Материалдар / Сөйлем "Қай әріпті жоғалттым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлем "Қай әріпті жоғалттым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
1329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызықты грамматика 3 сынып

11 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. «Қай әріпті жоғалттым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем және сөз тақырыптарын меңгерту.Сөйлем мен сөзді ажырата білу.Дыбыстық талдау жасату.Ойындар ойнату арқылы шапшаңдыққа,тапқырлыққа баулу,достыққа,татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Дөңгеленіп шеңбер құрайық.

Әр оқушы өз есімі қандай әріптен тұратынын айту.

II. «Қай әріпті жоғалттым» ойынын ойнату.

...лектр,...рмек,...кскурсия,...гін,...стафета,а...родром,...мтихан,өз...н,...страда.


III.Жұмбақ жасырылады.

1.Темір тайым

Тамақты еш іздемейді. ( велосипед)

2.Қарсы алады өзіңді,

Пойызға мінер кезінде. (ж)

3.Темір жолмен зырғып,

Тасып жүр қалалықтарды жүйткіп. (трамвай)


IV.Диктант жүргізу.

Скафандр – ғарышқа ұшуға лайықталған арнаулы киім.Ғарышкерлер ғарышқа ұшарда осы киімді киеді.Олар лифтімен ракетаның ұшар биігіне дейін көтеріледі.Ғарышкерлер корабльге кіріп,жұмсақ орындыққа жайғасады.Белдіктерін байлайды.


V.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мына сөздерге: арыстан,ана,бала,кітап.


VI.Бекіту.

Сөз дегеніміз не?

Сөйлем дегеніміз не?

Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы неде?


VII.Қорытынды.

«Баспалдақ» ойынын ойнату.


VIII.Үйге тапсырма.

Кез келген 5 сөзге сөйлем құрастыру.



Бекітемін: Күні:

Қызықты грамматика 3 сынып

12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер «Баяндауышым қайда?»

Сабақтың мақсаты:

а) баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру;

ә) баяндауыштарды сөйлем ішінен тауып,оларға сұрақ қоя білу;

б) сөйлемдегі негізгі мүшелерді анықтай білуді үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Сабақтың барысы

Кестені пайдалана отырып,баяндауыштың өзіндік белгілерімен танысып,анықтамасын жаттау керек.Баяндауышқа қойылатын сұрақтар:

Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Баяндауыштың етістіктен ғана емес,басқа сөз таптарынан да жасалынатыны айтылып,мысал келтіреді.

Мысалдары

Баяндауыш болатын сөз таптары

1.Шоқан молдадан түрікше хат тани бастады.2.Шоқан Омбыдағы оқуына он жасында түсіпті.

Етістік

Жақсы ата – орман.

Зат есім

Анамыз ақылды,әдемі.

Сын есім

Екі жерде екі – төрт.

Сан есім

III.Баяндауышқа байланысты тапсырмалар орындалады.

1 тапсырма.Баяндауыштарды қойып жаз.Олар қай сөз табынан жасалған,үстіне жаз.

Торғай шырылдайды

қарқылдайды,

шаңқылдайды,

шықылықтайды,

сайрайды,

шырылдайды,

тыраулайды,

сұңқылдайды,

сөйлейді,

шақырады,

қаңқылдайды,

қыт – қыттайды,

саңқылдайды.

Бұлбұл

Сауысқан

Әтеш

Шағала

Тауық

Қаз

Аққу

Тырна

Қарға

Сұңқар

Адам ше?

2 тапсырма.Суретке қарап,бірнеше сөйлем құрастыр.Бастауыштың астын – бір,баяндауыштың астын екі рет сыз.

Керекті сөздер:Марат,қонақ,Әсия,анасы,қызғанды,достасып кетті,ойнады.

3 тапсырма.Сөйлемдерді тек тұрлаулы мүшесі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Адай балабақшадан үйге келді.Атасы оның маңдайынан сүйді.Сәуле терезеден қарады.Марат есік алдында ойнады.

4 тапсырма.Сөйлемдерді толықтырып жаз.Баяндауыштың астын сыз.

Алматы –... .Емен –... .Жетісу –... .Бішкек –... .Ертіс –... .

Керекті сөздер:әсем қала,үлкен өзен,көркем өлке,мықты ағаш, Қырғызстанның астанасы.

IV. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық? Қандай тапсырмалар қиындық келтірді?

V. Үйге тапсырма. Кез келген бір сурет бойынша мәтін құра.Мәтінге ат қой.

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.

Қызықты грамматика 3 сынып Күні:

13 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.

Сабақтың мақсаты:

а) тұрлаусыз мүшелермен таныстыру,тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя білу;

ә) олардың сөйлем ішіндегі байланысын анықтай алуды үйрету;

б) сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтау;

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ

Кесте бойынша асты сызылған сөздерге сұрақтар қойылады.

Мысалдар

Сұрақтар

Машинаны Қасым жүргізді.


Аспанда құстар ұшып барады.


Аспаннан жұлдыздар көрінеді.


Кестені толтырғаннан кейін, «Ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді салыстырады.

Сөйлем

Shape1 Shape2 мүшелері

Тұрлаулы Тұрлаусыз

мүшелер мүшелер


III. Тұрлаусыз мүшелерге байланысты тапсырмалар орындалады.

1 тапсырма.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

Болды,күз.

Қайта,құстар,бастады,жылы,жаққа.

Шынар,бақылады,қайтуын,құстардың.

2 тапсырма.Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.Бастауыштың астын – бір,баяндауыштың астын екі рет,ал тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сыз.

3 тапсырма.Сурет бойынша мәтін құра.Оған ат қой.

4 тапсырма.Мәтіндегі екі сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

5 тапсырма.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

Раушан,ыдысқа,салды,жемістерді.

Осы сөйлемдегі тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді тауып,астын сыз.

Сөйлем мүшелерінің байланысын анықта.

  • Раушан не істеді?

- Нелерді салды?

- Қайда салды?

6 тапсырма.Сөйлемдерді тыныс белгілерін қойып,бір-бірінен ажырат.Мәтінге ат қой.Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.Жаңа сөйлем бас әріптен жазылатынын ұмытпа.

Балалар мектепке келе жатты бір әжей құдықтан су алып жатыр еді Дәулет әжейге құдықтан су алып берді әжей қуанып қалды қария балаларға алғыс айтты.

IV. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар қиындық келтірді?

V. Үйге тапсырма.

Кез келген бір сурет бойынша мәтін құра.Мәтінге ат қой.

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып Күні:

14 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы «Үндемес»

Сабақтың мақсаты:

а) сөйлем мүшелерін өз орындарына қойып айту және жазу дағдысын қалыптастыру;

ә) олардың сөйлем ішіндегі байланысын анықтай алуды үйрету;

б) сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтау;

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ

«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны.Төмендегі сөздер тақтаға жазылады.Гауһар,берілген,үйге,орындады,тапсырманы.

а) Оқушылар оқып шығып,сөйлем мүшелерінің ретімен қойылмағаны анықтайды.

ә) Оқушылар сөйлемдерді орнымен қойып шығады (Гауһар үйге берілген тапсырманы орындамады.)

III.Сөйлем мүшелеріне байланысты тапсырмалар орындалады.

1 тапсырма.

Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.

Керекті сөздер: Жамал,алма,піскен алма,бақ,жәшік,жинады,салды,барды.

2 тапсырма.

Сөйлем мүшелерінің байланысын сызып көрсет.

Марат алманы жақсы көреді.

Алма денсаулыққа пайдалы.

3 тапсырма.Өлеңді түсініп оқы.Өз сөзіңмен әңгімелеп жаз.

Шекіссек те екеуміз,

Үйге жылап қайтпаймыз,

Сөзімізге бекембіз,

Анамызға айтпаймыз.

Естімесе өздері,

Айтып қанша қажеті?

Біліп қойса,біздерді

Ойнатпайды бір жеті.

Өтепберген Ақыпбеков

IV. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

V. Үйге тапсырма.

Кез келген 5 сөйлем жазып, сөйлем мүшелерінің байланысын көрсет.

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.

Қызықты грамматика 3 сынып

15 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

а) жалаң,жайылма сөйлем туралы алған білімін бекіту;

ә) тұрлаусыз мүшелер туралы түсінігін жетілдіру;

б) оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту;

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

Бұлт торлады.

Күн күркіреді.

Жаңбыр жауды.

Жаңбыр басылды.

Күн ашылды.

Балалар ойнады.

2 тапсырма.Сурет бойынша шағвн мәтін жаз.Мәтінге ат қой.Екі жайылма сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап сыз.

Керекті сөздер:бөлме,жарық,сабақ,шкаф,кілем,төсек,демаламын,ұйқыға жату,тазалық,оқу.

3 тапсырма.Суреттегі заттардың атын жаз.Осы сөздерге сөйлем құрап жаз.Оларды сөйлем мүшелеріне талдап,астын сыз.Осы сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.Оларды сөйлем мүшелеріне талдап,астын сыз.

4 тапсырма.Әр топтағы сөздерден жалаң және жайылма сөйлем құрап жаз.

шөп,қозы,жеді.

су,гүлге,Жамал,құйды.

жерге,сары,түсті,жапырақтар.

Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, астын сыз.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.

Қандай да бір суретке қарап шағын әңгіме жаз.Әңгімеге ат қой.




Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.

Қызықты грамматика 3 сынып

16 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың білімін анықтау;

ә) өз бетімен жұмыстануға үйрету;

б) оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: өзіндік жұмыс дәптері

Сабақтың әдісі: қорытындылау

Сабақтың түрі: білімін тексеру

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Оқушылардың білімін тексеру.Тест жұмыстары.Дұрыс жауабын қоршауға алып қой.

1.Бірыңғай жуан дауысты дыбысы бар сөзді тап.

а) шілде

ә) кітап

б) маусым

в) өшіргіш

2.Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді тап.

а) қырман

ә) егістік

б) орман

в) жауын

3. Буынға дұрыс бөлінбеген сөзді тап.

а) ал -ты

ә) бе -сін- ші

б) е -лу

в) т –өрт –ін –ші

4. Төрт буынды сөзді тап.

а) емшілер

ә) жұмысшылар

б) көршілер

в) егінші

5. Қай сөзде у дауыссыз?

а) жауынгер

ә) уылдырық

б) қуыршақ

в) сурет

6. Қай сөзде у дауысты?

а) қауын

ә) ту

б) уақыт

в) сауыншы

7. Дұрыс тасымалданбаған сөзді тап.

а) бау - ырсақ

ә) бауыр -сақ

б) ба – уырсақ

8. Дұрыс тасымалданған сөзді тап.

а) көс -еумен

ә) кө -сеумен

б) көсе -умен

в) көсеум –ен

9. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) кітаб

ә) кітәп

б) китап

в) кітап

10. Түбір сөзді тап.

а) теңізші

ә) сурет

б) орындық

в) сыныптас

11. Жалғауы бар сөзді тап.

а) балалық

ә) бала

б) балалар

в) балалы

12.Жұрнаға бар сөзді тап.

а) домбыраны

ә) домбырамен

б) домбырашы

в) домбыралар

13. Хабарлы сөйлемді тап.

а) Асан қайда барды.

ә) жапырақтар сарғайып

б) хатты жазып

в) Үміттің жасы алтыда

14. Хабарлы сөйлем неден құралады?

а) дыбыстан

ә) әріптен

б) сөзден

в) буыннан

15. Сұраулы сөйлемді тап.

а) Театрға бардың ба

ә) Нұргүл келді

б) Жаңбыр қатты жауды

в) Алақай –ау

16. Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап.

а) Әсет үйге келді.

ә) Майра домбыра тартты.

б) Дәурен жүгірді.

в) Нөсерлеп жаңбыр жауды.

17.Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді тап.

а) Салтанат биледі.

ә) Қайрат қақпаны қорғады.

б) Мал жайылды.

в) Жібек орамал.

18. Мақалды толықтыр.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға -------------кез.

а) келсін

ә) болсын

б) жолықсын

в) барсын

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып


17 сабақ Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз.


Сабақтың мақсаты:

а) қаратпа сөздің мағынасын түсіндіру;

ә) қаратпа сөзді дауыс ырғағы арқылы ерекшелеп айту керектігін үйрету;

б) қаратпа сөздің негізгі ойға байланысты екенін түсіндіру;

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.Қаратпа сөзді жазып,сөйлемді толықтыр.


2 тапсырма.Сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.


3 тапсырма.Сызба қай сөйлемге сәйкес келеді? Тауып белгіле.


4 тапсырма.Қаратпа сөздерді тауып,астын сыз.


5 тапсырма.Қаратпа сөздердің орнын өзгертіңдер.Тыныс белгісін қойып жазыңдар.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.











Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып


18 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы.

Сабақтың мақсаты:

а) қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру;

ә) түбірден қосымшаны,жалғаудан жұрнақты ажырата білуді үйрету;

б) туынды сөздер туралы білімін пысықтау;

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.Берілген сөздерге жұрнақ жалғап жаз.Өзгерген сөздерді қатыстырып,4 сөйлем құрап жаз.


2 тапсырма.Берілген сөздерді қосымшалар арқылы бір –бірімен байланыстырып жаз.Осы сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрап жаз.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.


3 тапсырма.Берілген сөздерге жұрнақ жалғап жаз.Сөздерге жалғау қосып жаз.Осы сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жаз.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.















Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып


19 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан болса,түбірдің соңындағы к,қ,п дыбыстарының өзгеретінін түсіндіру,қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.Түбірге қосымшаларды сызық арқылы қос.Осы сөздерден үш сөйлем құрап жаз.

2 тапсырма.Берілген сөздерде түбірге жалғанған қосымшаларды тиісті белгімен белгіле.Соңғы үш сөзді қатыстырып,сөйлем құрап жаз.Сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

3 тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс орналастырып,мәтін құрастыр.Сөйлем ретін жақшаның ішіне санмен белгіле.Мәтінге ат қой.

4 тапсырма.Қалауыңша сөздер жаз.Оларды сөз құрамына талда.

5 тапсырма.Түбірлес сөздерді сызып қос.

6 тапсырма.Туынды сөздерді тап,талдау жаса.Осы сөздерге түбірлес сөздер жаса.Екі сөйлем құрастыр.

7 тапсырма.Сөздерге жалғау жалғап жаз.Өзгерген әріпті қоршап сыз.Осы сөздерді қатыстырып,үш сөйлем құрап жаз.

8 тапсырма.Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны айналдыра сыз.

9 тапсырма.Түбірлес сөз жасап тұрған жұрнақтарды айналдыра сыз.Осы сөздерді қатыстырып,төрт сөйлем құрап жаз.

10 тапсырма.Өлең жолдарын толықтырып жаз.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.






Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.

Қызықты грамматика 3 сынып

20 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың білімін анықтау;

ә) өз бетімен жұмыстануға үйрету;

б) оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: өзіндік жұмыс дәптері

Сабақтың әдісі: қорытындылау

Сабақтың түрі: білімін тексеру

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Оқушылардың білімін тексеру.Тест жұмыстары.Дұрыс жауабын қоршауға алып қой.

1.Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын көрсет.

а) кім? Қандай? Нені? Кімдер?

ә) қанша? Не? Нелер? Не істеді?

б) қандай? Кімге? Неге? Нені? Қанша? Қайда?

в) қайда? Кімдер? Кімге? Не?

2.Бастауышқа қойылатын сұрақтарды тап.

а) кімді? Нені? Қанша? Не?

ә) не істеді? Қандай? Кім?

б) кім? Кімдер? Не?нелер?

в) нелер? Қайда? Кімге? Неге?

3. Баяндауышқа қойылатын сұрақтарды тап.

а) кім? Кімді? Қанша?

ә) не істеді? Неғылды? Қайтті?

б) не? Нелер? Қайда? кімге?

в) кімдер? Неғылды? Не істеді? Қандай?

4. кім? Не? Сұрақөтарына жауап беретін сөйлем мүшесін ------------------------------

а) баяндауыш

ә) тұрлаусыз мүше

б) бастауыш

в)тұрлаулы мүше

5.Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөйлем мүшесін ----------------------- дейміз.

а) баяндауыш

ә) бастауыш

б) тұрлаусыз мүше

в) тұрлаулы мүше

6.Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің ------------------------------ дейміз.

а) бастауышы

ә) тұрлаулы мүшесі

б) тұрлаусыз мүшесі

в) баяндауышы

7.Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін ---------------- -- дейміз.

а) бастауыш

ә) тұрлаулы мүше

б) баяндауыш

в)тұрлаусыз мүше

8.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді ------------------------ дейміз.

а) лепті сөйлем

ә) сұраулы сөйлем

б) жайылма сөйлем

в)жалаң сөйлем

9.Тұрлаулы мен тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді ----------------------------дейміз.

а) жалаң сөйлем

ә) хабарлы сөйлем

б) жайылма сөйлем

в)сұраулы сөйлем

10.Жалаң сөйлемді тап.

а) Қасқыр ұзақ ұлыды.

ә) Қасқыр ұлыды.

б) Қасқыр аспанға қарап ұлыды.

в)Қасқыр аспанға қарап ұзақ ұлыды.

11.Жайылма сөйлемді тап.

а) Қайрат ұйықтады.

ә) Қайрат оянды.

б) Қайрат тұрды.

в)Қайрат салқын сумен жуынды.

12.Біреудің назарын аудару үшін қандай сөз қолданылады?

а) түбір сөз

ә) қосымшалы сөз

б) қаратпа сөз

в) сөз

13.Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе,....

а) қаратпа сөзден кейін үтір қойылады.

ә) қаратпа сөздің екі жағынан үтір қойылады.

б) қаратпа сөздің алдына сызықша қойылада.

в)қаратпа сөз тырнақшаға алынады.

14.Қаратпа сөзді тап.

Әпке,сізге бір құпия айтайыншы.

а) айтайыншы

ә) сізге

б) әпке

в)бір құпия

15.бір мағынада айтылатын сөзді тап.

а) сыр,көк

ә) доп,мерген

б) ұзын,қысқа

в)бас,жар

16.Көп мағынада айтылатын сөзді тап.

а) дәптер,кілем

ә) мұз,терезе

б) жаңа,ағаш

в) ара,күл

17.Қарама-қарсы мағынада айтылатын сөзді тап.

а) жалау -ту

ә) қалың -кіші

б) жуас -асау

в) жұқа-үлкен

18.Жұрнағы бар сөзді тап.

а) кесе

ә) шайнек

б) ыдыс

в)табақ


Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.

Қызықты грамматика 3 сынып

21 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты:

а) қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру;

ә) түбірден қосымшаны,жалғаудан жұрнақты ажыра білуді үйрету;

б) туынды сөздер туралы білімін пысықтау;

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

Әр сөз табына сәйкес келетін сөздер жаз.Әрқайсысы 4 сөзден кем болмасын

Зат есім:--------------------------------------------------------------------------------------

Сын есім: ------------------------------------------------------------------------------------

Сан есім: -------------------------------------------------------------------------------------

Етістік: ---------------------------------------------------------------------------------------

2 тапсырма.

Зат есімдерді сын есімдермен байланыстырып жаз.

3 тапсырма.

Зат есімдерді сан есімдермен байланыстырып жаз.

4 тапсырма.

Зат есімдерді етістіктермен байланыстырып жаз.

5 тапсырма.

Мақалды толықтырып жаз. өнер

Ақыл – азбайтын тон, ашу

- таусылмайтын кен.


Ақылды қателессе, досынан

Басынан көреді. өзінен

Ақымақ қателессе,

көреді.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.


Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып

22 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

а) зат есім туралы түсінігін кеңейту;

ә) зат есім болатын сөздерді мағынасы,грамматикалық белгісіне қарай талдау;

б) сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу,

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

Кім? Сұрағына жауап беретін сөздер жаз.4 сөзден кем болмасын.

2 тапсырма.

Не істеді? Сұрағына жауап беретін сөздер жаз.4 сөзден кем болмасын.

Осы сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрастырып жаз.

3 тапсырма.

Заттың атын білдіретін сөздерді жаз.

Кім? --------------------------------------- Кімдер? ------------------------------------

Не? ---------------------------------------- Нелер? ---------------------------------------

Осы сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрап жаз.

4 тапсырма.

Суреттегі заттардың атын жаз.Сұрақ қой.Оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

5 тапсырма.

Сөздерге көптік жалғауды сызық арқылы жалға.Осы сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрастырып жаз.

6 тапсырма.

Бас әріппен жазылатын төрт сөз жаз.Осы сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрап жаз.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.


Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.

Қызықты грамматика 3 сынып

23 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты:

Етістік заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып,етістіктерді таба білуді үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

Оқыды,жазды,үйренді,жинады сөздерін қатыстырып,4 сөйлем құрап жаз.Осы сөйлемдердегі етістіктерді тауып,олардың байланысып тұрған сөздерін жаз.

2 тапсырма.

Заттың қимылын,ісін,күй – жайын білдіретін сөзді тауып жаз.

3 тапсырма.

Зат есімдердің қасына етістіктерді қою арқылы сөйлем құрап жаз.

қаз,көбелек,оқушы,гүл

4 тапсырма.

Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.

жаз - күлді –

бар - көрді –

оқы - жауды –

Осы күрделі етістіктерді қатыстырып,3 сөйлем құрастырып жаз.

5 тапсырма.

Етістіктерді қойып,сөйлемді толықтырып жаз

6 тапсырма.

Күрделі етістікті дара етістікке айналдырып жаз.Осы дара етістіктерді қатыстырып,4 сөйлем құрастырып жаз.

7 тапсырма.

Етістіктерді қойып,өлең жолдарын толықтырып жаз.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.





Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып

24 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік.

Сабақтың мақсаты:

а) түбір сөзден жасалған етістіктің негізгі етістік,ал түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған етістіктің туынды етістік деп аталатынын түсіндіру;

ә) сөз құрамы туралы білімін пысықтау;

б) оқушылардың алдыңғы сабақтарда негізгі және туынды етістік туралы алған білімін пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

Бірінші бағанға негізгі етістіктерді,екінші бағанға туынды етістіктерді теріп жаз.

2 тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып жаз.Өлеңді оқы.

3 тапсырма.

Туынды етістіктерді сөз құрамына талда.Түбір мен жұрнақты белгілерімен сызып көрсет.

4 тапсырма.

Осы сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жаз.

5 тапсырма.

Етістіктерді салыстыр.Түбір мен жұрнақты тиісті белгімен белгіле.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.










Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып

25 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты:

а) етістіктердің мағыналары жағынан болымды,болымсыз болып бөлінетінін түсіндіру;

ә) болымсыз етістіктердің –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен таныстыру;

б) оқушылардың алдыңғы сабақтарда болымды және болымсыз етістік туралы алған білімін пысықтау.


Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып жаз.

2 тапсырма.

3 болымды етістік,3 болымсыз етістікті қатыстырып,6 сөйлем құрап жаз.

3 тапсырма.

Өлең шумағын оқы.Бірінші бағанға болымды етістікті,екінші бағанға болымсыз етістікті теріп жаз.

4 тапсырма.

Өлеңді түсініп оқы.Жаттап ал.Өлеңді өз сөзіңмен әңгімелеп жаз.

5 тапсырма.

Болымды етістіктің астын бір сызықпен,болымсыз етістіктің астын екі сызықпен сыз.

III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.










Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.

Қызықты грамматика 3 сынып

26 сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың білімін анықтау;

ә) өз бетімен жұмыстануға үйрету;

б) оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: өзіндік жұмыс дәптері

Сабақтың әдісі: қорытындылау

Сабақтың түрі: білімін тексеру

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Оқушылардың білімін тексеру.Тест жұмыстары.Дұрыс жауабын қоршауға алып қой.

1.Дұрыс жауабын белгіле.

а) санын білдіреді

ә) сынын білдіреді

б) іс-қимылын білдіреді

в) атын білдіреді

2.Зат есімдердің сұрақтары.

а) қандай?кім?қай?

ә) не істеді? Не? Нелер?

б) кім? Кімдер?не?нелер?

в) қандай?кімдер?қайсысы?

3. Зат есімді көрсет.

а) қызыл,ащы

ә)ұста,құс

б)жүгірді,жұмыртқа

в)сайрады,атасы

4. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

а) арқар,күшік

ә) ата,нағашы

б) жілік,тігінші

в)Айнаш,кілем

5.Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

а) бұтақтар,текелер

ә) ұлдар,күзетшілер

б) теңізшілер,қаламдар

в) шағалалар,орманшылар

6.Зат есімнің көптік жалғауларын көрсет.

а) –ның,-нің,-дар,-дер,-ің,-іңіз

ә) –ым,-ың,-лар,-лер,-дың,-дің

б) –лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер

в) –мың,-сың,-сіз,-тар,-тер

7.Мына сөздерге жалғанатын жалғауды көрсет

Тауық,кітап,балық,қарындас

а) -лар

ә) -лер

б) -тар

в)-тер

8.Мына сөздерге жалғанатын жалғауды тап.

Бота,қозы,аға,тау

а) –лар,

ә) -лер

б) -дар

в)-дер

9.Негізгі зат есімді тап.

а) аспаз,су

ә) көлшік,арба

б) сусын,дала

в)қант,жапырақ

10.Туынды зат есімді тап.

а) асхана,терезе

ә) домбыра,орындық

б) ұшқыш,ғарышкер

в)кезекші,сынып

11.Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаны көрсет.

а) жұрнақ

ә) көптік жалғау

б) жалғау

в)тәуелдік жалғау

12.Тәуелдік жалғауы бар сөзді тап.

Әупілдектің балапандары қомағай келеді.

а) әупілдектің

ә) балапандары

б) қомағай

в) келеді

13.Етістік нені білдіреді?

а) заттың атын білдіреді

ә) заттың санын білдіреді

б).заттың сынын білдіреді

в)заттың іс-қимылын білдіреді

14.Дара етістікті тап.

а) кел,айтып берді

ә) гүлдеп тұр,келмеді

б) көр,бер,шегеле

в)оқығыш келеді,тазала

15.Негізгі етістікті тап.

а) бер,қолда

ә) баста,тазала

б) тұр,бар,қал

в) жөнде,желбіре

16. Туынды етістікті тап.

а) тұздады,оқы

ә) қолда,ал

б) сана,тағала

в) бағала,жүр

17.Болымды етістікті тап.

а) айтсаңшы,келген емес

ә) алма,жазба

б) бармады,жуды

в) күт,тазала

18.Болымсыз етістікті көрсет.

а) дауыста,жыртпа

ә) барғалы отыр,көшір

б) сынама,ширатпа

в) шығар,тоқта
















Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып

сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

а)

ә)

б)

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

2 тапсырма.

3 тапсырма.

4 тапсырма.

5 тапсырма.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.























Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып

сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

а)

ә)

б)

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

2 тапсырма.

3 тапсырма.

4 тапсырма.

5 тапсырма.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.



















Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:Л.М.Карина.


Қызықты грамматика 3 сынып

сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

а)

ә)

б)

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойын.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Жаңа сабақ

1 тапсырма.

2 тапсырма.

3 тапсырма.

4 тапсырма.

5 тапсырма.


III. Қорытынды.

Біз қандай тақырыпты қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?


IV. Үйге тапсырма.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!