400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу тілі бұзылған балалармен логопедиялық жұмыс жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін тиімді және уақытылы түзетудің озық және жаңа әдістері туралы ақпарат беру. Оқу қызметі түрлерімен таныстыру. Артикуляция жаттығулары мен қол мотрикасын дамытатын биоэнергопластикасы әдісімен таныстыру. Жас логопедтерге және тәрбиешілерге керек ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:26.01.2021

Тақырыбы: «Қыстайтын құстар. Д дыбысын буында және сөзде машықтандыру»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды қыс мезгілімен таныстыруды жалғастыру, қыстағы орман тіршілігімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы, қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Қыс мезгілін басқа мезгілдерден айыра, айырмашылығымен ерекшеліктерін баяндау білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әңгіме оқып беріп оның мазмұнымен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыру. Д дыбысы және оның әріп таңбасымен

таныстыру.

Түзету-дамытушылық: Тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыру, ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, грамматикалық түрде жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту, артикуляциялық аппараттарын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту. Д дыбысын буында және сөзде машықтандыру, сөздің дыбыстық

мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Балалардың басқа тіршілік жаңға мейірімділікпен қарауға деген

қасиеттерін дамыту,адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбиелеу.Балалардың

қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарға қамқор болуға

үйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қыстайтын құстар, қарға, сауысқан, ұлпа қарлар,

Оқу-қызметі түрі: аралас

Көрнекілігі: ойыншық торғай, құстар суреті, слайд, ұлпа қар, тірек-сызба, айна, д дыбысы профилі.

Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Ғажайып сәт: Қонаққа Дымбілмес келеді.

Шаттық шеңбері:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейінші жараса

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман – есен болайық

Бейбітшілікті қалайық.

Қызығушылық танытады


Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды


Ұйымдастыру - іздестіру


Баларамен сәлемдесу, тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларды жасау.

Тыныс алу жаттығуы. (Көлбақа: -Ква! Ква! Ква! Ква! Ква! Ква!)(музыка)

Артикуляциялық жаттығулар

«Түтікше»,» «Қақпа», «Терезе», «Көпір», «Күрек», «Күрек қазады», «Желкен», «Тоқылдақ».

Артикуляцияны дамыту жаттығулары.
1. Ұртын үрлеу.
2. Ернін созу "у", "о"
3. Жымияды " и"
4. Қасын көтеру "Ой" (таңқалу)
5. Көзін қатты жұму

Қол саусақтарына арналған жаттығулар.(Қоян: -Чук! Чук! Чук! )(музыка)
«Көзілдірік»,

«Қайшы»,

«Қоян»,

«Сақина».

«Тікұшақ»


Логопедпен әңгімелесу:

Бүгін ауа-райы қандай?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста неше ай бар?

Олар қандай айлар?

-Ия, қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.

Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.

Ғажайып сәт: Есік қағылып Дымбілмес келеді.

Дымбілмес: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым.

Ой, балалар сендерге қызық емес пе не?

Логопед: Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда.

Суретпен жұмыс

(Қыстайтын құстар туралы 3-7-слайдтарды қарау).

Қарға , Сауысқан, Торғай, Үкі, Бүркіт

Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.

Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.

Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.

Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

Әңгіме оқып беру: Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.

Әңгімені талдау.

Балалар , әңгіме не туралы?

«Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?

Әңгіме қарлығаш туралы екен. Оның қанаты жарақаттанып, жылы жаққа ұша алмай қалыпты.

- Кім оған көмекке келді?

- Көрдің бе Дымбілмес, құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек

6. Жұмбақтар

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды (қарға)


Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,

Бұл қандай құс (сауысқан)


Сергіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ,

Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп

Фонетико- фонематикалық жаттығу:

ақ-ақ қар аппақ,

ық-ық-суық,

ыс-ыс-қыс,

аз-аз-аяз

Ойын: «Қыстайтын құстар»

Мақсаты: Балалардың зейінін арттырып, қыстайтын құстарды тануға дағдыландыру.

Шарты:Балалар құстарды өз орындарына қоюы қажет.

Сәлемдеседі


Жаттығуларды бірге жасайды













Сұрақтарға жауап береді









(Балалар таңырқай қарайды)











Тындайды

Әңгімелеседі





Суретті қарайды







тындайды


сұраққа жауап береді













Әңгіме тыңдайдыТалдайды




Жұмбақ шешеді



Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыстар жасайды





Фонетико- фонематикалық жаттығуларды

жасайды



Ойын ойнайды








Рефлексивті - түзетушілік






Қорытындылау.

Логопед: Балалар, осы ормандағы құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы-жер байлығы.Осы байлығымызды аялайық.

Дымбілмес: Рахмет сендерге, берген мәліметтеріне, мен енді құстарды аялап, қамқорлық жасайтын боламын! Сау болыңдар,балалар !

Жылулық шеңбері: «Құстарды тарату»

Дымбілмеспен қоштасады




Жылулық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздер сыйлайды



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс туралы, орман тіршілігі туралы,қыстайтын құстар түрлерін, немен қоректенетіндерін біледі. Д дыбысы бар сөздермен танысады.

Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздер қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты.


Тексерілді меңгеруші: Токанова Г.К ____________

Күні: «__»_______2021 ж




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі