400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлем мүшелерінің байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Сәулет өнері

Тақырыбы Сөйлем мүшелерінің байланысы

Мұғалімнің аты-жөні: Буршакбаева Тамара

Сынып: 3 «Ә»

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;


Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, шақыру қағазының мәтінін құрап жазады.

Оқушылардың көбі:

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

-үлгі негізінде шақыру қағазының мәтінін құрап жазады.

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

- шақыру қағазының мәтінін өз бетінше құрай алады.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Мәтінге тақырып қояды.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін және тұрлаусыз мүшелерін анықтайды.

Үлгі негізінде шақыру қағазын құрастырады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер.Тұрлаусыз мүшелер.Сөйлемдегі сөздердің байланысы.Сұрақ қою. Сызба.Өзара байланысу.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Астана қандай қала?

Ойын-сауық дегенді қалай түсінесің?

Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану пәні, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем мүшелері.Тұрлаулы мүшелер.Тұрлаусыз мүшелер.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы 7 минут




(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың

сұраққа жауап беруі қадағаланады: Астана туралы білесің бе?

1. Астана қаласы бұрын қалай аталған?(Ақмола)

2.Жаңа Елорданың атауы астана болып қай жылы өзгертілді? (1998 ж)

3. «Бәйтерек» монументінің биіктігі қанша метр (97 м)

4. Сауда және ойын-сауық кешені қалай аталады?

(Хан Шатыр)

5. Астанада қанша вокзал бар? (2)

6. Астанада ағып жатқан өзен қалай аталады? (Есіл)

7. 2017 жылы Астанада қандай көрме ұйымдастырылды? (ЭКСПО)

8. Астанада қандай сәулетті ғимараттарды білесің?

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.




Сабақтың ортасы

28 минут


10 минут






















2 минут











7 минут






9 минут

1.Оқушылар оқулықта берілген 29-жаттығуды орындайды. Алдымен мәтінді іштей

мәнерлеп оқиды. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша таладанады. Жұптық жұмыс тапсырмас ы

бойынша дерккөздермен жұмыс жасайды.

2.Содан соң тапсырмалар беріледі. Тапсырма жеке орындалады.

Мәтін не туралы?______________________________

Мәтінге ат қой____________________________

Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?_____________________________________________________________________________________


Мәтіннен қандай ой түйдің?_______________________________________________________________________________________________________________________________________

Қалыптастырушы бағалау мүғалім тексеруі арқылы бағаланады.

Дескриптор:

- мәтіннің тақырыбын анықтайды;

- мәтінге ат қояды;

- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

- мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасайды.

(Ұ) 3.Сөйлем мүшелерінің бір-бірімен байланысы түсіндіріледі.

Мен – Астана қаласының кішкентай тұрғынымын.

Shape1 Мен

Астана қаласының тұрғынымын.

кішкентай

Оқулықта берілген сөйлемдер талданады.

Астана

Астана – бас қала. Ол Есіл бойында орналасқан. Маған өз қалам ұнайды. Астана қаласы

күн сайын көркейіп келеді.

Диктант жазылып болған соң, топ мүшелері қайтадан тексереді. Содан соң бірігіп отырып,

сөйлем мүшелеріне талдайды, сөйлем мүшелерінің байланысын көрсетеді.

Дескриптор:

- тұрлаулы мүшелерді анықтайды;

- тұрлаусыз мүшелерді анықтайды.

Саралау оқушылар «синквейн» әдісі арқылы Астана қаласы туралы 5 жолды өлең құрастырады.

1. Тақырып аты

2. Тақырыпты сипаттайтын екі сын есім

3. Үш етістік

4. Нақыл сөз/Сөйлем

5. Синоним сөз

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүргізіледі. Оқушылар жұмыстарын тексереді,

топта талқылайды.

Мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін құру


Оқушыларға Астана қаласын бейнелейтін суреттер беріледі. «Астан – сәулетті қала» көрмеге шақыру қағазын жазады. Шақыру қағазына са­бақтағы тірек сөздерді пайдаланады.

1. Шақыру қағазы кімге арналған?

2. Көрме қай жерде болады?

3. Не туралы болады?-

4. Уақыты қалай болады?

Дескриптор:

- шақыру қағазын құрастырады;

- жазу стилін сақтайды;

- сөйлемдерді сауатты жазады.

Қосымша материал №1
















Слайд№1





























Сабақтың соңы

5 минут



Рефлексия

Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасы оқулықтағы 31-жаттығу:

-сызба бойынша тиісті сөйлем мүшелерін тауып жазады;

-Астана қаласының бір сәулетті ғимараты туралы қысқаша мәлімет жазып келеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі