«Социум»
«Қоршаған ортамен
танысу»
Тақырыбы: «Теміртау
қаласы»
Мақсаты: Балаларға Теміртау қаласы,Елордамыз
Нұр-Сұлтан,Алматы жайлы түсінік беру, президент жайлы әңгімелеу.
Астанаға, Алматығасаяхат жасау арқылы астананың көрнекті жерлерімен
таныстыру. Балалардың ақыл-ойларын,
зейіндерін,тілдерін,сөйлеу мәденетің
дамыту.Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа
тәрбиелеу.
Қостілдік:
қала-город,алма-яблоко,саяхат-путешествие,ұшақ-самолет,
Ғимрат-здания.
Сабақ
барысы: Балалар шаттық шеңберіне
тұрады,өлең жолдарын кайталайды.
-Біздің топта
ұл-қыздар,
-Тату тәтті
ойнаймыз,
-Айналаға,бар адамға
,
-Тек мейрім
сылаймыз.
Тәрбиеші балаларға хатты
көрсетеді.
-Балалар ,мына хатты Айша әже
жіберіпті , ол бізді Алматы қаласына қонаққа
шақырады.
-Әжеге қонаққа барамыз
ба?
(Балалардың
жауаптары)
-Әжеге жету үшін Қазақстанға
аздап саяхат жасайық.
-Біздің ел Қазақстан-өте
үлкен. Қазақстанда көп қалалар,таулар,ормандар, өзеңдер
бар.
-Балалар,біз қай қалада
тұрамыз?
-Теміртау
қаласында.
-Дұрыс,Теміртау
қаласында-металлург комбинаты бар. Осы металлург комбинатында
әр-түрлі металлдар,темірлер дайындалады.
Теміртау қаласынын
суреттерін көреді.
-Балалар,біздің балабашада
темірден,металлдан жасалған қандай заттар
бар?
-Әткеншек,сырғанақ, т.б.
заттар.
Қортындылайды:
-Теміртау-қаласы темір
шығаратын қала.
-Теміртау-темір тау деп
аталады.
-Балалар,қалай ойлайсындар
саяхатқа немен баруға болады?
-Ұшақпен,пойызбен,көлікпен,жаяу.
-Біздер саяхатқа пойызбен
барамыз.
Қәне орындарынды
табыңдар.
Балалар үстеріндегі суреттерге
қарап,орындарын табады.
-Балалар,Қазақстанда әр-түрлі
жануарлар бар,сол үшін сендердің вагондарын
әр-түрлі.
-Біз Қазақстанын ең басты
қаласына барамыз-Қазақстан елордасына.
-Қазақстан Республикасының
астанасы қай қала?
-Астана қаласы.Қазір
Нұр-Сұлтан.
(Балалар көздерін
жұмады)
-Міне,балалар, Астана қаласына
келдік.
Суреттерді
көрсетеді.
Астана қаласында-Ақорда,
Бәйтерек және тағы басқа әдемі ғимраттар бар. Ақорда біздің
еліміздің жақсы өмір сүруі үшін түрлі заңдар қабылданады. Біз
Қазақстан азаматымыз.
-Біздің президентіміз
кім?
-Қасым-Жомарт
Тоқаев.
- еліміздің рәміздері -герб,
ту, гимн.
- Балалар,тудың түсті
қандай?
-Көк.
-Туда не
бейнеленген?
-шұғылалы күн,ұлттық өрнек
,қалықтап ұшқан қыран.
Қортындылайды:
-Балалар,міне біз Нұр-Сұлтан
қаласымен таңыстық.
Нұр-Сұлтан -Қазақстан
елордасы.
Қазақстан
президенті-Қасым-Жомарт Тоқаев.
-Балалар, кім Нұр-Сұлтан
қаласында болды?
-Кәне, Нұр-Сұлтан қаласында
болған балаларды санайықшы.
-Енді біз Алматы қаласына
барамыз. Жылдам жету үшін ұшақпен ұшамыз.
Сергіту
сәтті:Орнымыздан
тұрамыз,
Ұшақ болып
ұшамыз,
Қанаттарды
қағамыз,
Күнге қарай
талпынып,
Ұшып-ұшып
аламыз,
Орнымызды
табамыз.
(Балалар ұшақтын қимылдарын
салады)
-Міне,балалар, Алматы қаласына
ұшып келдік.
(тақтадағы суреттерді
көрсетеді)
-Алматы – алма
қаласы.Алматының жан- жағында алма ағаштары өседі. Сондықтан Алматы
дегеп атап кеткен.
Айша әже
шығады.
-Амансыңдарма ,балаларым!Мен
сендерді өте сағынып күттім,келгендеріне өте
қуаныштымын.
Тәрбиеші балалардың назарын
аударып:
-Балалар,Айша әже сендерге
арнап бақшадан алмалар жинап қойыпты. Қараңдаршы,қандай үлкен
алмалар.
Дидактикалық ойын «Қызыл
алма»
Алманың дәмі қандай
болады?
(дәмді,тәтті,қышқыл,.......)
-Алманың пішіні
қандай?
(дөңгелек,сопақша)
-Түстері қандай
болады?
(ақ,қызыл,жасыл,сары)
Дидактикалық ойын «Не
арттық?»
Тәрбиеші неше түрлі алмалар
салынған карточкалар көрсетеді балалар артық алманы табу керек
(мысалы:мына екі сары алманы жапырағы бар,ал қызыл алманы жапырағы
жоқ)
«Дәмі қандай?»
психологиялық жаттығу.
-Балалар,енді Айша әжеге
дастархан әзерлеуге көмек берейк.
«Дастарханды әзерле»
д/о
(Балалар жасалып тұрған
дастарханды әзерлейді,тағамдарды айтуға тәрбиеші көмек
береді)Балалар тағамдарды сиппатап береді.
Әже Айша
айтады:
-Қандай әдемі дастархан
дайындадындар,жарайсындар.
Рефлексия.
Тәрбиеші
балаларға:
-Балалар, Айша әжеде қонақта
болған сендерге ұнады ма?
-Біздер немен келдік
осында?
-Сендерге не
ұнады?
Айша әже балаларды дастарханға
шақырады).