|
МАД
|
Тәрбиеші:
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
|
Тақырыбы
|
Сөйлеммен танысайық
|
|
Сабақтың мақсаты
|
1)
Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем
кұрау.
2) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл
байлығын, тілін дамыту.
3) Балаларды ұғымталдықка,
әдептілікке тәрбиелеу.
|
|
Көрнекіліктер
|
Үлестірмелі суреттер, плакат суреттер, жүмбақтар,
буындар, үлестірмелі карточкалар.
|
|
Іс-әрекет
кезендері
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Балалардың іс —
әрекеті
|
|
Психологиялық ахуалды
қалыптастыру
|
– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне
жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!
Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!
Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол
алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез
тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір ойнау!
Қандай жақсы дос болу!
|
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық
жасайды.
|
|
Ұйымдастыру
іздестіру
Жаңа сабақ
|
Өзі
сондай нәзік,
Су
құйсақ кетеді.
Алақанын жазып. Бұл не болды,
балалар?
— Гүл.
— Дұрыс. Гүл екен (суретін
көрсетеді).
— Енді осы гүл сөзін пайдаланып бірнеше сөздер
айтайық.
— Дала. Гүл. Ашыды. Әдемі. Бақ.
— Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен
байланыстырып айтып көрейік. Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем
туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.
— Гүл
қайда өседі?
Тәрбиеші: — Гүл
қандай?
— Енді осы сөздерді біріктіріп
айтайық.
— Далада әдемі гүл өседі.
— Сөздер бірігіп белгілі аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлем төрт сөзден құралып түр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен
байланысып тұр.
|
Балалар барлық қимылдарды
тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды
орындайды.
|
|
Сергіту сәті
|
«Мен білемін».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын
бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.
Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі
мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен
соғу.
– Мен
ұлдардың бес атын білемін:
Арман – бір
Аділет – екі
Қуаныш – үш
Асхат – төрт
Нариман – бес
Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі
бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар,
гүлдер, ағаштар, аңдар).
|
Оқушылар ойын ойнайды
|
|
Рефлексивті —
түзетушілік
|
Сабақты «Кім шапшаң сөйлем
құрайды?» ойынымен аяқтау.
|
Тапсырмаларды әр бала өз алдына
ерекше орындады.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білу
|
Тапсырма мазмұнын толық
есте сақтады.
|
|
Өзіне үйренгені
|
Дауыс ырғағын, артистік
қабылеттерін дамытты.
|
|
Үйрену
|
Сұрақтарға толық жауап беруге
үйрену.
|
|
|
|
|
|
|
|