400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөйлейтін қабырға" технологиясы (шеберлік сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
- Балалардың танымдық белсенділігінің көрінісі үшін жағдай жасау; - шығармашылық, өзін-өзі көрсетуге дағдыландыру; -эмоционалды жайлылық атмосферасын құру; Балабақшада балалар көп уақытын өткізетіні белгілі.Мұнда олар қарым-қатынас жасайды,ойнайды,зерттейді және үйренеді.Даму ортасы-бұл мектепке дейінгі мекеменің топтық бөлмесін, тірі экранның бір түрін ерекше түрде өзгертуге мүмкіндік беретін ерекше құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Сөйлейтін қабырға»


« Сөйлейтін қабырғаның» мақсаты: Балабақшада білім беру бағдарламасының нақты ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың барлық білім беру салаларында толыққанды дамуына жағдай жасау.


« Сөйлейтін қабырғаның» міндеттері:

- балалардың танымдық белсенділігінің көрінісі үшін жағдай жасау;

- шығармашылық, өзін-өзі көрсетуге дағдыландыру;

-эмоционалды жайлылық атмосферасын құру;

Балабақшада балалар көп уақытын өткізетіні белгілі.Мұнда олар қарым-қатынас жасайды,ойнайды,зерттейді және үйренеді.Даму ортасы-бұл мектепке дейінгі мекеменің топтық бөлмесін, тірі экранның бір түрін ерекше түрде өзгертуге мүмкіндік беретін ерекше құрал.


« Сөйлейтін қабырғаның» жасалу талаптары:

«Сөйлейтін қабырға» экспозицияларының безендіруінің алғы шарты балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі.

«Сөйлейтін қабырға» экспозицияларының мазмұны жүйелі түрде болу керек.

Қабырғадағы суреттер балаларға түсінікті болу керек,және жағымсыз эмоциялар тудырмауы керек.

Пайдаланылған материалдар сапалы,берік, қауіпсіз болуы шарт.

Балалар күннің көп бөлігін балабақшада өткізетіндіктен, біз педагогтар,тәрбиешілер,психолог,логопед мамандар жаңашыл тәсілдермен тәрбиелеуге тырысамыз.Үнемі ізденісте жүреміз!

«Сөйлейтін қабырға» әр баланың жан-жақты дамуына ,ойының жетілуіне үлкен мүмкіндік береді.Дамытушы орта «Оқу бағдарламасына» сәйкес дидактикалық жиындар топтамасы болып табылады.Аталған әдіс неізінен қабырға суреттерімен безендіріледі.Әдістің «сөйлейтін қабырға» деп аталуы да осы. «Сөйлейтін қабырға» балаларға күн,апта, жоба ,ертегі туралы әңгімелейді.Балалар жәй отырып информацияны меңгере алмайды,көзімен көріп,қолымен ұстап есінде сақтайды.







Мен бүгінгі «Сөйлейтін қабырға» технологиясын басшылыққа ала отырып,бір бөлігін.

1.«Сиқырлы сандар» әлеміне арнадым.

Балалар 1-10 дейінгі сандарды қосып,азайтып,үлкен-кіші,теңдік белгілерін ажыратады.Сандар арнайы түрлі-түсті фетрден қиылып,. кубиктерге жабыстырылып,айналып тұрады.Математика негіздерінен алған білімдерін ойнай отырып,тиянақтайды.

2.Табиғат бейнесі ,жайлау, өзен-көл, шалғын шөп,ақша бұлттар,жарқыраған күн бейнеленген.Бұл қабырғадағы суреттер арқылы балалар ертегілерді,жыл мезгілдерін,үй жануарларын ,құстарды,судағы тіршілік иелерін тақырыпқа сай әңгімелейді.Балалардың тіл байлықтары дамиды.

3.Қоршаған ортамен танысу, таным - зияткерлік дағдысы бойынша «Жемістер мен көкөністер» әлемі.Жемістердің ағашта өсетінін,көкөністердің бақшада жерде өсетінін балалар ажыратады,өздері отырғызып,жинайды.Қолмен ұстап,көзбен көреді.

4. «Ұлттық құндылықты дәріптеу» мақсатынды қуыршақты қазақы ұлттық нақышта киіндіру.Ер балалардың киімдері мен қыз балалардың киімдерін түстерін ажыратып,киім үлгілерін атап,сандықшадан алып,киіндіреді.


Picture 24 Picture 19

Picture 18 Picture 12 Picture 11 Picture 9 Picture 5 Picture 8 Picture 7 \




Picture 625









«Қошақан» бөбекжайы





«Сөйлейтін қабырға» технологиясы

(шеберлік сағаты)



Picture 628





Тәрбиеші: Жумагамбетова Г.К.









2023-2024 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
193
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі