Сөйлем мүшелеріне байланысты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлем мүшелеріне байланысты

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқалардан жақсылықты іздеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Тақырып: Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сынып: 3

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Басқалардан жақсылықты іздеу

Сыртқы интеграция: Өзін –өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану

Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру: (Қайда?) мәңгі қар жатады. Еріп жауған қар төмен қарай (не істейжі?). Оған жолындағы (не?) қосылады. Бұдан (қандай?) қар көшкіні пайда болады. Қар көшкіні (кімдерге?) өте қауіпті.

Рухани адамгершілік білім берумен интеграция

  1. Жаттығу: Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

Нан астықтан алынады. Астықты диқан өсіреді. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Бидай қырманға тасылады.

Осы сөйлемдерден адам өмірімен байланысы не? Диқаншы туралы қандай пікір беруге болады? «Еңбектің наны тәтті» дегенді қалай түсінесіңіз?

  1. Жаттығу: Өлең жолдарындағы сөздерге сұрақ қойып, сөйлем мүшелеріне талда.

Қайысысына не керек?

Қыранға қия тау керек?

Бұлбұлға жасыл бау керек.

Балыққа мөлдір көл керек,

Батырға туған ел керек.

Батырға туған ел керек сөзін талдау жасау. Батыр деп елін, жерін қорғайтын адамды айтады. Батырсыз ел жетім деген бар, сонда туған елден, туған жерден артық еш нәрсе жоқ. Батырлар елімізді, жерімізді қорғауға міндетті, отан алдындағы парызы, борышы.

  1. Жаттығу: Сөйлем мүшелерінің байланысын тап? Әдепті сөздерді жаттап ал.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

Жақын достарыңды құрметте.

Кемтар адамдарға көмектес

Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, стикерге өз ойларыңызды жазып тақтаға жабыстырыңыз.

Үйге тапсырма: Ада м өмірі мен сөйлем мүшелеріне байланыс құрап келіңіз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі