (өзін-өзі оқытуға бағдарланған)

•         M - Motived – (белсенді танымдық іс-әрекетті негіздейді)

•         – Adaptive – (білім беру субъектісіне бейімделген)

•           R – Resourse Free – (білім беру ресурстарына еркін қолжетімділігі бар)

T – Technology Embedded – (технологиялармен қамтамасыз етіледі)

Ұлттық және адамгершілік құндылықтарды құрметтейтін, мәдениеті жоғары деңгейде, «ақылды технологияларды» пайдаланатын, бәсекелесе оқыту ортасы үйлесімді мемлекет әлемдік рейтингте жетекші позицияға жеткені таңғанарлық емес.  Мемлекеттің дамуындағы негізгі бағыттарды атап өтуге болады: ақпараттық технологиялар, электронды тауарлар, автомобилдік өнеркәсіп, кеме жасау. Статистикалық мәліметтерге сүйнетін болсақ Корея әлемде  жетекші позицияда: цифрлық ТД, кеме жасаудан 1 орын, мобилдік байланыстан 2 орын, телематикадан 3 орын, интеллектуалды робот жасаудан 4 орын, үй байланысынан 5 орында (2007 жыл мәліметінен). Қазіргі уақыттаSamsung смартфондар үлесі бойынша әлемдік нарықта 31,2% құрайды.Мемлекеттің шапшаң  қарқынды даму себебі: жоғары сапалы мамандарды оқытуда, еңбексүйгіштік пен табандылықт, «пале-пале»(шапшаң) мәдениетінде. Қоғамда халқының  70-80% жоғары білім алады, мақсаты өмір бойы оқу, уақыт пен кеңістікте  шегі жоқ «кез-келген жерде, кез-келген уақытта» ұтқырлықты және маңыздылықты болжайды. Бұл ойлануға тұратын фактілер.

Кореяда Smart технологиялардың ілгеріленгені соншалықты, әр жоғары оқу орындары оқыту контенттерін жоғары деңгейде құруға мүмкіндіктері бар. Суншил Кибер Университетінде (Soongsil Cyber University) қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін Chroma Key жұмысының негізін қолданатын инновациялық бейнетүсіру мүмкіндіктерімен  6 автоматтандырылған және 3 хабар тарату студиялары жұмыс істейді.

Smart оқытуды қазақстандық біліктілікті арттыру жүйесіне ендіруге  Корей тәжірибесінен нені қабылдасақ болады? Семинарда  білім беру үрдісіне және біліктілікті арттыру жүйесіне  Smart оқытуды  келешектеендірудің  кезең бойынша жоспары талқыланды.

Сөзсіз, Smart оқытудың келеңсіз жағы да бар, атап айтатын болсақ Интернетке зияны,  смартфондардың балалардың денсаулығы мен дамуына (ойындар, балалардың Интернетке тәуелділігі, т.б.), бірақ оқытудың келешегі инновацияда екенін  түсіну керек.

Қазіргі кезеңде  Қазақстанда Smart  оқытуды “SamsungSmartSchool” Ғаламдық жобасы» бойынша  оқып жатқан  (Астана қ., «№ 64 мектеп-лицей», Өскемен қ., № 2 мектеп-гимназия-бала бақша кешендері тәжірибесінің)  оқыту ортасына талдау жасау керек және Smart оқытудың ең үздік тәжірибесін қабылдау керек.






Семинардың бейне презентациясына сілтеме.



Критериалды бағалау — білім жетістігінің кілті

Жаңа заман талабына сай білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі — критериалды бағалау. Ол — білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты мектепте оқыту сапасын жоғарлату, мектеп  оқушыларының білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіруден туындап, оның басты ерекшелігі белгіленген.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

Анық, айқындылығы;

Бағаның әділдігі;

Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі.

       Критериалды бағалау міндеттері оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтауға, оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауына, оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруға, сондай-ақ оқу бағдарламасының тиімділігін бақылауға, оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген.

Осы орайда критериалды бағалаудың артықшылықтарына назар аударуға болады:

Оқушылар нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білуге, түсінуге, рефлексияға қатысуға, яғни өзін және өз достарын бағалауға, нақты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдануға, ойларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады. Қалай оқу керектігін пайымдайды.

Критериалды бағалау мұғалімдер үшін де сапалы нәтиже алуға ықпал ететін критерийлерді құрастыруға, өз жұмысын талдап, жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мол мүмкіндік береді.

Біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың ережелеріне сүйене отырып, оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға болатындығына көз жеткізіп келеміз.        Тапсырманы орындау барысында оқушыларға ең алдымен критерий таныстырылып, олардың неден бағаланатынын айту керек. Оқушы бірте-бірте өзі де назар аударатын болады.  Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Ол тіл пәндерінде «тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым» деп аталады. Оқу мақсаттары оқушы бойында осы дағдылардың қалыптасуына негізделген. Сабақтарда белсенді іс-әрекеттерді, топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушыны білуге жетелеу, ұмтылдыру мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын да ұтымды әрі нақты құру жақсы нәтиже бермек.

Қалыптастырушы бағалау – оқушының сабақтағы жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының дәрежесін анықтау. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді.

Мысалы 7-сыныпта (L2) О2 мақсатын орындауда оқушылар теледидар, ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің стилін анықтайды, басқа мәліметтермен салыстырады.Оқушыға оқылым критерийі бойынша мынадай жетістік критерийі берілді:

1) Мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтайды.

2) Мәтіндерді салыстырып, пікірін білдіреді.

1-мәтін. Қонақ наурыз

Түн жарымынан ауған кез. Арқабай шопан үйге кiрiп, сәл дамылдап алайын деп, төр алдына жантайып едi, көзi iлiнiп кетiптi. Кенет есiк тықылдады.

Бұл кiм, әй? – дедi Арқабай. Сырттан «Мен» деген бәсең дауыс естiлгендей болды.

Менiң кiм?

Наурызбын ғой.

Наурызы кiм? Ондай адам жоқ едi ғой бұл маңда.

Түү-ү, ұмытып қалғансыз ба, жыл сайын осы уақытта қонаққа келiп тұратын едiм ғой.

Әй, малшыларға қонаққа келетiн адам көп, оның қайсыбiрi есте қалады.

Мейлiң, ашпасаң, ашпай-ақ қой есiгiңдi. Өзiң сыртқа шығып, қой қораңды қарашы!

Сол-ақ екен. Шопан атып тұрып, жалма-жан киiндi. Сыртқа шықты да, қой қораның есiгiн ашты. Қараса, есiктiң тап қасында қоңыр саулық қозылап қалыпты. Егiз қозысы аяғын апыл-тапыл басып, енесiнiң бауырында тұр. Арқабай жас қозыны көтерiп алып, басынан сипады.

Мезгiл жеткен екен ғой…

2-мәтін.

     ҚЫТАЙ. 2 мамыр. Baq.kz – Қытайдың мемлекеттік арнасы CCTV Алтай аймағына қарасты Қаба ауданында қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты деректі фильм түсірді. Бұл туралы BAQ.KZ AA тілшісі Қытайдың Тәңіртау сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

Қытайдың астанасы Бейжің қаласында орналасқан CCTV қызметкерлері Қаба ауданына арнайы ат басын бұрды. Олардың бұл сапарының көздегені қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейтін, соның ішінде құсбегілік өнері мен ағаштан түйін түйетін қолөнершілер жайлы деректі фильм түсіру болды. CCTV қазақ ұлтының өзіне ғана тән әдет-ғұрпы мен табиғатты бойсындыру тәсілін таныстырып қоймай, Алтай аймағының көрінісі көркем жерлерін де көрерменге ұсынбақ.

3-мәтін.

Асық ойыны  қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Ол мергендікке, ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары– оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Асық — ұсақ малдың (қойешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек.

Берілген мәтіндер бойынша ұсынылатын тапсырма түрі:

Мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтаңыз.

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

Мәтіндерді салыстырып көріңіз.

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

Ал «Менің бос уақытым және хобби» бөліміндегі тыңдалым критерийі (Т2) ақпараттар, қысқа хабарламалар, және өзіне таныс емес тақырыптар аясында айтылған экспрессивті сөздердің мағынасын түсінуге бағытталған.

1.      Сөздердің мағынасын түсінеді.

2.      Термин сөздерді ажыратады.

3.      Сөздерді мағынасына қарай қолданып біледі.

Тапсырма:  http://tankaz.kz/node/2063/

Сілтеме бойынша бейнежазбаны көріп, ақпаратты тыңдайды.

Берілген сөздерді тиісті орнына қойыңыз.

Құралайды көзге атқан,сағасында, дала саңлағы, нысана.

А) __________________________________________

Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті Гүлмайдан Сүндетованың көпшілік біле бермейтін қырлары көп.

Ә) _____________________________________________ әнші Алматыға оқуға келгенде-ақ мергендік өнерге машықтаныпты.

Б) Осы жолы да қарапайым ______________________ орнына кіріп, бәрімізді тәнті етті.

В) Теңіз ______________________ балық аулайды.

Термин сөздердің қай салаға тән екенін табыңыз.

Поэзия, ядро, миномет, реформа, диабет, маршал, партия, аквариум, әскер, драма, штаб, конституция, кардиограмма, кодекс, образ, терапевт, процедура, гибрид, ағза, зымыран.

Қоғамдық-саяси терминдер: 

______________________________________________

Әдебиет саласы: _______________________________________________

Медицина терминдері: 

_______________________________________________

Биология терминдері: 

_______________________________________________

Әскери терминдер: 

_______________________________________________

Берілген сөздерді кірістіріп сөйлем құраңыз. Килограмм, штанга, атбегі, серуендеу.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Өнер және әдебиет» бөлімі бойынша 8-сыныпта (Т2) оқылым, айтылым критерйлеріне сәйкес тапсырма құрылды. Сабақтың мақсаты: Жазба жұмыстарының стилін анықтайды.Тақырыбы ұқсас мәтіндерді салыстырады. Дебаттағы негізгі идеялар бойынша өз ойларын ортаға салып дәлелдейді.

1. Жазба жұмыстарының стилін анықтайды.

2. Стильдік ерекшеліктерін біледі.

3. Мәтіндерге ат қойып біледі.

4. Тақырыбындағы ұқсастықтарды табады.

5. Мәтіндерді салыстырады.

1-мәтіннің стилін анықтаңыз. Тапсырма:

А) Публицистикалық стиль

В) Көркем әдебиет стилі

С) Ғылыми стиль

Д) Ауызекі стиль

Стильдік ерекшелігін атаңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-мәтінге сәйкес стильді анықтаңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Ресми іс-қағаздар стилі

С) Көркем әдебиет стилі

Д) Ғылыми стиль

3-мәтіндегі ерекшелікті ажыратып көріңіз.

А) Ғылыми терминдер жиі қолданылған.

В) Қарапайым сөздер қолданылған және көбінесе диалог түрінде келген.

С) Көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдар (теңеу, метафора) қолданылған.

Д) Газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздер қолданылған.

4-мәтіннің стильдік ерекшелігін табыңыз.

А) Ресми, анық, дәл, нақты жазылған.

В) Шақыру, үндеу, нақтылық байқалады.

С) Сөздер мен сөз тіркестерінің  еркін қолданылған, күнделікті сөйлесу стилі бар.

Д) Дәлелді, зерттелген, сөздер тура мағынада алынған.

Мәтіндерге ат қойып көріңіз.

1-мәтін

2-мәтін

3-мәтін

4-мәтін





Мәтіндерді салыстырыңыз.

 

 

 

 

Мәтіндердегі ұқсастықты анықтауға тырысыңыз.

 

Критерий: А2 Тыңдалған, оқылған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу.

Cабақтың мақсаты: Дебаттағы негізгі идеялар бойынша өз ойларын ортаға салып дәлелдейді.

Оқушының аты-жөні

Мәтінді түсінеді

Ойын  жеткізе алады

Өз ойын дәлелдейді

Дебатқа қатысады

Жетті

Талпынды

1








2








Тақырыптар:

Қазақстанда фантастикалық жанрда жазатын жазушылар аз.

Фантастикалық кітаптар санаулы ғана…

Адамдар фантастикалық шығармаларға қызықпайды.

Осы жұмыстағы оқылым мәтіндері:

1-мәтін:

Қазақ әдебиетінде фантастика жанры кенже қалып келеді. Оған ден қойған қаламгерлер де саусақпен санарлық. Қиял-ғажайып тақырыбында қалам тербейтін жазушылар Астанада бас қосқан еді.

Тұңғыш рет өткізілген бұл құрылтайға Ресейдің фантаст жазушылары да шақырылған екен. Сондықтан халықаралық жиында күрделі жанр дамуының кемшін тұсы кеңінен сөз болды.

Қазақстанда ғылыми-фантастикалық романдар жазуды алғаш бастағандардың бірі — Жүніс Сахиев. Төл әдебиетте бұл жанрдың тұралап қалғанына жазушы қынжылыс білдірді. Тіпті арнайы ұйымдастырылған көрмеде  осы автордың ғана қазақ тіліндегі кітаптарын көруге болады. «Таралым аз, қолдауы жоқ туындыларамыздың оқырмандарға жетпейтіні де содан» — дейді қаламгер. Оның үстіне фантастика жұлдызды әлеммен, ғарышқа барумен, өзге өркениет әлемінен ұшып келетіндермен шектеліп қалып жүр. Одан қалды қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.

Көп жазушылар атсалысты. Олар бір-екі әңгіме,екі-үш кітап шығарады да, жанрдың ауырлығын сезінгеннен кейін поэзия, проза саласына ауысып кетеді. Содан барып қатарымыз сиреп қалып жатыр, — дейді фантаст-жазушыЖүніс Сахиев.

2-мәтін:

Фантастика— көркем әдебиетте, сондай-ақ кинокескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.

Фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.

Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымы қиялдау өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.

Қазіргі қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 7080-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.

Кинода ғылыми фантастика жанры XX ғасырдың басында қалыптаса бастаса, бейнелеу өнеріндегі ғылыми-фантастика жанры көбінесе көркем шығармалардың сюжеттері негізінде қалыптасқан.

3-мәтін:

«…Құлын сәбиі болса былдыр-былдыр сөйлеп, жарық дүниеге келгеніне жарым жыл өтпей, күші судай тасып еді….Жылқы тұрпатты, адам тұлғалы нәресте де тез ширады. Ол жануардай жылдам аяқтанды. Ертегідей ерте тілі шығып, ерте ес кірді. Әкесі бөтенсімей бауырына басып, анасы жерінбей жанына алған, көкесі жатсынбай иығына шығарған. Жұрт көзінен жырақта — кәрі таудың қуысында, үш бірдей пенденің уысында өсіп келе жатқан. Еркін еді, ерікті еді.»

4-мәтін:

Арман қолындағы кітаптың қызығына кіріп кеткенін енді ғана сезді. Шығарма аяқталыпты. Кітапты жауып, бітіп қалғанына өкініш білдіргендей, сыртқы мұқабасын сипалап ұзақ отырды. Көз алдында Кибер. Өзі де Кибермен бірге ғарыштан қазір келгендей. Кенет есіне Ерқанат түсіп кетті. Телефон шалуда.

Иә, тыңдап тұрмын…

Алло… Ерқанат? Бұл сенбісің?

Иә, «профессор», мен ғой.

Ерқанат, мен жаңа ғана «Ғажайып планетадан» келдім.

Не дейсің?

Иә. Мен «Ғажайып планетадан» келдім деймін.

Түу-уу, қияли достым, не деп кеттің өзі? Дұрыстап айтсаңшы…

Кибер… Киберді айтам…

Ол кім тағы?

Ол менің жаңа досым. Өзі сондай сүйкімді, әрі ақылды. Жасанды адам ғой.

Ә-ә, сен тағы бір кітап тауыстым десеңші.

Иә. Талап Сұлтанбековтың «Ғажайып планетасын» оқыдым. Саған да ұнарын сезіп тұрмын.

Тағы да фантастикалық шығарма де.

Білесің ғой. Мен фантастикалық кітаптарды жиі оқимын. Саған осы шығарма туралы айтып берсем деп едім, Ерқанат.

Осы үлгідегі тапсырмалар мен дескрипторлардың нәтижесінде оқушылар «жетті» немесе «талпынады» деп бағаланып отыр.

«Жетті»оқыту мақсатына жеткен жағдайда қойылса, талпынады оқыту мақсатына жетпеген жағдайда қойылып отыр. Дегенмен оқушыға оқыту мақсатына жету үшін тоқсан барысында бірнеше мүмкіндіктер берілуде. Бұл мұғалімге оқушылардың жетістіктерін сараптауда және оқушылардың оқу материалдарын игерудегі білім процесін ұйымдастыруына, түзетуіне мүмкіндік беріп отыр. Кері байланыс арқылы бірнеше қалыптастырушы бағалау нәтижелерін есепке алуға мүмкіндік беруде. Саралау, оқытуды жетілдіру, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби қауымдастығына да үлкен роль берілген.

Бұдан кейінгі ішкі жиынтық бағалау да оқу ақпараттарын алу бөлімін меңгергеннен кейінгі қалыптасқан білім мен оқу дағдыларының деңгейлерін анықтау үшін жүргізіліп, рубрикаторлар арқылы әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі нақты сипаттама жазылады. Яғни соған сәйкес ұпай саны беріледі. Бағалаудың шыншылдығы мен айқындылығын қамтамасыз ету үшін бағалалауды стандартқа түсіру мақсатында бір сынып және бір пән мұғалімдері арасында жиынтық жұмысты талқылау жұмысымен модерацияның да жүргізілуі критериалды бағалаудың бірден-бір тиімді жағы боп отыр.

Қорыта келе көңілге түйгеніміз критериалдық бағалау жүйесін қолдануда біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, өзіндік жауапкершілікке,нәтижеге жеткізумен бірге білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын,оқушының еңбегін кез-келген кезеңде анықтай аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Білім сапасын бағалау департаменті, «Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі», Әдістемелік ұсыныстар / Астана – 2013 ж.

http://bolashak.kz/ru/ massmedia/single/91? month=5&year=2012

http://bes-asyl.kz/

http://tankaz.kz/node/2063/

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Угыбаева Г.А.

Атырау қаласы, НЗМ

Оқудағы кедергілерді анықтау. 

Сабақтың тақырыбы

 Оқудағы кедергілерді анықтау.

Өткізілген уақыты

31.10.2014ж                                                                 сағ: 10.00

Сабақтың мақсаты

Оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау. Оқытудың аффективтік теорияларымен және оқушыларды оқу үдерісіне тарту жұмысының әдістерімен таныстыру.

Мұғалімдердің  коучинг барысындағы мүмкіндіктері

Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады.Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ оның қалыптасу белсенділігі қазірден басталады және қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сондықтан мұғалім оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.

Сабақтың нәтижесі

Оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын түсіну. Оқытудың ынталандыру теорияларымен танысу. «Қиын» оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін білу.

Коучингті өткізу әдістері

  • "Кел,танысайық" ойыны

  • "Кір жайғыш "әдісі

  • "Фишбоун" әдісі

  • " 9 ромб" бағалау техникасы

Ұсынылған ресурстар

Түрлі-түсті қағаздар, постер, бейнежазба, слайд, маркер,үлестірмелі қағаздар

                                                                                           Коучинг барысы

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Тренердің  іс- әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қолданылатын ресурстар

 

3 мин

Топқа бөлу

Мұғалімдерді    суреттер   арқылы топқа бөледі

Мұғалімдер суреттер арқылы топқа бөлінеді.   Топтар топ басшысын сайлайды

Түрлі фигуралар

7 мин

«Кел,танысайық»

Нұсқау. Мұғалімдер қол ұстасып, өздерінің аты-жөнін, сүйікті істерін айтады, барлық топ мүшелері қайталайды

Мұғалімдер аты-жөнін, сүйікті істерін айтады.

 

 

15 мин

 

 

 

 

Миға шабуыл

 

 

 

 

 

 

 

«Кір жайғыш» әдісі

  1. Нұсқау: «Миға шабуыл»

 «Әр түрлі балалар қажет» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі.

Бұл бейнежазбадан не түйдіңіздер?

Кедергі деген не?  Оқытудf Сіз үшін кедергі болатын не? Оқуда балалар қандай кедергілерге тап болады?

 

Кедергі сөзіне ассоциация арқылы құру. сол бойынша үш адамды біріктіріп ,параққа тұжырымдамалық карта жасатып, жіпке ілдіреді.

 

Бейнесюжетті көріп, талдау жасайды

Сұрақтарға жауап береді.

Ассоциация құрады

 

 

Нұсқаулық материалдарын оқып, талқылайды.

Оқыған материал бойынша  жасалған тұжырымдамалық картасын жіпке іледі қорғайды

 

 

 

 

 

 

 

Жіп,үлестірмелі қағаздар

5 мин

Сергіту сәті.

 

  1. Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

Апай сабақ сұраса

Ұйықтап қалды, масқара!

Бір топ халық әніне, екінші топ операға, үшінші топ эстрада әуеніне салып айтады

Әр топ өзіне тиесілі тапсырманы орындайды

 

20 мин

2.         «Фишбоун» әдісі

2.         «Фишбоун» әдісі бойынша жұмыс жүргізу. «Оқытуға әсер ететін факторлар» үлестірме таратылады.

«Фишбоун» сызбасы арқылы оқытудағы кедергілер мен шешу жолдарын, содан шыққан шешімді бейнелейді.

 Өздеріңіздің сабақтарыңызды көз алдарыңызға келтіріңіз. Сабақта тып-тыныш  және керісінше шулап отыратын балалар болады. Ендеше, сіздерге топта мына сұрақтарды талқылауларыңызды сұраймын.

-Әлеуметтік деңгейде кездесетін кедергілер

-Эмоциялық  деңгейде кездесетін кедергілер

-Зияткерлік деңгейде кездесетін кедергілер

Нұсқау: Сіздер осы әдісті  сабақтың қай бөлімінде қолданар  едіңіз?

«Фишбоун» сызбасын толтырады, баяндамашы баяндама жасайды.

 

 

 

Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар

5 мин

Рефлексия. « 9 ромб»

Мұғалімдерге рефлексия жаздырады

 

Ромбтың әр бөлігіне коучингке  байланысты

рефлексия жазады

А4 форматтағы парақшалар

 

 

Сабақтың тақырыбы

Lesson Study -мұғалім тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі

 

Өткізілген уақыты

14.04.2014ж                                                                 сағ: 12.30

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну.

Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-дің тиімділігін меңгерту

Мұғалімдердің  коучинг барысындағы мүмкіндіктері

  • Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді;

  • Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік береді;

  • Lesson Study циклі сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді;

Lesson Study нәтижелері мектептегі әріптестерге және басқа мектептерге таратылады.  

Сабақтың нәтижесі

Мұғалімдер

  • Lesson Study үдерісін;

  • оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру, мұғалімдердің тәжірибелік білімін зерделеу құралы ретінде мектептерде Lesson Study тәсілін пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;

Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынынтүсінеді.

Коучингті өткізу әдістері

  • "Бақытты сәт" ойыны

  • "Сағат" әдісі

  • "Шырпы" ойыны

  • "Рөлдік ойындар"әдісі

  • "Сэндвич" әдісі

Ұсынылған ресурстар

Түрлі-түсті қағаздар, постер, бейнежазба, слайд, түтікше, маркер,үлестірмелі қағаздар

 

Коучинг барысы

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Тренердің  іс- әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қолданылатын ресурстар

 

5 мин

Топқа бөлу

Мұғалімдерді    әр түрлі  геометриялық фигуралар арқылы бөлу арқылы топқа бөледі

Мұғалімдер арқылы топқа бөлінеді.   Топтар топ басшысын сайлайды

Түрлі-түсті қағаздар

5 мин

Топ ережесін құру

Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру және сабақтың сәтті шығуы мақсатында топтық ереже ұйымдастырады. Топ мүшелерінің есімдері жазылған плакат іледі

Мұғалімдер сыныптың ережесін сақтау үшін топтың "Алтын ережесін" құрады

Постер, маркер

10 минут

 "Бақытты сәт" жаттығуы

Саламатсыздар ма, құрметті әріптестер! Жақсы жұмыс жасауға жақсы көңіл күй керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын әркім өз өміріндегі есінде қалған ең бақытты бір күнін есіне алып, қасындағы әріптесімен бөліссін.  Қай жылы, қай күні екенін нақтылаңыздар. Сол бақытты әріптесіңізге  тілеңіз. 

 

 

 

.  Мұғалімдер  әркім өз өміріндегі есінде қалған ең бақытты бір күнін есіне алып, қасындағы әріптесімен бөліседі. Сол бақытты

 бір- біріне тілейді

 

 

 

30  мин.

 

 

 

 

"Сағат" әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқа мерзімді жоспар үлгісін

 көрсетіп,  20 минқысқа мерзімді жоспар құрғызады.

   10 мин Мұғалімдер келісілген уақытта бір-бірімен кездесіп,дайын болған жоспарды талқылайды

 

 

Нұсқау:Әр топқа өзара бағалау жасатады

Мұғалімдер ойланады, пікірлерін ортаға салады.

А-4 форматқа жоспар жасап,  мұғалімдер келісілген уақытта бір-бірімен кездесіп,дайын болған жоспарды талқылайды

 

 

Интерактивті тақта,А-4 қағазы,бейнежазба

6 мин

"Шырпы" ойыны

Нұсқау: Екі мұғалімді арқасымен қарама-қарсы отырғызады. Бір мұғалім шырпыны қолданып,нұсқаулық береді,екінші мұғалім тапсырманы орындайды

Мұғалімдер бір-бірінің айтқанын орындайды

Шырпы,түтікше

30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Миға шабуыл.

 әдісі.

"Lesson Study"таныстырылымы

"Lesson Study тиімділігі"бейнежазбасы

 

"Рөлдік ойындар " әдісі

 

 

 

 

Нұсқау:10 мин топтаса отырып, "Lesson Study"туралы таныстырылым мен бейнежазба көрсетеді ,10 мин постер қорғатады.  10 мин Әр топтан бір сарапшы тағдап алынып, мұғалімдердің іс-әрекетін бақылау тапсырады.

 

 

 

 

Бейне материалдарды  , талқылайды.

Оқыған материал бойынша  жасалған постер қорғайды. Сарапшылар жұмыс кезіндегі іс-әрекетті талдайды

 

 

Постер,түрлі-түсті қағаз, маркер

5 мин

Сергіту сәті. "Сурет салу" ойыны

 

 

Ойынның ережесімен таныстырады.

Нұсқау:Мұғалімдер екі-екуден отырып,парақтарды бастарына қойып,бір-бірінің суретін салады. Бұл жаттығу топпен жұмыс жасағанда тиімді.       

     Тапсырманы орындауда не қиын болды?

     Тапсырманы орындауда  қандай тәсілді қолдандыңыз?

Мұғалімдер нұсқаулық бойынша тапсырманы орындайды

Парақ,қаламсап

5 мин

"Сэндвич" әдісі

 

Рефлексия жазады

 

 

 

 

Р/с

 

 

Тақырыбы

 

Оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері

 

 

 

Оқу нәтижелері

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау

 Барлық  оқушылармен жұмыс (тапсырмалар)

Негізгі дерек көздер, ресурстар

1

Диалог  (19.04.14)

 

Диалог туралы түсінік қалыптастыру

Диалог құруды меңгереді,емлесін біледі

"Кері жаттығу" ойыны, «Миғашабуыл,"Мозайка,"Кіржайғыш","Шырпы"

ойыны

Бағалау парағы,белгі беру, ,"Инсерт"

әдісі ,

Бейнежазба көреді,жаттығулар орындайды

Бейнежазба,доп,үлестірмелі материалдар,түрлі-түсті қағаздар,жіп,қыстырғыш,түтік

шелер,

бағалау парағы,белгілер

2

Монолог

(21.04.14)

Монолог туралы түсінік қалыптастыру

 Әдеби тақырыпта өз ойларын еркін айтады

«Ыстық орындық» ойыны, «Миға шабуыл, «Кафель» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс»,

Бағалау парағы, «Инсерт» әдісі

Бейнежазба көреді, тапсырмалар орындайды.

Бейнежазба, үлестірмелі материалдар,түрлі-түсті қағаздар, желім, белгілеу парақшалары, бағалау парағы.

3

Тіл ұстарту

(25.04.14)

Оқушылардың шығармашылық

пен жұмыс істеуіне ықпал ету.

Өз ойларын анық айтумен қатар дұрыс жазады.

 

«Миға шабуыл, «Әріптер», «Галерея» әдісі, «Домино» ойыны,

Бағалау белгілері, «Инсерт» әдісі

Бейнежазба көреді, тапсырмалар орындайды.

Бейнежазба, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті қағаздар, желім, белгілеу парақшалары, журналдар, бағалау парағы.

4

Тіл жұмыстары

ның түрлері.Хат

(26.04.14)

Тіл жұмыстарының түрлерімен танысады.

 

Хат жазуды үйренеді

«Миға шабуыл, «Кемпірқосақ» әдісі, «Өкіл» әдісі, «Кім жылдам?» ойыны

Бағалау белгілері, «Басбармақ» бағалау техникасы

Бейнежазба көреді, жаттығулар орындайды

Бейнежазба, үлестірмелі материалдар,түрлі-түсті қағаздар, белгілеу парақшалары, бағалау парағы.

5

Мақала

(28.04.14)

мақала  туралы түсінік қалыптастыру

 

мақала жазуды меңгереді, емлесін біледі.

 

«Кері жаттығу» «Фишбоун», «Айналмалы бекет» әдісі

Бағалау белгілері, «Инсерт» әдісі

Топпен жұмыс жасайды.

Үлестірмелі парақшалар, доп, түрлі-түсті қағаздар, түрлі-түсті қаламдар, желім, қайшы, белгілеу парақшалары.

 

С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

 Пірманова Жазираның қысқа мерзімдік жоспары

Сабақтың тақырыбы: Диалог

Сабақтың мақсаты:    Диалог туралы түсінік қалыптастыру

Сабақтың нәтижесі: Диалог құруды меңгереді, емлесін біледі.

Сабақтың түйінді идеялары: Ой алғырлығы, тапқырлық, мәдени сөйлеу шеберлігіне бағдар беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», «Мозайка», «Кір жайғыш» әдісі, «.Басбармақ» әдісі

Сыныбы: 7г

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын ресурстар

5мин

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

Топ ережесін құру

І.Белгі парақшалары арқылы топқа бөледі.

 

 

 

 

Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру және сабақтың сәтті шығуы мақсатында сыныпта топтық ереже ұйымдастырады.

Белгі парақшаларын алып, артындағы 1,2,3, сандар арқылы  топқа бөлінеді.

Топқа отырып, топ мүшесін анықтайды. Топтар топ басшысын сайлайды.

 

Сыныптың ережесін сақтау үшін, «алтын ереже» құрады.

Белгі парақшалары

 

 

 

 

 

5 мин

Үй тапсырмасын сұрау

Отан, бала, табиғат, дастархан, тамақ, тал, сабақ, қол деген сөздерді қатыстырып, мәтін құрап келу.

Тіл мәдениеті туралы сұрайды.

Берілген сөздерді қатыстырып отырып, мәтін құрағандарын оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

15мин

«Миға шабуыл»

 

 

 

«Мозайка» әдісі

 Интербелсенді тақтадан «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді көрсетеді.

Сұрақ қояды:

Мульфильмнен не көрдіңдер?

«Диалог» тақырыбында мәтін береді.

Мульфильмді көріп, ойланады.

Ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.

 

Топпен мәтінді оқып, тұжырымдама жасап, постерге жапсырып қорғайды.

Интербелсенді тақта

 

 

 

Үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті, қағаздар, түрлі-түсті қаламдар, қайшы, желім, белгі парақшалары.

 

12мин

«Кір жайғыш» әдісі

3 топқа 3түрлі тапсырма береді. Олар:

1. Жиренше шешен туралы

2. Боранды түнде

3. Жиренше шешен

Нұсқау: «Кір жайғыш» әдісі бойынша біткен жұмысты әр топ жіпке қыстырғыш арқылы қыстырып, қорғауы керек.

 

Мәтінді оқып, түсінеді. Мәтіннің ішінен диалогты табады.

Үлестірмелі қағаздар

3 мин

Сергіту сәті «түтікше» ойыны

Екі оқушыны ортаға шақырады.

 

 

 

Нұсқау: екі оқушы шығады. Бір –біріне арқасымен отырып, бірі-екіншісіне түтікшені қалай қойғаны туралы айтады, екіншісі көрмей естігенін жасайды.

1-оқушы түтікшені алып, оның түсін, түрін, оны қалай қойып жатқанын айтады. Екіншісі естігенін жасайды. Диалог арқылы бір-бірімен сөйлеседі.

түтікшелер

5мин

«Басбармақ» бағалау техникасы

Басбармақ жоғары қараса- «бәрін түсіндім».

Жан-жаққа қараса-«шамалы түсіндім»

Төмен қараса «мүлдем түсінбедім»

Рефлексия жасайды.

Белгі парақшалары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3115
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі