400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Уақыты:24.10.18

№ 24

Мұғалім:Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Сөйлемнің біріңғай мүшелері

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі,https://imektep.kz/kz/biringay-musheler

Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтыңкөрнекілігі: интерактивтітақта, оқулық, суреттер, фишка.

Жалпымақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Оқушылар алдын-ала топқа бөлініп отырады.

Өткенді қайталау

1)Сөйлем туралы не айта аласыңдар?

2)Сөйлем түрлері

3)Сөйлем мүшелері

4)Сөйлемнің дара, күрделі мүшелері

5)Сөйлемдерден дара, күрделі мүшелерді табу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық

Алдарындағы смайликтерге өздерінің көңіл-күйлерін білдіретін сурет салып, тақтаға іледі.

Қызығушылықты ояту

https://imektep.kz/kz/biringay-musheler,бейне фильм қарап,тест орындау


Бірыңғай мүшелердің түсіндіру үшін күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.

Оқушы партасының үстінде оқу-құралдары жатыр.

Мына дәптер, кітап, қарындаш бәрі Мадиярдікі екенін аңғарту.

Көркем жазу.Сөйлем құрастыру, сөйлем мүшесіне талдау.

Мадиярда кітап, дәптер, қалам, күнделік, қарындаш бар.

Біз сабақта оқимыз, жазамыз, есептейміз.

  • Бұл сөйлемнің біріншісінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап беріп тұр. (не? бастауыш)

Екіншісінде 3сөз (не істейміз? баяндауыш)

  • Сұрақтары бірдей болғандықтан тұлғалары бірдей.

  • Араларына үтір қойылады.

Не байқадың? Қандай қорытындыға келуге болады?

1.Бірнеше сөз бір сұраққа жауап береді.

2.Бірдей тұлғада тұрады.

3.Бірдей сөз табынан болады.

4.Араларына үтір қойылады.

5.Бір мүшемен байланысады.

Ереже қорыту: (Инт. тақтадан, оқулықтан ережені оқу)

а. Ұжымдық тапсырма 41,42- жаттығу (ауызша)

ә. Топтық тапсырма

1-топ Сөйлемдегі бірыңғай мүшелері қай мүшелермен байланысып тұр.

Көл бетінде үйрек, қаз , аққу, бірқазан жүзіп жүр.


2.-топ Көп нүктенің орнына бірыңғай мүшлерді тауып жаз

. . . , . . . , . . . – аңыз кейіпкерлері.

3 топ Сөйлем мүшесіне талдау жаса

Бұғыбай-көрікті, ашық-жарқын, ақ көңіл жігіт.


1. Жаңа сабақты түсіну


“Ой қозғау”






“Ой толғау”






“Ой қорыту”






2. Мағынаны ашу


3.Сергіту сәті

“«Қызық сөйлем» бәйгесі

Shape1 Shape2

4.Деңгейлік тапсырма










5. Шығармашылық тапсырма


1-топ 43-жаттығу Ішінде бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді теріп жаз.


2-топ. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгісін қой.

Мынау тастар Жезқазған Алтай Алатау Қаратаукендерінен табылған.

Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.


3-топ .Ішінде бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрастырып жаз.


Сынып туралы мәтін құрастыру.

(мәтін ішінде бірыңғай мүшелері бар сөйлем болсын)

6.Бекіту

Тест

1. Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

а) сызықша

ә) нүкте

б) үтір

2. Дүкенде алма, алмұрт, өрік толып тұр. Бірыңғай мүшелерді тап.

а) дүкенде алма

ә) толып тұр

б) алма, алмұрт, өрік

3.Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер.

а) күрделі мүшелер

б) бірыңгай мүшелер

в) дара мүшелер

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не білдік?

1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері деген не?

2. Оның өзіндік ерекшеліктері қандай?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,55 бет,45-жаттығу ,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
869
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі