400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру; құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құратыра білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: 10.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру; құрамында

күрделі мүшелері бар сөйлемдер құратыра білуге үйрету.2.Сөйлем мүшелері

туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту. 3. Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қайталау, салыстыру.

Сабақтың түрі: білімді кеңейту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

ІІІ. Өткенді еске түсіру, қорытындылау.

  • Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.

  • Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.

  • Сөйлем мүшесі қызметіне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болады.

Осыдан кейін сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін таныту мақсатында төмендегі жұмыстарды орындатқызу.


  1. Оқулықтағы 1 – жаттығудың сөйлемдерін оқытып, қараман жазылған сөздердің сөйлемнің қандай мүшесі екендігі анықтату.

  2. Ол сөздердің неше сөздерден жасалғаның айтқызу.

  3. Ол сөздердің бір – бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Жаттығуды талдағаннан кейін оқушылар сөйлем мүшелерінің дара және күрделі мүшелерден жасалатындығын қорытындылап айтады. Дара және күрделі мүшелерді салыстыру арқылы сөйлемнің дара мүшесінің бір сөзден, ал күрделі мүшесінің екі не одан да көп сөзден тұратынын айту қиын емес.


2 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу. Сөйлемдегі күрделі мүшелерді табу және астын сызу.


Мен Жамбылды бірінші рет қырғыз елінде көрдім. Керімсаз жайлауында бір үлкен ас болды. Оған арғы жағынан қырғыз, бергі тұстан қазақтар жиналды. Асқа әнші, балуан, ақындар жиналды. Менің Жамбылды көргім келді.


3 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесі?

Дала баласы


Бес жасында ат құлағында ойнайтын,

Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын

Мен баласы даланың!

Жеті түнде бес жүз қойдың түс – кейпін

Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін

Мен баласы даланың!

М. Әлімбай


4 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Күрделі баяндауыштарды тауып, астын сызу.


Нұргүл дүкен сөресіндегі кітаптарды қарап шықты. Биік үйлер алыстан көріне бастады. Зеренді көлінің табиғаты әдемі. Бақшада жеміс – жидектер, көкөністер өсіп тұр. Мектеп ауласы ағаш жапырақтарынан тазартылда.

Осы тақырыпқа арналған жаттығуларды орындау барысында сөйлемнің дара және күрделі мүшелері зат есім, сын есім, сан есім, етістіктерден жасалынатыны ұғындырылады.


6-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой, қандай мүше екенін айт.


Көкше ормандарында қайың мен терек өседі. Көлдері балық пен жабайы құстарға толы болады. Ол жерде «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы құрылған.Саябақ –адам табиғаттың үйлесімді дамуын бейнелейтін бірегей табиғат музейі. Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған. Бурабайға демалуға қала тұрғындары жиі барады.


ІҮ. Сабақты бекіту мақсатында: құрамында дара және күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастырып жазу; дара мүшелі сөйлемді күрделі мүшелі сөйлемге, керісінше күрделі мүшелі сөйлемді дара мүшелі сөйлемге айналдыру сияқты жұмыстар орындату.


Ү. Үйге тапсырма: 5 – жаттығу (49 бет)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
876
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі