15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бекітемін: Қазақ тілі 4 «ә»сыныбы
Күні: 19 қазан ,2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу,топтық,жұптық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, суреттер,үлестірме,ойын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық!
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
« Мақалдың жалғасын тап» ойыны арқылы топқа бөліну
1-топ Туған жердей жер болмас 2-топ Туған жер-тұғырың,
Туған елдей ел болмас Туған ел-қыдырың.
3-топ Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 40 – жаттығу « Астана» тақырыбына әңгіме жазу
ІІІ.Жаңа сабақпен жұмыс
Қызығушылықты ояту.
- Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
- Республикамыздың астанасы қай қала еді?
- Астана туралы не білдіңдер?
- Бүгін біз Астана қаласындағы өте тамаша ғимарат «Бәйтерекке» басқышпен жоғары көтерілеміз бе ?
- Басқыштағы кезеңдердегі тапсырмаларды орындау арқылы жоғары көтерілеміз.
1-басқыш « Ортадағы қалам » стратегиясы
Қайталау сұрақтары:
1. Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
2. Сөйлем мүшесі қалай жасалады?
3. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір
2-басқыш Жаңа сабақ «Ой ашу»
«Бір сөзбен айтқанда» ойыны
![]()
Мысалы, бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды. Оқушының дәптерін, кітабын, қаламын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі Абылайхандікі екені аңғартылады. Содан кейін оқушылар Абылайханда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар деген сөйлем құрастырылады. Бұл сөйлемнің ішінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап береді. Не? сұрағына жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді. Бір сұраққа жауап беретін сөздердің орнын ауыстырып, қолдана беретіндігі аңғартылады.
- Бір сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдаршы.
- Сөздер қандай сөз табымен байланысып тұр?
- Балалар атайды.
- Ондай сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейміз
Сонда жаңағы сөйлемдерден қандай ереже шығаруға болады?
Өздері ереже шығарады.
1 - ереже: Бір сұраққа жауап береді.
2 - ереже: Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
3 - ереже: Бірдей мүше.
Дәптермен жұмыс Тақырыпты таныстырып, дәптерге жаздыру.
- Ал енді ережені қарай қойындар.
Қалай қорытасыңдар? Ережені дұрыс шығардық па?
Ережемен жұмыс
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады: Әсем демалыс кезінде көрмеде,мұражайда,театрда болды.
Сөйлемде бірыңғай мүшелер санамалап оқылады.
3-басқыш «ЖИГСО» әдісі Оқулықпен жұмыс
41-жаттығу Ұжымдық жұмыс
Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге назар аудар.Оларды санамалап оқы. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
42-жаттығу Дәптермен жұмыс «Еркін жазу» стратегиясы
Сөйлемдерді оқы. Сызбаларға қарап,бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқаратынын байқау.
Сөйлемдерді көшіріп жазу.
« Сазды терапия» әдісі « Ойын – жаттығу»

Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер? Сол жылы сөздерді күн шуақтарына жазыңдар.
Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық, жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілік.т. б. Плакатқа маркермен жазу
43-жаттығу Көру диктанты Мәтінді көшіріп жазу
Бірыңғай мүшелерді табу. Олар сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт.
4- басқыш Шығармашылық жұмыс Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
1-топ Сөйлемдерді аяқтау
Орманда … ,… ,… , … өмір сүреді .
… да, … да – ағаштар.
… мен … , … пен … ойнап жүр.
2-топ
«Кім шапшаң?» «Пирамида» құрастыр
А Ана
А – А------------- АлмА
А - - А-------------- АрттА
А - - - А --------------АстанА
А - - - - А--------------- АйдындА
А - - - - - А ---------------АтыраудА
А - - - - - - А ---------------АйдынындА
А - - - - - - - А---------------- АйшолпандА
3-топ «Адасқан әріптер» ойыны
1. 2. ЕҚАШНА ӨКТРІІ АТЙПА. 2. БІЛМЕНІҢГЕДІ - БІЛНЕНГЕН СРҰА
44-жаттығу «Екі жақты түсініктеме» әдісі
Бірыңғай сөзінің мағынсасына мән беру. Бұл сөз нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
-
Бірыңғай мүшелердің бір-біріне ұқсастығы неде?
-
Бірыңғай мүшеге мысал келтіру
5-басқыш «Жұмбақты математика»
Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосында не болады? Көкөністер болады.
Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиҺаздары.
Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу.
ІV. Қорыту «Жинақтап айт» ойыны
1. Сұрақтар:
- Сабақта нені өттік?
- Сабақтың мақсатына жеттік пе?
- Бірыңғай сөйлем мүшелері деген не?
- Оның өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
Оқушыларды бағалау
1 кезең

2 кезең Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру 45-жаттығу ,ережені жаттау
Рефлесия Кері байланыс
![]()
Тасшағыл орта мектебі

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «ә»
Өткізген: Әбдіғали Дина
2015-2016 оқу жылы
Гүлдің күлтешесі қандай түсті болады?
Адамдар өз үйлерін қалай күтеді?
Бұл қандай ағаштар?
- Бүгінгі сабақта жақсы жауап берген оқушыға фишка беріп отырамын. (өте жақсы жауап берген оқушыға - қызыл, жақсы жауап берген оқушыға - жасыл)
- Балалар біз қандай болғымыз келеді? ( ақылды, әдемі, білімді)
Ондай болуымыз үшін біз не білуіміз керек? (интерак. тақтаны, компьютерді, планшетті.)
Ендеше қазір біз интерактивный тақтаны қолданамыз.
Интерактивті тақта мен жұмыс.
Гүлдің күлтешесі қандай түсті болады?
Адамдар өз үйлерін қалай күтеді?
Бұл қандай ағаштар?
- Бір сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдаршы.
- Сөздер қандай сөз табымен байланысып тұр?
- Балалар атайды.
- Ондай сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейміз
- Енді осы сөздермен сөйлем құрай қойындар.
Сонда жаңағы сөйлемдерден қандай ереже шығаруға борлады?
Өздері ереже шығарады.
1 - ереже: Бір сұраққа жауап береді.
2 - ереже: Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
3 - ереже: Бірдей мүше.
- Ал енді оқулықтағы ережені қарай қойындар.
Қалай қорытасыңдар? Ережені дұрыс шығардық па?
Ал қазір біз ережені пайдаланып, оқулықтағы 4 - жаттығуды орындаймыз.
(Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұр. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр.)
- Қасқыр, түлкі, аю, арыстан жабайы аңдар.
Қой, ат, ешкі, сиыр бұлар төрт түлік малдарға жатады.
Әжем ақман, қасық, таба, тәрелке, кәстрөл, шәшке сатып алды
Берілген сөздерден сөйлем құрастыру.( 2 оқушы тақтаға жазады)
Сынып оқушылары шахматтан, жүгіруден, жүзуден бірінші орынды иеленді.
Ақ, қызыл,, сары, жасыл шарлар аспанда қалықтап ұшты.
Сергіту сәті.( финская зарядка)
Қазір мен сендерге сөйлемдер оқимын, ал сендер бір мүшелі сөздерді атайсыңдар.
1. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
2. Қаз, үйректің балапаны өте нәзік болады.
3. Бүгін Әсел, Айнұр, Сәулелерді кездестірдім.
4. Іле Алатауында жабайы алма, өрік, шие ағаштары өседі.
5. Түйе сүтінен құрт, май, ірімшік әзірленеді.
6. Саят демалыс күні мұражайға, театрға, көрмеге барды.
7. Гүлназда қалам, дәптер, қарындаш, кітап жоқ.
3 - жаттығу.
Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің астын сыз. Бірыңғай мүшелерге сұрақ қой. Олардың арасына қандай тыныс белгісі қойылған.
Сабақты қорытындылау:
- Бүгінгі сабақтан не білдік?
- Нені үйрендіңдер?
Бағалау. Фишкаларды санап, баға қою.
Үйге тапсырма: 52 - бет 5 - жаттығу ереже.
Ойын - жаттығу
Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?
Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық, жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілік. т.
Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, оларды тыныс белгілерімен толықтыр.
Қазақстанның таулары.
Қазақстанда Алтай Тарбағатай Сауыр және Іле Алатауы бар. Тау биіктеген сайын ауа мөлдір таза болады. Алтай өсімдіктері әр түрлі болады. Биік тауларда қар жатады. Таудан мөлдір бұлақтар ағады. Іле Алатауында жабайы алма өрік ағаштары қайын өседі.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру, Отан деген сүйіспеншілігін арттыру. Елордамыз – Астана туралы мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдіс - амалдар: Көрнекілік. түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқулық суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық кезең:
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Армысың Туған жер!
- Армысың Жер - Ана!
- Армысың Алтын - Күн!
- Армысың Сен!
- Армысың Мен!
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
- Республикамыздың астанасы қай қала?
- Астана туралы не білесіңдер?
- Бүгін біз Астана қаласындағы өте тамаша ғимарат «Бәйтерекке» басқышпен жоғары көтерілеміз?
- Басқыштағы кезеңдердегі тапсырмаларды орындау арқылы жоғары көтерілеміз.
- Басқыштар жай емес, сиқырлы әр басқышта кім тапсырмаларды жақсы орындап отырса біз оларға геом. фигураларды беріп отырамыз. Сабақтың соңында, қай топ көбірек жинаса сол топ жеңеді. Және мына туға ие болады.
- Бәйтерек туралы не айта аласыңдар?
«Алғырлар» -----------«Тапқырлар»
Бірі бәрі үшін, ---------Жеңіскер боп өсеміз,
Бәрі бір үшін. ----------Азамат боп өсеміз.
1 кезең «Өткенге шолу»
Поэзия минуты: Көкшетау ( І. Жансүгіров)
Өлең жолдарын барлығы мәнерлеп оқиды (сын есімнен жасалған дара, күрделі мүшелерін айтқызу)
Оқушыларды сабаққа ұмтылдыру
Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау сұрақтары:
1. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір. 5 - жаттығу
Күрделі мүшелерді тауып белгіле )
Операциялық кезең
2 кезең «Ой ашу» Жаңа тақырыппен танысамыз.
Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.
Мысалы, бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды. Оқушының дәптерін, кітабын, қаламын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі Айымдікі екені аңғартылады. Содан кейін оқушылар
Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар деген сөйлем құрастырылады. Бұл сөйлемнің ішінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап береді. Не? сұрағына жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді. Бір сұраққа жауап беретін сөздердің орнын ауыстырып, қолдана беретіндігі аңғартылады.
1. Берілген мысалдарға дәлел айтады.
Күтілетін жауап: Мысал - Дәлел
Біз табиғатты қорғаймыз. (Дара сөйлем мүшесінен құралған сөйлем.)
Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз.
(Сөйлемде сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесімен байланысып тұр.)
Өз пікірін айтуға төсілдеу
Интерактивті тақтада
1. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.
2. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
3. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.
4. Өзен, көлдер – елдің, жердің берекесі.
5. Бидай мен арпа, жүгері мен күріш және тары – дәнді дақылдар.
6. Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді.
Тірек - сызбаны оқушылармен толтыру.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын кесте арқылы белгілейді. Күтілетін жауап:
1 - ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
2 - ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.
3 - ереже: Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады
4 - ереже: Бірыңғай мүшелер және мен, бен, пен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылмайды, ал да, де, та, те, шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады.
3 кезең «Кім сауатты?»
1 - жаттығу. (Ауызша) Әр топтағы сұрақтарға сұрақ қою. Қай сөз табы екенін анықта. Артық сөзді тап. Неге артық екенін дәлелде.
Тақтамен жұмыс.
2 - жаттығу(жазбаша) Бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
Сергіту сәті
Кәне қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық
4 - жаттығу (Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер болсын. Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұр. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр.)
4 кезең «Адасқан әріптер»
1. 2. ЕҚАШНА ӨКТРІІ АТЙПА.
2. БІЛМЕНІҢГЕДІ - БІЛНЕНГЕН СРҰА
5 - кезең «Кім шапшаң?» «Пирамида» құрастыр
А Ана
А – А------------- АлмА
А - - А-------------- АрттА
А - - - А --------------АстанА
А - - - - А--------------- АйдындА
А - - - - - А ---------------АтыраудА
А - - - - - - А ---------------АйдынындА
А - - - - - - - А---------------- АйшолпандА
А - - - - - - - - А
6 кезең «Жұмбақты математика»
Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосында не болады? Көкөністер болады.
Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиҺаздары.
Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу.
7 кезең «Аукцион»ойны
Фишкаларды беріп отыру
Интерактивті тақтада жазылып тұрады
1. Сұрақтар:
- Сабақта нені өттік?
- Сабақтың мақсатына жеттік пе?
- Бірыңғай сөйлем мүшелері деген не?
- Оның өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
Геомет. фигураларды санау арқылы қай топ жеңгенін аңықтау. Туды тапсыру.
Ойын - жаттығу
Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер? Сол жылы сөздерді күн шуақтарына жазыңдар. Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық, жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілік.т. б. Плакатқа маркермен жазу
Үй тапсырмасы: 5 - жаттығу (өлеңді оқып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің астын сыз)
Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалған? Отырар қаласы туралы не білесің?)
Кері қайту
Материал рейтингісі:
Шығармашылық жұмыс
Сөйлемдерді аяқтау
Орманда … ,… ,… , … өмір сүреді .
… да, … да – ағаштар.
… мен … , … пен … ойнап жүр.
Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
1.Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр.
Ерінбейтін оқушы, күнге күю, кірпіш үй, автобуспен бару, кешкі салқын, сары жапырақтар, жоғары көтерілу.
2. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді тауып, тыныс белгісін қой.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Тұз астың дәмін келтірер, мақал сөздің дәмін келтірер. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді.
3. Өлең жолдарынан бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгісін қой.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шоршып.
(Ж.Жабаев)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген