400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөйлеу тілдік этикеті" ашық сабақ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сөз , сөз құдіреті , тіл табысу ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Сөйлеу тілдік этикет.Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тілдік этикет.Сабақтың мақсаты: Балалардың сөз , сөз құдіреті , тіл табысу ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: - Сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; -адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; -өзара сыйластыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Ресурстар, суреттер, видеоролик.Шаттық шеңбері: Бір ауыз сөз өлеңін айту Бір ауыз сөз қасіретті тыяды, Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды. Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе, Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды, Бір ауыз сөз ұран болып самғайды. Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп, Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

ӘңгімелесуСұрақтар: - адамдармен қалай тез тіл табысуға болады? - Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар? Мәтінмен жұмыс: " Сөз және мағына". М. Жұмабаев. Күндердің бірінде бір адам алыс сапарға шықпаөшы болады. Үйінде тұрған екі қап бидайды өзі келгенше сақтап қоюға көршілеріне қалдырады. Көршілердің бірі бидайды үйдің астыңғы қабатындағы қойманың бір бұрышында сақтайды. Екінші көршісі қаптың аузын ашып, тұқым ретінде егістікке себеді. Адам сапардан қайтып оралған соң бидайын алу үшін көршілеріне барады. Бірінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады. Сыртынан бүтін көрінген қапты ашқанда жартысының бұзылғанын, қалған жартысына құрт түскенін көреді. Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істесін? Қатты ашуланып, екінші көршісіне барып бидайын сұрайды. Көршісі қолынан ұстап: - Менімен бірге жүр. Саған бидайыңды көрсетейін, - деп, адамды егістікке ертіп апарады. Жайқалып тұрған егінді көріп: - Міне, бидайың, үйде тұрса шіритін еді. Оны тұқым қылып сеуіп, егін ектім. Егін піскен кезінде қолымызда қаптар толы бидай болады, - дейді. Адам риза болып күлімсіреп: - Иә, Аллаға шүкір, көп нәрседен хабары бар, түсінігі мол досымның болғанына. Арғы көршім сөзімнің мағынасын түсінбеді. Оның астарына көңіл бөлмеді. Келесі досым сөзімнің шын мағынасын түсінді. - Әзіз досым! Жазда егін жиналғаннан кейін, маған бидайдың екі қабын ғана жібер. Қалғаны өзінде қалсын. Саған қалдырған бидайды еңбегіңе қайтарған ризашылығымдеп қабыл ал. Саған көп рақмет айтамын, - деді ол.



  • Қай көршісі адамның айтқанын дұрыс түсінді?
  • Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе? Неге?
  • "Сөз астары" дегенді қалай түсінесіндер?


Дәйексөз

Жақсы сөз - жанға қуат

Жағдаятты талдау

Бебіт дәліз бойымен сыныпқа қарай жүгіріп келе жатыр еді. Сабақтың басталуына екі-үш минут қана қалды. Қырсық қылғанда мұғалім де қарсы келе жатыр. Бейбіт оны көрмеген болып, жанынан өте шықты. Кенет: - Бейбіт! - деген дауыс шықты. Сыныптасы Майра екен. Өзі ылғи білгішсініп жүреді. - Сен неге апаймен амандаспадың? - Қалай "амандаспадың"? Мен оны көрген жоқпын. - Көрдің. Ақталмай-ақ қой. - Саған қажеті қанша? Әуелі өзінді жөндеп ал. - Мен амандасуды білемін. Апам маған: "Қызым, егер әр адамға "Сәлеметсіз бе?" десең, аузыңа жара шықпайды. Керісінше, жүрген жеріңде сыйлы боласың. Адамдар сенімен қуана кездеседі, тіпті сені іздеп тұратын болады", - деген. Оның үстіне жақында осы апай бізден емтихан алады ғой. - Сонда тек өзіңе пайдасы бар адамдармен ғана амандасу керек пе?
  • Бейбіт пен Майраның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
  • Майра мамасының сөзін дұрыс түсінді ме? Неге?
  • Бейбіттің сұрағына сен қалай жауап берер едің?


3 - 4 - топпен жұмыс: оқушыларға суреттер таратып сұрақтар қою.Тапсырма.Сабақ тақырыбын аша түсу мақсатында оқушылардың сөз туралы , сөздің құдіреті туралы және сөздің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылу жолдары жөніндеүйренгендерін білу мақсатында сөз туралы нақыл сөздер айту.1. Ақылдының сөзі қысқа, айта қалса - нұсқа.2. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.3. Көп ойлап жақсы сөйле - нұсқа болсык, Сұраса - жауабың да қысқа болсын.4. Текті сөз текке айтылмас, Кекті сөз көпке айтылмас.

Жүректен жүрекке: Оқушылар бір-біріне ізгі тілектер мен жақсы сөздер айтып, сабақты аяқтау.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі