400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл дайын сабақ жоспары 4 класқа беретін пән мұғалімге дайын сабақ жоспар. Пән мұғалім дайын сабақ жоспарды алып жүктей алады. - Сөйлемдегі сөздер туралы не білесіңдер? - Олардың байланысын қалай білеміз? - Сөйлем туралы не білесіңдер? - Бас әріптен басталып жазылады, соңында нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады. Жылт - жылт еткен, Жырадан өткен. (су) Өнерде бар, Талапта жоқ. Өрмекте бар, Оюда жоқ (ө) Мейізде бар, өрікте жоқ. Киізде бар, Сырмақта жоқ (з) Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. «Санамақ» ойынын ойнайық Басбармағым – алғашқы, Балан үйрек – жалғасы, Ортан терек - ағасы, Шылдыр шүмек - нағашы, Кішкентай бөбек – балақан, Бәріне ортақ алақан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Уақыты:



Сабақтың атауы

Сөйлем

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ.
Көрнекіліктер: Ауыл сызбасы, парақшалар, қоржын, жұмбақтар, сандық, қамшы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау


- Сөйлемдегі сөздер туралы не білесіңдер?
- Олардың байланысын қалай білеміз?
- Сөйлем туралы не білесіңдер?
- Бас әріптен басталып жазылады, соңында нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады.

Қызығушылықты ояту

Жылт - жылт еткен,
Жырадан өткен.
(су)
Өнерде бар, Талапта жоқ.
Өрмекте бар, Оюда жоқ (ө)
Мейізде бар, өрікте жоқ.
Киізде бар, Сырмақта жоқ (з)

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

«Санамақ» ойынын ойнайық
Басбармағым – алғашқы,
Балан үйрек – жалғасы,
Ортан терек - ағасы,
Шылдыр шүмек - нағашы,
Кішкентай бөбек – балақан,
Бәріне ортақ алақан.

Ой толғаныс


Сөйлем бір- бірінен бөлек жазылатын сөздерден құрылады. Бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады. Сөйлем аяқталғаннан  кейін тыныс белгісі қойылады. Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі.

1.     Хабарлы сөйлем. Хабарлау баяндау, суреттеу мақсатында айтылады. Тыныс белгісі : нүкте(.)

2.     Бұйрықты сөйлем. Бұйыру, тілек- өтініш ету мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: нүкте немесе леп белгісі(!) бұйрық рай арқылы жасалады.

3.     Лепті сөйлем. Сөйлеушінің көңіл- күйін қуану , өкіну т.б . білдіру мақсатында айтылады. Тыныс белгісі леп белгісі(!)

4.     Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайлы сұрап білу мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: (?)

Жұмбақтар шешу, карточкамен жұмыс.

1.Өзім сөзден тұрамын,

Хабар мен нүкте жинағым.(хабарлы сөйлем)

2. Мен де сөзден тұрамын,

Сұраулы ойды құрадым.

Өзгеден жауап сұрадым. (Сұраулы сөйлем)

3.   Қуану, ренжу,өкіну,

Мақсатым соны сездіру.

Ұранды да айтамын,

Қарқындатып барып қайтамын. (Лепті сөйлем)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі