400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлеу мəдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • Маханбетова Гулайша



Сабақ жоспары


Күні:

07.ІХ

4-сабақ

Пәні: қазақ тілі


4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу мәдениеті 5-8жаттығулар

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға сөйлеу мәдениеті туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы білім, білік, дағдыларын арттыру. Сөздік қорлары мен тіл байлықтарын арттыру.


Күтілетін нәтиже

Оқушылар сөйлеу мәдениеті туралы түсінік алады. Жаттығулар орындау арқылы білім, білік, дағдылары артады.Сөздік қорлары мен тіл байлықтары жетіледі.

Негізгі идеялар

Тақырып туралы жалпы түсінік. Жаттығулар орындату.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс


Сабақ бойынша мұғалімің жазбалары: (мұғалім оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сынып оқушыларының көңіл-күйін білу.

2. Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.


ІІ. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс: «Мағынаны тану»

Ой қозғау:

5-жаттығу. Мысалды түсініп оқы.

Жер тауға шағынды.

-Менің үстімде не боп жатыр? Білемісің? Адамдар аяуды қойды. Бетімді бей-берекет айғыздап бітті. Тұқымдары құрып біткен аң-құстарым мынау. Сұлап жатқан теректерім анау. Өзендерім суалды, теңіздерім құрғады... Енді менде не қасиет қалды?!

Жердің көз жасы мөлтілдеп, шық болып құйылды.

Жер жылап жатты...

-Мен қайтейін, -деді Тау күңіреніп. – Бәрін де көріп тұрмын. Бірақ қолымнан не келеді? Өзімнің де халім мүшкіл.

Тау күрсінді.


●Мысалдағы негізгі ойды тап. Автор осы мысал арқылы не айтқысы келді?

●Қарамен жазылған сөздерді басқа қандай сөзбен алмастырып айтуға болады?

●Мысалды ары қарай жалғастырып көр. Ол үшін «тау» сөзін «жұбату» сөзімен толықтыр. Үшінші кейіпкерді – адамды әңгімеге ендіріп, ол туралы айтылатын ой бөлігінде кешірім сұрау сөздерін қос.

●Құраған ой бөлігіңді дәптерге жаз.


Жұптық жұмыс:

6-жаттығу. Мәтінге ат қой.

Ағасы Мирас пен Әлімге алма үлестірді.

Мирас:Рақмет.

Ағасы: Оқасы жоқ.

Ал Әлім үндемеген қалпында тұра берді.

Мирас: Әлім сен неге «рақмет» айтпайсың?

Әлім: Ағам «оқасы жоқ» деді ғой.


●Оқасы жоқ деген қандай мағына береді?

●Әлімнің айтқанына келісесің бе? Келіспесең, өз пікіріңді төмендегі сөздерден баста және аяқта.

-Кешіріңіздер. Мен Әліммен келіспеймін. Өйткені, ... .


Жеке жұмыс:

8-жаттығу. Өз әдептілік деңгейіңді тест тапсырмасын орындау арқылы бағала. Сұраққа «иә» не «кейде», не «жоқ» деп жауап бер.


№

Тест тапсырмалары

иә

кейде

жоқ

1

Көршілеріңмен үнемі амандасасың ба?





2

Тамақ ішіп болғаннан кейін анаңа алғысыңды білдіріесің бе?





3

Сабаққа кешіккен жағдайда мұғалімнен кешірім сұрайсың ба?





4

Абайсызда біреуді қағып кетсең, сен одан кешірім сұрайсың ба?





5

Қиын есепті шығаруға көмектескен үлкендерге рақмет айтасың ба?





6

Бір нәрсеге келіспеген жағдайда дауысыңды көтермей, бірқалпты сөйлейсің бе?




7

8 наурыз мерекесімен анаңды, әжеңді, әпкеңді құттықтайсың ба?





8

Ұйықтар алдында үйдегілерге «қайырлы түн» деп айтасың ба?






Балдарыңды сана: «иә» жауабына -2балл, «кейде»-1 балл, «жоқ» - 0 балл.


Егер 12-ден 16 балға дейін жинасаң, сенде бәрі дұрыс.Жарайсың!

Егер 8-ден 11 балға дейін жинасаң, сен үнемі әдепті бола алмайсың.

Егер 8 балдан төмен жинасаң, әдепті болуға ұмтылуың қажет.



ІІІ. Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, тілегім)

Бүгінгі сбақтан не үйрендім? Кесте толтыру.


Кейінгі тапсырмалар


7-жаттығу.

Кейінгі оқу








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
3737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі