Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлеу мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті білімдерін жетілдіру. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі.Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті 
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сөйлеу мәдениеті білімдерін жетілдіру. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі.Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі

Шеңберге тұрып әр тілде амандасу
Психологиялық дайындық
- Балалар, « Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені» дегендей, қане балалар, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық

Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына жағдаяттарды тыңдайық

Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)

«Кім жылдам» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
Жүргізу ережесі: Әр қатардан бір - бір оқушыны шығарып, Әдеп тақырыбына білген мақалдарын айтып жарыстыру.
Жарайсыңдар балалар! Біздің сынып оқушыларының барлығы мақалшы екен ғой.
Сергіту сәті:
«Күн шапағаты» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып хормен қайталаймыз.
Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік.

Топтық жұмыс.
1 - топ - сыйластық.
2 топ - кішіпейілділік.
3 топ - инабаттылық
Сыйластық, кішіпейілділік, инабаттылық сөздерін пайдалана отырып, оқушылар ертегі жазады

Әр топ өз ертегісін қорғайды

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
956
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12