400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлем дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып қазақ тілі пәні.Ашық сабақ тақырыбы "Сөйлем дегеніміз не?"
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 сынып

Пән: Қазақ тілі


Мектеп: Р.Қошқарбаев атындағы №50 ЖОМ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сапабекова Д.

Сынып: 2 «Ә»

Сабақ 43

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Сөйлем дегеніміз не?

Оқу мақсаты

2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;

2.3.2.1 үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама жазу;

2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу;

2.3.7.1 сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану

Сабақтың мақсаттары

Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады. Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама жазады. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.

Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Сабақты «Мәтін түрлері» қайталаудан бастау. Ол үшін «Күзгі сенбілік» ойынын ұсыну. Ойынға ортақ тақырыпта қатысты өтілген сөздерді сарғайған жапырақтарға жазып алу: дәрумендер, дәрігер, көмекші, спорт, жаттығулар, спортшы, емхана, денсаулық, шаңғышылар, шана, жеңімпаздар, доптар, жаттықтырушы, емделушілер.

Ойын соңында 8 сөзді зат есімнің сұрақтарына байланысты (Кім? Кімдер? Не? Нелер?) жіктеп жазу. Жекеленген оқушыларға барлық сөздерді ұсыну.

Қайталауға алынған сөздерден жаңа сабақтың мақсатына ауысу.


Сабақтың ортасы

(Ұ) «Менің атым Қожа» тақырыбындағы бейнежазбадан үзінді көрсету. Онда Қожамен сыныптасы сұхбат жүргізеді.

Сөйлем
«Сен тұр, мен айтайын» әдісімен сөйлемнің сынамасын айтып өтеді.

Айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
Аяқталған ойды білдіреді
Жазылуына қарай
Сөйлем сөздерден құралады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Сөздер бір-бірінен бөлек жазылады
Толықтыру сынамасы:
1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2.Сөйлем сөздерден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады
5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады
Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)
6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз
7.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
8.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
9.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

.

Оқулықтағы жаттығуларды орындау

Оқы.

  • Неге шаұырдың, Қожатай?

  • Шақырғаным жоқ...

  • Дауыстағандай болдың ғой?

  • Сізге емес ... жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз.

Сұрақтар мен тапсырма.

Диалогке кімдер қатысты?

Кім сұрақ қойды?

Кім жауап берді?

Диалогті жұбыңмен рөлге бөліп оқы.

Диалогті көшіріп жаз.

ЕСТЕ САҚТА!!! Жаңғырық әдісімен.

Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып, алдына сызықша қойылып жазылады






Еркін жазу стратегиясы
І топ. Суретке қарап хабарлы сөйлем құра
ІІ топ. Суретке қарап сұраулы сөйлем құра
ІІІ топ. Суретке қарап лепті сөйлем құра
*Жатқа жазу
25-жаттығу

Неше сөйлем жаздың?

Әрқайсысы не туралы?

Соңына не қойылған?

26-жаттығу

Хабарландыру

Қаңтардың 7-сі күні сағат 10-да шаңғыдан мектепшілік жарыс өтеді жарысқа қатысамын деушілер ұйымдастыру комитетіне алдын ала тіркелуі өажет көлік мектеп жанынан 8-30 – да жүріп кетеді.


*Деңгейлік тапсырма
I деңгей:
• Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта
II деңгей
• сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылуын, қайсысы қандай қызмет атқаратынын түсіндір
III деңгей
• Өзің бір сөйлем ойлап жаз (хабарлы, сұраулы, лепті)


27 – жаттығу

Диалогті қалпына келтір.

Сабаққа кері байланыс.

Сен хабарландыруды қалай жазар едің


http://kaztv.old3.kaztrk.kz/kz/archive/programs/programs_morning/senbiliktan/438831


Сабақтың соңы


Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

-Сабақта не үйрендіңдер?

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

• Мен «сұхбаттасуды» түсіндім – жасыл түс;

• Мен сенімді емеспін – сары түс;

• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

.


Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 10 минут қолдануды жоспарлаймын.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
983
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі