400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Смешариктер сауықтыру шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы сауықтыру шынықтыру шарасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бауырсақ бізде қонақта»

Мақсаты: Балалардың бауырсақ ертегісі мен саяхат жасата отырып денсаулықтарын нығайту. Өз денсаулықтарын күтуді, оны нығайту керектігін, дені сау адамның жаны сау екендігін түсіндіру.Жалқаулықтан алшақ болуға, еңдек сүйгіштікке тәрбиелеу. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Балалардың қимыл - қозғалысының шапшандылығын дамыту.

Тәрбиелігі: Ойын, жарыс кезінде балаларды төзімділікке, батылдыққа,

шыдамдылыққа, жылдамдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Білімділігі::Спорттың денсаулыққа пайдасы өте зор екендігін білдіру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру.

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар! "Бауырсақ бізде

қонақта" атты сауықтыру шынықтыру шарасына қош келдіңіздер. «Ерке»тобында өткелі тұрған бұл сайыс қызықты өтеді деген ойдамыз.

Қане балалар қараңдаршы бізге коп қонақ келген екен ендеше қонақтармен амандасайық.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар таңғы шеңберде тұрып бір - біріне сәттілік тілейді,
Сәттілік бүгін тілеймін!
Мен саған,
Сен маған,
Қолымызды көтеріп,
Күнге қарап,
Қуанышын төк маған!
Жүрегімнің ыстығын,
Сыйлаймын саған,
Қабыл ал!
Мен саған, сен маған.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қарай домалап біреу келе жатыр. Бұл кім болды екен.
Бауырсақ: Ля - ля Мен Бауырсакпын
Сәлем кішкентай достарым
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ қайдан тап болды?
Балалар: Бауырсақ ертегісінен
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ ертегісін білеміз бе?
Балалар: Білеміз
Тәрбиеші: Ендеше балалар бауырсақ ертегісін еске түсірейікші.
Балалар: Бауырсақ ертегісін қысқаша айтып береді.
Бауырсақ: Бәрекелді, Жарайсыңдар мені, менің ертегімді жақсы біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Бауырсақ сен қайда бара жатырсың?
Бауырсақ: Мен атам мен апамнан адасып қалдым.

Тәрбиеші: Сен уайымдама бауырсақ бізде қазір балдарымыздың арасында жарыс болғалы тур, сол жарысты тамашалап болғаннан кейін біз саған жол корсетеміз.

Бауырсақ: Жарайды менің кішкентай достарым. Жарысқа менде қатыссам боладыма?

Балалалар: Әрине болады.

Тәрбиеші: :Ал енді балалар екі топқа бөлініп жарысымызды бастайық.


1.   «Алау»тобын шақырамыз.

2.    «Жалын»  тобын шақырамыз.

Топтармен  таныстырып өтейін:


«Алау»тобы:

Ұраны:   «Біз-лаулаймыз, жанамыз

                  Жарыстарда әрқашанда озамыз»


«Жалын»  тобын
Ұраны:  «Қиындыққа төтеп берер,

Біз боламыз «Жалан»тобы »

Тәрбиеші:
Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,
                  Өмірде бақыттысың денің сауда.
                  «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
                  Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
                  Денің сауда күштісің бұл әлемде,
                  Денің сауда сұлусың жер бетінде.
                 Сол мықты денсаулықтың арқасында
                 Жетерсің әлі талай бақыттарға.


Жарысымыз «6» турдан тұрады.
1. «Кім  жылдам» 

2.«Көңілді жұп»

3.«Кім жүйрік»

4.«Зымыран»

5.«Кеглиді доппен құлату»

6.«Допты жалғастыр»


Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Сайысымызды бастамас бұрын ,сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар .

Балабақша меңгерушісі: Р.Т.Жанадилова.

Балабақша әдіскері: Ж.Б.Досжанова.

Тәрбиеші:

Төзім бастар сенімге

Сынға түссең жеңілме

Спорт ашар сара жол,

Сырлы нұрлы өмірге. Дей отырып топтар дайын болса жарысымызды бастаймыз.


1.«Кім  жылдам» 

Ойын шарты:  Бірінші  ойыншы қолына кубикті алып , жүгіру арқылы

           белгіленген орыннан   айналып  келіп, екінші ойыншыға кубикті береді.

           Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске

            Жетеді.


2.«Көңілді жұп»

Ойын шарты: Балалар қол ұстасып, бір бала тақтай үстінен жүгіріп өтуі тиіс.

Екінші бала оған көмектеседі. Қол ұстасып жүгіріп белгіні айналып

өтіп орындарына келеді. Келесі жұп жаттығуға кіріседі.

3. «Кім жүйрік»

Ойын шарты:Бір бала тақияны киіп орындыққа апарып қояды. Қалған

балалар қасықпен асықтарды шашпай апарып тақияға салады.

4.«Зымыран»

Ойын шарты:Қоманда мүшелері барар жолда аяқтың

ұшымен барып кедергіні айналып, қайтар жолда өкшемен қайту

керек.

5. «Кеглиді доппен құлату»

Ойын шарты:     2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату.

               Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.


6. «Допты жалғастыр»

Ойын шарты:   барлық ойыншы бір қатарға тұрып допты жоғарыдан

           жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қай

           топ допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді.


  Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз  кезегін  балабақша меңгерушісі Р.Т Жанадиловаға беріледі.   
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).

Бауырсақ: Жарайсыңдар балалар сендер өте епті, жылдам, шымыр,мықты екенсіңдер.Сендермен бірге жарысамын деп бір сергіп қалдым.Бұл жарыста достық жеңді деп ойлаймын.рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Саған да рахмет Бауырсақ, мына есіктен шықсаң ата- апаңды табасың. Сау бол.

Бауырсақ: Сау болыңдар балалар.

Балалар: Сау бол бауырсақ.

Тәрбиеші: Осымен  балабақшамызда ересектер тобының арасында өткен  «Бауырсақ бізде қонақта» атты жарысымыз аяқталды.

                  Жарқын,шаттық заман болсын,

                  Бүлдіршіндер  аман болсын.

                  Сыйластық пен бірлік болып,

                  Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі