Материалдар / Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеу тілінің ерекшеліктерін біліп, сауатты сөйлеп, жаза алу; өз пікірлерін ашық айту дағдыларын, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2020
2182
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Жакипова Ақтолқын Маратовна

Сөйлеу тілінің ерекшеліктерін біліп, сауатты сөйлеп, жаза алу; өз пікірлерін ашық айту дағдыларын, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс:

1

Тобы:



Сабақ

Мамандық, біліктілігі:


Модуль атауы:

ІІ бөлім. Қазақ тілінің түп - тамыры

Пәні:

Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Мерзімі:



Өту ұзақтығы:

2 сағат

(90 мин)

Өту орны: ККК

Сабақ мақсаты:

  • Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары туралы білу.

  • Сөйлеу тілінің ерекшеліктерін біліп, сауатты сөйлеп, жаза алу; өз пікірлерін ашық айту дағдыларын, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

  • Сөйлеу тілінің мақсатын, лексикалық, фонетикалық ерекшеліктерін түсіну

Сабақтың міндеттері:

Сараптап ойлауды, сауаттылықты, байқағыштықты, зейінділікті дамыту

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар:

1. Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары туралы біледі.

2. Сөйлеу тілінің мақсатын, лексикалық, фонетикалық морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін түсінеді.

3. Мәтінге талдау жасайды

Сабақ типі:

Аралас

Сабақ өту әдіс-тәсілдері, қолданылатын педагогикалық технология:

талқылау, талдау, сұрақ-жауап, ойбөліс, дәлелдеу, проблемалық, ізденушілік., ұжымдық, топтық, зерттеушілік, талдау; СТО технологиясы

Қажетті көрнекі құралдар, ОТҚ:

тірек конспектілер, концептуалдық кесте, интерактивті тақта.


Қолданыла-тын әдебиет-тер:

Негізгі:

  1. Н. Оразақынова, Н. Әміреева; Қазақ тілі, Сөз мәдениеті,

10 сынып, Алматы, « Мектеп», 2010ж

  1. Н.Уәлиев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. Алматы: «Мектеп»,

2006 ж.- 10 сынып

Қосымша:

1. Н. Уәлиев, Сөз мәдениеті, 2006, Алматы.

2. З.Бейсенбаева, Н.Уәлиев, Ж.Исмаилова, М.Қанабекова, Г.Қайдарова. Тіл мәдениеті (оқу құралы). Алматы, 2005.- 22-28 бб.


Оқытушы туралы мәлімет:







САБАҚТЫҢ КОНСПЕКТ - ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы

Уақыты (минуты)

Оқытушының

іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Оқыту ресурстары және

материалда-ры

1

2

3

4

5

1.Ұйымдастыру кезеңі

3-5 мин

сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын хабарлау

Білім алушылар сабаққа даярлық жасайды


2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

15-20 мин

Үй тапсырмасын сұрау, тексеру

Білім алушылар

сұрақтарға ауызша

жауап береді

Оқулықтар мен тірек - конспектілер

3. Негізгі кезеңдегі іс-әрекетке білім алушыларды дайындау

3 мин

Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлайды. Жаңа сабақтың жоспарымен таныстырады.

Жаңа сабақтың жоспары және орындалуымен танысады.


Оқытушы жоспары, оқулықтар

4. Жаңа білім мен қызметті қалыптастыру

30 мин

Оқытушы жаңа сабақты түсіндіреді

Білім алушылар

тыңдайды

Оқулықтар мен тірек - конспектілер

5. Берілген материалды түсінуді алғашқы тексеру

10 мин

Оқытушы жаңа сабақтың орындалуын тексереді. Жаңа сабақты білім алушылардан сұрақ арқылы жауап алады..

Білім алушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқулықтар мен тірек - конспектілер

6Алған білімдерін іс-әрекетте қолдану. Білімдерін тексеру және өзін-өзі тексеру іс-әрекеттері

15 мин

Жаңа тақырыпқа байланысты білім алушыларға өзіндік ізденіс жұмыс-тарын береді. ІІІ топқа бөлу арқылы тапсырмалармен жұмыс жасату, топты бақылау

Жаңа тақырыпты түрлі тапсырмаларды өз беттерінше орындау арқылы меңгереді, талдайды, пікір алмасады және өз пікірлерін ортаға салады.

Оқулықтар мен тірек - конспектілер

7. Үй тапсырманы хабарлау. Сабақты қорытындылау және рефлексия

5 - 7 мин.

ІІІ топ

«Рафт стратегиясы» арқылы сабақты қорыту


Білім алушылар

үйге берілген тапсырманы жазып алады. «Рафт стратегиясы» әдісі бойынша бүгінгі сабақта ең құнды қандай мәселе болғанын жазады.

Білім алушылар

дәптерлеріне осы сұрақ төңірегінде өз жауаптарын жазады.

Оқулықтар мен тірек - конспектілер


Сабақтың барысы мен мазмұны


1.Ұйымдастыру кезеңі. 3-5 мин.(сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)

2.Сабақтың мақсатын хабарлау: Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері туралы түсінік қалыптастыру. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері туралы алған теориялық білімдерін практикалық жолмен ашып көрсету және түсіндіру.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 15-20мин.

  1. Әдеби тілдің стильдік тармақтары.

  2. Кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері.

  3. Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері.

  4. «Заңдастырылған нормалар».


4.Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлау

Сабақтың жүргізу барысы, 50-55 мин.


Жоспар:

Теориялық бөлім:

1. Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары.

2. Сөйлеу тілінің мақсаты.

3. Сөйлеу тілінің фонетикалық–морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.


  1. Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары: Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдаланылуы бір текті болып келмейді. Солай болғандықтан сөйлеу тілін зерттегенде оның формасын, түрін және стилін ескерген жөн (мәселен күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу үлгілері және жиналыстарда, радио мен телевизорда сөйленген сөз т. б.). 

  2. Сөйлеу тілінің мақсаты: Екеуара тілдесу

  3. Сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық–морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері:

Сөйлеу тілінің тақырыбы да, сөйлеу жағдайы да әр басқа. Соған орай, оның лексикалық құрамы да өзгеше болып сұрыпталған (қарапайым және тұрпайы сөздер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем құрылысына, ондағы сөздердің орын тәртібіне қарай әрқайсысының өзіне тән әуезділігін және мәнерлік қасиетін аңғару онша қиынға соқпайды. Сөйтіп, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрыкша белгісі — жағдайға (ситуация) байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қолдану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен, ондағы лексика – фразеологиядан байқалады. 

Сөйлеу тілінің белгілеріне лексикалық, фонетика - морфологиялық синтаксистік ерекшеліктері  тән.

Сөйлеу тілінің қарапайым түрінің лексикасының құрамына көбінесе қарапайым, тұрпайды сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді. Бұлар, әсіресе, алдын - ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады. 

Сөздердің  ауыспалы мағынада қолдану амалы сөйлеу тіліне мәнерлегіштік әрі бейнелегіштік қасиет береді. Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сөз болатын зат не құбылысқа адамдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық касиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі пайдаланылады. Сонымен бірге, сөйлеу стилінде әдетте, олардың көп қайталанып, тұрақталған түрлері жұмсалады. 

— Түу, ит-ай… Сонша ұмытпай жүр бәрін… (С. Сейфуллин). 

— Алда көргенсіз ит-ай. Нәрестедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр бәлем, ит аяқтан сары су ішкізермін (Ғ. Мүстафин). Осы мысалдарда “ит” сөзі біріншіде жағымды змоцияны (сүйсіну); екіншіде жағымсыз эмоцияны (жек көру) білдіреді. Бұлай қолдану қарапайым сөйлеу түрі үшін орынды. 

Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер де құрамы жағынан әр түрлі: қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді. Ал жасалуы жағынан м е т а ф о р а (өзің бір түлкі екенсің); м е т о н и м и я (аудитория тынышталды);  с и н е к д о х а (үйінде қанша жан бар) т. б. жіктеледі. 

Тілді бейнелі жасайтын құралдың бірі — фразеологизмдер. Фразеологизмдерге идиома, мақал-мәтел, нақыл сөздер енеді. Бұл тұрақты сөз тіркестері көпшілік жағдайда сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалады. 

— Шіркін, үріп ауызға салғандай екен (сөйлеу тілінен). 

— Ит жанды, ит тірілді ғой деп қос қабаттаған қамшы бас-көзімді жауып кетті… 

(Ғ. Мүсірепов). 


Практикалық бөлім:

  1. Ауызша тапсырма:


1 топқа: «Қазыбек бидің төрелігі» атты шешендік сөзін оқу.

2 топқа: Бейімбет Майлиннің «Ыбыраймыз», «Ыбыраймын» диалог – өлеңін оқу.

3 топқа: Сөйлеу тілің қандай? Диалогты оқып, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтаңыздар.

  • Бекжан: Салам Жан?

  • Жандос: Приветик Бек.

  • Бекжан: Че там, қалайсың?

  • Жандос: Тема! Ал өзіңде?

  • Бекжан: Бәрі норм, бірақ настр жоқ.

  • Жандос: А че, не болды?

  • Бекжан: Апай сабақта дұрыс сөйлемейсің, ойыңды жеткізе алмайсың, тілің шұбар деп нашар баға қойды. Еще күнделігіме қойып берді. Үйге барған соң батяға не айтамын?

  • Жандос: Ой, сол да сөз болыпты ма, бір сылтау айта сал, маған да классная ұрысқан. Че, бәрі өтеді де кетеді. Бека, смотри біздегі Ернұр кетіп бара жатыр, киіміне қараш?

  • Бекжан: Дааа, жынды киінеді екен!

  • Жандос: Елки, менің әкем богач болса, менде солай киінер едім.

  • Бекжан: Ертеңгі сабаққа дайындалу керек еді....

  • Жандос: Да-ну, бір сылтауды айта салармыз, одан да компьютерный клубқа барайық.

  • Бекжан: Так думаешь, ладно, кеттік!

Қойылатын сұрақтар:

  • Оқиға қандай ортада өтіп жатыр?

  • Кейіпкерлердің сөйлесудегі мақсаттары не?

  • Кейіпкерлердің сөзіне талдау жасау.

  • Сөйлеу тілінің өзіндік түрлі ерекшеліктерін жинақтап қорытынды шығару.


  1. Оқулықпен жұмыс

46-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, ауызекі сөйлеу тілі стилінің өзіндік ерекшелігін айтыңыз. 
47 – тапсырма. Мәтінді оқып, ауызекі сөйлеу тілі стилінің тілдік сипаты, фонетика-морфологиялық ерекшелігіне қарай ауызша талдау жасаңдар. 

48 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, ауызекі сөйлеу тілі стилінің өзіндік ерекшелігін айтыңыз. Кәсіби сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

Қауын егіп болған соң қарттың көңілі тына қойған жоқ. Тоғайға барып, шартаққа деп екі-үш күн ағаш кесті. Қауыны біркелкі жақсы шықты.

Қарт енді қауындық жерінің басынан шықпайтын болды. Қарықтардың арасына шыққан отақтарды шабады. Болашақ шартақ құратын жерді тегістеп, шаңы бұрқырап жатпасын деп су салады. Пәлектер гүлдей бастаған соң, қарттың ісі тіпті басынан асып кетті. Қауын пәлегінің өркенге құлауы да, гүлдеуі де ол үшін кішігірім мереке болды.

  1. Топтық тапсырмалар:


1. Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін тауып қойыңдар

1. Тіл – адам ойының ... .

2.Аңдамай сөйлеген ... ... .

3. Ойнап сөйлесең де, ... ... .

4.Тисе терекке, тимесе ... .

5.Айтылған сөз -  ... оқпен тең.

6.Бал тамған тілден ... тамар.

7. Көп сөз – күміс, аз сөз - ... .

8. Жасыңда қылжың болсаң, қартайғанда ... ... .

10.Таза сөйлеу – биік ... .

11.Көңілсіз ... – ойға олақ.

Жауабы:

1 Тіл - адам ойының айнасы 2. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі .. . 3. Ойнап сөйлесің де, ойлап сөйле . 4. Тисе - терекке, тимесе бұтаққа. 5. Айтылған сөз - атылған оқпен тең.

6. Бал тамған тілден - у тамар. 7. Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын. 9. Жасыңда қылжың болсаң, қартайғанда мылжың боласың . 10. Таза сөйлеу - биік мәдениеттілік 11. Көңілсіз құлақ - ойға олақ.



2. Тапсырма: Ұлы Абайдың өлеңдерінен сөйлеу тіліне тән сөздердің астын сызыңыз.

  • Жейде, дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ, матамен әдіптеткен...»

  • «Сабыр мен талап беріпті,

Ақылың, рақымың қиын-ды...»

  • «Қолынан ұстап алып, ертіп барып,

Далада бір бұзылған тамға апарды».

  • «Мен-дағы жүрген жоқпын малдан күсеп,

Айттым, балам, басыңа мейірім түсіп...

«Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,

Қазақтың не қыласың шариғатын».

  • «Бірлікті шайқайды,

Араз боп өнбеске».

  • «Өңкей уды жиып ап,

Себеді сорлы жүрекке...»


3. Тапсырма: Сандарға байланысты сөз тіркестерін жазып, сөйлем құрастырыңыз.

3_______________________________________________________________________________

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!