400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлем және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: Сыныбы: Пән атауы:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

І Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сөйлем, сөйлем мүшелері, сөйлем түрлерімен таныстыра отырып, олардың айырмашылығымен топтастыру, өткенді қайталау.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.

ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері

  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлемнің қандай түрлері бар?

  • Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығын ата?

1 – жаттығу.

Сәби туралы ой

Өлеңнен хабарлы, сұраулы мен лепті сөйлемді табу.

2 – жаттығу.

Сөйлемнің соңында тұрған алманың орнына тиісті тыныс белгісін қойып, сол сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жеміс бағында

Күздігүні алма бағына барып көрбің бе Алманың иісін ұмытқан жоқсың ба Ауада алманың тәтті иісі аңқиды Қып – қызыл болып піскен алмаларды қолмен жияды. Басқышпен шығып, ептеп қана үзіп алып, себетке ақырын салады. Алмаларды бір жерге үйеді. Кейбірін жәшіктерге салады. Әр жерде үюлі жатқан тау- тау алманы көргенің бар ма Күлім қаққан адамдарды көресің Міне, алма бағындағы еңбектің түрі осындай

3 – жаттығу. Жаңылпашты жазу.

Я дыбысын қойып жаз.

Қо...н, дари..., қи...р, та...қ, пи...з, сы...ды, Әли..., жари..., жа...у.

ІV. Сергіту сәті:

Қолға қамшы аламын

Атқа мініп шабамын

Құрық сілтеп асауға

Мен атамдай боламын!!!

4– жаттығу.

Күз түсті. Қызыл, сары жапырақтар ағаш басынан сусылдап тұрады. Жаңбыр жауды. Күн суытты. Күн жылы. Жерді тұман басты. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Ел егінін жинады.

  • Бүгінгі сабақта не өтілді?

  • Сабақ несімен ұнады?

(Оқушылардың жауабы)


VІ. Үйге тапсырма: 5 – жаттығу 6 бет.

VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі