400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу мәдениеті Сыпайы сөздер 5-8 жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бөлімнен әдіс алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Күні 7.11.2018ж

Сыныбы 4 «Д»

Пәні қазақ тілі

Мұғалімі

Қатысқандар саны –

Қатыспағандар саны –

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу мәдениеті Сыпайы сөздер 5-8 жаттығу

Сабақтың мақсаты

Сөйлеу және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту, оқушылардың сөйлеу мәнерін жетілдіру

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

Алтын ереже, жылы сезімдер, миға шабуыл

«топтастыру» «Ой қозғау» әдісі. «Автор орындығы». АКТ

Ресурстар

Оқулық, стикер, А-3 форматы, маркер, тақырыптық сурет, бейне материалдар, слайд көрсетілімдері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін ұйымдастырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.



Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Қыркүйектен басталған
Сәтті болсын күніміз.

Миға шабуыл

Негеш- өздерің сияқты 3-сынып оқушысы. Ол- көңілді, мейірімді, білімқұмар бала. Негеш үнемі «Кім? Не? Қайда? Неге?» сұрақтарын көп қояды. Сол себепті оны Негеш деп атайды. Негеш мына сұрақтардың жауабын білгісі келеді. 1. Сөйлеу не үшін қажет?

2. Сөйлеу арқылы не жүзеге асады?

Білгішбек: «Тіл мен сөйлеудің не үшін қажет екенін  мына сызбадан  байқауға болады», дейді.

Тіл арқылы  сөйлеседі, хабар береді, пікірлеседі, білмегенін сұрайды, кеңеседі.

- Сендер бұған не дейсіңдер?

Шығармашылық қабілеттері артады. Әрқайсысының пікірімен санасуға үйренеді.

«Ой қозғау» әдісі

«Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?» сұрағын қою арқылы алдыңғы сыныпта алған  білімдері еске түсіріледі. Сөйлеу түрлерін қай кезде, қалай қолданатыны туралы әңгіме жүргізу.

«Құстар қалай дыбыстайды?» ойыны.

Ол үшін құстардың суреттері жеке-жеке  көрсетіліп, «Бұл қай құс?» Ол қалай дыбыстайды? деген сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.

Мысалы: «Мынау – бүркіт. Ол шаңқылдайды.

Мынау-қаз. Қаз шаңқылдайды.


Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

5-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу

Мәтінде кездескен кейбір сөздердің мағынасын түсіндіру.

- Тілді не үшін мұра етіп қалдырғысы келгенін білгім келеді?

6-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқу, жатқа жазу

Өнер алды – қызыл тіл.


Сөзден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан жүйрік жоқ.


Сөз қадірін айтқан білер,

Жол қадірін жортқан білер.

7-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаздыру

Сөз қуаты шығарар ел төріне

Жер бетінен самғатар көк шегіне.

Екі нәрсе тірі адамға керегі –

Бірі – көңіл, бірі – тілдің желегі.

Көңіл-тілдің иесі, сүйенеді сөз тілге,

Сөз күйресе, күйгені көңіл мен тіл, көркің де

- Өлең мазмұнын қалай түсінгендерін айтып береді

Мәтінді оқиды





Мақалдарды жаттап, жазады







Өлеңді көшіріп жазады



Сергіту сәті

Бір, екі, үш – бойға жинап күш,

Төрт, бес, алты – отыр, тұр, шалқы,

Жеті, сегіз, тоғыз, он – орныңа қон.


Қимыл-қозғалыс жасайды

Жаңа сабақты бекіту

4-жаттығу. Төмендегі сызба бойынша сөйлеудің әрбір мақсатына байланысты шағын әңгіме құрастыру

Shape1

Сөйлеу мақсаты




Shape4 Shape2

Сезімді, ойды бөлісу

Shape3

Көндіру, сендіру

Хабарлау, түсіндіру




Сызба бойынша әңгіме құрастырады

Үйге тапсырма

8-жаттығу бойынша торкөзді тиісті сөздермен толтырады, өз ойын айтып келеді



Рефлексия

«Басбармақ» әдісі

Сабақты түсінгендерін басбармақ арқылы көрсетеді

Бағалау








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
3806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі