Сөйлеу мәнері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу мәнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойында «мейірімділік, қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:  мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну;  өзара сыйластық қарым-қатынасты дамыту;  мейірбандыққа тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында «мейірімділік, қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну;

  • өзара сыйластық қарым-қатынасты дамыту;

  • мейірбандыққа тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: жүрекшелер, күннің суреті, видеороликтер, АКТ, рөлдік эскиздер.

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық ахуал: (Көшбасшының қадамы)

Көктен бізге үнемі

Күн шуағын төгеді.

Біз жүректен жылуды

Достарыма береміз.



  1. Шаттық шеңбері:

-Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмай бір-біріміздің қолымызды қысып, жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.

  1. Видеороликтен «Жетімнің монологы. Ф. Оңғарсынова» атты роликті көріп талдауы. Жетімнің монологы (Фариза Оңғарсынова) - YouTube. People & Blogs.



  1. Сергіту сәті. «Көңілді күн».



  1. Жағдаяттарды шешу



Автобустағы жағдай.(Автобуста келе жатқан балалардың қарт кісі келгенде өздерін көрсетуі.....)

Көшедегі қайырымдылық. (Үлкен себет көтеріп бара жатқан қарт әжеге көмек көрсету).

Кішіпейіл болу. (Оқушының құрдасын соғып кетуі).


  1. Тыныштық сәті.


Құрметті балалар, қазір барлығымыз да бір мезгіл тыныштыққа бөленейік. Денелерімізді түзу ұстап, бастарымызды жоғары көтере, ыңғайланып отырайық. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап отырыңдар. Екі қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көздерімізді жұмып, бір сәт ойланайық. Жаңағы жағдаяттарды көрдік.

  • Осы жағдаяттардан өзімізге керек қандай құндылықтарды алдық?!

  • Ал өз құрадастарымыз қай жерде қайырымдылық танытпады екен?!

  • Сендер ойларыңды қалай түйіндейсіңдер?

(Музыка ойнап тұр.Оқушы үнін тыңдаймыз.)


  1. «Өзіңнен кішілерге қамқорлық көрсете біл».

МейірімділікМейірімділікМейірімділік - YouTube. Мейірімділік - YouTube.

Тақырып бойынша видеоролик көрсетіліп, табиғатқа, жан-жануарларға, құстарға, аңдарға да адамның мейірімділігі мен қамқорлығы керек екені айтылды.



  1. Өнегелі қуаныш сәттері. Мейірімділік мекені - қайырымдылық акциясы - YouTube. People & Blogs.


Видеоролик көрейік. (Роликке түсініктеме беріп отыру)


  • Мейірімділікті уақытпен көрсету керек пе?

  • Мейірімділікті көрсеткен кезде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жан-жануарларға мейірімділік танытуға бола ма?




  1. Кері байланыс.

    • Балалар, сендердің үйлеріңде жан-жануарлар бар ма?

    • Оларға қандай көмек жасайсыңдар?

    • Құстарға үя жасап, жем шашқан балалар бар ма екен арамызда?

  2. Рефлексия.

Тақтаға ілініп тұрған күннің суретіне оқушылар алдарындағы жүрекшеге өз ойларын жазып ілді.





Сараптама.



«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында 2 «Ә» сыныбында өзін өзі тану пәні бойынша ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты оқушылардың бойына мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дарыту. Сабақ психологиялық теспен көшбасшының басқаруымен басталды. Сабаққа сәттілік тілей отырып тақырып пен оның мақсаты айтылды. Тақырыпқа сай «Жетімдер монологы» ролигі арқылы оқушылардың бойында қайырымдылық пен мейірімділік сезімдерін оятатын сәттер ұйымдастырылды. Видеороликті тамашалаған оқушылардың өз ойлары ортаға салынып тыңдалды. Сонымен қатар «Өздеріңнен кішіге қамқор бола біл» айдарымен «Мейірімділік» ролигі көрсетіліп, табиғатқа, аң-құстарға, жануарларға қамқорлық таныта білу құндылығы берілді. Сабақ бірнеше қойылымдар арқылы жағдаяттар ұсынылды. Тыныштық сәті арқылы осы жағдаяттардың жақсы және жаман жақтары туралы талдау ұсынылды. Осы роликтер арқылы біз мейірімділік пен қайырымдылықты ең бірінші анамыздан сезінетінін ортаға салды. «Аяулы анашым» әнімен анаға деген үлкен махаббаттарын білдіріп, жылы сезіммен әнді орындады. «Ортамызда жүр талай жақсы адам, тіліне, дініне, түріне қарамай» деп оларды тағы да ролик арқылы бірлікк, мейірімділік, қайырымдылыққа тәрбиелейтін кезең ұйымдастырылды. Сабақ соңында алған білімдерін өмірмен ұштастыра отырып, кері байланыс болды. Ал рфлексия кезеңінде өздеріне ұнаған, алған жақсы құндылықтарын көрсету мақсатында жүрекшелерге жазып, тақтадағы күннің суретіне жапсырды. Сабақ деген мақсатына жетті. Сәтті өтті.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
486
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі