400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет.Осы тақырыптар аясында әдебиеттік оқудан,сауат ашудан қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



1-сабақ Адамдар арасындағы қарым-қатынас

Адам-жаратылысы бөлек ақыл иесі,әрқайсысы-бір мектеп.Өмір жолымызда кездескен әр адамды тану арқылы өзімізді де танитынымыз рас.Кейбір адамдар арасында қарым-қатынастың әлдеқайда биік түрі орнайды.Ол –рухани байланыс,рухани жақындық.Рухани жақындық екі адамның бір-бірін шынайы түсінуіне,кей көзқарастарының,мақсаттарының ортақтығына,бірін-бірі тыңдап,бір-біріне жанашырлық танытуларына негізделеді.

2-сабақ Сөз басы-сәлем

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз»,

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Күнделікті өмірдегі адамдардың қарым-қатынасы, бір-біріне жылы лебіз білдіруі сәлемнен басталады. «Сөздің саласын табу қиын емес, анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Сәлем – сөз басы, сөз анасы.Сондықтанда бүгінгі жаңа сабағымыз Сәлем сөз – басы. Ол – ұлттық тәрбиеміздің негізі, әліппесі десе де болғанды. Қазір сәлемдесудің түрі көп, десек те болады. Мысалы: ер азаматтар «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады. Мұсылманша «саған алланың нұры жаусын » дегенді білдірсе, бұған «уағалейкум ассалам» (маған алланың 1 нұры жауса сізге 2 нұры жаусын !) деп жауап берген екен. Қазақ елі бұрыннан төс қағыстырып амандасқан. Мал, жан аман ба деп сұраған. Кей адамдардың сәлемі сатулы қабағы қатулы болады. Жылы шыраймен кішінің үлкенге сәлем беруінен, адамдардың бір-бірімен амандасуынан сыйластық пен құрмет, ізеттілік ізі байқалып тұрады. Демек, сәлемдесуде үлкен мән бар. Сәлемдесу арқылы да адамның кескін кейпі, болмысы, көңіл-күйі байқалып тұрады. Кейбір елдерде мысалы: Үнді елінде сәлемдескенде 2 қолын маңдайына қойып амандасады екен ал, Жапонияда амандасқанда оң қолын жүрегіне қойып амандасатын болған. Түрік елінде бастарын төмен қарап амандасады да теріс қарамай келген бетімен шығып кетеді екен. «Әр елдің салттары әр басқа иттері қара қасқа» деген екен атам қазақ.

3-сабақ Кішіге ізет,үлкенге құрмет

Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп , кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. 
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйла. 
Әке – асқар тау, 
Ана – аққан бұлақ, 
Бала – бауырындағы құрақ. 
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін. 

4-сабақ Шәкірт міндеттері

Шәкірттің ұстазы алдындағы міндеттеріне келейік: Оқушы талаптанушы, ізденуші болғандықтан рухани көмекке зәру. Жәрдемге мұқтаж адам өзіне қолдау қолын соза алатын адамның демеуіне жүгінеді. Сұраушы кейпінде болғандықтан шәкірт ұстазы алдында әрдайым ізетті, әдепті жағымен көрінуі тиіс. Өйткені ілім-білім сұраудың да өзінше жөн-жосығы бар. Оқушы осы талаптарды сақтаса, ілім-білімге оңай қол жеткізеді.

Ілім-білім адамды тәрбиелейді, қисықты түзейді, адасқанды айқын жолға салады. Ол адамды ақирет күнінде олжалы қылады. Пайғамбарлардың мұрагері ғалымдар екені баршаға аян. Сондықтан шәкірт «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деген халық даналығын ұмытпағаны жөн. Ұстазының алдына барғанда әдеппен сәлем беруге, артық сөйлемеуге, онымен қызыл кеңірдек болып айтыспау жарасымды қылық. Тек жөнімен, ретімен пікірін білдірсе, артық емес. Ұстазы алдында үнемі байыпты болғаны, оны құрметтен кенде қылмай, оның өзіне ғана емес, отбасына да ілтипатпен қарағаны жөн.

5-сабақ Әдепті сөйлеу мәнері

 Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)

6-сабақ Отбасындағы сыйластық

«Отан-отбасынан басталады» тақырыбында баяндама:

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын алғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған.

Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қаситеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған.

Қазіргі кезде осы асыл мұра халқымыздың өмірінде жалғасын тауып келе ме? Рас, бүгінгі өмір сүріп отырған ортамызда ұлттық тәрбиенің негізі түгілі өзінің ата-тегін білмейтін әке-шеше, аға-іні, апа-сіңілілердің аз еместігін жасыра алмаймыз. Ұрпаққа ата мұрасын жалғастыру –қоғамның, аға буынның азаматтық борышы.

Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басына төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр.

Бала бойына дарыған көп қасиеттердің бастауы жанұяда қалыптасады. Ал, отбасында қалыптасуға тиіс дүниетанымның жоқтығы оқу-тәрбие барысында біліне бастайды. Баланың негізгі тәрбиешісі – өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы – жастан ...» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Кейбір ата-ана өз балаларын өздері жамандайды.

7-сабақ Кісі күту дәстүрі

Қазақ халқы – ежелден қонақ келсе құт келді деген.. Қонақты үй иесі қарсы алады. Есікті өзі ашады, үйге кіргізеді, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен бірге «құт» кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырады, соңынан өзі жабады. Қонақты төрге отырғызған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ), «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйге қонақ келсе, соны аңдып келіп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрағаннан кейін, үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және тағы басқалары беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құяды. Қонақтарға құрмет көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткенге үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған қыз тәрбиесіз саналған. Шай ішіп болған соң, ыстық тамақ келгенше қонақтардың көңілін көтерген. Ол үшін үй иесі әңгімелесіп, қонақпен бірге отырады. Ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртады. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.

8-сабақ Қоғам мүлкіне,өзіне ұқыптылық

Қашанда ұқыптылық атаулы тәртіптілікті, тыңғылықты, дәлме дәлдікті және жұмыста да жинақылықты, мінсіз болуды жақсы көретін жеке бастың қасиеті. Ұқыптылық барлық істе де еңбек мәдениеттілігімен, тәртіптілікпен тығыз байланысты.Балаларды өте жас кезінен-ақ тазалыққа, өзінің пайдаланып жүрген қандай заттары болса, оларды ептілікпен ұстап, қадірлей білуге дағдыландырады. Үй ішінде, ал кейін сыныпта, мектеп шеберханасында және сол сияқты басқа орындарда да белгілі бір реттілікті сақтауға үйретіледі.Ата-аналары өз балаларына қарапайым түрде болса да тазалық жайында түсінік береді. Атап айтсақ, аяқ киімді қалай тазартуды, киімді қалай үтіктеуді, бөлмені қалай реттеп жинастыруды көрсетеді. Осының бәріне де талап қоя отырып, олар балалардың орындаған істерін мақтап та қояды, олардың жетістік жағын көрсете отырып, ынталандыруға тырысады. Мәселен, балалардың өздері тұтынып жүрген заттарының сырт көрінісі қызықтыруға болады. Кішкене бала қой иісті және бір заттың суретін елестетін сабынмен жуынуды, ашық бояулы тіс щеткасымен тісін тазартуды ұнатады.Отбасындағы барлық жағдай балаларды тәрбиелейді. Егер үлкен кісілер тазалық пен тәртіптілікті үнемі сақтап жүрсе, соған балалар да тырыса бастайды.

Мектеп жасындағы балалардың ұқыптылық дағдысы барған сайын дами түседі және күрделене түседі. Оқу, қоғамдық пайдалы еңбек ету процесінде түрлі материалдарды, еңбек құралдарын күтіп ұстау сияқты жаңа талаптар қойылып отырады.Күнделікті өмірде мектеп оқушылары киімдерін, аяқ киімдерін тазарту, ілгегін, желке бауын қадау, өздерінің кітаптарын, оқу саймандарын таза және ретімен ұстау сияқты көптеген жұмыстарды өздері орындайды.Әр түрлі міндеттерді орындау үшін, еңбек пен дем алудың дұрыс ауысып отыруында күнделікті дәл режимнің маңызы күшті.Ұқыптылыққа тәрбиелеу – балаларды өмірге дайындаудың ең маңызды жағдайы. Ұқыпты адам өз міндеттерін айтарлықтай етіп орындайды, оның қолынан тамаша орындалған заттар істеліп шығады, олар өз айналасына да ұнамды.

9-сабақ Төрт түлік мал

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

10-сабақ Төрт түлік пірлері

Қазақта «Ер қанаты – ат», «Жылқы – төрт түлік малдың төресі», «Аттың сырын мінген біледі, жолдың сырын жүрген біледі», «Аттың сынын атбегі біледі, құстың сынын құсбегі біледі», «Атың шабандаса бабына қара, досың жамандаса ағына қара» деген мақал-мәтелдердің арасында ат тақырыбы туралы мың бес жүзден астам мақал-мәтел айтылады екен. Осыған қарағанда, қазақ халқы атқа, ат шаруашылығына еш уақытта енжар қарамаған, нағыз атқұмар, атбегі халық екенін түсінуге болады.

Ол ғана емес.
Ерекше жылқыға жақын, жылқының қыры мен сырын жете меңгерген ұлы халық екендігін тіпті де дәлелдей түсуге болады. Қазақ:
Жылқы пірі – «Қамбар ата»,
Түйе пірі – «Ойсылқара»,
Сиыр пірі – «Зеңгі баба»,
Қой пірі – «Шопан ата»,
Ешкі пірі – «Шекшек ата» деп біледі.

Ал қазақ халқы бұл ұғымды қайдан алды? Қай ғасырдан бері мал пірлерін осындай атаулармен атап келді? Оны кім біледі? Осы сұрақтар төңірегінде айтылатын қандай аңыз-әңгімелер бар? Бүгін осы тақырыпқа соғып көрейік.

11-сабақ Аңшылық туралы

Қазақ халқында аңшылық туралы:«Қиырдағы түлкіні қыран алады»,.«Мерген атып алады,қақпаншы жатып алады, ит жүгірткен сіледі қатып алады,құс салған қызыққа батып алады» деп аң аулаудың өзіндік артықшылықтарын айтқан.

Ұлы Абай атамыз:

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға, деп жырлаған.

...Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,

Аң болады кеңесің құс салғанда.

Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген

Бір қызық ісім екен сұм жалғанда.

дей келе,Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын,Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң, дейді. Демек, аңшылықтың да өзіндік рахаты мен адам көкірегіне ұялатар жылылығы туралы Абай атамыз осылай жырлаған.Асыл дініміз ислам да аңшылық туралы байламдар көп. Барлығында аңды ысырап үшін ауламау, шектен шықпау туралы айтылады.

12-13 сабақ Бесік жыры туралы

Бесік жыры тұрмыс салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырының басты қызметі-бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан-жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалады. Олар: «Әлди, әлди ақ, бөпем,, Ақ бесікке жат бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады.

«...Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің!

Бармақтарың майысып,

Ою- өрнек ойысып,

Ұста болар ма екенсің!

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің!»деп баласының болашағынан көп үміт күтеді.

Бұл –бесік жырының бір түрі ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған, елімді көрер ме екем ..» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен.

Бесікті қарағай, қайыңнан, талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесікте жатқан бала әрі таза, әрі жылы жатады.


14-15 сабақ Сәби тойлары


Құрсақ тойы

Жас келіншектің аяғының ауыр болғаны белгілі болғанда оның абысын-ажындары, қайын-сіңілілері, көрші-қолаңы сол үйге жиналып, кіші-гірім той жасайды. Аман-сау босануына тілек білдіреді. 

 

Шілдехана. Бесік той

Сәби дүниеге келгенде жасалатын той-думанды шілдехана дейміз. Қазіргі кезде шілдехана мен бесікке салу тойларын біріктіріп өткізіп жатады. Бұл тойдың ерекшелігі – қазақ халқының әдемі салт-дәстүрлерін еске ала отырып, тәрбиелік мәні бар той жасауға болады. Бесік – қасиетті, киелі мүлік. Сондықтан сәбиді бесікке бөлер алдында отпен аластап, «тыштырма», тағы басқа да кәделер жасалынады. Бесікке бөлеген апа-әжелерге сый-құрмет көрсетіледі. Бесікке пәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі тағы басқа заттар тағылады.

  

Тұсау кесер

Сәби қаз тұрған кезде, тез жүріп, аяғын нық бассын деген ниетпен тұсауын кеседі. Сәбидің тұсауын ала жіппен, тоқ ішекпен, есілген көк шөппен қияды. Ала жіп – адал болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниеттен туған. Тоқ ішек – тоқ жүрсін, бай болсын дегені. Көк шөп – көгеріп өсіп, өнсін дегені. Тұсауды қайшымен емес, бәкімен кескен жөн. Тойдың осылай дәстүрлі өтуіне көмек көрсете аламыз.  

 

Сүндет той

Ер баланы тақ жасында, яғни үш, бес, жеті жасында сүндетке отырғызады. Баланы сүндеттеу үлкен рәсім. Ата-ананың борышы. Сондықтан сүндет рәсімі жасалғаннан кейін, көпшілік шашу шашып, құтты болсын айтқан. Ата-бабамыз ат шаптырып, той-жасаған.

 

Тілашар

Баланың ең алғашқы мектеп аттаған кезі. Бұл күн бала мен ата-ана өміріндегі елеулі оқиға. Осы оқиғаны атап өту дәстүрі тілашар тойы деп аталады. 

Біздің қызметтеріміз - түрлі түсті әуе шарлармен балалар мерекесін гүлдету. Жас бүлдіршіндерге арналған Шоу-программа. Соның ішінде ойын сауық өткізетін цирк әртістердің және клоун өнерлерін тамашалай аласыздар. Асабамыз балаларға және ересектерге арналған қызықты сценариялары бар ойын кешін өткізе алады. 

16-сабақ Аталы сөздер бата,өсиет ақыл.

Оңға қарай ,

Оқысаң да бір халық

Солға қарай ,

Оқысаң да бір халық (қазақ).Біз қай ұлттық халықпыз ? (қазақ).Ендеше ,біздің,қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәні өте зор.Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтімен,ана әлдиінен бастау алады. Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты,ғибрат аларлықтай ,тамаша өсиет сөздер бар. Өсиет сөздерді кім айтады ?

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол көкеңнің

Білер оны сұраған

Ол кім ? (атаң)

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың міндеті үлкен кісілерді тыңдап,олардың сөзін еске сақтап,құрметтеуіміз керек

Аталы сөз бәрімізге керек.Ақылдыға аталы сөз дана болу үшін керек. Жақсыға ақылды болу үшін керек.Аталы сөз өсетін жақсы ,өнерлі жанға керек.Ал сендер қалай ойлайсыңдар ?


17-сабақ Адамгершілік,өнер, оқу,тіл туралы мақал-мәтелдер.

Адамгершілік болмай,Әділдік болмас.

Адамның ұяты бетінде,Адамгершілігі ниетінде.

Ашу-дұшпан,ақыл-дос,Ақылыңа ақыл қос.

Біреуге ор қазба,өзің түсерсің.

Өнерлі баланың он саусағы тең,Өнерсіз баланың бір саусағы кем.

Білекті бірді жығады,Білімді мыңды жығады.

Өнерлі өрге жүзеді.

Оқу-білім азығы,Білім-ырыс қазығы.

Ақыл-тозбайтын тон,білім-таусылмайтын кен.

Көп сөз-күміс,аз сөз-алтын.

Өнер алды-қызыл тіл.

Тіл-қылыштан өткір. Т.б


18-сабақ Жанұя,туған жер,ауыл жайлы мақал-мәтелдер.

Отан-отбасынан басталады.

Әке-асқар тау,ана-бауырындағы бұлақ,бала-жағасындағы құрақ.

Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада.

Ата-балаға сыншы.

Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.

Ауылым-алтын бесігім.

Жері байдың,елі бай.

Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық.


19-сабақ Ынтымақ,достық,бірлік,еңбек жайлы мақал-мәтелдер

Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның түленбей.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Жаңбырменен жер көгерер,еңбекпенен ер көгерер.

Доспен дос болғанға шаттан,дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

Жолдасы көптің олжасы көп.

Досы жоқ адам,тұзы жоқ тағам.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

20-сабақ Оқу,білім,мал туралы жұмбақтар.

Көп әңгімем,өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім.( кітап)


Білімнен мол сый-асы

Балдырғандардың ұясы (мектеп)


Білімнің жол басшысы

Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)


Білім мен тәлім

Парақты ашқанда

Беттерінен мәлім (күнделік)


Жалмаң құлақты сорға бітем

Ел ішіндегізорға бітем. (түйе)


Бетегелі белге бітем

Найза ұстаған ерге бітем (жылқы)


Қалың қорық нуға бітем

Қоры үзілген қуға бітем (сиыр)


Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар(қой)


Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар.

Сегз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар.(ешкі)


21-сабақ Адам,табиғат туралы жұмбақтар.


Көк төрінде жоғары

Ілулі тұр атамның,

Саптамалы орағы (ай)


Жымыңдатып көздерін,

Түнде алыстан жанады.

Таң атқанда өздері

Жасырынып қалады.(жұлдыздар)


Ауыл сыртында сайда

Жатыр үлкен айна. (көл)

Кең әлемді кернейді,

Көзің бірақ көрмейді.(ауа)


Тау басында шөп шықты,

Шөп шыққанда көп шықты. (адамның басы мен шашы)


22-сабақ Санамақ,жұмбақ жаңылтпаш .

Бір – білім ал,

Екі – ерлік көрсет,

Үш – үлгі тұт,

Төрт – тәртіп керек,

Бес – бестік баға ал,

Алты – алғыс ал,

Жеті – жеңіс біздікі,

Сегіз – сенім керек.

Тоғыз – тоқу керек,

Он – оқу керек.


Бірі ағаш кесу құралы,

Бірі шырынды бал бұлағы (ара)


Айбат шегер алыстан

Аң патшасы ......арыстан


Жүгіретін қуанып,

Бала біткен андыздап

Қандай тәтті ....балмұздақ


Тастан тасқа секіріп,

Жем тереді ....кекілік


1-10 ға дейін санамақтар.


23-сабақ Күлдіргі жаңылтпаш.

Былдыр,былдыр бүлдіршін,

Бұл бір білгір бүлдіршін.

Білгірлігін білдірсін.


Сызық сызып қызық сызды,

Қызық сызып,бұзып сызды.


Шұнақ құлақ лақ

Бұлаққа барды.

Бұлақ жағасындағы құраққа барды.


Арғы арал,бергі арал

Ол араларды жайлаған

Бал аралар.


24-сабақ Хайуанаттар туралы ертегілер.


Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:

— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

Түйе айтады:

— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:

— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Қой айтады:

— Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:

— Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтады:

— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:

— Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бөрі қарасып тұрады.   Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.

Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.

25-сабақ

Ертеде бір қартайған қораз өмір сүріпті. Ол түлкінің табанына талай рет түсіпті. Бірақ үнемі бір айласын тауып, түлкіден аман құтылып кете беріпті. Сөйтіп ол бірде ауыл сыртында дән теріп, жер шоқып жүрген кезінде түлкінің өзіне қарай жасырына жақындап келе жатқанын көріп қалады.

Қашып кетуге ауыл алыс болады. Қораз жалма-жан ұшып қасында тұрған ескілікті шегіршін ағашына барып қонады. Түлкі ағаштың түбіне жетіп келіп:

- Пәлі, қораз! Сен мені көре сала ағаш басына қонғаның не?, - дейді. Ал қораз оған:

- Немене, мен сені жүгіріп барып құшақтай алады деп пе едің?, - деп жауап қайтарыпты. Сонда түлкі:

- Мә-ә, сен шыныменен ештеңе білмейсің бе? Падишах барлық көшелер мен базарларға жыршыларын жіберіп, оларға: «Менің бүкіл мемлекетімдегі бірде-бір тірі пенде, бірде-бір аң әлсізді жәбірлемейтін болады. Келешекте бөрілер мен қойлар бір бұлақтан су ішіп, қырандар мен кептерлер бір ұяда өмір сүретін болады» деп жар салуға әмір етіпті. Сен де енді жерге түс, бері кел, екеуіміз бірге қыдырайық, - дейді.

- Екеу – ара емес, топ болып қыдырған жақсы. Сәл шыдай тұр, анау келе жатқан жыртқыштар да жетсін құйындай жүйткіп. Сосын бәріміз бірге қыдырамыз, - деп жауап береді қораз. Сол сәтте түлкі тұрып:

- Ол неткен жыртқыштар? Қандай жыртқыштар? – деп сұрапты.

- Бөрілерге ұқсайды, құлақтары да, құйрықтары да ұзындау көрінеді.

- Мүмкін олар бөрібасар иттер шығар?

- Сірә, солай болар! Түлкі иттер шығар деп ойлайды да алды-артына қарамастан зыта жөнеледі. Ал қораз:

- Сен неге қашасың?, - деп соңынан айқайлай қуады.

- Менің иттермен істес болғым келмейді.

- Сен падишах барлық жыртқыштарға әлсіздерді жәбірлемеңдер деп әмір етті дегенің қайда?

- Өйткені, ол кезде иттер дала кезіп кеткен еді, шахтың нұсқауын естімеген болар. Олар менің етімді талап жейді.

Түлкі осылай деп ғайып болды.


26-сабақ Қиял-ғажайып ертегілер

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты: - Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана. Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды. - Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Сауысқан шық-шық етті де, ұшып кетті. Келіп тырна қонды. - Ұзын мойын тырналар, қайыры бар мырзалар, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Тырна тыррау-тыррау деді де, ұшып кетті. Келді қаз. - Әй, қаздар-ау, қаздар-ау, сізге бар-ды наздар-ау, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Қаз қаңқ-қаңқ етті де ұшып кетті. Келді акқу. - Көлден ұшкан қуларым, құс төресі туларым, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Аққу тоқталыңқырап, көлденеңдеп тұрды да, ол да ұшып кетті. Біраздан соң қарлығаш келді. - Әй, қарлығаш, тамыр-ай, жауда болдым қалар-ай, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Қарлығаш ұшып олай кетті, ұшып бұлай кетті, ақыр қимай келіп, баланың қолына қонды. Бала ойлады: әкем тұмарымды көріп таныса да, қай елде екенімді біле алмас; бұған бір белгі салайын деп, өзінің қолын пышақпен шаншып қанатты да, қанымен тұмар үстіне түрікпен елінің таңбасын салды. Сөйтіп болған соң, тұмарды қарлығаштың мойнына байлап, елінің, әке-шешесінің жерін айтып, ұшырып қоя берді. Қарлығаш ұшты аспанмен, баланың айтқан жоспармен, асқар-асқар таулармен, айдын шалқар көлдермен, батпақ-лай шөлдермен, түрлі-түрлі жерлермен; қос қанатын қамшылап, аспаннан қатер көрінсе, таса жерді жамшылап, үстінен тері тамшылап, неше мерзім жерді өтті, неше мерзім елді өтті, нақ отыз күн болғанда, бір ауылға сол жетті, баланың айтқан аулы осы ма деп, меңзепті. Бұл ауылға келген соң, қарлығаш әр үйдің төбесіне қонып, адамын байқап жүрсе де, баланың айтқанына ешқайсысы ұқсамайды. Сөйтіп шаршап қалғып отырғанда, бір ыңырсыған кемпірдің даусы шықты. Құлағын салып қараса, кемпір айтады: - Ау, шырағым-құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым, жалғыз ұлым шырағым! Жау алды ма білмедім, су алды ма білмедім, аң алды ма білмедім, жөнінді біліп, шырағым, құрбаның боп өлмедім, жиырма төрт ай болды, мен жалғызды көрмедім!.. Сен тұра тұр деп кемпірді тоқтатып, шал айтады: - Жалғыз біткен талшыбық, келбетің келген қарағым, бір дерегің білуге, дүниені кезіп қарадым, аш 6уpaдай жарадым, он екі мүшем секілді, аш күзендей бүгілді, таулардың насат тасындай, берік-ақ еді сүйегім, өрт шалғандай егілді. Қайда да кеттің, сұңқарым, үміт еткен тұлпарым, бір көрсетіп алмады, сол ғана болды-ау іңкәрім. Онда бір жас қыз бала әке-шешесін тоқтатып сөйлейді: - Нар кескен деген алмастай, асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен тұрғанда ойлаушы ем, арғымақ ат мінермін, асыл киім киермін, тең-құрбымнан ілгері, мен жарқырап жүрермін, биіктен талап тілермін, ойын-күлкі сауықпен, қызық дәурен сүрермін. Егізімнен айрылып, ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті, желкілдеп шықкан көк шөптей, жап-жас қана күнімде, міне бізден сән кетті. Әй, қартымыз, қартымыз, көзіңнің жасын тартыңыз, мен бүгін бір түс көрдім, әжептәуір іс көрдім, түсіме жору ай-ыныз: қолдан ұшкан сұңқарым, қайта қонып жүр екен, үйірден жойған тұлпарым, қайта келіп жүр екен, бірге туған құлыным, үйге келіп жүр екен. Бізге құдай берген-ді, кісі көрмес өлген-ді. Баба-түкті ІПашты-әзіз, нақ сарт болып кетпесе, хабар алып шырақтан, бір қарлығаш келген-ді... Бұл сөзді есіткен соң, қарлығаш тіп-тіке шал-кемпірдің алдына қонды. Бейшаралар жылап-сықтап тұмарды алып, таңбасынан Қара батыр түрікпенге барғанын білісті. Сонан соң ат жаратып, адам жиып, түрікпен жұртына барып, көп тарту-таралғы беріп, баласын алып қайтты дейді.


27-28 сабақ.Тұрмыс-салт ертегілер.

Ерте, ерте, ертеде бір жарлының ұлы болыпты. Оның әке-шешесі бір сараң байдың малын бағып, қартайған екен. Енді сол байдың малын баласы бағады екен.Бала қиыншылықты көріп ерте есейеді, ақылды болады. Ата-анасы сол баласының еңбегімен тапқан азын-аулақ азықпен әрең күнелтеді екен. Бала таң атқаннан кеш батқанға дейін мал соңында жүреді екен, ойын дегеннің не екенін білмепті. Әке-шешесі баласын уайымдайды екен. Бір күні бала тау етегінде мал бағып жүріп, бір зәулім ағаштың саясында отырғанда, шаршап, көзі ілініп кетеді. Түс көреді, түсіне ақ сақалды қария кіреді. Ол кісі баланың басынан сипап, маңдайынан иіскейді. Бала селт етіп, оянып кетеді. Мал ұзап кеткен екен. Жанындағы таяғына жармасқанда, қолына бір дорба ілінеді.ашып қараса, ішінде жылтыр тастар.Керек болар деп, өзімен бірге ала кетеді.Кешкісін әлгі дорбаны әке-шешесіне көрсетеді. Сөйтсе, ол алтын екен. Олар алтынды сатып, мол байлыққа кенеледі. Әке-шешемді қалай бағамын, анамның ақ сүтін қалай ақтаймын деп жиі ойлайтын бала оқу оқып, ата-анасын бағып, мұратына жетіпті.

29-30 сабақ Алдар көсе туралы аңыз. 

Алдар көсенің сиқырлы тоны

    Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандайды.


Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын арада түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді.

Қанша тебіреніп, қамшысын қанша сілтегенмен Алдардың арық аты жүріп жарытпайды. Басын бір шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады.
“Жаман ат — жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып өлмесем жарар еді”, — деп ішінен сөйлеп келеді.
Кенеттен алдынан бір аттылы көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады.
Жолаушылар жолығып, аман-саулық сұрасты.
Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең-бүрсең етеді.Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді.
— Сен, немене, тоңған жоқсың ба? — дейді бай.
Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді — дейді Алдар Көсе.
Мүмкін емес! — дейді бай.
— Немене, көрмей тұрсың ба?!
— Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!
— Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.
“Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын” — деп ойлайды бай.
“Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!” — деп армандайды Алдар көсе.
— Ішігіңді маған сатсаңшы? — дейді бай.
Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! — дейді Алдар. — Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы.
Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі байдың түлкі ішігінде.
— Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын — деп қызықтырады бай.
— Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атынды берсең, ойланып көрер едім.
Қуанғаннан бай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді.
Алдар көсе байдың ішігін киіп,байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі.
Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес. Астында — ұшқыр ат, иығында — жылы ішік. Кез келген үйде одан:
— Мына керемет түлкі ішік пен жүйрік атты қайдан алдың? — деп сұрайды.
— Жетпіс жеті жыртығы, жетпіс сегіз жамауы бар тонға айырбастап алдым.
Жаман тонға жақсы ішігін, қыршаңқы атқа кұстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп, ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе:
Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы- тұщысын тартқан біледі! — дейді.


Ертегі «Алдар көсе мен бай баласы»

Бір күні Алдар жаяу келе жатса, алдынан бір салт атты кездесе кетеді. Алдар әнін айтып келеді:

Алда десең алдаймын,

Сайтанды да арбаймын.

Сараңдарға қаттымын

Кедейлерге балдаймын.

А-а-а,е-е-е...

Мен Алдармын, Алдармын,

Шегі жоқ даңқымның.

Өмірімді арнармын

Бақыты үшін халқымның.

Амандық айтып, жөн сұрасқаннан кейін:

- Атың кім? – дейді жаңағы кісі Алдарға.

- Атым – Алдар.

- Әй, сен әлгі алдамшы Алдармысың?

- Иә.

-Кәне, мені алдашы.

- Ойбай! – деп санын бір-ақ соғады сонда Алдар. – Алдауыш ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы, алып келейін.

Бай баласы түсіп, атын береді. Алдар былай шыға беріп:

- Алдаған деген осы болады, қош бол! – деп, шаба жөнеледі. Бай баласы алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-ақ соғады.

Ертегі «Өлген қазан».

Бір күні Алдарға қазан керек болып, байдың үйіне барады.

- Ассалаумағалейкум, байеке!

- Уағалейкумассалам! Қандай шаруамен жүрсің?

- Байеке, қазаныңызды бере тұрыңызшы.

- 100 теңгенді бер де, ала бер.

-  Қарызға жазып қойыңыз, кейін беремін.

- Жарайды, ал.

Сараң байды қалай алдап, тақырға отырғызсам деп жүретін. Сәті түскен секілді.

Алдар Көсе байдың қазанының ішіне кішкене қазанды салып, алып келеді. 

- Байеке, сүйінші! Сізге жақсы жаңалығым бар. Сіздің қазаныңыз балалады. Қазан сіздікі болған соң, баласын да әкеп тұрмын.

- Ой, рахмет, Алдар. Дұрыс істедің! Жарайды, керек кезінде алып тұр.

Біраз уақыт өткеннен кейін Алдар тағы да қазан алу үшін, байдың үйіне келеді.

- Байеке, сізге тағы келдім. Қазанынызды бере тұрмайсыз ба?

- Ала ғой, Алдар, Ала ғой. Сенен аяғанымды ит жесін.

- Рахмет, байеке

Бірнеше күн өтеді, Алдар қазанды қайтармай жатып алады. Бай тағатсызданып, ашулана бастайды.

- Бұл неге қазанымды қайтармай қойды? Бұған не болды екен. Өзім бармасам болмас.

Бай Алдардың үйіне келеді

- Әй, Алдар қазаным қайда? Неге уақытында қайтармай қойдың?

Қайтар қазанымды!

- Байеке, сізге қалай айтарымды білмей отырмын..

- Иә, не болды?

- Кеше қазаныныз қайтыс болды.

- О, не дегенің қазан өлуші ме еді? Қайтар, менің қазанымды Алдар, қайтар!

- Әрине, байеке! Туа білген қазан өле де біледі.  

- Әй, қу Алдар – ай, қу Алдар!


31-32 сабақ Қожанасыр хикаялары


Қожа көшеде адасып жүрген бір қойды ұстап, сойып алады. Оны бір жолдасына сыр ғып айтады. Жолдасы:

— Қияметке барғанда не деп жауап бересің? — дейді.

— Танамын, мен жеген жоқпын деймін.

— Жоқ, тана алмайсың, қойдың өзі келіп куә болады.

— Онда тіпті жақсы, ұстап алып, иесіне қайтарып беремін, — депті Қожекең.


***

Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. 

Біреу аптыға жүгіріп келіп:

— Мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.

— Мен хат танымаймын.

— Ендеше неге басыңызға сәлде орайсыз?

— Е, мәселе сәлде де болса, мә, басыңы ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең.


***

Хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақша қойыпты да былай депті;

— Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын. Осының қайсысы көп, соны айтшы?

Қожа ойланып тұрып:

— Әрине, бір тиын көп, — депті. Таң қалған хан:

— Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы?

— Себебі, бір сом дегенде алты әріп бар. Ал бір тиын дегенде жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп пе, жеті көп пе?..


***

Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:

— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді.

Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:

— Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.

— Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.

— Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр.


***

— Мен жақында есік алдына өрік шыбығын отырғыздым. Жеміс берген кезінде бәріңді өрікке сылқитып бір тойғызбақшымын, — дейді Қожа жолдастарымен отырғанда. 

— Ой, рахмет, Қожеке. Осы тәтті лебізіңнің өзіне өрік жегендей тойып қалдық, — деген олардың сөзін естіген Қожа:

— Өрікке тойып қалсаңдар, отырғызған шыбықтарымды жұлып тастап, алма ағашын отырғызайын. Бұған да мерзімінен бұрын әлгіндей тойып қалсаңдар мені тер төгіп еңбектенуден құтқарар едіңдер, — дейді.


***

— Соңғы күндері сені әлдебір ой меңдеп алған тәрізді. Нендей ой екенін мағанда айтсаңшы, бәлкім жәрдемім тиер,- депті Қожаға кемпірі. Сонда жарықтық терең күрсініп:

— Жаман айтпай жақсы жоқ. Қатын, әбден қартайыпсың. Екеуміз отау құрғанымызға да қырық жылдан асыпты. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген. Танысып қоялықшы, осы сенің атың кім? — деген екен.


***

— Теңіздің суы неге ащы? — деп сұрапты біреу Қожанасырдан.

— Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой, — депті Қожанасыр.


***

Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден:

— Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? — деп сұрапты.

Әпенді ойланбастан:

— Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады, — деген екен



33-сабақ Менің үйренгенім






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі