жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сөйлеу әдебі мен мәдениеті
|
Тақырыбы |
Сөйлеу әдебі мен мәдениеті |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, қастерлеп, өзге тілді құрметтей білуге сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. |
||
|
Міндеттері |
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған
білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін
арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды
оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге
үйрету. |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Шешендік өнер |
||
|
Ресурстар |
Суреттер, слайдтар, үлестірме материалдар. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, «Шеңбер», «Болжау» «Ой қозғау» әдістері, . |
||
|
Тапсырмалар |
Топтық, жұптық тапсырмалар. |
||
|
Критерийлар |
|
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
|
|
Қонақтармен амандасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындайды. |
|
|
Шаттық шеңбері |
Мұғалім ортаға әр түрлі ленталармен көмкерілген шаңырақ бейнесін ұстап шығады. Оқушылар шаңырақты айнала тұрып, ленталардан ұстайды және хормен тілектерін айтады. Ленталардың түсі арқылы топқа бөлінеді. Төбемізде бір аспан Бірлігіміз жарасқан. Биік болсын шаңырақ. Аман болсын адамзат! |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
|
«Ой қозғау» әдісі Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ. Топқа
бөлу. Сурет қималары арқылы 2 топқа
бөлу. |
Сұрақтарға жауап береді. |
|
|
Сабақтың ортасы |
Мұғалім сөзі. Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі.
І-топ Көшеде достармен сөйлесу әдебі ІІ-топ Дастархан басында үлкендермен сөйлесу әдебі ІІІ -топ Көшедегі бейтаныс адамдармен сөйлесу әдебі
2.Ойынның аты: «Тез ойла, сөз
ойла». 3. Тіл туралы халық даналығы : · Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. · Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын. · Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. · Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды. · Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.
4. Әңгімелесу І -топ Адамдармен қалай тіл табысуға болады? ІІ-топ Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар? |
Өз ойларымен бөліседі. Тіл туралы өлең жырлар оқиды. Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды. |
|
|
Сабақтың соңы |
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік! |
Ойынға қатысады. |
|
|
Кері байланыс |
«Ашық микрофон» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген