Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы орта мектебі» КММ
Ғылыми жоба:
Смартфонның адам өміріндегі пайдасы мен зияны.
секция (информатика, робототехника STEM инженерия)

Орындаған: 7 «А» сынып Шаханбай Қарақат
Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Кожаева М
2022-2023
Мазмұны
|
|
Аннотация |
3-5 бет |
|
I. |
Кіріспе |
|
|
1.1 |
Смартфон телефонның шығу тарихын зерттеу |
6 бет |
|
1.2 |
Смартфондардың адам өмірінде алатын орны |
7-8 бет |
|
1.3 |
Смартфондардың ересектер мен балалар денсаулығына тигізетін әсері |
8-9 бет |
|
II |
Зерттеу бөлімі |
|
|
2.1. |
Смартфондардың оқушы өмірінде қолданылуы |
10-11 бет |
|
2.2 |
Смартфон - ата-ана мен бала арасындағы байланыс па? |
11-12 бет |
|
2.3 |
Бала дәрігерімен кеңесу |
12-13 бет |
|
2.4 |
Смартфонды дұрыс пайдаланудың ережелері |
14 бет |
|
III |
Қорытынды |
15 бет |
|
IV |
Пайдаланған әдебиеттер |
16 бет |
Аннотация
Жұмыстың мақсаты: Смартфонның адамдарға тигізетін кері әсерін төмендету, оң және теріс жақтарын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-
Алғашқы смартфондардың шығуын зерттеу;
-
Смартфонның адам өмірінде алатын орны жөнінен зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
Смартфонның адам денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау;
-
Мектеп оқушылары арасында Смартфонды пайдалану жөнінен сауалнама жүргізу.
Жұмыстың өзектілігі:
Смартфон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Бірақ әлем ғалымдары Смартфонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Смартфонның электромагниттік сәулелері эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің пайда болуына себепкер смартфондар екен. Сондықтан да Смартфон адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу әдістері:
Ғылыми жұмысты орындауда ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс, мәліметтерді талдау мен зерттеу, оқушылар арасында сауалнама жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстың болжамы:
Смартфон балалар ағзасына кері әсерін тигізеді, бірақ көп адамдар оған үлкен мән бермейді.
Жұмыстың қорытындысы:
Смартфондар қаншалықты қажетті зат болғанымен, адам денсаулығына тигізетін кері әсері өте зор екені көрсетілді.
Аннотация
Цели работы: Снизить негативное влияние смартфона на человека и изучить плюсы и минусы.
Задача:
-
Исследование выпуска первых смартфонов;
-
Провести исследование роли смартфона в жизни человека;
• Определение влияния смартфонов на здоровье детей;
• Проведение опроса об использовании смартфонов среди школьников.
Актуальность работы:
Смартфон — это самая передовая и доступная форма беспроводной связи. Но ученые мира предупреждают, что смартфон очень вреден для организма человека. Электромагнитное излучение смартфона влияет на осложнения эндокринных и половых заболеваний. Смартфоны являются причиной таких заболеваний, как эпилепсия, нервные заболевания, лейкоциты. Именно поэтому исследование влияния смартфонов на здоровье человека является актуальной задачей.
Методы исследования:
При выполнении научной работы проводилась работа с источниками научной литературы, анализ данных и исследования, анкетирование среди студентов.
Перспективы работы:
Смартфоны негативно влияют на детский организм, но многие не обращают на это особого внимания.
Заключение работы:
Смартфоны очень негативно влияют на здоровье человека, особенно на здоровье детей.
Anatation
The purpose of the work: to study the positive and negative aspects of the use of smartphones in order to reduce the negative impact of smartphones on children's health.
Job duties:
• Study of the release of the first smartphones;
• Conduct research on the role of smartphone in human life;
• To determine how the smartphone affects human health;
• Conducting a survey on the use of smartphones among schoolchildren.
Relevance of work:
A smartphone is the most advanced and affordable form of wireless communication. But the scientists of the world warn that the smartphone is very harmful to the human body. The electromagnetic radiation of the smartphone affects the complications of endocrine and sexual diseases. Smartphones are the cause of diseases such as epilepsy, nervous diseases, white blood cells. That's why researching the impact of smartphones on human health is an urgent issue.
Research methods:
In the course of the scientific work scientific literature sources, data analysis and research, generalization work, and surveying among students were carried out.
Job Outlook:
Smartphones have a negative effect on children's bodies, but many people do not pay much attention to it.
Conclusion of the work:
It was shown that smartphones have a very negative impact on human health, especially on children's health.
-
Кіріспе
-
Смартфон телефонның шығу тарихын зерттеу
Смартфон (ағылш. smartphone — ақылды телефон) — өзіне ұялы телефонның сөйлесу мүмкіндіктерімен қалта компьютерінің Интернетке шығу, файлдармен жұмыс істеу, пошта тәрізді мүмкіндіктерімен біріктірілген гибрид болып табылады.
Смартфонның ұялы телефоннан айырмашылығы — оның амалдық жүйесі болады.
Ұялы байланыс сонау, 1946 жылы АҚШта пайда болыпты. Жыл санап ауқымы кеңейіп, жүйесі дамиды. Ал, Қазақстанға 1998 жылы келген.
Алғашқы мультитач-дисплей 2007 жылы жарыққа шықты. Ол атақты iPhone смартфондарының алғашқы нұсқасымен бірге пайдалануға берілген болатын.
Мәселен кім смартфонды ойлап тапты? Біріншіден, смартфон Apple-ден басталмағанын анық көрейік, бірақ компания мен оның харизматикалық негізін қалаушы Стив Джобс бұл технологияны жаппай масштабты түрде жасайтын модельді жетілдіру үшін көп несие алады. Іс жүзінде деректерді жіберуге қабілетті телефондар, сондай-ақ Blackberry сияқты ертеректегі танымал құрылғылардың келуіне дейін қолданылатын электрондық пошта сияқты кеңейтілген қолданбалар болды.

![]()
Сурет 1 – Смартфондардың даму модельдері
-
Смартфондардың адам өмірінде алатын орны
Адамның қазіргі өмірдегі смартфонға қатысты тәуелділігі соншалықты үлкен болды, қарапайым адам өз өмірін смартфонсыз елестете алмайды. Адам өмірі смартфонсыз қандай болар еді?
Заманауи смартфонның адам өміріндегі рөлін және техникалық мүмкіндіктерін біле тұра, қазіргі заманда смартфонды мүлдем қолданбайтын адамдар бар екенін елестетіп көрейік.
Бәлкім күні бойы телефонсыз жүру соншалықты жаман емес шығар.
Сонымен, смартфонсыз өмір қандай болмақ?
Бытыраңқылық түйсігі пайда болады. Смартфондар адамдар арасындағы қарым-қатынасты сапалы түрде өзгертті. Баяғыда біз қалаулы телефон қоңырауын өткізіп алмау үшін, станционарлық телефонның қасында отыратынбыз. Қазір кез келген адаммен сөйлесу үшін бірнеше іс-қимыл жасау жеткілікті.
GPS-сіз жергілікті жерде дұрыс бағдар табу қиын. Барлық смартфондар GPS-навигатормен жабдықталады, ол артық энергиялық және уақыт шығындарын жұмсаусыз, керек жерге жетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал ғаламторға шығу мүмкін болмаса, бізге таныс емес кеңістікте дұрыс бағдар табуға қиын болады.
Өмірді ұйымдастыруға қиын болады. Смартфон адамның жай күндерін жақсырақ ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыған қол жеткізу үшін бізге оятқыш және еске салушы телефон қосымшалары көмектеседі. Қолы бос емес, іскер адам үшін бұл таптырмас көмекшілер.
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болуды баяулатады. Кез келген жаңалықтарға қарапайым және кедергісіз қол жетімділік адамның соңғы жаңалықтармен хабардар болуға мүмкіндік береді.
Тез және жеңіл түрде фото сурттерді жасауға мүмкіндік береді. Гаджеттер пайда болғаннан кейін, цифрлық фото суреттерді жасау технологиясы қол жетімді және қарапайым болды.
Толыққанды демалыс. Үйдің жайлылығында шексіз ескерту хабаландырулары мен телефон қоңырауларына көңіл аудармайтын боласыз.
Сапалы қарым-қатынас. Смартфонсыз өзіңізге қымбат және жақын адамдармен жиі және көңілді уақыт өткізуге болады. Себебі жылы және және жанды қарым-қатынасқа не жетсін!
Үнемі суретке түсу туралы қыр соңынан қалмайтын ой. Қолдағы смартфонсыз өз күніңіздің "заманалық" әрбір оқиғаңызды әлеуметтік желі үшін фото суретке түсу жабысқақ дағдысынан арылатын боласыз.
Кенеттен өзіңіз үшін көп уақыт табылады.
Түнгі ұйқыңыз жақсарады. Түн ортасына дейін әлеуметтік желілерде отырмай, уақытында жатуға мүмкіндік туады.
Сондықтан да кей кездерде осы пайдалы гаджетті бір күнге әдейі бір жерге жасырып, өзіңіз үшін пайдалы және қызықты нәрселермен айналысуға, смартфонсыз бір күн болса да өткізу дағдысын қалыптастыру әбден керек. Өзіңізден түкке тұрмайтын нәрселер үшін өмір сағаттарын ұрламаңыз.
-
Смартфондардың ересектер мен балалар денсаулығына тигізетін әсері
Қазір заманауи цифрлы технологиялар балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйесін жұқартып, кері әсерін тигізіп жатыр деп дабыл қағылуда. Оның зияны туралы жиі айтылып жүр. Расымен солай ма? Бұл жайында ғалымдар, дәрігерлер мен псиологтар не дейді?
Жанар Өкiмова, психолог: «Смартфондардың ересектермен салыстырғанда, балаларға зиянды болып келеді. Себебі, бала жүйке жүйесі әлі даму үстінде. Оны оңай бұрып әкету қалтафондардың қолынан келеді. Сонымен қатар, олардың организмінде судың мөлшері көп. Ол телефоннан шығатын радицияны тез, әрі көп қабылдайды. Жалпы, балаларға ұялы телефонды әрі кетсе он минут қана пайдалануға рұқсат беру керек», – дейді. «Балалардың миына смартфонның аса зияны жоқ».
Ричард Фриман: Менің тәжірибемде нағыз дабыл қағатын бұзылыстармен психотерапияға келіп жатқан адамдар санының артқанын көрмедім. Бірақ, көптеген жас науқастардың маңызы аз нәрселер үшін жүйкесін жұқартып, дабыл қағатындарын жиі байқап келемін» – дейді профессор.
«Мәселен, 20 жастан енді асқан көптеген жас науқастар, жұмыс барысында стресс алып, бірнеше түн бойы дұрыс ұйықтамағаны үшін дабыл қаға бастаған. Сарапшылардың айтуынша, ол тек ойындарға байланудан емес, әлеуметтік желілерден де туындайды. Номофобия синдромын дәрігерлер қауіпті дертке жатқызып отыр. Біреу хабарласып жатқандай немесе телефоныңыздың дірілдегіші қосылғандай сезіну – осы аурудың белгісі. Сонымен қатар, телефоннан туындаған ондаған ауруды тізіп шығуға болады: киберауру, нарцистік бұзылыс, шизоидты бұзылыс, BlackBerry синдромы (басбармақпен тікелей қатысты) және т.б
Ең басты қауіп – суицидке әкеп соқтыруы. Анонимді жүргізілген сауалнама күніне 5 немесе одан көп сағат бойы телефон пайдаланған жасөспірімдердің 48%-і жоқ деген бір суицидтің белгісін көрсеткен. Ал күніне 60 минут қана смартфонмен уақыт өткізетіндерде ол көрсеткіш 20%-ді құрап отыр.
Оңтүстік Кореяда 7 мен 16 жас аралығындағы балаларға күніне 6 сағат телефон қолдануға рұқсат беріп, төрт ай бойы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде балалардың көздерінде ақау пайда болып, қылилық дендей түскен. Осыдан кейін оларға телефон ұстауға қатаң тыйым салыпты.
Қорытынды ретінде тағы бір қызықты статистиканы айта кетуге болады. 2000 жыл мен 2015 жылдар арасында достарымен кездесетін жасөспірімдердің саны бірден 40%-ға түсіп кеткен. Яғни, оның бірден-бірі себебі телефонның пайда болуы.
II Зерттеу бөлімі
2.1. Смартфонды оқушы өмірінде қолданылуы
Зерттеу мақсаты – балалар денсаулығына Смартфон телефондардың тигізетін кері әсерін төмендету үшін оны пайдаланудың оң және теріс жақтарын зерттеу. Ол үшін балалар күніне қанша уақыт бойы Смартфон телефонды пайдаланатынын анықтау қажет болды.
Зерттеу жұмысын жүргізу үшін арнайы сауалнама құрастырылды. Сауалнама 7-10 сыныптар арасында жүргізілді. Сауалнамаға 88 оқушы қатысты.
Сауалнама
-
Сенде Смартфон телефон бар ма?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Телефонмен қанша жыл пайдаланып жүрсің?
А. Бір жылдан аз
Ә. Бір жылдан көп
-
Телефонды күнде пайдаланасың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
Б. Кейде
-
Телефонның адамның денсаулығына кері әсері бар екенін білесің бе?
А. Иә, үлкендер маған ескерткен
Ә. Иә. Мен журналдан теледидардан көріп білдім
Б. Жоқ, зияны жоқ деп ойлаймын
-
Телефонды қай жерде ұстайсың?
А. Портфельде
Ә. Қалтада
Б. Мойынға асып жүремін
-
Телефондағы ойындарды ойнайсың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Телефондағы өлеңдерді тыңдайсың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Наушниктерді пайдаланасың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Сен телефонға қанша уақытыңды жібересің?
А. тек қана керек кезде ғана сөйлесем
Ә. ата-анам телефонды қой дегенше
Б. шамамен 1 сағаттай
-
Телефонмен ұзақ отырғанда басың ауыра ма?
А. Ешқашан ауырмаған
Ә. Көп ойын ойнасам көзім ауырып, басым айналады
Қорытынды: Сауалнама барлығы 88 оқушыдан алынды. Оқушылардың 80 пйызында Смартфон телефон бар. Олардың 40 пайызы Смартфон телефонды 1 жылдан бері қолданып жүр. Және әртүрлі себептермен оқушылардың 95 пайызы күнде қолданады. Көбінесе Смартфонды оқушылар ата-аналарымен сөйлесу үшін және бос кезде ойын ойнауға, өлең тыңдауға, фотоға түсіру сияқты қызметтерін пайдаланады екен.
2.2. Смартфон ата-ана мен бала арасындағы байланыс па?
Зерттеу мақсаты: Ата-ананың Смартфон телефон жайлы ойларын білу. Смартфон телефонның оң және теріс жақтарын үлкен адамдардың көзқарасымен қарастыру. Балалардан үйіне «Смартфондар бала үшін керек пе?» деген сұрақ беріп жіберілді. Оған ата-аналар өз ойларын жазып жіберді.
Мырзабекова Мақпал Оразбаевна: Мен Смартфон телефонды балама тек қана байланыс көзі ретінде сатып әперер едім. Смартфондар қазір маңызды құрал деп есептеймін. Себебі: Біз әкесі екеуіміз жұмыстан кеш ораламыз. Ал Смартфон телефонмен баламыздың қайда жүргенін анықтап отырамыз. Сондықтан мен үшін Смартфон телефон қажет деп ойлаймын.
Тулепова Ақнұр Дүйсенгалиевна: Қазіргі заманға бастауыш сынып оқушыларына керек емес деп ойлаймын. Тек жоғары сыныпқа ата-ананың қадағалауымен ұстауға болады. Өз балаларымда смартфондар жоқ. Бала өз еркімен кез –келген сайттан түрлі нарселер көріп бұзықтықтар жасауы мүмкін. Интернет баланың көп уақытын алады. Көзінің көруін нашарлатады. Бала психикасына да әсер етеді. Бұл бала өміріне өте қауіпті. Заман талабына смарфондарды мүлде ұстатпай қою дегенді де құптамаймын. Себебі баланың көзі ашық болуы керек. Ата-аналар смартфондарды алып бергенде үнемі қадағалап отыруы керек.
Умирбекова Гулназ Кошикбаевна: Смартфондар ауыл балаларына аса қажет деп ойламаймын. Себебі, үйде ата мен әжесінің қасында отырады. Ал ойынға келетін болсақ, смартфон, планшетке телміргеннен физикалық ойындар жақсы деп ойлаймын.
2.3. Бала дәрігерімен кеңесу
Сейдуллаева Ақмарал Ибадуллаевна «Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы орта мектебі» КММ бала дәрігерімен кездесіп, дәрігерлік көзқараспен Смартфонның бала денсаулығына әсерін зерттеу.
Сұрақ: Медицина тұрғысынан қарағанда жас балалар үшін және олардың денсаулығына Смартфонның зияны бар ма?
Жауап: иә, шынымен де, Смартфон телефоннан электромагниттік толқындар шыққандықтан ағза үшін өте көптеген әсерлер болуы мүмкін. Әсіресе жас өсіп келе жатқан ағза үшін Смартфон телефонды үнемі сөйлесу және ойнау қауіп тудырады.
Сұрақ: Смартфоннан көбінесе ең бірінші қандай мүшелер зардап шегуі мүмкін?
Жауап: Әрине ол ми және барлық сенсорлық мүшелер. Адамның көзі минимальды түрде берілетін кескіндерді көру үшін қиналады. Ал телефондардың көпшілігінде экран өте кішкентай болады. Сондықтан экранға қараған кезде адамның көз бұлшықеттері және миы оны дұрыстап фокустап, ақпарат жинау керек. Сондықтан осы кезде көз шаршау миға салмақ түсу байқалады.
Сұрақ: Құлақтың дұрыс естімеуіне де Смартфон телефонның қатысы бола ала ма?
Жауап: Егер ұзақ телефонмен сөйлескен құлақтың ішкі температурасы артады, яғни құлақтың ішкі бөлігінде орналасқан иірімдердегі нерв талшықтары шаршайды. Сонымен қатар дауысты қатты қойып, ән тыңдау да құлақтың қызметін бұзады.
Сұрақ: Неліктен смартфонды үнемі бактериоцидті салфеткамен сүрту керек?
Жауап: Себебі Смартфон телефонның корпусына өте көптеген шаң тозаң қонады. Әрине оның құрамында әртүрлі ұсақ микроағзалар болуы мүмкін. Сондықтан телефонды таза ұстау керек.
Сұрақ: Сіз Смартфон телефонды ұстамау керек деп ойлайсыз ба?
Жауап: Қазіргі таңда Смартфон телефонсыз адамды елестету қиын. Ол біз үшін ең маңызды құралдарының бірі болып саналып кетті. Менің айтарым әр бала телефонды тек байланыс құралы ретінде ұстауы қажет. Ата-анасы болса баланы әрқашан қадағалау керек.
-
Смартфонды дұрыс пайдаланудың ережелері:
-
3-4 минут артық сөйлеспеңіз, оның орнына SMS қызметін жиірек қолданыңыз.
-
Музыканы құлаққаппен 10-15 минуттан артық тыңдамаңыз.
-
Смартфон дисплейіне 15 минуттан артық қарамаңыз.
-
Ішкі антеннасы бар түрін таңдаңыз.
-
Радиацияның ең қауіпті кезеңі смартфондар шылдырлағанда және алғашқы сөйлесу кезінде байқалады. Сондықтан ол кезде 1-2 секунд күте тұрыңыз және бастан алшақ ұстаңыз.
-
Смартфонды өзіңізден алыста ұстаңыз. Жүрек немесе тағы басқа мүшелер қасында ұстамаңыз.
-
Байланыс желісі нашар жұмыс істейтін жерлерде телефонға жауап бермеңіз. Себебі ол жерлерде телефоннан сәулелену белсенділігі артады.
-
Ең үлкен қателік. Көп адамдар ұйықтағанда жастық астына не қасына қояды. Ол денсаулыққа зиянды. Сіз ұйықтап жатқанда, смартфон да «ұйықтамайды».
-
Смартфонның зарядын анықтап отырыңыз. Заряд азайған сайын сәулелену күшейеді.
-
Телефонда өте көп бактериялар болады. Сондықтан күнде бактерицидті салфеткалармен сүртіп отырыңыз.
Қорытынды
Жүргізілген жұмыс барысында мен Смартфон телефондардың адам өмірінде алатын орны мен оның денсаулыққа тигізетін әсерін зерттедік. Соңғы жылдары елімізде ғылыми-техника қарқынды дамығалы, көп жетістікке қол жеткіздік. Қоғамда өмірге қажетті әрі қолжетімді технологиялар көптеп еніп, телекоммуникация жүйелері жаңарды. Адамзат игілігіне арналған бұл жаңалықтар адам өмірін едәуір жеңілдетеді. Алайда осы жаңа технологиялар адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Әсіресе балалар денсаулығына тигізетін зиянды әсері орасан зор.
Балалар денсаулығына Смартфон телефонның тигізетін әсерін зерттеу үшін оқушылар арасында арнайы сауалнама жүргіздім. Сауалнама нәтижелерін талдай келе келесідей қорытынды жасауға болады:
-
Сауалнамаға қатысқан оқушылардың көбі күніне Смартфонмен 30 минуттан көп сөйлеспейді.
-
Оқушылар көбіне смартфонды портфельде ұстайды.
-
Балалардың көбі смартфондағы ойындармен ойнайды және құлаққап арқылы өлеңдерді тыңдайды.
Осы зерттеу жұмыстың арқасында біз көңіл бөле бермейтін көптеген жайттарды аңғардық. Телефонды қалай пайдалану керектігін түсіндік. Смартфон телефонды ұзақ пайдалануға сөйлесу, тыңдау біздің денсаулығымызға қиындық туғызатын есімізге сақтайтын болдық. Ата-аналар да, біздің сыныптас оқушылар үшін де бұл кішігірім зерттеу жұмысы үлкен пайдасы бар ой қалдырды деп санаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Война мобильникам: новости о детях // Здоровье. – 2005. – N 4. – С. 78. О вредном воздействии на детей мобильных телефонов.
-
Гайсенок Н. Как бы не подсесть на SMS// Н.Гайсенок // Эхо планеты. – 2004. – N 50/51. – С. 7.
http://www.cnews.ru/news/top/index.shtml
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Смартфонның адам өміріндегі пайдасы мен зияны. секция (информатика, робототехника STEM инженерия)

шағым қалдыра аласыз