400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сөйлеммен танысайық

Материал туралы қысқаша түсінік
1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем кұрау. 2) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту. 3) Балаларды ұғымталдықка, әдептілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу пәні 48 сағат

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Сөйлеммен танысайық

Сабақтың мақсаты

1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем кұрау.

2) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

3) Балаларды ұғымталдықка, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат суреттер, жүмбақтар, буындар, үлестірмелі карточкалар.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру




– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Өзі сондай нәзік,

Су құйсақ кетеді.

Алақанын жазып. Бұл не болды, балалар?

— Гүл.

— Дұрыс. Гүл екен (суретін көрсетеді).

— Енді осы гүл сөзін пайдаланып бірнеше сөздер айтайық.

— Дала. Гүл. Ашыды. Әдемі. Бақ.

— Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып айтып көрейік. Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.

— Гүл қайда өседі?

Тәрбиеші: - Гүл қандай?

— Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

— Далада әдемі гүл өседі.

— Сөздер бірігіп белгілі аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем төрт сөзден құралып түр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

– Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

Сабақты "Кім шапшаң сөйлем құрайды?" ойынымен аяқтау.


Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Сөздер мен дыбыстар

Сабақтың мақсаты

Сөз, дыбыс туралы үғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Есту қабілетін жетілдіру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат ойыншыктар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру




Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аударып есік қағады да, олардан не естігендерін сұрайды.

Тәрбиеші дабыдды (барабанды) соғады да, не естідіндер деп сұрайды.

- Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

- Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек? Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Бұл дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайык. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың аттарын, заттарды атандар.

- Сөз бір нәрсе туралы ұғымды біддіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады. Енді ана сөзін талдайық.

АНА - неше дыбыс бар?

- Дұрыс айттындар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, кезекпен айтындар.

- Жеке дыбыс ойлаңдар. Балалардың жауабы тыңдалады.

"Кім көп біледі?" ойынын Ұйымдастыру.

Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген айыбын өтейді. Алфавит сыры:

1 -б. Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде?

Түсінші.

2-6. А деген ол —

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол — Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол — Балалар ғой әдемі,

Біздің елде Үшеуі де кәделі...

Алшақ кетпей,

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар Алфавиттің басында!

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

— Жақсы балалар, енді "Сөз жарысын" ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады.

Бала сөзді тоқтағанша айтып жарысады.

Көп сөз айтқан бала мадақталады.

Тәрбиеші сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қояды.

— Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?

— Дыбыс қандай болады?

— Сөзге мысал ойла.

— Жан-жануар қалай дыбыстайды?

Балалар жауаптарын тәрбиеші толықтырып сабақты аяқтайды.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Сөзбен танысайық

Сабақтың мақсаты

Тақпақты  зейін  қойып  тыңдап, мазмұның  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  боыйнша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру. сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің бірнеше дыбыстан құралатынын, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру. Жазуға қолын жаттықтыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқу іс-әрекетінің барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ұжым болып жұмыс істеуге баулу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Шаңырағымыз биік болсын!


Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






«Не естідің?» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату.

-Сонымен, балалар, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады?

-Дыбыс.

-Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады. Дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы: д дыбысы. Кәне, бәріміз осы екі дыбысты жеке-жеке айтып көрейік.


Дыбысты естиміз. Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардан сөз құралады.

«Ана» деген сөзге дыбыстық талдау жасалады. Ана сөзі үш дыбыстан тұрады.

«Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны.

Шарты: ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады.

Әліппе дәптермен жұмыс. Дәптердегі суреттердің (зымыран, машина, автобус, қоян, түлкі, тоқылдақ, аю, қарлығаш, торғай, үтік, кресло, шкаф) аттарын айтқызып, әр сөзде қанша дыбыс бар екенін анықтау.

Дәптердегі үзік сызықтарды қосып сызу.
 Сөз құрату және дыбыстық талдау жасату. Мысалы: ара сөзі үш дыбыстан тұрады: а, р, а.

Оқушылар аудиотаспадан дыбыстарды естіп, ажыратып айтады.

Балалар толық жауап береді.

Балалар а және д дыбысын айтады. А дыбысының еркін айтылатынын, ал д дыбысының өзін созып айта алмайтындарын, оны «ды» деп айтуға болмайтындығын айтады.

Балалардың өздері сөз құрайды.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Қонаққа барамыз».

Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. «Үй иелері» қонақтарды «сиқырлы сөздерді» айтып қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

-Балалар, дыбыс деген не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді, ата?

-Буын деген не? Бірнеше дыбыстардан не құралады? (Сөз)


Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Дыбыс, дауысты(қызыл) және дауыссыз(көк) дыбыстар, буын, сөз туралы.

Өзіне үйренгені

Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Буынға бөлейік

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Сөздердің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.
Дамытушылық: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатының түсіндіру. Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру, балалардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, сауат ашу пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат суретті үлгі құралы – қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру




Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарынды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғанын білесіңдер ме?
Мысалы:
Менің атым – Алтын,
Аспанымыз ашық болсын.
Менің атым - Альбина,
Бәріміз дос болайық.
Менің атым – Арсен,
Мамаларымыз аман болсын.
Менің атым – Арлен,
Көңіліміз шат болсын.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






ІІ. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі – Сара.
- Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са - ра.
- Бірінші буынын кім айтады?
- Бірінші буыны Са.
- Екінші буыны – ра.
- Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебіекі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А - ша.
ІІІ. Ойын: «Жоғалған буын».
Балаларды екі топқа бөлу.
- Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.
Ойынның шарты: жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай қатардағы топ бұрын аяқталса, сол топқа бір - бірден ойыншық қойылады.
- Ал, енді ойынымызды бастайық:
Үй, -, бө - - не, қар -, сауыс -, тыр -,
кө -, тор -, бүр -.
Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Қане, қане, тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік,
Домбыраны қолға алып
Әжем айтқан ертегіні
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазымен
Өнерді біз жалғайық.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

V. Сөйлем құрастыру.
- Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге хазайық
қарлығаш
ұя.
VI. Қол жаттықтыру жұмысы.
VII. Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: «Сара» сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, көк, қызыл.
VIІI. Дәптермен жұмыс.
- Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.
- Бұл өрнек неше торкөзден құралған?
- Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.
IХ. Буындардан сөз құрау.
- Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ - зақ, көкек, қар - лы - ғаш, тор - ғай, тыр - на, боз - тор - ғай.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Ұзақ – жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді.
Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.
Х. Қорытынды: «Сөз өзгеру» ойыны. Буынға әріпті қосу арқылы жаңа сөз шығару.
та
ша
са 
қа
то
до
Алдарындағы әріптер қалтасынан қажетті буын, әріптерді тауып, сөзді құрастырып, оқи біледі.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Дыбыс және әріппен танысайық

Сабақтың мақсаты

Тақпақты  зейін  қойып  тыңдап, мазмұның  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  боыйнша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру дыбыс пен әріап туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл – ойын дамыту.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру




Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Балалар, бүгінгі оқу іс-әркетіміздің тақырыбы: дыбыс және әріп 
Кәне кімнің ауылдаата-әжесі тұрады?

Жақсы. Ауылға барған да қорадан не көреміз.
дұрыс. Сиырдың төлін қалай атайды?

Иә., дұрыс айтасыңдар.
Қазір мен сендерге «Ала бұзау» әңгімесін оқып беремін.Мұқият тыңдаймыз. Жарайды.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтар
Жел соққанда қандай дыбыс шығады?
Жел уілейді.
У-у-у-у
Ағаштардың жапырағы шулайды.Қандай дыбыс естіледі?
Ш-ш-ш-ш
Масалар да көп екен тоғайда. Қандай дыбыс естиміз?
З-з-з-з
Ескендрдің – Ақтөс иті ырылдайды Қайтіп?
Р-р-р-р

Ақтөске жылан айбат шекті. Қалай?

С-с-с-с
Кенет оларды аралар қуды . Қайтіп?
Ж-ж-ж-ж
Ала бұзау дыбыс шығарды.Қайтіп?
Мө-мө-мө-мө
Бәріміз бірге шақырайық бұзауды. Қалай?
Ауқау-ауқау-ауқау
Балалар, біз сонда әртүрлі дыбыстарды естідік.Біз дыбысты құлағымызбен естиміз, аузымызбен қайталаймыз.
Сонда біз дыбыстарды естиміз.
Ойын: «Дыбысынан таны» үнтаспадан жан-жануарлардың дыбыстарын ести отырып ажыратады.
Балалар , мына таңбаларды көзімізбен көріп тұрмыз ба?

Жарайсыңдар!
Әріптерді көзімізбен көреміз, қолымызбен жазамыз.
Суреттермен жұмыс жасаймыз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
«Қай дыбыстан басталады?» апсырмасын орындаймыз.
суреттегі заттардың атын атап, олардың қай дыбыстан басталып тұрғанын айтамыз.
Қобыз, шана, жұлдыз,кірпі,тақия,алмұрт .т.б

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.( осы сергіту сәтін буынға бөліп айтамыз)
Әліппе –дәптердегі үзік сызықтарды бір-бірне қосамыз.
Үнтаспадан әдемі музыка қосамыз.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

Өтілген дыбыстарды қайталаймыз.
Балалардың жауаптарына қарай көңілді жұлдызшалар беріп, марапаттаймын

Шеңбер жасайды. Бір біріне тілектер айтады.

Тақырыпты қайталап айтады.

Ауылдағы туыстары мен төлдері жайлы айтады.

Әңгімені тыңдайды.
Желдің дыбысын шығарады

Жапырақтың шуылын салады.

Ақтөстің ырылдағанын салады.

Араның уілдеген дыбысын салады

Үнтаспадан естілген әртүрлі дыбыстарды ажыратады.

Дыбысын тапқан жануардың бейнесін қима қағаздаран құрастырады.

Үзік сықтарды бір-бірімен қосады.

Сергіту сәтін қимылмен буындап айтады

Оқу іс-әрекетте белсене араласқан балалар марапаын алады

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні: _______________________

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық

Мақсаты: «Сөз», «дыбыс» түсініктерін қалыптастыру, дыбыстардың екі тобымен - дауысты, дауыссыз дыбыстармен таныстыру.

Білімдік міндеттері: Балаларға ұзақтығы әртүрлі дыбыстарды тануға, дауысты, дауыссыз дыбыстарды атауға үйрету. Жазу барысында дұрыс отыруға, ұзын және қысқа таяқшаларды жазуға, штрихтауға үйрету.

Дамытушылық міндеттері:Ойлау қабілетін, тілін, артикуляциялық моторикасы мен ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелеушілік міндеттері: Сауат ашуға ынтасын, дербестігі мен қызығушылығын тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: сөз, дыбыс, дауысты, дауыссыз.

Іс-әрекет кезеңдері



Мұғалімніңіс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Сөздер мен дыбыстар» еліне шақырады.

Тіл және тыныс алу гимнастикасы жүргізіледі. «Көңілді тіл» ойыны. «Жел соғады» ойыны (тілдің бұлшық етін белсендіру).

Қызығушылық білдіреді.



Жаттығулар орындайды.






Ұйымдастыру-іздестіру

«Дыбыс», «дауысты», «дауыссыз» дыбыстар ұғымдары қалыптасады.

- Мынау елді дыбыстар мекендейді. Олар көрінбейді, бірақ оларды естуге болады. Дыбыстар ұзақтығы бойынша әртүрлі болады (қысқа, ұзақ, орташа ұзақ) және олар түрлі үйшіктерде тұрады: дауысты дыбыстар — қызыл, ал дауыссыз дыбыстар — көк үйшіктерде. Дауысты дыбыстар жеңіл айтылады және оларды әндетуге болады.

«Әртістер» ойыны (а,о,у,ы,э дыбыстарын әндетіп айту). Дауыссыз дыбыстарды айту барысында ауа кедергіге ұшырайды.

«Не қандай дыбыс шығарады?» ойыны (дауыссыз дыбыстарды айту).

Жазу кезінде дұрыс отыру ережесімен таныстырады. Ұзын және қысқа таяқшаларды жазуға үйретеді.

«Жетпей тұрған суретті сал » боя

Тыңдайды.

Жауап береді (жемістер)

Ойын ойнайды













Тыңдайды, есте сақтайды.



Дауысты дыбыстарды әндетеді.

Дауыссыз дыбыстарды атайды.







Жазу барысында ережелерді сақтай отырып, ұзын және қысқа таяқшаларды жазады.

Салып, бояп орындайды.

Рефлексивті – түзетушілік

«Сөздер мен дыбыстар» елінде саяхат барысында не білгендері туралы қорытындылауды ұсынады. Жақсы жұмыстары үшін алғыс білдіреді.

Жаңадан не біліп, үйренгендері жайлы айтады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- «дауысты», «дауыссыз» дыбыстар түсініктерін.

Нені игереді:

- жазу барысында дұрыс отыру ережесі, дәптер, қол, қарындашты дұрыс ұстау туралы түсініктерді;

Нені біледі:

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды атауды;

- ұзақтығы әртүрлі дыбыстарды тануды;

ұзын және қысқа таяқшаларды жазуды, штрихтауды.



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

А дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

Білімділік: А әрпін таныту. А дыбысының сөздегі орнын айыра білу. Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге, ойлауға, есте сақтау қабілеттеріне үйрену.
Тәрбиелік: Алманың пайдасы туралы, аурудың алдын алуға кеңес беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап, баяндау, сынау, түсіндіру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру



Психологиялық дайындық.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз».
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Ойын: «Не артық?»
- Көліктің қандай түрлері бар?
- Ертеде көлік болмаған кезде нені пайдаланған?
Машина, ұшақ, тікұшақ, троллейбус сөздерін буынға бөлгізу.
Ма - ши - на, ұ - шақ, тік - ұ - шақ, т. б.
Сөйлемдер құрату.
Мұғалім:- Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)
- Сөз неден құралады? (буыннан, дыбыстан)
- Дыбыстың неше түрі бар?
- Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)
Ойын: «Ажырат»
Жабайы жануарлар мен үй жануарларын екіге бөліп, ажырату (мүсіндерін)
«Сәйкестендір». «Өз төлін тап».
Ұйқасын тап.
1. Өзіңше ноян, 3. Жағасында бұлақ,
Қорқақ кім? (қоян) Жайылып жүр (лақ)
2. Алмастан тыным, 4. Айбар шегер алыстан,
Шабады (құлын) Аң патшасы (арыстан).

Суретпен жұмыс.
- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- А дыбысынан.
Ендеше, бүгінгі сабақта А дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Суретті әліппемен жұмыс.
А - а - а а - дауысты дыбыс.
- А дыбысы созылып, кідіріссіз, ашық айтылады. Ендеше а дыбысы дауысты дыбыс.
Мұғалім: «А» дыбысын естісек, енді көреміз. Дыбыстың жазудағы таңбасы әріп.
Мынау а әрпінің баспа түрі, мынау жазба түрі.
Баспа түрі - кітапта, газеттен көріп оқимыз. Бас әрпі, кіші әрпі. Жазба түрін - дәптерге жазамыз.
Бас әрпі сөйлемнің басында, адам, жер - су аттарында жазылады. Кіші әрпі сөз ортасында, аяғында жазылады.
А әрпін қызыл үйге кіргізейік.
Мынау жазба түрі A а
Төменгі жағы солға имектелген ұзын көлбеу -
Төменгі жағы оңға имектелген ұзын көлбеу -
Белін сызамыз.- A бұл бас әрпі.
о - бүтін құрсау және төменгі жағы оңға имектелген кіші көлбеу.
Оқулықпен жұмыс.
- Бала не істеп жатыр?
- Балаға а дыбысынан басталатын ат қояйық.
Айбек алма жинады.
Мынау - алма ағашы. Сөйлем құрау.
Алма ағашында алмалар көп. Алманың түсі қызыл. Алманың дәмі тәтті.
Алма сөзін буынға бөлейік: ал - ма, 2 буын, 2 дауысты дыбыс бар.
Суретпен жұмыс.
Алмұрт 2 буын, а — дыбысы сөздің басында.
Апельсин 3 буын, а — дыбысы сөздің басында.
Анар 2 буын, а — дыбысы сөздің басында. ортасында.
Жемістер пайдасы.
Мұғалім: Жемістер адамға өте пайдалы. Олардың құрамында дәрумендер (витаминдер) болады.
Алма – В дәрумені.
Апельсин – С дәрумені.
Алмұрт – В дәрумені.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Шыңжыр».

Бірнеше дауыссыз әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз. Осы екі әріпті өзіне қосатын сөз ойлап табу керек. Әріптерді орындарымен ауыстыруға, балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға болады. Мысалы: «С» және «Л» (сақал, сал, салмақ, сәлем, лас, асыл).


Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

Дәптермен жұмыс.
Ауада а әрпін жазу, дәптерге жазу. A а
Ойын: «Орамал тастамақ»
А дыбысынан басталатын сөздер айту.
Ойын: «Жұбын тап»
Ой толғаныс.
- Біз бүгін қандай дыбыспен, әріппен таныстық?
- А дыбысымен.
- А дыбысы қандай дыбыс?
- Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)
Әріпті не істейміз? (оқимыз, жазамыз)

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

А дыбысын атап,жаза алады

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Т дыбысы және әрпі


Сабақтың мақсаты

1. Білімділік. Т дыбысы мен әрпін таныстыру. Т дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
2. Дамытушылық. Балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Балаларды тапқырлыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, дөңгелекшелер, әріптер жинағы.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ән айту

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Ой қозғау. (Тақтаға Дымбілместің суреті ілінеді)
-Мынау кім?
-Ол қандай бала?
-Оған көмектесе аламыз ба?
-Оның дорбасында не бар екен?
(бірнеше тапсырмалар жазылған парақшалар)
1-тапсырма: Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
-Ол не?
-Түйе
-Түйе дегенде қандай дыбыс бірініші естіледі? 
-Т дыбысы
Т дыбысымен таныстыру, әндетіп айттыру, ауада, тақтада жазу. Т әрпінен келетін сөздер айттыру.
2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс.
Буындарды хормен оқыту. Тау, бұлт сөздеріне түсінік беру, суреттерін көрсету. Буын санын анықтау.
3-тапсырма: Суретпен жұмыс. 
-Суреттегі кімдер?
-Атасы мен немересі.
- Немересіне Т әрпінен келетін ат қояйық.
-Толғанай.
- Екеуі не істеп отыр?
-Дастархан басында отыр.
-Дастарханға қойылған тағамдарды атайық.
-Торт, құрт, қант.
-Немересі қандай қыз деп ойлайсыңдар?

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен қандай әріппен дос».

Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әр бір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: анасында – сиыр, әкесінде – түйе, баласында – кірпі. Анасы айтады: «Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар». Әкесі: «Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар». Бала: «Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар».

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

Дәптермен жұмыс. Балапан дәптеріндегі Т дыбысын жазу.
6-тапсырма: «Шашылған буындар» ойыны. Шарты: Буындарға басқа буындар жалғау арқылы жаңа сөз жасау.
ША ТА ТИ НА ШУ
Сабақты бекіту: 
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Т дыбысы қандай дыбыс?
-Т дыбысын қандай тсті үйшікке орналастырамыз?

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Т дыбысын оқып, жаза алады

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
856
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі