400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу мүшелерін дайындау. Р дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке баламен логопедиялық жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мүшелерін дайындау. Р дыбысын қою

Сабақтың мақсаты: Сөйлеу мүшелерінің қимыл қозғалысының аппаратымен таныстыру. Жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету.

Көрнекілік: Артикуляциялық жаттығулардың суреттері,тіл, ерін қимыл жаттығуда қолданылатын, тіл  қимыл суреттері, заттың бейнелері.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсің бе?
- Көңіл -күйің қалай?
- Бүгін қандай күн? 


2. Жаңа сабақ:

Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.


«Алтыбақан»

Менде босқа тұрмайын,

Алтыбақан тебейін.

Әткеншекте тербеліп,

Жоғары, төмен самғайын.

«Сылақшы»

Сылақшыны шақырып,

Пәтерді біз сылаймыз.

Төмен түсіріп таңдайды,

Көмектесейік сылақшыға.

«Тіс ысқыш» - үстіңгі тістерді тазалау

Тазала тісіңді, тазала

Сыртынан да, ішінен.

Ауырмасын тіс ешқашан.

«Шот» - үстіңгі тістерді санау

Мына тілге не болған?

Итеріп тұр тістерді.

«Ат шауып келеді»

Құлын, құлын, құлыншақ

Құлдырайды шабады.

Құстай қанат қағады

Дөңгелетіп жерді, айналады көлді.

«Саңырауқұлақ»

Саңырауқұлақ мен теп-тегіс.

Әр түрлі телпек киіп,

Тұрамын мен жіп-жіңішке аяқта.

Тілдің желбезегі саңырауқұлақтың аяғы. Егер бала жаттығуды орындай алмаса, «ирис» кәмпитті тандайына жапсырып ұстап тұру керек.

«Сырнай»

Кең ашып ауызды

Таңдайға тіл жапсырып.

Ашып, жауып ауызды

Ойнаймын мен сырнайды.

«Даңғыра»

Даңғыран ұр қатты,

Дәл қайтала ырғақты,

«Д-Д-Д-Д-Д!»-деп.

«Маса»

Маса, маса, масалар

Қып – қызыл ғана тамағы бар.

Ыз-ыз-ыз-етіп ұшады

Елдің мазасын алады.

«Мотор»

Тіліміз біздің – мотор

Жүргізеді оны шопыр.


Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстың.Саған көп-көп рахмет. Үйден осы жаттығуларды қайталап жаса.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
894
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі