Ашық сабақ
Қазақ тілі
2 «А» сынып
Тақырыбы: Сөйлем және
сөз
Сабақтың
тақырыбы:Сөйлем және сөз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:.Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан
құралатынын,сөйлем мен сөз арасындағы байланысты
түсіндіру.
Дамытушылық:оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын
дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,өз ойын еркін әрі
тиянақты жеткізе білуге, топтық жұмыс кезінде бір-бірін сыйлауға
тәрбиелеу.
Сабақ түрі:аралас
Әдіс-
тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап,
топтық жұмыс, ой қозғау, ойын, «Қайық» әдісі, 5 жолды
өлең.
Көрнекілігі:қима қағаздар, ереже жазылған плакат,
Тазалық экраны,Қайық әдісі.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Психологиялық дайындық.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал –
мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз,
сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария
иіліп сәлем береді.)
-
Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің
белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен
қуаныш сыйлаймыз.
-
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып,
сәлемдесейік.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-
-Ал, балалар сабаққа дайынбыз
ба?
-Дайынбыз!
5 «Т» ережесін
сақтау
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
2.Үй тапсырмасын
тексеру.
4-жаттығу 76
бет
Сөйлемнің соңына тиісті тыныс
белгіні қойып көшіру.
3.Қайталау
«Сұрақ-жауап»
ойыны
-Мәтін дегеніміз не?
-Тақырып дегеніміз не?
-Мәтін неше бөлімнен
тұрады?
-Мәтін нешеге бөлінеді?
-Әңгімелеу мәтіні дегеніміз
не?
-Сипаттау мәтіні дегеніміз
не?
-Пайымдау мәтіні дегеніміз
не?
-Мазмұндама мен шығарманың айырмашылығы
қандай?
4.Жаңа сабақ
Ереже:
1.Сөйлем аяқталған ойды
білдіреді.
2.Сөйлем сөздерден
құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек
жазылады.
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып
жазылады.
5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі
қойылады.
Сөйлемнің соңына не нүкте (.), не сұрақ
белгісі (?), не леп белгісі (!)
қойылады.
1-жаттығу.Сөздер мен сөйлемдерді
оқы.
Сөздер:кітап,дала,суытты,көркем,
жаңбыр,күшті,ағаш,дос,оқыды.
Сөйлемдер:
Кітапты күтіп ұста.Далада суық жаңбыр жауып
тұр.Көк бие құлындады.
Сөздер мен сөйлемдерді салыстыр.Олардың қандай
айырмашылығы бар?
2-жаттығу:
Сөздерді оқы.Осы сөздерден бір сөйлем құрастырып
жаз.
боя ағаш сары жапырақ күз
түс
5.Сергіту сәті
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым,
Алдыға қарай бір адым.
Жоғары –төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
«Кім жылдам?»
ойыны.
Ас,үй,мынау.
Ыдыс,жудым,мен.
Тамақ,пісірді,шешем.
3-жаттығу.Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз
тауып алды.Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не
жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғанын оқып
көр.
Мендосымныңүйінекеттімбірсағаттанкейінкелемін.
4-жаттығу.Өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқы.Сөйлемнің
соңында неге әртүрлі тыныс белгісі қойылғанын түсіндір.Қай сөйлем
сұрау мағынасында айтылып тұр? Ал қай сөйлем көңіл-күйді білдіреді?
Қай сөйлем хабарлауды білдіреді?
Сен қай пәнді жақсы
көресің?
Топпен жұмыс
1топ: «Оқушы» сөзіне 5 жолды өлең
құрастыру.
2топ:Бос орындарға тиісті сөздерді
қой.
3топ: «Мұғалім» сөзіне 5 жолды өлең
құрастыру.
6-жаттығу.Сөйлемдерді салыстыр. Не
байқадың?
Айнұр оқыды.
Айнұр ертегі
оқыды.
Айнұр қызықты ертегі
оқыды.
Айнұр әжесіне қызықты ертегі
оқыды.
6.Сабақты қорыту
Бүгінгі сабақта қандай тақырып
өттік?
-
Сөйлем қандай ойды
білдіреді?
-
Сөйлем неден
құралады?
-
Сөйлемдегі
сөздер қалайжазылады?
-
Сөйлемнің бірінші сөзі қалай
жазылады?
-
Сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгілер
қойылады?
Рефлексия
«Қайық» әдісі
Күлгінқайық-сабақ ұнады
Жасыл қайық- сабақ қызықсыз
Қара қайық- сабақ ұнаған жоқ
Тазалық экраны
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды
анықтау.
7.Үйге тапсырма
5-жаттығу 78
бет
8. Бағалау
(Сабақта нашар жұмыс істеген
балаларға сен тапсырма орындауда шатастың келесі жолы мұқият бол
деген сияқты және смайликтер беру).
-
Сумативті бағалау (жақсы жұмыс
істеген оқушыларға жақсы бағалар қою, бағаны комментариялаймын, не
себепті 4, не себепті 5)