400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
рекрекроеуон,л
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік беру. Жай

сөйлеммен салыстыра отырып, бірыңғай мүшелердің өзіндік

ерекшеліктерін таныту.

  1. Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, іскерлік дағдыларын

қалыптастыру.

  1. Сөйлемдерді дұрыс оқуға және тыныс белгілерін қоя білуге

үйрету. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. Тапқырлық,

іздемпаздық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: тренинг – сабақ, жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар, кесте, суреттер.

Пәнаралық байланыс: ағылшын, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі


Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Сабақтың негізгі мақсаты ұйымшылдықпен, топтасып жұмыс істеуге баулу, ойларыңды ашық айтуға дағдыландыру.

Сынып екі топқа бөлінеді.

І топ: «Тапқырлар»

ІІ топ: «Алғырлар»

Топ басшылары сайланады.


ІІ. Өткенді пысықтау

«Лото» ойыны ойналады.

Ойынның сұрақтары:

  1. Тиянақты ойды білдіретін не?

  2. Сөйлемнің түрлерін ата.

  3. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді.

  4. Жалаң сөйлем қалай жасалады?

  5. Бастауыш пен баяндауыш тұратын қай мүше?

  6. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін қандай сөйлем?

  7. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  8. Біз далаға шықсақ, жел басылыпты. Қандай сөйлем?

  9. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін не дейміз?

  10. Сөйлемнің күрделі мүшесі неше сөзден жасалады?

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Ойлан тап» ойыны ойналады.

Жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешуін тез тауып орысша, қазақша, ағылшынша айтады.

а) Ешкімнің жоқ шатағы,

Алты ай ұйықтап жатады.

(аю, медведь, бия)

ә) Құлағы ұзын – құрақ,

Ерні өзінің жырық.

Күн кешеді байғұс,

Қорқуменен жүріп.

(қоян, заяц, рәбет)

б) Өзі қу

Жүрген жері

Айқай да шу.

(түлкі, лиса, факс)

Аю, қоян, түлкі суреттері ілінеді.


а) Сүйрең – сүйрең етеді,

Із қалдырып кетеді.

(қалам, ручка, пэн)

ә) Айтқанының бәрі дөп,

Ақылының мәні көп.

Адам сипап аялар,

Ал өзінің жаны жоқ.

(кітап, книга, бук)

Қалам, кітап суреттері ілінеді.

    • Осы суреттерге сұрақ қойыңыз.

    • Нелер?

    • Аңдар.

    • Нелер?

    • Оқу құралдары.

Жақсы жауап берген топ «әй» сөзі ілінеді.

  1. Тақтамен жұмыс

Кестедегі сөздермен жұмыс жүргізіледі.


Сиыр сүтінен әр түрлі тағамдар жасалады.

Сиыр сүтінен құрт, май, ірімшік жасалады.

Үй жануарларының жүнінен киім тоқылады.

Түйе, қой, ешкі жүнінен киім тоқылады.

Сөздерге сұрақ қойып, ережені қорытып шығарады.

Ереже: Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.

Жақсы жауап берген топқа «жа» буыны ілінеді.


  1. Оқулықпен жұмыс.

«Білім арқаны»

Оқушылар жарыса отырып, жаттығу жұмыстарын орындайды.

177 – жаттығу ауызша орындалады.

4 сөйлемді екі топтан екі оқушы оқып талдайды.


178 – жаттығу

2 оқушы тақтаға екі сөйлемнен жазады.

Жақсы, тез жазған топ қатарына «рай» буыны ілінеді.

179 – жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқып, бірыңғай мүшені табады.

Аптап – ыстық. Даярлап - әзірлеп.


4. Жеке оқушымен жұмыс.

2 оқушыға жеке тапсырма беріледі.

180 – жаттығу диктант түрінде орындалады. Өз беттерімен бірыңғай мүшенің астын сызады. Дұрыс орындалған топқа «сың» буыны ілінеді.


  1. шығармашылық тапсырма.

Оқушылар бірыңғай мүшесі бар үш сөйлем ойлап жазады.


ІҮ. Қорытындылау


    • Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не?

    • Қалай жасалады?

    • Қандай тыныс белгілері қойылады?

    • Неше сұраққа жауап береді?


Ү. Бағалау

Әр оқушыны еңбегіне қарай бағалап, топтың жұмысы қорытындылап, мадақталады.


ҮІ. Үйге тапсырма

Ереже жаттау. 181 жаттығу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі