400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлеу мəдениетін үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі жағдаяттағы қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап үйрену
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Мектеп : Подстепный қазақжалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 28.09.2017

Мұғалімнің аты – жөні: Сариева Г. Е

Сыныбы: 3 «А»

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлеу мәдениетін үйренеміз

Сабақ мақсаты:

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу;

Қолданылатын әдіс – тәсілдер:

Топқа бөлу, түсіндіру, топтық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу

Жетістік критерийлері:

  1. Ұжым жұмыстана алады

  2. Берілген тапсырманы қиынсынбай, тез түсінеді

  3. Мұғалімнің көмегінсіз, тапсырманы өзі түсініп, орындай біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ресурстар

I. Ұйымдастыру бөлімі






























II. Үй тапсырмасын тексеру














III. Жаңа материалды меңгерту

















































































































IV. Бекіту тапсырмалары





































V. Рефлексия











-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Түгендеу

Топқа бөлу

Күнбағыс арқылы топқа бөлінеді. Күнбағыс өсімдігінің күлтесіне жазылған сөздер арқылы 3 топқа бөлінеді.

1топ:

2топ:

3топ:


Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлембердік сіздерге

Құрметпенен біз!

Оқушылардың көңіл – күйлерін анықтау.

-Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл – күймен келгендеріңді білу үшін мынадай смайликтерді көрсеткен кезде көңіл – күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе үш рет шапалақтаймыз, сәйкес келмес уууу деп айтатын боламыз.


Жарайсыңдар, оқушылар! Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы көңіл – күйде екенбіз.


«Келесі кім» әдісі арқылы үйге берілген тапсырма сұралады. Мұғалім алдымен өзі 1-ші топқа Келесі кім? деп ұшақ ұшыратын болады. Ұшақ қай оқушыға жақын барып қонса, сол оқушы үйге берілген тапсырманы айтатын болады. Келесі үй тапсырмасын айтқан оқушы 2-ші топқа Келесі кім? деп ұшақ ұшыратын болады, қай оқушыға ұшақ жақын қонса сол оқушы үй тапсырмасын айтуды жалғастырады. Солай келесі топқа жалғасады.



Балалар өткен сабақта біз сөйлеу мәдениеті туралы өткен болатынбыз. Есімізге түсіріп көрейікші:

-Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?







Есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық. Ситуациялық жағдаяттар.

1топ.

1-жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің?

2топ.

2-жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің?

3топ.

3-жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?


Оқушылар біз бүгінде сөйлеу мәдениеті тақырыбын жалғастырып, кеңінен танысатын боламыз.

Ендеше оқулықтағы 60-жаттығуға назар салайық.



Мұғалім мысалды оқиды.


-Мысалдағы негізгі ой

-Автор осы мысал арқылы не айтқысы келді?

-Қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастырып көрейік.

-Мысалды ары қарай жалғастыр, Үшінші кейіпкерді – Адамды әңгімеге қосып, ол туралы айтылатын ой бөлігінде кешірім сұрау сөздерін қолдан.


Оқушылар, сендерге саяхатқа шыққан ұнайма? Ал балалар білімдерімізді артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін бүгінгі сабақта «Білім еліне» саяхат жасаймыз.

Олай болса саяхатқа шығу үшін қайда барамыз?

Автобусқа міну үшін қайда барамыз?


Ендеше мектеп аялдамасынан бастайық.

«Мектеп» аялдамасында сендердің білімдеріңді тексеру үшін «Бәйге» ойынын ойнаймыз.

Б.қ -30. Ауыз екі тіл дегенді қалай түсінесің?

Б.қ -50. Адамдарға сөйлеу үшін не қажет?

Б.қ -40. Адамдар сөйлеуді қай кезде қолданады?

Е.қ-10. Қандай сыпайы сөздер білесің?

Е.қ -40. Сөйлеу арқылы не жүзеге асады?

Е.қ -20. Адамдар арасындағы қарым – қатынас дегенді қалай түсінесің?

Ү.қ -20. Сен тілдің көмегінсіз өз ойыңды түсіндіре алсың ба?

Ү.қ -30. Өзге адамның сөзіне араласар кездеалдымен не дейсің?

Ү.қ -40 Сыпайы сөзге мысал келтір

Топтар «Бәйге аты» бойынша бағаланып отырады.


Келесі оқулықтағы 61-жаттығуға назар салайық.

-Мәтінге ат қой

-Оқасы жоқ деген қандай мағына береді?

-Әлімнің айтқанымен келісесің бе? Келіспесең, өз пікіріңді жаз. –Кешіріңіздер. Мен Әліммен келіспеймін. Өйткені.......






Оқушылар жалпы сөйлеу 2 түрге бөлінеді.

-Дөрекі сөйлеу және мәдениетті сөйлеу.


Ендеше оқушылар келесі «Білгірлер» аялдамасынаң тапсырмасына жауап берейік.

Мына жерде сөздер жазылған, осы сөздердің ішінен мәдениетті сөйлеуге тиіс сөздерді оқиықшы.

ТӨРЛЕТІҢІЗ!

КЕТ!

САУ БОЛЫҢЫЗ!

БЫЛАЙ ТҰР!

КЕШІРІҢІЗ!

ЖОҒАЛ!

ҒАФУ ӨТІНЕМІН!

ӘРІ БАР!



62-жаттығу. Журналист 3-сынып оқушыларынан әдептілік туралы сұрады. Балалар төмендегідей пікір білдірген екен. Ендеше оқушылар бұл жерде журналист мен боламын. Мен қазір кез келген оқушыдан сұраймын, сол оқушы орнынан тұрып кезекпен – кезек оқисыздар.

-Кім осы сұхбатқа өз жауабын білдіргісі келеді.


Келесі соңғы аялдамамыз «Мергендер» аялдамасының сұрақтарына жауап берейік

«Тез ойла, сөз ойла» деп аталады екен.

1топ. Сыйластық

2топ. Кішіпейілділік

3топ. Инабаттылық

Сөздерін пайдаланып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса сол топ жеңімпаз атанады.



Балалар біз «Білім еліне» саяхат жасап, өзіміздің білімімізді көрсетіп, енді сүйікті сыныбымызға оралайық. Саяхат жасап, ойындар ойнап, жаттығулар орындадық. Сонымен бүгін қандай тақырыппен таныстық?


Ендеше сөйлеу мәдениетінің ережелерін жазайықшы. Осы ережелерді өзіміз әрқашан сақтап жүрейік иа оқушылар.




Қызыл жалауша – тақырыпты түсіне алмадым, ұнамады

Сары жалауша – тақырыпты орташа деңгейде түсіндік

Жасыл жалауша – тақырыпты меңгере алдық, сабақ ұнады



«Жылы жүрек» әдісі арқылы жекелей бүгінгі сабақты бағалаймыз, сабақтан алған ісерімізді стикерге жазып жылы жүрекке жабыстырамыз.

-Сәлеметсіз бе!



Күнбағыс күлтелерін таңдап, күлтесіне жазылған сөздер бойынша үш топқа бөлінеді.





Психологиялық дайындық жүргізеді,мұғалімнің айтқанын қайталайды



Мұғалім көрсетуі бойынша смайликтер арасынан өз көңіл – күйлерін білдіреді.













«Келесі кім» әдісі арқылы үйге берілген диалогті оқиытын болады.














Сөйлеу мәдениеті деп – қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата – ана, мұғаліммен сөйлескен кезде сөзді дұрыс, орынды қолдану керек.




1топ.

Мен орныман тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп орнымды ұсынамын.


2топ.

«Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін» деп ауыр сөмкені алып, үйіне апарып саламын

3топ.

Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдай білуге барамын.


Оқулыққа назар аударады.

Мұғалімді мұқият тыңдайды мысал оқу барысында.





-Мысалдағы негізгі ой Жердің Тауға шағымдануы

-Шағынды – мұңын айту

Құрғады – кепті

Мысалды жалғастырып, адамды әңгімеге қосады.





-Ұнайды






-Автобусқа


-Аялдамаға





«Бәйге» ойыны бойынша таңдаған сұрақтары бойынша жауап береді.





















Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқиды, мәтінге ат қояды.

-Алғас айту

-Оқасы жоқ


- Кешіріңіздер. Мен Әліммен келіспеймін. Өйткені ол да Мирас секілді рахмет айтуы қажет еді, себебі ағасы одан үлкен болсада алма үлестіріп берді.



Мәдениетті және дөрекі сөйлеуге жазылған сөздерді айырып оқиды.



Мәдениетті сөздер:

ТӨРЛЕТІҢІЗ

САУ БОЛЫҢЫЗ!

КЕШІРІҢІЗ!

ҒАФУ ӨТІНЕМІН!

Дөрекі сөздер:

КЕТ!

БЫЛАЙ ТҰР!

ЖОҒАЛ!

ӘРІ БАР!







Мұғалім нұсқауымен оқулықпн жұмыстанады.




Оқушылар өз жауаптарын айтады.





«Мергендер» аялдамасының «Тез ойла, сөз ойла» тапсырмасын орындайды.

1топ. Сыйластық – сыйла,тас,ас, асыл,тал,сыйлы т.б

2топ. Кішіпейілділік- кіші,ішік,пейіл,іш т.б

3топ.Инабаттылық – ана,ат,инабат,балық т.б











Сөйлеу мәдениетінің ережесін құрастырады.






Жалаушалар арқылы топ болып бүгінгі сабақты бағалайды.






«Жылы жүрек» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, сабақты бағалайды.



Қағаздан жасалған күнбағыс











Әр түрлі көңіл – күйдегі смайликтер












Қағаздан жасалған ұшақ.
























Жағдаятқа байланысты суреттер













Оқулық































Тапсырмалар жазылған ұяшықтар




































мәдениетті және дөрекі жазылған сөздер





























А4 бет, маркер


























Үш түсті жалаушалар







Стикер





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі